Өмір сүру салты және денсаулық. Біздің ағзамыз - өмір сүрудегі тірі қорған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 07:33, реферат

Краткое описание

Салауатты өмір сүру салты туралы жалпы түсінік
Салауатты өмір сүру салтының негізгі принциптері
Денсаулық және оны бұзатын факторлар
Денсаулықты нығайту шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

омир суру салты.doc

— 113.50 Кб (Скачать документ)

               Семей мемлекеттік медицина университеті

 

             Жалпы гигиена және эпидемиология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

                                    РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Өмір сүру салты және денсаулық. Біздің ағзамыз - өмір сүрудегі тірі қорған

 

 

 

 

 

                

                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Жоспары:

 

  1. Салауатты өмір сүру салты туралы жалпы түсінік
  2. Салауатты өмір сүру салтының негізгі принциптері
  3. Денсаулық және оны бұзатын факторлар
  4. Денсаулықты нығайту шаралары
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.

 
   Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.

  

Сонымен өмір сүру салты дегеніміз  – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы. 
Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адам миың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады. 
Адлмдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады: 
1) Салауатты өмір сүру деңгейі: 
2) салауатты өмір сүрудің сапасы; 
3) салауатты өмір сүрудің стилі. 
Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуі. 
Салауатты өмір сүрудің сапасы дегеніміз – әлеуметтік категория – үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығы қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі. 
Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз – әлеуметтік-психологиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру». 
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жөне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлср арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады. 
Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелсрімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен бөліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына- салауатты өмір сүру салты туындайды.

 

Салауатты өмір сүру валеология ғылымының  негізі болып есептелінеді. Салауатты  өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімсн күндслікті тіршілік ету функцияларымен дамып  отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдессді. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сактай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «Баланы жастан…» тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптсады. 
Жер шары халықтарына әлеумсттік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орсан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ). Мына төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетге әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресс, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиги экологаяны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын ссбептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған. 
Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері. 
1. Биологиялық принциптерге жататындар: 
а) салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі; 
б) салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері; 
в) салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке; 
г) салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістер; 
д) салауатты өмір сүру сатгы денсаулықты арттыруға байланысты болу керек. 
2. Әлеуметтік принциптерге жататындар: 
а) салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет; 
ә) санауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі; 
б) салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту; 
в) салауатты өмір сүруде адамның «үшінші жағдайда» болмауын қамтамасыз сту; 
г) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы.

 

  Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі — дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілінде тамақтанбау. Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді. 
Валеологиялық білімде физикалық, эмоционалдық, интеллектуалдылық, әлеуметтік және тұлғалық аспектілер болады. 
Физикалық аспект дегеніміз — ағзаларда өтетін физиологиялық үрдістер, интеллектуалдылық-денсаулық жайындағы ақпараттарды қабылдау; эмоционалдық аспект — түсінік және оларды қорыту, екінші біреуге өз мағынасында жеткізу; тұлғалық аспект дегеніміз — тұлғаның өзіндік биологиялық ерекшелігі. 
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау орындарының анықтауы бойынша, денсаулық дегеніміз – физикалық, психикалық, (рухани) және әлеуметтік жағдайдардан туындайтын биологаялық категория. 
 
Қоғамдағы денсаулық мәдениеттілікке байланысты. Неғұрлым мәдениет төмен болса, соғұрлым қоғамдағы денсаулық төмен болады. Осыдан шығатын қорытынды: Баланы жас кезінен бастап өзінің денсаулығын сақтай білуге үйрету..

 

Біздің ауыру себебіміз  біздің энергетикалық тәніміздің ауыруы. Ол қоршаған ортаның энергиялық-ақпараттық толығуына аса сезімтал. Дәл осы себепті қазіргі кезде жүрек-қантамыр аурулары, иммундық, эндокриндік жүйелердің аурулары көп тарап отыр. Бұл аурулардың бастапқы себептері – күйзелістер, қоршаған ортаның ластануы. Орталық жүйке жүйесінің көптеген ауруларының себептері – жүйке жүйесінің әлсіреуі, күйзелістер. Біздің энергетикалық тәніміз қоршаған ортамен әсерінен бұзылады, табиғи қорғанысты жоғалтады, соның себебінен біз созылмалы ауруларға ұшыраймыз.

