Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:39, реферат

Краткое описание

Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3-4
1 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................5-6
1.1 Экология туралы түсінік...................................................................6-8
1.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................8-11
1.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................11-15
2 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................15-16
2.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................16-17
2.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........17-18

Қорытынды ...............................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................20

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны1.docx

— 50.83 Кб (Скачать документ)

Арал  экологиялық  апатты  аймаққа  айналды.  Шаң  мен  топырақ   Арал  қаласын  тұншықтырды.  Оның  халқының   жартысынан  астамы  көшіп  кетуге  мәжбүр  болды. 

1960  жылға   қарай  Арал  қандай  болды?  Ол  КСРО – ның  құрлықтық   көлдері  ішінде  төртінші  орын  алған.  Аралдың  су   қорын  толтыратын  Орта  Азияның   екі  ірі  өзені - Әмудария  және  Сырдария  еді.  Олардың   суы  өте  нәрлі,  егістікке   пайдалы  болатын.  Арал  теңізінен   жыл  сайын   450 мың  тонна   бағалы   балықтар  ауланды,  миллион    ондатра  терісі  алынды.  Балықшылар  қайығы  мен   жол  қатынас   кемелері –  теңіздің  көркі  еді.  Арал  теңізі  сол  аймақтың   ауа   райына  жағымды  әсер  еткен   табиғатты   реттеуші  болды.

Алпысыншы  жылдардан  бастап,  екі  өзеннің  суын   егістікке  пайдалану  өлшеусіз,  шамадан  тыс  қарқын   алып,  соның   салдарынан  теңіз   суы  тартыла   бастады.  Қазіргі   уақытта  олардың  суы  теңізге  құймайды.            

Теңіз  суының  сапасы   нашарлап,  көлемінің   күрт  кемуі  өсімдік  әлеміне  кері  әсерін  тигізді.  Бағалы   ормандар,  мал  жайылымдары  мен  көгалды   аймақтар  жоғала  бастады.  Олардың  орнын  зиянды  тұзды  сорлар  басты.  Өңірді  мекендеген   57  жабайы  аңдардың  13-ақ  түрі  қалды.  Арал  теңізінен   балық  мүлде  ауланбайтын  болды.  Жер  тұзданып,  оның  өнім  беруі  тоқтады.

Бүкіл  Арал  аумағында  іш  ауруы  етек  алды.  Балалардың  өлімі   Жапониядан  20  есе  асып  түсті.  Қарын,  бүйрек,  бауыр  аурулары  адамдарды  өмірлік   мүгедекке  айналдырды.  Балалар  ауруы  болып  тууда.

Чернобыль  апаты  8  миллиардтан  астам  шығынға  түсті,  ал  Арал –  “үнсіз  Чернобыль”  зардабының  шығыны  одан  әлдеқайда асып  түседі.

Семей аймағындағы  ядролық  сынақ  халықтың   қайғысына  айналды.  Бұл  аймақта  бірінші  рет  1949  жылы  тамыз  айында  16 мың км2  кеңістікті  қамтыған  жарылыс басталды.  Ашық   аудағы   ядролық   сынақ 14 жылға жалғасты.  Осы кезкңде 500  ядролық жарылыс   өткізілді.  Ядролық техниканы   сынаудың  салдары:  рак,  катаракта,  туберкулез,  аллергия,  екі басты,  қолы  жоқ,  бүйрексіз  балалардың  өмірге  келуі.  Мұндай  аурулар  әрбір  отбасын  дерлік  қамтыды.

Тек  1991 жылы  тамыздың  29-ында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Семей  ядролық   полигонын  жабу  туралы  жарлық  жариялаған  соң,  ядролық  сынақ  тоқтатылды.

1967 жылы  Іле  өзенінде  Қапшағай  су  электр  станциясы  салынды.  Қапшағай   қойнауы суға  толтырылды.  Соның  салдарынан  Іле  өзенінен  Балқашқа   құятын  су  мөлшері   азайды.  Кішігірім  көлдерге  су  келмейтін  болды,  көбі  құрғап  кетті.  Бұл  аймақ   түгелдей  сортаңға  айнала  бастады.  Балық  аулау  көлемі  қысқарды.

