Экологиялық білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды.

Содержание

І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері.
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс жағдайда орындалатын жұмыстар.
іі- тарау. Туризм - табиғатты тану.
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
2.2. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі туристік жарыстың рөлі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық білім.doc

— 397.00 Кб (Скачать документ)

Туризм - демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз - қоғамның игілігі болып табылады. Оны өзің үшін және қоғам үшін ұқыпты пайдалану керек. Автомобильдің гуілі, магнитофон, гитараның шуылы адамның көңіл күйіне зиян әсер етеді. Австриялық оқымыстылардың айтуынша, шуылдар адам өмірін 8-12 жылға қысқартады екен. Осы шуылдардан құтылу үшін барлық кезде уақыт жете бермейді. Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша ұйқыға, тамақ ішуге жұмсалғаннан басқа жылына 300 сағат бос уақытымыз бар екен. Ал біз 1 жылда 58 сағатты ғана табиғатты тамашалауға жұмсаймыз. Оп бір күнге шаққанда 4-ақ минутты құрайды екен. Дәрігерлер туризммен айналысатын адамдардың 1,5 есе аз ауыратынын мақұлдап отыр.

Аристотельдің айтуынша, әрекетсіздіктен сорақы ешнәрсе жоқ. Осыдан жүз жыл бұрын әр адам дене жұмысының 90 пайызын өзі атқарған. Ал техниканың дамуына байланысты бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Осы орайда XVIII ғасырда өмір сүргөн француз дәрігері Тиссоның сөздері еріксіз еске түседі:

Қозғалыс кез-келген дәрі-дәрмектің әсерін алмастыра  алады, ал барлық дәрі-дәрмек қозғалыстың  орнын басуға дәрменсіз. Демалыс  еңбек тәрізді белсөнді болуы  керек. Ал қазіргі туризм осыған сәйкес келеді.

Туризмнің өзі - қозғалыс. Ол барлық адам орындай алатын жүктеме береді. Әр адам өзіне қаншалықты жүктеме қажет екенін өзі мөлшерлеу керек немесе дәрігердің көмегімен анықтау керек.

Туризмнің бұдан  басқа танымдық қызметі бар. Туризм адамның ішкі жан дүниесін байытады, мінез-құлқын тәрбиелеуге әсерін тигізеді.

Туризм - француз  тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы  демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.

Туризм - адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет пен өнердің дамуына жол береді.

Қазіргі кездегі  туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын  өң маңызды белгілерді атап өтуге  болады, яғни туризмнің ұлттық мәнділіг, қанғаттандырылуы туристік саяхатқа пайдаланатын негізгі қозғалыс құралдары; сяхаттың ұзақтығы, топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының негізгі принциптері және т.б.

Туризм келесі түрлерге бөлінеді:

1 Рекреациялық туризм.

Туризмнің бұл  түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі  жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы ерекшеленеді. Мысалы, реакреациялық туризм құрамында төмендегі бағдарламалар болуы керек:

А) көріп тамашалау, көңіл көтеру (театр және кино, жәрмеңке, қала күндері, фестивальдар және т.б.);

Ә) қызығушылық  іс-әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка және т.б.);

Б) "этникалық" және тұрмытық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);

Г) туристік- сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.);

2.   Діни туризм.

Туризмнің бұл  түрі әртүрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделгөн. Діни туризм екіге бөлінеді:

А) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару; ғ,

Б) әулие жерлерге бару;

3. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатынада келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.

4.Конгресті  туризм.

Ол  түрлі  шараларға,  оның  ішінде  конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге,  конгрестерге және т.б.  қатысу мақстындағы   туристік   сапарлар   қатысуға   байланысты ұйымдастырылады.

Туризмнің осы  түрінің интенсивті дамуы толығымен  халықаралық іскерлік және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға әкөледі.

5. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм.

Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне негізделген.

6.  Өз бетінше ұйымдастырылған туризм.

Саяхаттың бұл  түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтармен және бірлестіктермен бірге отырып ұйымдастырады.

