Экологиялық мектептердің қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 19:06, реферат

Краткое описание

1.Қазіргі заманғы экологияның міндеттері.
2.Экологияның қысқаша даму тарихы.
3.Экологияның негізгі бөлімдері.
4.Ғаламдық экологиялық проблемалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық мектептердің қалыптасуы.docx

— 22.94 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

СОӨЖ

Тақырыбы:Экологиялық мектептердің қалыптасуы

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Кадирбекова.М

                                                                                   Тобы:УА-405

                                                                                         Тексерген:Ашакаева Р.У 
Экологиялық  мектептердің  қалыптасуы

Жоспар:

1.Қазіргі заманғы  экологияның  міндеттері.

2.Экологияның қысқаша даму тарихы.

3.Экологияның негізгі бөлімдері.

4.Ғаламдық экологиялық проблемалар.

Қазіргі заманғы экологияның міндеттері.

”Экология” терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді.Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді (ойкос-үй,тұратын жер,логос-ілім). Қазіргі кезде экология-тірі организмдер мен қоршаған ортаның арақатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын,бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп саналады.Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: <<Экология деп,біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді-жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен,әсіресе,өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдектермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық,жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз>>.                                                                     

Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы-популяцияларға,бірлестіктерге,экожүйелерге,ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады. Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.                                                                                                                                                       Өткен ғасырдың 60-70-жылдарына дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады,себебі,оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес,әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептеліп келді. Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан,басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес,әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы,жаңа жасанды заттарды жасап,ғимараттар мен жолдар салады. Бұл үшін ол бұрын ешқандай тіршілік иелері пайдаланбаған кен,мұнай,ағаш және тағы басқа қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар,табиғатқа,оған тән емес қалдықтар-пластик,металл,құрылыс материалдары шығарылады.Ауанның,судың,топырақтың ластануы,қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы,биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлігінің кемуі,адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері <<экологияның>> анықтамасын өзгертті.Ол көптеген білім слаларына ене бастады.Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы,экономика,әлеуметтану,мәдениет және т.б байланыстырыла бастады.Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларына енуін экологизация деп атайды.Қазіргі кезде экология кең,әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі (фундаменталды) және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр.Оны Н.Ф.Реймерс (1992 ж.) <<Үлкен экология>> деп атады.Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі оның жаңа анықтамаларының пайда болуына келді.Мысалы:

Н.Ф.Реймерс:<<Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты.Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны  бойынша Жер туралы физика-математикалық,химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне айналды>>.

Ю.Одум:<<Экология-табиғат пен қоғмдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы>>.

Н.А.Воронков:<<Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың,соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын,адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шеткі дәрежесін,осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып,зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет.Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым>>.

Ф.Дре:<<Экология-болашақтың ғылымы,себебі,адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі оның прогресімен анықталуы мүмкін>>.

Олай болса,қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай,ол дүниеге көзқарасқа,адамзаттың тіршілігін сақтауы туралы ғылымға айналып отыр.

Экологияның қысқаша даму тарихы.

Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес,бірақ үздіксіз дамыды.Жануралар мен өсімдіктердің таралу сипаты,өмір салты,қоршаған ортамен байланысы туралы  мәліметтердің жиналуы адамның табиғатты терең меңгеруінен басталды.Ертедегі философтардың еңбектерінде бұл мәліметтерді қорытындылау мен жүйеге келтіруге  алғашқы қадамдар жасала бастады.Аристотель (384-322 ж.б э.д) жануарлардың 500-ден астам түрлерінің мінез-құлқын сипаттап жазды.Аристотельдің  шәкірті,ботаниканың шәкірті Теофраст (б.э.д 372-287 ж.) әр түрлі жағдайдағы өсімдіктердің ерекшеліктері,олардың пішіні мен өсуінің топырақ пен ауа-райына тәуелділігі туралы мәліметтер келтірді.XVIII ғасырда француз жаратылыс зерттеушісі  Ж.Бюффон алғаш рет сыртқы орта  жағдайларының  жануарлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады.Ол бір түр басқа түрге  температура,ауа райы,тамақтың сапасына байланысты өзгере алады деді.Бірінші эволюциялық ілімнің авторы-Ж.Б.Ламарк <<сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі,және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізгі себептерінің бірі >>,-деп есептеді.

Экологиялық ойлаудың одан әрі дамунына XIX ғасырдың басында биогеографияның пайда болуы әсер етеді. А.Гумбольдт және т.б ғалымдардың еңбектері өсімдіктер географиясындағы жаңа бағытты анықтады. Ч.Дарвиннің <<Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте оған қолайлы қолтұқымдардың сақталуы>> деген еңбегінде (1859) табиғаттағы <<тіршілік үшін күресті>> теория жүзінде тұжырымдады.Күрес түсінігіне Ч.Дарвин табиғи сұрыптауға алып келетін және эволюцияның қозғаушы факторы болып табылатын түрдің мекен ететін ортасымен қарама-қайшылықты әсерінің барлық формаларын кіргізді. Ч.Дарвиннің осы еңбегі тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын жан-жақты зерттеу мәселесін көтерді.

Неміс жаратылыс зерттеушісі Э.Геккель өзінің <<Ағзалардың жалпы морфологиясы>> (1866) және <<Әлемнің пайда болуының  табиғи тарихы>> (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен,тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді.

Экология жеке ғылым ретінде негізінен XIX ғасырдың аяғында қалыптасты. XX ғасырдың ортасына дейін гидробиологтардың, фитоценологтардың, ботаниктердің, зоологтардың экологиялық мектептері қалыптасты.Олардың әрқайсында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады.