Үлкен  Алматы   каналының  салынуына  байланысты,  химиялық  тыңайтқыштарды  есепсіз   пайдаланудың  нәтижесінде   егістік  жерлер  тұзданды.  Арал  тағдыры  қайта  басталды.  Балқаш – Іле   аймағының  экологиялық  жағдайы  күрделі  мәселеге  айналды.

Республикамызда  жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорындарды  тазалау  қондырғыларының  сапасы  мен  тиімділігі   30% -дан  аспайды.  Өндіріс  сарқынды,  шайма  және  қолданылған  суларының  әсерінен,  Ертіс,  Орал, т.б.  өзендерінің  суы,  зияндылығы  жөнінен   нормативтік  көрсеткіштерден  әлдеқайда  асып  түседі.  Өзендердегі  судың  өздігінен  тазаруы,  тек  300  километрлік  жол  жүріп  өткен  соң ғана  турбулентті  және   ламинарлы  араласулар  әсерінен  жүзеге  аса  алады.  Тіпті,  бұл  су  көздерінің  есте  сақтау  қабілеті  де  зақымданған.  Қазіргі  экожүйені   қалыптастыру,  ғылым  мен  техника  жетістіктерін  ендіру,  осы  мақсаттарға  қаржы  жұмсау  мөлшері  теңізге  тамған  тамшыдай...

Жер  және  минералды  шикізат  ресурстары,  ауыл  шаруашылық  алқаптары,  тозудың  аз-ақ  алдында  десе  де  болады.  Бұл  айтылғандарға,  үлкен  аумақтардағы  жер  дефляциясы  дәлел  болады.  Суармалы  жерлердегі  құнарлылықтың  төмендеуі,  топырақ  қабатындағы  гумус  қабатының  көз  алдымызда  жұқалануы,  Қазақсатан   далаларының   егіс  алқаптарында   жиі  байқалып  отыратын  құбылыс.  Ал,  табиғатта  қалыңдығы  5 см  гумус    қабатын жинау үшін  жүздеген  жылдар  қажет болса,  аридті  климатты  аймақтар  үшін  бұл мақсатқа  мыңдаған  жылдар  кететіні  анық.  Топыраққа рекультивация жасау   да  қымбатқа  түсетін іс-шара: 1 га  үшін  300 мың теңгеге дейін,  кейде одан  да  көп шығын жұмсалады.  Мұның тағы  бір зиянды,  экожүйенің  микроклиматы  енді  қайтып  орнына  келмейтін күй кешеді [14,3б].

Пайдалы  қазбалардың  ішінен,  республикаға,  әсіресе  ең  максималды  экономикалық,  экологиялық  және  әлеуметтік  зиян  шектіріп  отырғаны  полиметалл  кендері,  түсті  металлургия, ал   микроэлементтерден  - қорғасын,  хром  оксиді,  марганец  және  уран.  Олардың  басым  көпшілігі,  шикізат  күйінде  басқа  елдерге  жөнгелтіліп,  дайын  өнім  мен  қымбат  бұйымның   тиімділігін  солар  көріп  отыр.  Біздің  маңдайымызға  әзірше  жазғаны,  шикізат  өндіретін  орындардың   маңындағы  зиянды  қалдықтар  мен  бүлінген  су,  ауа,  топырақ  әсерлері.

Қоршаған  ортаның,  Республикамыздағы  халықтың  науқастануына  тигізер  әсері  60  пайыз  шамасында.  Ол  әсіресе,  тау-кен  өнеркәсібі  орналасқан  қалаларда  жоғары.  Қалаларда  экологиялық  ахуал,   соматикалық  аура  түрлерінің  өршуіне  ықпал  етуде.                

Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  қатынас  шиеленісе  түсті.  Осылайша   экологиялық  апат  адамдардың  денсаулығына,   оның  болашағына  қауіп  төндірді.

