Қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық бірлестіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 16:49, реферат

Краткое описание

Қоғам халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып отырады.Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге көптеген халықаралық ұйымдар жұмыс істейді.Соның ішінде,қазіргі кезде,Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен улес қосып отыр және осы БҰҰ-ның көмекші органы ЮНЕП-те қоршаған ортаны қорғауды маңызды рөлді атқарады.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Біріккен ұлттар ұйымы және көмекші органы ЮНЕП
2.Халықаралық үкіметтік емес «Гринпис» ұйымы
3.Экологиялық құқық бұзушылық
4.Қоршаған ортаны қорғаудағы Қоғам қызметінің негізгі бағыттары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 32.14 Кб (Скачать документ)

     Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған "Орман кодексі",

  • 2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді.

       Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.

      Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде Қоғам қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

     • технологиялық қайта жарақтау және ескірген жабдықтарды бірте-бірте пайдаланудан шығару, электр энергиясын өндірген, тасымалдаған және таратқан уақытта озық технологияларды пайдалану;

     • технологиялық өндіріс процестерін, электр энергиясының жіберілуі мен таратылуын жетілдіру;

     • реактивті қуат құрылғыларын енгізу жолымен энергия қуатын үнемдеу және желілердегі электр энергиясының жоғалуын азайту іс-шараларын жүргізу;

    • отынмен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру шараларын жүргізу;

    • өндіріс қалдықтарының түзілуін азайту және олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, қалдықтарды қайта өңдеу шараларын жүргізу;

    • дәстүрлі емес және қалпына келтірілетін энергия көздерін дамыту;

    • гидроэнергетикаға арналған суқоймалардың ағын суағарын реттеу;

    • СЭС-i пайдаланған уақытта су нысандарының ластануына жол бермеу және биологиялық ресурстарды сақтау;

    • жылу электр станцияларына энергетикалық көмір жағатын жаңа технологияларды, күкірт және азот тазалау түтінгаздарының заманауи әдістерін енгізу.

      Қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпыға ортақ нормалардың сақталуы қоршаған ортаға келтірілетін кері әсерді азайтуға, электр энергияның ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекегеқабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер


Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық бірлестіктер