Адамның ағзалық құрылымының  күш әлеуеті мен қоршаған орта саулығының деңгейі арасында тікелей байланыс бар. Адам өмірін қамтамасыз ететін жағдайлардың қатаңдануы күш ортасының әлсіреуіне, адам денсаулығы деңгейінің төмендеуіне алып келеді.

Адамның биоэнергетикалық денсаулығының деңгейлерін қарастырайық. Олар бірнеше:

– денсаулықтың табиғи параметрлеріне биоэнергетикалық сәйкестік деңгейі. Бұл деңгей барлық органдарда, ағзаның барлық сұйықтық құрылымдарында функционалдық белсенділігін көрсетеді;

– денсаулықтың қол жеткен параметрлерінің биоэнергетикалық теңдігінің деңгейі. Бұл деңгей адам ағзасының функционалдық белсенділігінің төменгі көрсеткіштерін көрсетеді;

– денсаулықтың қол жеткен параметрлерінің биоэнергетикалық дағдарыс деңгейі. Бұл деңгей адамның  еңбек етуге қабілетсіздігін  көрсетеді. Бұл деңгей адам ағзасының  өміршең әлеуетінің жоғалуын сипаттайды.

– биоэнергетикалық ауытқу деңгейі, ол адам ағзасында орны толмайтын  процестерін көрсетеді. Бұл деңгейде адам өмірден тез кетеді, өйткені  оның өмірлік ресуры біткен.

Бір деңгейден екінші деңгейге өту сәттері болады. Олар мыналар:

– энергетикалық тәннің ткандік құрылымдарының ошақты зақымдануы. Бұндай зақымдар адамның көңіл-күйі деңгейінде байқалмайды. Бірақ дәл осы зақымдар дами келе, физикалық тән деңгейінде ауру-сырқаттардың барлық түрін тудырады;

– энергетикалық тәнде  өміршең процестердің бұзылуы. Бұндай бұзылу физикалық тәннің функционалдық белсенділігін азайтады, өйткені бірқатар өзара баайланысты органдардың функционалдық өміршеңдігінің деңгейін төмендетеді;

– энергетикалық тәннің энергетикалық құрылысының бүтіндігінің бұзылуы. Бұндай бұзылу адам ағзасында созылмалы аурулардың дамуымен бірге жүреді.

Денсаулықтың табиғи деңгейін сақтау үшін, алдымен, салауатты  өмір салтын ұстанып, өзіңіздің тәніңіз  бен рухыңызды тазалықта ұстауыңыз  керек. Парасаттылық тазалықтың болмауы  адамды жамандық туғызатын ойлар ойлауға, іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Бұл жағдайда жауапкершілік нақты аурулар деңгейінде жүреді.

 

Ағзаны сауықтырып, оның одан әрі бұзылуына жол бермес үшін мынадай шаралар кешенін пайдалану керек:

– физикалық, ақыл-ой және энергетикалық-ақпараттық жүктемелер шамасын бақылау. Ағзаның функционалдық құрылымдарын ұзақ уақыт ішінде артық жүктеу олардың әлсіреуіне, олардағы функционалдық табиғи процестердің бұзылуына алып келеді, бұл ағзаны ауру күйге түсіреді. Белсенділіктің төмендеуі, шаршағандық белгісі, жиі кездесетін бас ауруы – сіздің артық жүктелгеніңіздің және сізге демалу керектігінің белгісі;

– табиғат аясында  демалу. Қала сыртына шығып қыдыру, белсенді қимылдар жасауға кеңес  беріледі. Ағзаны, бәрінен бұрын  өкпені, жүрек-қантамыр органдарын тазалау, оларды белсенді, таза табиғи энергетикалармен қанықтыру қажет;