Теңіз  кенішінде  тау  болып  үйілген  күкірт  мәселесі  облыстық  әкімдіктегі  үлкенді – кішілі  басқосуларда  талай  мәрте  талқыланды.  Әрине,  одан  күкірт  көлемі  кеміп  кетпегенімен,  расын  айту  керек,  шешімді  шаралар  алынып  жатыр,  бастапқы  қадамдар  жасалуда.  Алайда,  Қазақстандағы  ең  ірі  мұнай  өндіру  компаниясы  ауқымды  экологиялық  проблемаларға  тап  болып  отыр.  Мысалы,  облыста  атмосфералық  ауаға  шығарылатын  барлық  залалды  қалдықтардың  жартысынан  астамы  бірлескен  кәсіпорын  үлесінде.  Теңіз  кеніші  аумағында  9 млн  тоннадан  астам  күкірт  ашық  аспан  астында  жатыр.  Бұл  дүние  жүзі  бойынша  осындай  әдіспен  сақталған  күкірттің  40  пайызын  құрайды [15,5б].

Табиғатпен   қайшылықтың  шиеленісуіне  техника,  өндіріс  қана  кінәлә  емес,  кінә  адамдардың   іс-әрекетін  дұрыс  басқармаудан,  қабілетсіздіктен,  қоршаған  ортаны  сақтауға  ынтаның  жоқтығынан  болып  отыр.  Табиғатпен  тиімді  қатынасты   қалыптастыруда  адам  шешуші  фактор.

Табиғатты  қорғаудағы   басты   стратегиялық  бағыт – мүмкіндігінше  қалдықсыз  технологиялық  процестерді  енгізу.  Бұл  қоршаған  ортаның    ластануын  азайтады  немесе  түгелдей  жояды,  шикізаттың  бастапқы  түрлерін  өңдеуге   мүмкіндік  береді  және  қосымша  өнім  алуға  да  жағдай  жасайды.

Айналадағы  ортаны,  негізінен  табиғатты  адамның   пайдалану  сипатындағы   қалыптасқан  қайшылықты   өзгертудің  үлкен  маңызы  бар.

Табиғат  қорықтары,  парктер  өсімдіктер  және  жануарлар  әлемін   сақтауға  мүмкіндік  береді,  сирек  кездесетін  немесе  жойылып  бара  жатқан   жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесін  қорғайды.  Табиғатты   қалпына  келтіріп,  байытудың  маңызы  өте  үлкен.  Ол  үшін көгалдандару,  бау-бақша   өсіру,  суқоймаларын  жасау  жұмыстарын  үздіксіз   жүргізу  керек.  Ағаш  отырғызу   жұмыстың  жартысы  ғана,  істің  нәтижесі – оны  өсіруде.

Табиғатты  қорғау  саласының  бірі – экологиялық  бақылау.  Бұл  бағытта  бірсыпыра  жұмыстар   іске  асырылуда.  Республика  блйынша  облыс,  аудан,  қалаларда  айналадағы  ортаны  қорғау,  экологиялық  бақылау  мекемелері  құрылды.

Адам  мен  табиғат   арасындағы  қайшылықты  шешуді  қоғам  реттейді,  оның   қызметі – адамдардың  санасын  тәрбиелеу  және  олардың  өзін  қоршаған   әлемді  қорғауға  бағытталған  ынталы  жігерін  қолдау. 

Қазіргі  уақытта  барған  сайын  көптеген  елдер  оны  шешу  үшін  өздерінің  күш-жігерін  біріктіре  бастады.  Ұзаққа   созылатын  экологиялық   қауіпті  жоюмен  қатар,  төтенше  экологиялық   жағдайларда   көмек  көрсетілуде.  Осының  бәрі  БҰҰ-ның  ұсынған  “Жер  біреу  ғана!”  деген   ұранын   жүзеге  асыруды көздейді.  Дүниежүзілік   қауымдастық мынадай жағдайды  басшылыққа  алады:  экологиялық проблеманы  шешудің басты жолы – адамдардың   өндірістік  және  өндірістік  емес   іс-әрекетін   қалыпты экологиялық   дамуды – айналадағы  ортаны   бүкіл адамзаттың  және  әрбір адамның   мүддесіне сай   өзгертуді   қамтамасыз  ететіндей етіп   ұйымдастыру [11,97б].         

