Ғылыми техникалық прогрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 09:42, реферат

Краткое описание

Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адам¬ның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҒЫЛЫМИ ТЕЧНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС.docx

— 55.68 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекттік деңгейге көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және табиғатты тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады.

Экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыра аламыз. Сол арқылы еліміз халық шаруашылығының әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге көмектесеміз. Экологиялық және табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестілігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа жетуін қамтамасыз ету, тағы басқалар осы саладағы негізгі міндеттер қатарына жатады.

Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралған. Одан соң ол Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Ол бағыттар: биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту. Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңда (1997), Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында (1997), Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында (1998), Экологиялық білім бағдарламасында (1999) қарастырылған.

Экологиялық білім мен тәрбие беру ісі оқу орындарында білім деңгейіне қарай жүргізіледі. Мектепке дейінгі балалар мен бастауыш мектептерде ол қоршаған ортамен таныстыру, адам мен табиғаттың бірлігі мен өз үйіндегі, ауласындағы табиғат бөлшектеріне (егілген ағаш, қораға өскен шөп, бау-бақша) қамқорлық жасау қажеттігін ұғындыру арқылы өтеді.                    Содан біртіндеп табиғаттың сыртқы көріністеріне қарай ауысады. Мұның өзі, белгілі дәрежеде, бала бойына саламатты өмір салтын орнықтыруға көмектеседі. Бұл саладағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық дүниелер, ойындар, т.б.

Жалпы және арнайы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарындағы экологиялық білім беру мен тәрбие осы алғашқы мәліметтерге сүйене дамытылады. Бұл кезеңде компьютерлік моделдерді қолдану да тиімді. Экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғау сезімі мен жауапкершілікке баулу, экологиялық білім жетістіктерінен хабардар болу, нормалық-құқықтық құжаттарды білу, негізінен, мектеп қабырғасында жүзеге асады. Оларда оқытудың, үйретудің әдіс-тәсілдері де әрқилы болмақ (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, пікір сайыс, КВН, викторина, т.б.). Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның зардаптарын талдау, табиғаттағы өзгерістерді салыстыру ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы элементтері есебінде баланың ізденуіне жол ашады. Сонымен бірге оқушыларға білім беретін факторлардың ғылымилығын, табиғат компоненттерінің (ауа, су, топырақ, өсімдік, жан-жануарлар, т.б.) өзара байланысын, табиғаттағы тепе-теңдікті, балаларды табиғатты сүюге, оған қызығуға баулуды, экологиялық білім беретін пәндердің (география, биология, химия, математика, физика, әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) үйлесімділігін, көрнекілік ұстанымдарын іске асыру да түпкі мақсатқа жетудің айла-амалдары есебінде қолданылады.

Білім жүйесін оңтайландыру жағдайында экологиялық білім берудің ең ұтымды және экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру – қазіргі мектеп алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Экология пәнін барлық сыныпта өту мүмкін емес. Біз жинақтаған тәжірибелер экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру, пәндерді экологияландыру, факультативтік сабақтар өту, содан кейін барып жоғары сыныптардың бірінде (9 сынып) пән ретінде оқыту тиімді екенін дәлелдеп отыр. Пәндерді экологияландыру жаңа буын оқулықтарға негізгі мақсат болып қойылады. Экологияға жақын пәндер оқулықтарында экологиялық материалдар берілмек. Бұл салада пәндерді экологияландыру арқылы экологиялық проблемаларды түсіндіруді үйлесімді жүргізу, сонымен бірге арнайы экологиялық білім беретін курсты қалыптастыру міндеті қойылады. Қазіргі кезде осы екі бағыттың іске асуында елеулі қиындықтар кездесіп отыр. Оған пәндерді экологияландыруға белгілі бір пән мұғалімінің білімінің жетімсіздігі, ал пән ретінде экологияны оқытатын мамандардың жетіспеушілігі себеп. Сондықтан, бұл жүйеде жұмыс істейтін ұстаздарға экология ғылымының теориялық негіздерін оқып-үйрену, пәндер (география, химия, биология т.б.) негізінде экологиялық проблемаларды интеграциялау, биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен біртұтастығын, оның антропогендік әсерлердің әрекетімен болатын өзгерісін өзара байланыстыра қарап оқыту міндеттері жүктеледі. Жаратылыстану пәндері балаларға экологиялық білім берудің негізгі саласы болуға тиіс. Экологияны факультативтік курстар арқылы оқыту, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, экологиялық сабақтарды табиғат аясында өткізу жобалары Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында (2002) толық айтылған.

Кәсіптік білім беретін арнайы оқу орындары мен жоғары мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің де өз жүйесі бар. Бұл саладағы ең маңызды мәселе – экология пәнінің мұғалімдерін, табиғат қорғау мамандарын дайындау. Оларға қойылатын талап үлкен. Олар әлеуметтану мен адам экологиясының негіздерін, қоршаған ортаның проблемаларын меңгеріп, негізгі экологиялық көрсеткіштерді өздігінен анықтай алатын маман болуға тиіс. Бұл жағдайлар Қазақстанның физикалық географиясы, қоршаған ортаны сақтау, экология проблемаларының өзара байланыстылығын, оларды жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды да қауымдаса  іске асыру қажеттігін байқатады. Бұл проблемалардың қайсысына болса да ғылыми көзқарас, негіз керек


Информация о работе Ғылыми техникалық прогрес