7. Іскерлік мақсаттағы туризм.

Туризмнің бұл  саласына әр түрлі серіктестермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.

8.Танымдық туризм.

Туризмнің бұл  түрінің негізін әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға алынған табиғи аймақтарға баруды ұсынады.

9. Спорттық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты: активті және пассивті түрге бөлінеді.

Активті спорт туризміне спорттық белгілі түрімөн айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге - белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.

10. Емдеу  медицина туризмі.

Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Емдеу туризмі адам организміне табиғи құралдармен әсер ету арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы, климат арқылы емдеу, теңіз арқылы, батпақ арқылы, жеміс- жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б.

Қозғалыс құралдарына  байланысты туризм келөсі түрлкрге бөлінеді.

1. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.

2. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі ХІХ-ғасырдың 40 жылдарынан  бастап  дамыды.  Теміржол  билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестік те болып тұрады.

3. Әуе жолы туризмі.Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы, 1960 -1980 жылға дөйіннің өзінде туризмде қолданылатын әуе жолы транспортының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.

4. Теплоход туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға тоқтауы және тоқтамауы да мүмкін.

Өзен бағыттары - өзен пароходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурсиялық серуендер жатады.

Круизді және туристік - экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.

Барлық жағдайы  жасалған теплоходтағы су туризмнің  артықшылығы туристердің орналастыру  құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл  көтерумен қамтамасыз етілуінде. /17/

5.Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс   құралы   ретінде   пайдалану   арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік- экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін, яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және "денсаулық автобусы" деп аталатын - серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус).

6. Велосипед туризмі.Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады.

7. Жаяу туризм Туризмнің бұл түрі ішкі туризмде кеңінен таралған.

Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді, саяхаттау ұзақтығына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді. Топ құрамы бойынша:

1. Жаппай туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);

2.  Жеке туризм. Туризмнің көбінесе іскерлік, ғылыми және сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі. Соңғы кезде жеке туризм туыстық байланыста, шақырулар бойынша баруда кеңінен таралуда.

3.  Жанұялық туризм, Туристердің жанұя мүшелерімен бірге саяхаттауы. Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары туристік фирмалардың  балалармен  саяхаттайтын  тұлғаларға ұсынатын жеңілдіктері есебінен дамуда.

4.    Жастар (студенттік) туризмі.

5.   Балалар туризмі. Жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әртүрлі елдер арасындағы туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда. Балалар және жастар саяхатына туристік қызмет көрсету бағаларына біршама жеңілдіктер бар.

2.2. Туристік  жарыстың оқушылардың экологиялық  білімін тереңдетудегі рөлі.

Сабақта берілетін  білім мазмұны мектеп бағдарламасында  шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғылыми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырлыған сыныптан тыс кешенді жұмыстарда қосымша жаңа мазмұндағы материалдарды кең қолдануға болады. Оқушылардың экологиялық біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар. Оқушылардың танымдылық белсенділіктерін аттырады, табиғатқа жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.

Мен өз жұмысымда оқушыларға экологиялық білім берудегі орындалатын сыныптан тыс жұмыстарға туристік жарысты жатқыздым. Туристік жарыс - ол оқушыларды табиғатқа саяхат жасату барысында екі топқа бөліп жарыстыру. Жарыс ұйымдастыру үшін нақты жоспар құрылады. Жоспарға мыналар кіреді:

• Әдебиеттерге ізденіс жасап, көректі мәліметтерді іріктеп алу.

• Туристік жарысқа ат қойып оның бағдарламасын жасау.

•  Жарысқа қатысатын оқушыларды іріктеп алу.

•  Жарыс өтілетін жерімен танысып, картасын жасау.

•  Оқушыларды жарысқа апару үшін олармен алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу.

•   Туристік жарыс өткізу.