Мінеки  енді  осы  экологиялық  апаттан  қалай  құтылуға  болады?  Табиғатты  қалай  сауықтыруға  болады.  Бұл  өте  күрделі  мәселе.  Бұл  үшін  ең  алдымен,  адамдардың  табиғатқа  деген  көзқарасын  өзгертіп,  дұрыстау  керек,  тәрбиелеу  керек. Ол  үшін  балалар  бақшасынан  бастап,  мектептерде,  жоғарғы  оқу  орындарында,  адамдардың  табиғатқа,  қоршаған  ортаға   деген  көзқарасын  өзгертіп,  қалыптастыру  керек.  Қазіргі  заманға  сай  экологиялық  идеология  қажет.  Егер  біз,  жас  ұрпақты  кішкентай  кезінен  бастап  табиғатты   сүюге  тәрбиелемесек  көп  нәрседен  ұтылатынымыз  хақ.  Әрбір  тәрбиеші,  мұғалім, маман,  басшы, экология  негіздерін  жақсы  білуі  қажет.  Сонда  ғана,  әрбір  адамның  миында,  қанында,  көзқарасында  қоршаған  ортаны  бүлдірмеу  керектігі  туралы  негіз  қалыптасады.  Адамдар  сонда  ғана  туған  өңір  табиғатын  қорғауға  белсенділік   көрсете  алады. 

            2.Адамның табиғатқа,  табиғи  өмір  сүру  ортасына  тәуелділігі адам  қоғамы  тарихының барлық  кезеңдерінде  байқалған.

Қоғамның  өндіріс  күшінің  дамуына,  адамның  өмір  сүруінің табиғи  ортасымен  байланысына  сәйкес,  олардың  “екінші  табиғатпен”  байланысы кеңейе  бастады.  Адамның табиғаттың  стихиялы  күштерінен  қорғанысы күшейе  түсті. Киімді жетілдіру,  жасанды желдеткіштері бар үйлер салу,  су  тасқынынан  қорғайтын бөгеттер, т.б.  өмір  сүруге  қажетті жағдай  жасауға,  сонымен қатар жаңа  ортаны,  еңбек етуге қажетті жерлерді  игеруге мүмкіндік жасады.

Адамның  табиғатқа  тәуелділігін  әлсірететін  осы  процестермен  қатар,  өндіріс  күшінің  дамуына  байланысты  оның  табиғатқа  зиянды,  кері  әсері  де  байқалды.  Адам  іс-әрекетінің  шеңберіне  табиғаттың  өзгеру  процестері,  құбылыстары  кең  түрде  ене  бастады.

Адам  мен  табиғаттың  бір-біріне  әсері,  қатынасы  көп  қалдықты  технологияға  негізделген  өгдірістің  қарыштап  дамуы  нәтижесінде  өзінің  мөлшерлі  шегіне  жетті.  Табиғи  қорлардың  шектелуі  және  айналадағы  ортаның  ластануы  адамның  өмір  сүруіне  қауіп  тудыруда.[5,47б]

“Таза қоршаған  орта – таза  адами  қарым-қатынас!”  осы дивизиямен  Қазақстандағы бірінші экологиялық Невада-Семей   қозғалысы өз  жұмысын бастаған  еді.

Біздің  мақсатымыз – ядролық  қарусыздану  жөнінде  халықаралық   парламенттік   референдум  өткізу  болатын,  кеңес  одағы   тарап  кетпегенде  бұл  ойымыз  сөзсіз  жүзеге  асатын  еді.