XX ғасырдың  басында экология жылдам дами  бастады.Бұл кезеңдегі негізгі  жетістіктер С.Форбстың, В.Шелфордтың, Ф.Клементстің, А.Тенсилдің, Ч.Элтонның, В.Н.Сукачаевтың еңбектерімен байланысты  болды.

Жалпы экологияның дамуына елеулі үлес қосқан ғалым В.В.Докучаев болды.Ол топырақ түзілу процесінің мысалында тірі ағзалар мен өлі табиғаттың өзара тығыз байланысын көрсетті.

В.И.Вернадский тірі ағзалар мен олардың тіршілік қызметінің өнімдерінің геологиялық құбылыстардағы (процестердегі) анықтаушы рөлін көрсетіп, биосфера туралы ілім және оның өмір сүруін, тұрақтылығын және даму заңдылықтарын тұжырымдады. Биосфераны “әлемдік экожүйе” деп танып, оның орнықтылығы мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттектер мен энергия балансына байланысты екенін тұңғыш рет ашып көрсетті. Сонымен қатар В.И.Вернадский ноосфера концепциясының негізгі қағидаларында тұжырымдады.

Жалпы экологияның әр түрлі аспектілерін дамытқан ғалымдар ретінде мыналарды атауға болады: Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов, С.С.Шварц, М.С.Гиляров, Ф.Клементс, Г.Одум, Ю.Одум, Р.Уиттекер, Р.Риклефс, Р.Дажо және т.б.

Экологияның негізгі бөлімдері.

Ағзалар экологиясы (аутэкология) - қоршаған орта факторларының жеке организмдерге, популяцияға, түрлерге (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ, бактерия) әсерін зерттейтін экология бөлімі.Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді.Организмге әсер ететін қоршаған ортаның элементтерін немесе жағдайын экологиялық факторлар дейді.Олар: абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып бөлінеді. Аутэкологияның міндеті-түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғалдану режіміне,жоғары және төмен температураларға,топырақтың сортаңдануына (өсімдік үшін), т.б)  физиологиялық,морфологиялық және т.б бейімдіктерін анықтау.Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа міндет пайда болды.Бұл міндет бойынша Аутэкология орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тектерін  қоса зерттейді.Аутэкология  алғаш рет экологияның жеке бөлімі ретінде III Халықаралық ботаникалық конгресте (1910 ж.) қабылданды.IV Халықаралық экологиялық конгресте (Ұлыбритания, 1994 ж.) Аутэкология тақырыбына арналған бірнеше баяндамалар жасалды.

Популяциялық экологияның (демэкология) міндеті популяциялардың құрылымы мен санының динамикасының жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.Популяциялардың тіршілік етуінің жалпы экологиялық заңдылықтарын зерттейді.

Геоэкология-ландшафтан биосфераға дейінгі экожүйенің бағыныштылық деңгейлерін зерттейтін экологияның практикалық тарауы.Табиғи ортаның техногендік әсерден аймақтық және жалпы өзгеруін зерттеумен шұғылданады.Нақты практикада Геоэкологияның зерттеу объектісіне экожуйелер немесе олардың құрамдас бөліктері-топырақтар,жер беті және  жер асты суы,жер атмосферасы және тау жыныстар жатады.Бұл терминнің синонимдері:ландшафтық экология,кейде биогеоценология.

Инженерлік экология-өнеркәсіптік экологияның қоршаған ортаға жасалатын әсер-ықпалды реттеудің технологиялық және техникалық әдістерінің талдап-белгіленуімен және қолдануымен байланысты тарауы (бөлімі);оған қамтылатындар:ақаба суларды,лықсыма газдарды тазалау,қалдықтарды қайта айналымнан өткізу,кәдеге жарату,оңтайлы орналастыру,қашыққа шығару және т.б.

Радиациялық экология-биосферада радиоактивті нуклидтердің таралуын, мөлшерін, иондану сәулелердің организмге, олардың популяциясына, биоценозға тигізетін әсерін зерттейтін экология мен радиобиология саласы.

Радиациялық экологияны негізінен ХХ ғ. 1930 жылдары радиоактивті заттардың биохимиясы туралы еңбегінде В.И.Вернадский құрды.

 

Саяси экология-табиғи ортаның техногендік өзгеру процесі мен қоғам өміріндегі саяси процестері арасындағы өзара байланыстарды аймақтық және де әлемдік зерттейтін ғылыми бағыт.

 

Химиялық экология-биосферадағы алуан түрлі химиялық процестерді,химикаттарды қолданудың салдарын,олардың қоршаған ортаға түскендегі әрекетін және экологиялық мониторингті жүргізуге жасалған әдістерді зерттейтін ғылым.

 

Бірлестіктер экологиясы (синэкология) бірлестіктердің (биоценоздардың) ұйымдасу заңдылықтарын,құрылымын және қоректену тізбегіндегі заттардың биотикалық зат айналымы мен энергияның трансформациясы ретінде көрінентін қызметін зерттейді.

 

Ғаламдық экологиялық проблемалар.

 

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

- ресурстар  проблемасы;

- азық-түлік  немесе ашаршылық проблемасы;

- энергетикалық  проблема;

- демографиялық  проблема;

- климаттың  өзгеруі;

- экологиялық  проблемалар;

- «үшінші  әлем» елдерінің артта қалуын  жою;

- қауіпті  ауруларды жою;

- Әлемдік  мұхит пен космосты игеру;

- қылмыспен  және терроризммен күрес;

- наркобизнеспен күрес.

Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - еркешелікттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманын экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру.Ғаламдық экологиялық мәселелер қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер: “Экология” Оспанова. Бозшатаева “Экологиялық энциклопедия” Ақбасова А. Ж,

 Жамалбеков  Ү.Е, Қалыбеков.Т, Саинова Г.Ә, Сәндібеков  М.Н


Информация о работе Экологиялық мектептердің қалыптасуы