Экология ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 17:46, реферат

Краткое описание

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866

Прикрепленные файлы: 1 файл

экол.docx

— 41.57 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Төзіміділік заңы (В.Шелфордтың): ағзаның (түрдің)өркендеп өсуінің тежеуші  факторы болып ең аз немесе ең көп турдс әсер еткен экологиялық фактор болуы мүмкін, бүл екеуінің арақашықтығы организмнің осы әсерге төзімділігінің шамасын көрсетеді.

 

 

 

Оптимум заңы: кез келген экологиялық  фактордың тірі ағзаға жағымды әсер етуінің белгілі бір шектеулері бар.

 

 

 

Шектеуші фактор заңы (Ю.Либихтьщ мшіимум  заңы): "Ағза үшін өзінің қолайлы  мәнінен басқаларға қарағанда  көбірек  ауыт қитын факторлар  маңызды  келеді; осы факторлардан дарақтардың  осы жағдаііда тірі қалуы байланысты болады, ағзаның өсуін сол ағзаның ішіндегі ең аз (минимум) мөлшердегі зат бағыттап отырады.

 

 

 

1.3 Экология ғылымының зерттеу   әдістері

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу  әдістері бар.

 

 

 

Далалық зерттеу әдісі - далалық  жағдайда жүргізіледі. Зерттеу объектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері, т.б. болуы мүмкін. Кез келген популяциялар тобына экологиялық сипаттама бсру үшін физиология, биохимия, анатомия, систематика, биология, география ғылымдарының зерттеу әдістері қолданылады. Сондықтаи эколог-жаратылыстану ғылымдарының ғылыми-теориялық негіздерін, зертеу әдістерін толық меңгерген білікті маман болуы тиіс.

 

 

 

Далалық зерттеулер белгілі  бір  түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. объектілердің жәйі, сандық қатынасы  ,сапасы, ауытқулар мен өзгерістер,

 

абиотикалық, биотикалық, антропогендік  факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке катысты олардың көбеюі, құрып  кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар, материалдар  жинақталды. Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілдерін, зерттеу объектісінің ареалын, географиялык табиғат аймақтарын камтумен қатар бірнеше жылдарға созылған уақыт пен кеңістікке байланысты жүргізіледі.

 

 

 

Далалык материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүние-жүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы - камералар, видсоаппаратуралар, оптикалық  приборлар, аналитикалық таразылар, топографиялық  қүралдар, термостаттар, хромотография, микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті  қүралдармен жабдықталуы тиіс.

 

 

 

Далалық жағдайдағы зерттеулер ғылыми жұмыстың мазмүнын толық аша  алмайды. Әсіресе, түр, популяциялардың көбеюге қабілеттілігі, шығыны, жыныстық, жастық ерекшеліктері, морфофизиологиялык қүрылымы, факторларға қатысты организмдегі өзгерістер мен реакциялар, экологиялық зерттеулер, ауа, су, топырақтың ластану дәрежесі, т.б эксперименттік талдау жасауды қажет етеді. Сондықтан зерттеу объектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тожірибелер жүргізілсді. Эксперимент нәтижелері далалық зерттеу жүмыстарымен салыстырыла отырып, оның ғылыми теориялық және практикалық маңызы қорытындыланады. Әрине, зерттеу объектісінің сипатына қарай далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеулердің бағыттары, зерттеу әдістері өзгеріп отырады.

 

 

 

 

 

 

Организмдерді зерттеудің негізгі  көрсеткіштері бар. Олар -жануарлардың кездесу жиілігі, басымдылық дәрежесі, тығыздығы, жамылғы сапасы, биомассасы және өнімділігі. Аталған көрсеткіштердің әрқайсысының өзіндік есептеу тәсілдері, ерекшеліктері бар.

 

 

 

 Экологияда математикалық  әдістер  мен модельдеу жиі  қол-данылады. Бүл әдістер бойынша  белгілі бір популяцияға берілген экологиялық сипаттаманың дүрыстылығы, ауытқу мүмкіндіктері, биомасса сапасының сандық мөлшері нақты тексеріліп анықталады. Қазір экологиялық зерттеулерде информация теорияс, кибернетика, мүмкіндіктер теориясы, сандар теориясы, интегральдық есептеулер жиі қолданылады.

 

 

 

Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен қүбылыстарды модельдеу  жиі  қолданылып жүр.  Бұл табиғат  процестеріне тән қасиеттердің техникалық түрғыда  жүмыс істеу үлгісі. Мәселен, жасанды  қан айналу аппараты, фотосинтез, клетканың жүмысы, өкпе, бүйрек, бұлшық еттердің жүмыс істеуі, протездер, т.б.

 

 

 

Экологиялық модельдеудің мақсаты - теориялық  тұжырымдарды, биологиялық  жүйелердің жүмыс істеу функцияларын жасанды  жолмен тәжірибе арқылы тексеру.

 

 

 

 

 

2 тарау  Экология –ғылыми   сала

 

 

 

 

 

 

 

Экология ғылымының салалары 

 

 

 

Биоэкологиялық зерттеулер бағыты. Биозкология бірнеше зерттеу  облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, т.б.

 

 

 

Аутэкология жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байлапыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Жеке организмге табиғат факторлары қалай өсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, рөлі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.

 

 

 

Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

 

 

 

Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.

 

 

 

Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде  әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микро-организмдер) жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді.  Организмдер бірлестіктерінің калыптасуы, қүрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалык озгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің түрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер қаралады.

 

 

 

Геоэкология - экологиялық  жүйелерді  биосфералық деңгейде қарастырады. Қүрлық пен дүниежүзілік мүхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша  экожүйелердің қүрылымы, бірлестіктері, түрақтылыгы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгсруі, экожуйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы  зерттеулер  жиынтығы.

 

 

 

Ғаламлық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфсра шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік  өзғерістер мен кұбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауыткуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.

 

 

 

Адам экологиясы - ауыл, село, қала түрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық жәнс халықаралық карым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдарды экологиялық қүқық қорғау жәис этнозкологиялық проблемаларды жап-жактьі зерттсу. Жер шары түргығдарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді.

 

 

 

НООЭКОЛОГИЯ -- адам, табиғат, қоғам  арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялык жағдайларды, қарым- қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия жәнс шикізатпсн камтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, қүқық, т.б. Адам мен биосфера шегіндегі түрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді. Экология ғылымының қазіргі кезеңдегі қүрылымы 1-кестеде керсетілген.

 

 

 

 

 

  Экологиялық білім  беру , тәрбиелеу және экологиялық көзқарас

 

 

 

 

 

 

 

 Экологиялық білім  берудің  негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.

 

 

 

Экологиялық жауапкершілік  адамның  мына қасиеттерімен байланысты:  өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің  жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.

 

 

 

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық  қозғалысы қоршаған орта саласындағы  білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

 

 

 

Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру .Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың ,принциптер мен көзқарастың  басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау.                     

 

 

 

Экологиялық қызметтің психологиясы

 

 

 

Қызығу психологиялық  жағынан  алып қарағанда- үш ерекшелікпен сипатталатыны байқалады.

 

 

 

1. Әрекетке қатысы  бойынша  жағымды жоғарғы деңгейдегі эмоция

 

 

 

2.  Эмоцияның қуанышқа ұласуы

 

 

 

3 . Өзін тудыратын тікелей  мотивінің  болуы. 

 

 

 

Психологияға және педогогикаға қызығудың  төрт құрамдас бөлігі болатыны туралы тұжырым жасадық. Оларды алып  айтсақ мына төмендегілер  болып  шыңғады  – ынтықтылық ,алғырлық ,білуге құмарлық және тұрақтылық.

 

 

 

Қызығу дегеніміз- ынтықтылық ,алғырлық ,тұрақтылық  және білуге құмарлық  тәрізді бірнеше мәні зор бөліктерден тұратыны сөзсіз. Белгілі бір бмосфераны көрінісіне зейін қою арқылы эмоция тудырып, іс әрекеттерді жүзеге асатын  жеке тұлғаға тән ерекшелік.

 

 

 

 Қызығуды топтастыру  әр түрлі ғылыми негіздерге сүйеніп жүзеге  асыруға болады. Олардат қызығудың биохимиялылық мазмұны, тұрақтылығы  ,күші, ұзақтылығы, зеріттелетін объектісі  ескеріледі.

 

 

 

Психологтардың пікірінше қызығу дегеніміз-адамзат баласының  белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмытылған іс әрекетің  қуаттандыратын психологиялық ерекшелігі , адамды білім алу мен дербес шығармашылық –ұмытылдыратын ынтасы бір нәрсеге жеке бас ниетінің шоғырлануы немесе жеке тұлғаның  күрделі қасиеті, бейімділігі, білуге ұмытылуы.

 

 

 

Танымдық қызығу дегеніміз- жалпы қызығудың бір түрі деген ойдамыз

 

 

 

Оларды мынадай бағыттарға жіктеуге болады.

 

 

 

Қызығу-танымдық қызығу- биосфераның бір құбылысын білуге қызығу.

 

 

 

Осыған сәикес  кейбір биолог, химик, эколог ғылымдар қызығуды студентті өзіндік дербес іс-әрекетке  жұмылдыратын мотиві ретінде санайды

 

 

 

 

 

 

 

Танымдық қызығу сатысының  моделі

 

 

 

Стимул----------------------әлсіз----- орта ----күшті.

 

 

 

1Бағалаү әрекеті 

 

 

 

2.Білуге құмарлық

 

 

 

3.Әуестену.

 

 

 

 

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.       Андерсон  Дж. М. Экология и наука об  окружающей  среде Л. 1985

 

 

 

2.       Бродский  А.К.  Жалпы экологияның қысқаша  курсы.  Алматы, 1997

 

 

 

3.       Сағымбаев  Ғ.Қ.  Экология негіздері. Алматы, 1995

 

 

 

4.       Мұқаұлы  С., Үпішев  Е. Табиғатты пайдалану экономикасы.  Алма-Ата, 1999

 

 

 

5.       Молдахметов   З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д.  «Экология негіздері». Қарағанды, 2002

 

 

 

6.       Дарибаева  А.О., Оразбаева Р.С. «Экология  негіздері». Астана, 2001

 

 

 

7.       Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004

 

 

 

8.       Новиков  Ю.В.  Экология, окружающая среда  и  человек

 

 

 

9.       Вернадский  В.И.  Биосфера. М., 1967

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер

 

 

 

10.   Акимова Т.А., Хаскин  В.В. Экология. М., 1998

 

 

 

11.   Агаджанян Н.А., Торшин  В.И. Экология человека. М.,1994

 

 

 

12.   Одум Ю. Экология  в  2-х томах. М., 1986

 

 

 

13.   Чернова Н.М., Былова  А.М.  Экология. М., 1988

 

 

 

14.   Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек.  М., 1998

 

 

 

15.   Кормилицын В.И.  и др. Основы экологии. М., 1997

 

 

 

16.   Реймерс Н.Ф. Экология. М., 1994

 

 

 

17.   Шилов И.А. Экология. М., 1997

 

 

 

18.   Реймерс Н.Ф. Охрана  природы и окружающаячеловека  среда: словарь-справочник. М., 1994

 

 

 

19.   Никоноров  А.М., Хоружая Т.А. Глобальная экология. М., 2000, 285 бет

 

 

 

20.   Экологическая   антология. Город ХХ века (под   ред.Т.Костиной), Алма-Ата, 1999

 

 

 

21.   Тарасов  А.О.  Экология и охрана природы.  М., 1990

 

 

 

22.   Тонкопий  М.С.  Экономика и природопользование. Алматы: Экономика, 1998

 

 

 

                                                   

 

 

 

23.   Маркович  Д.К.  Социальная экология. М.: Просвещение, 1991

 

 

 

24.   Моисеев  Н.И.  Человек, среда, общество. М.: Наука,1982

 

 

 

25.   Журналдар:  а)  Закон об окружащей среде  .б) «Риск» І 5-6, 1999

Информация о работе Экология ғылым ретінде