– ауру адамдарға өзіндік  реттелу, биоэнергетикалық тренинг, ішкі органдардың релаксациясы әдістерін  меңгеру керек. Бұл әдістер ағзаның  ішкі қорларын пайдалануға, ткандік құрылымдардың өзін-өзі тазарту, өзін-өзі сауықтыру және жасарту процестерін жақсартуға мүмкіндік береді. Өзіңіздің ағзаңызды дәрі-дәрмектермен жүктеуге асықпаған жөн. Олардың көпшілігі химиялық негізде жасалған. Бұл осы препараттарды пайдалана отырып, бауыр, бүйрек, жүректі ластап, бірте-бірте  олардың жұмысын бұзатындығын білдіреді. Оларды өте аз мөлшерде пайдалану керек. Біздің ағзамыз емнің табиғи әдістерін жақсы қабылдайтындай етіп құрылған. Шөптермен, бақ пен бақша өнімдерімен емделуді үйреніңіз. Олардың көбісінің күш-қуат беретін шынайы әсерлері бар. Тек оларды жинақтап, дайындау керек.

– Бір-біріңізге мейірімді  болыңыз, өйткені сіз жасаған  жамандық өзіңізге тиеді.

Ауру созылмалы түрге  енгенде, біз емделуді бастаймыз, бірақ  асқынған ауруларды медицина да емдей алмайды. Сондықтан денсаулығызды жақсартумен жастайынан айналысу керек.  

 

Қорыта айтқанда, салауатты  өмір сүру салты көп факторларға (экономикалық, әлеуметтік, адамның  жеке басының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.

Ол неге әкеп соғады, адамды неше түрлі ауруларға шалдықтырады.

  Салауатты өмір сүрудің салты тек табиғат қана емес, ол адамзат баласын асыраушы ана. Табиғаттың келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды, мыңды берсең миллионды аласың, міне табиғат заңы осындай. 
Салауатты өмір сүру салтын әрқашанда бірінші орынға қою керек. Әсіресе, жас жеткіншектерге салауатты өмір сүру керек! Сондықтан да қазақ елі өздерінің ұрпақтарына салауатты өмір сүру салтын үнемі қалыптастырып отырған. Егде адамдар, мал бағып, күн-түн демей таза ауада жүрген. Сондықтан да олар, ұзақ уақыт өмір сүрген. Ішімдік дегеннің не екенін олар білмеген, темекі тартпаған. Наркотикалық заттар туралы қазақ елінде ешқандай түсінік болмаған. Ал токсикалық қосылыстар қазақ халқының үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Қазақ елі әрқашанда табиғатпен санасып отырған. Салауатты өмір сүру салтын жоғары сынып оқушылары қатаң түрде ұстауы тиіс. Жоғары сынып оқушылары салауатты өмір сүрудің салты тек көп қимыл жасап, нерв жүйелерін сақтау, дене шынықтырумен айналысу, ішімділік ішпеу, темекі шекпеу ғана деп түсінеді. Шын мәнінде олай емес. Салауатты өмір сүру салтын сақтау үшін; ерік болу керек. Күшті ерік әркімдс бола бермейді. Сондықтан да кейбіреулер салауатты өмір сүру салтын сақтамай көп азап шегеді. Оны күнделікті өмірден үнемі көріп жүрміз. 
Валеология мектеп жағдайында білім және тәрбие беру пән ретінде жүргізілуі керек. Валеологиялық білімді ата-аналарда білуі керек. Валеология — кеңінен насихатталынуы тиіс. Валеология кәсіптік білім ретінде өткізілуі керек.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Сатпаева Х.К.Валеология.Алматы.Гылым.1998. 

2..Колбанов В.В. Валеология, 1997г.

3.Чумаков Б.Н. Валеология, М.,1997г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өмір сүру салты және денсаулық. Біздің ағзамыз - өмір сүрудегі тірі қорған