Табиғат жайындағы  ұғымдарды тек оқулықтағы тақырыпты  ауызша оқыту арқылы жоғары нәтижеге жете алмаймыз. Ол үшін пәндегі оқылатын әрбір тақырып оқушылардың жарыс кезінде өзін қоршаған табиғатта байқағандарымен, өмір тәжірибелерімен, табиғи материалдарды қолға ұстап көріп, иісін сезіп, даусын естіп оларды қорғау арқылы табиғатқа жауапкершілік сезімімен ұштастыруға мүмкіндік туады. Табиғатқа саяхатқа шығып жарысу арқылы осы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

"Табиғат  - ортақ үйіміз" атты туристік жарыс бағдарламасы.

Жарыс он үш пунктен  тұрады. Әр пунктке бір төрешіден тағайындалады. Төреші қызметін сол мектептің пән мұғалімдері және студенттер атқара алады. Жарыс басталар пунк (старт) және басқа пункттерде тұрған төрешілер әр топқа баға беріп отырады. Алғаш бір топ жүріп кетсе, екінші топ 20 минуттан соң артынан жүрөді. Соңғы пунктте екі топ оқушылары және төрешілер жиналып екі топтың қорытынды бағаларын шығарады.

І-пункт. Таныстыру.

Оқушылар қаз -қатар екі топқа бөлініп тұрады. Әр топтың топ басшысы өз топтарының атын атайды. Әр топ оқушылары аты -жөні жазылған парақ қағазды төрешіге ұсынады. Әр топ басшысыыың қолында бір-бір қойын дәптер болады. Сол дәптерге төреші баға қояды. Жарыс басталатын пунктте тасталған жеребе бойынша бірінші топ әрі қарай екінші пунктке жүгіріп кетеді.

ІІ-пункт. Арқа қоржын жинау.

Жорық кезінде  арқа қоржынның дұрыс жиналғаны абзал. Заттар дұрыс салынса қоржынды арқаға көтеріп жүру өте ыңғайлы болады. Танымал турист - альпинист Виталий Абалаков ойлап шығарғандықтан арқа қоржынды "абалаковтық" деп атайды. Ол барлық кезде алып жүруге ыңғайлы. Арқа қоржын қалың, су өтпейтін кенеттен, қатты, үзілмейтін жіптен тігіліп, жан-жағына су өтпейтін қалталар жапсырылады.

Әрбір турист жеңіл  әрі ыңғайлы киімдерін, саяхат керөкті құрал-жабдықтарды іріктеп арқа қоржынға салып жүреді. Жаяу жорық кезінде мынадай киімдер мен заттарды алған жөн.

Киім-кешектер: спорт киімі, жылы жейде, іш киімдер, шұлық, жылы бас киім, орамал, қолғап (жыл мезгіліне байланысты) т.б.

Ыдыстар: қасық, бәкі, шыныаяқ, табақ, ожау, миска, т.б. шыныаяқтың пластикадан жасалғанын алған дұрыс, ол жеңіл, алюминий шыныаяқ секілді тез ысып кетпейді, сынып қалмайды, әрі сырлы шыныаяқ секілді сықырламайды, тез жуылады. Мисканың алюминийден жасалғаны, шұңқыр болғаны ыңғайлы. Себебі ол тамақ пісіруге қолданылады.

Әжетхана заттары: сабын, тіс пастасы мен щеткасы, айна, тарақ, крем т.б. бұлардан басқа  көрпе, саңылаусыз қорапқа салынған сіріңке, фотоаппарат, компас, сағат, қойын дәптер, қаламсап т.б. заттарды алып шығу керек.

Бұл пунктте осы заттарды арқа қоржынға оқушылардың қалай орналастырғандарына қарап баға беріледі.

ІІІ-пункт. Картография.

Әрбір турист өзінің саяхатқа шығатын жерінен хабары болуы керек: ол жер тау ма, орман ба, әлде далалы алқап па? Туристік карталар көмекші рөлін атқарады. Жаяу жорыққа топографиялық карталарды пайдалану әлдеқайда ыңғайлы. Онда жергілікті жердің рельефі, өзендер, көлдер, таулар т.б. нақты белгіленіп көрсетіледі. Кез-келген картаның негізгі элементі шартты белгілер болып табылады.

Информация о работе Экологиялық білім