Экологиялық факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 18:32, реферат

Краткое описание

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы.

Содержание

Кіріспе
1. Экологиялық факторлар туралы түсінік
2. Экологиялық фактордың организмге әсері
3. Негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған
бейімделуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық №2.docx

— 26.91 Кб (Скачать документ)

     Жоспар: 
 
Кіріспе 
1. Экологиялық факторлар туралы түсінік

2. Экологиялық фактордың  организмге әсері

3. Негізгі абиотикалық  факторлар және организмдердің  соған  
бейімделуі

 
Қорытынды

 
Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен  тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі  құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері  тірі организмдерге оң немесе теріс  әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір  организмнің өзіне ғана колайлы  ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері  белгілі мөлшерде кажет және жиынтық  күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің  өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен  таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар  деп - тек сол органим үшін алмастыруға  келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс  әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық  факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап  береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факторлары болып табылады. Міне осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.

 

 

 

 

 

 

Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер ету бойынша әр түрлі.Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі – обиотикалық,биотикалық және антропогендік.                                 Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) Тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары.                                                                                                            Оларға климаттық ,атмосфералық,геоморфологиялық,гидрологиялық және басқа факторлар жатады.                                                                                Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды         Биотикалық фактор-тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері.Олар түр іші және түр аралық болып болінеді.Түр іші факторларына-демографиялық,этологиялық және т.б.  жатады. Ал түр аралық  факторларға бәсекелестік,аменсализм,мутуализм,симбиоз жатады                                                            1) шығу негізі тірі организмнің ортаға аралық әсері болып табылатын фактор. Биоталық факторға, мысалы, химиялық бөлінділер (фитонцидтер тағы басқа),организмдердің жойылуы (көмір, теңіз карбонаттарының түзілуі), олардың бұрынғы ұрпақтарының қарекеті (топырақ түзілуі) және тағы басқа жатады;                                                                                                                     2) биогенді фактордың синонимі. Басқаша айтқанда биоталық фактор дегеніміз — бір организмнің тіршілік әрекетінің басқа организмнің тіршілік әрекетіне, сондай-ақ өлі мекен ету ортасына әсер-ықпалының жиынтығы. Бұлар тірішілік (демографиялық, этологиялық, топтық эффект және тағы басқа) және тұраралық (селбесу, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық және тағы басқа) болып бөлінеді. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер арасындағы қарым- қатынас алуан түрлі. Олар тікелей, бір организмнің басқасына тікелей әсер етуіне байланысты және жанама — өсімдіктің қатысуы ортаның абиоталық факторларының режімін өзгертіп, басқа организмдергеәсер етеді.                                                                              Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртекоксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.айқындалады.                                                                      Орта факторлары және олардың ағзаға әсері.                                                                         Ағза - француздың – organisme, латынша -  organiso – құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.                                         Кең көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен байланыста болатын және бір-біріне бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және олардың өзара байланыстары мен құрылысы  біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады.                                                                        Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер) ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы ағзалар),отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді.Қысқаша алғанда, ағза - дара, индивидиум, «тірі дене».Тіршілік ортасы –ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей  өзара байланыстағы бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның  әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады.Тірі ағзаларға  экологиялық факторлардың  әсер етуші жалпы заңдылықтары:              1.Оптимум Заңы.