Біздің  “Невада-Семей”  қозғалысымыз  гуманитарлық   реформаның  осы жаңа  жобасымен әлемге  жар салмақ.  Біз Қазақстан осы істе   мұрындық   болуы  тиіс  деп  санаймыз. Семей  сынақ  айлағының   жабылуы  бүкіл   әлемдегі  сынақ  айлақтарына   мораторий   жариялауға  ұласқаны   бізге  күш  береді.

Академияның  2002 жылдан  бері  БҰҰ-да  бас  кеңесшілік  статусы  бар,  онда   мықты   мамандар  тобы  шоғырланған,  олардың   қазіргі    айналысып  жатқан   бағдарламасы  “Оңтүстік  Қазақстан   өлкесін  табиғи  газ  бен   көмірді   алмастырушылармен    қамтамасыз   ету  үшін  төменгі  Іле  сұр  көмір   кенішіндегі   жер  асты  газдандыру”   деп атады. Алматы  қаласы  мен,  бүкіл Оңтүстік  Қазақстан   аумағы  үшін  бұл бағдарламаның тиімділігі  мен   өзектілігін техника-экономиканың   көрсеткіштер  мен     жинақталған   бай материал    дәлелдеп  тұр.    

2.1 Негізінде  жаңа  экологиялық – экономикалық  жобаны  экономика  саясында  қалыптастыру  үшін   экономиканы  дамытудың   экологияландырылған   тұжырымдамасын  жасау  талап  етілуде.  Қоғам  мен  техникалық  салалардың    өзара  қарым-қатынасында  қоршаған  ортамен  экономиканың  барлық   құрылымдары  мен   функциялары,  яғни  өндіріс  бөлу  және   тұтыну  тартылған  десе  де  болады.   Адамзат  қоғамының   материалдық  игілігінде   шек  жоқ,  ал  материалдық   қажеттілікті  қамтамасыз  ететін   ресурстар  шектеулі.  Осыған  орай,  бұл  байланыста   экономиканың   іргелі  тәртіптерінің   негізіне  байланысты   қалыптасатынын  әсте   естен  шығармаған  жөн.  Шектеулі   ресурстар  мен   қажеттіліктерді   барынша  қанағаттандыруда   экологиялық  процестерді  оңтайландыруда  айқын  көрініс  табады.

Экономиканың   табиғи  ресурстармен  қамтамасыз  етілуі   ұзақ  уақыт  табиғи  заңдылыққа   тәуелді  екендігі  мойындалмай  келді.   Өндіргіш    күштердің  соңғы   онжылдықта   қарыштап  дамуына  байланысты  бұл  тәуелділік   қатты  сезілуде.  Мәселен,  топырақ  құнары  1%-ке   төмендесе,  өткен жылғы егін   шығымдылығын  сол деңгейде  сақтау  үшін   шығынды 10%-ке  арттыру   керек болды.  Кесілген   орманның  орнына  өскен жаңа  ағаштың   сапасы  бұрынғы   шырышы  бұзылмаған   орман ағашынан  кем болатыны  анықталды.  Көріп   отырғанымыздай   ресурстарды пайдалануда    шаруашылық  қызметтерінің   ұқыпсыздығы,   немқұрайдылық   бізге өте қымбатқа  түсуде.  Ең   бастысы - әлеуметтік   және  экологиялық –экономикалық зиянның аса зор болуынан  қоршаған  орта   ластануда.

Бұл  проблеманы  әлеуметтік – экономикалық   саланың  экологияландыру  жолымен  келесі   жағдайлардың  негізінде  шешуге  болады:

- экологиялық   факторлар  мен  ресурстарды,   оның  ішінде  байлықтың  өзге  категорияларымен   тең  болатын   экономикалық  категориялар   санында  қайта  жаңғыртылатындарды  қосу;

- экологиялық   шектеулер   мен   төлем   жүйесінің  кеңеюімен  балансталған  табиғатты   пайдаланудың  принципін   және    ресурстарды  пайдалану   мен  өндіріс  экономикасын  бағындыру;

Информация о работе Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері