Экология Павлодара

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Павлодар облысы.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Сондай–ақ, кеңестік құрылысты өркендету немесе қазіргі айтып жүргендей тоқырау жылдары да (1970-1980) Павлодар облысы өнеркәсібі Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда қарқынды өсу, даму сатысында болды. Әсіресе, көмір өндіру, металлургия, химия өнеркәсібі, электр энергиясын өндіруден облыс еңбекшілері әрдайым биік межеден көрінді.

Ал, тәуелсіздік алған он тоғыз жылдың ішінде Павлодар облысының өнеркәсібі басынан бірталай қиыншылықтарды өткеріп, үлкен өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, нарық заңына сәйкес қайта құрудан өтіп, неғұрлым бәсекеге қабілетті деген өнеркәсіп ұжымдары ғана істерін әрі жалғастыру құқығына ие болды. Осы тұрғыдан алғанда бұл аймақтың өнеркәсібі көп шығынға ұшырамай, аз ғана уақыт аралығында тік тұрып, көлемді де сапалы өнім шығарып, өңдеуге қол жеткізіп отырды деуімізге болады. Оны Павлодар облысының 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамыуның төмендегідей көрсеткіштері мысалында  байқауға болады.

 


Информация о работе Экология Павлодара