2.Әсер етуші фактордың   түрлі  функцияларға әсерінің  бір жақты болмауы. 3.Өзгергіштік,  вариабелділік  және  түрдің  жеке даралардың орта  факторларының әрекетіне  жауап қайтару реакциясының  әр түрлі болуы.  4.Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір – бірімен байланыссыз, өз бетінше бейімделуі.                                                                                 5.Жеке  түрлердің экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің  өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.                                                                                           6. Факторлардың өзара байланысы.                                                                                        7. Факторларды шектеу ережелері.                                                                            Негізгі абиотикалық факторды және  ағзаның оған  адаптациялануын қарастырайық.                                                                                                                 Жарық. Күн сәулесінің спектрінде  биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.                                                                           Күн сәулелерінің спекторының  әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді:                                                                                Көрінетін жарық өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.                                                                                 Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері  қауыпті, ал аз мөлшерде  көптеген түрлерге -  өте қажет.Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің  күюін  (терінің  қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм.-ге жететін ұзын толқындар  ағзаны  жылулықпен қамтиды.                                                                                               Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі:                                               1).Хлорофиллдің  пайда болуы (фотосинтез).                                            2).Лептесіктердің жұмысын қалыптастырады (газ алмасу және  транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады,ақуыз және нуклеин қышқылдарының биосинтезін жақсартады.                                             3).Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне  және өсімдіктің дамуына әсер етеді,  жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.                                    Жарыққа байланысты  болатын экологиялық топтар: 1. Жарық сүйгіштер (жарықтағы) – гелиофиттер.2.Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) – сциофиттер. 3.Көлдеңкеге төзімділер – факультативті  гелиофиттер.                                 Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға , көруге ғана қажет.         Фотопериодизм – өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді.                    Температура. Ортаның температурасы ағзаның температурасына әсер етеді, яғни ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етеді. Негізінен ағзалар 0°С -дан басталып, +50°С –қа дейінгі температура аралығында тіршілік ете алады. Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі болып – 190-(273)0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады.                                                                                                Температураға байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін) деп бөлінеді.                                                                                               Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі – ағзада зат алмасу барысында бөлінетін жылу.                                                                                              Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі.                   Пойкилотермді ағзалар – дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады.                                                                           Гомойтермді ағзалар – дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады. Өсімдіктердің температураға адаптациялануы:                                                         Төменгі температураға :1.Суыққа төзімсіздер. 2.Аязға төзімсіздер.3.Мұзға төзімділер (аязға төзімділер).                                                                                   Жоғарғы температураға :1.Салқынға төзімділер. 2.Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3.Ыстыққа төзімді прокариоттар.                                                       Өсімдіктер төмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б. жатады.                                                                                       Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды.Күнге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суын азайтып, қоюланып, оның органоидтары төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді.Қыс кезінде өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды. Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге ауысады. Жануарлардың температураға адаптациялануы :                                                      1.Химиялық терморегуляция.  2.Физикалық терморегуляция. 3.Ағзалардың өзін -өзі көрсетуі.                                                                                         Пойкилотермді жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады.Гомойтермді жануарлар төмен температурадан әр түрлі жолдармен қорғанып отырады.Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа қарай қоныс ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүт қоректілер т.б.).Тері жабындыларындағы жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және т.б.).Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар т.б). мұндай  гомойтермділердің дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның температурасына тәуелді болғаны үшін олардың гомойтермділер деп Ылғалдылық. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%.Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда  ылғал шектеулі  фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады.  Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.Гидрофиттер – суды  мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б.Ксерофиттер – шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері.  Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т.б.Мезофиттер – ылғалдылығы орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер.Суккулентті – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б.Гидрофиттер – судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар т.б.Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген:Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады.Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар, киттәрізділер жатады.Бентос – судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп бөледі.Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына жабысып тіршіліе ететіндер. Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға ылғал жетіспегенде, олар әр түрлі бейімделеді. Мысалы: түйе өркешінің майынан метаболиттік су алады, сарышұнақтар ұйқыға кетеді. т.с.с.

                               

                                     Қорытынды

Бүгінгі күні экологиялық  проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан  алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс  қауіпі де оның көлеңкесінде қалып  қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасып табиғи жүйелерді  өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл  табиғат ахуалының күрт төмендеуіне  әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық  дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.  
Р. Риклефтің «Егер біз табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне көп ол ұсынған шарттарды қабылдауымызға тура келеді...» - деген сөзін ескерсек, бұл шарттар табиғаттың барлық процестер мен құбылыстар бағынатын заңдарға негізделген және адамзат қоғамының да олармен ерте ме, кеш пе санасуына тура келеді.  
Қазіргі кездегі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін оқымауынан. Табиғаттың үйлесімді жаратылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын жете түсінген жөн.

 

    Пайдаланылған әдебиеттер 
1. А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы «Ғылым» 1998.  
2. Г.С. Оспанова. Г.Т.Бозшатаева. Экология. Алматы «Экономика», 2002 
3. Ә.Бейсенова. А.А.Самақова. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. 

 


Информация о работе Экологиялық факторлар