Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 22:00, реферат

Краткое описание

Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

комп.docx

— 277.93 Кб (Скачать документ)

Алмалы  дискілерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік  дискеттерді оқиды (1.8-сурет). Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді. 
CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді (1.9-сурет). CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыяды.  
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады. 
 
Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар – сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 4 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды.  
Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына орнатылады.

Дыбыстық  тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді (1.10-сурет). Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар (1.11-сурет). «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді (1.12-сурет). Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар; ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер.

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады (1.13-сурет). Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.

Көптеген  пернелердің бетінде екі-төрт таңба бейнеленген. Пернені қажетті нышанды енгізуге қолдану үшін басқару пернелері пайдаланылады. <Alt>, <Ctrl>, <Shift> пернелері әдетте қандай да бір әрекетті орындамайды, олар басқа пернелердің міндетін өзгертуге арналған немесе өзге пернелермен бірге қолданылады. Мысалы, <Shift> пернесі бас әріптерді жазу үшін, ал <сол жақ Alt> және <Shift> немесе <Ctrl> және <Shift> пернелерін тіркесімі – пернетақта тілін өзгерту үшін пайдаланылады.  
<CapsLock> бас әріптер режімін бекіту үшін қолданылады (<Shift> пернесін пайдалану қажет емес). <CapsLock> пернесін қайталап басып, бас әріптер енгізу режімін болдырмай тастауға болады. 
<Enter> (енгізу) – мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады. 
<Esc> (болдырмау) – әрекетті немесе амалды болдырмау, сұхбат терезесін немесе мәтінмәндік терезені жабу үшін қолданылады. 
Бос орын пернесі – пернетақтаның төменгі жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады. 
Түзету пернелері – <Backspace>, <Delete>, <Insert> 
<Backspace> – Enter пернесінің үстінде орналасқан бағдаршалы перне. Ол жүгіргінің сол жағында тұрған нышаны жояды. 
<Delete> – жүгіргінің үстінде немесе оның оң жағында тұрған нышаны жояды. 
<Insert> – нышандарды енгізу режімдерін ауыстыруға арналған («қою» және «алмастыру» режімдері, үнсіз келісім бойынша «қою» режімі жұмыс істейді). 
Жүгіргіні басқару пернелері <←>, <→ >, <↓ >, <↑ > жүгіргіні бейне бет бойымен өзіне сәйкес бағытта жылжытады.  
Жүгіргіні басқару пернелеріне, сондай-ақ <Home>, <End>,<Pg Up>, <Pg Dn> пернелері де жатады.  
<Home>, <End> – жүгіргіні мәтін жолының басына (соңына) апарады. 
<Pg Up>, <Pg Dn> – жүгіргіні мәтін бойымен бір бейне бетке жоғары (төмен) жылжытады. 
windows пернесі Бастау батырмасының Бас мәзірін ашады. Басқару пернелері сияқты, ол да басқа пернелермен бірге қолданыла алады.  
Мәтінмәндік мәзір бейнеленген перне тінтуірдің оң жақ пернесінің қызметін атқарады.  
Жетелік пернелер – <F1> ... <F12> – алдын ала белгіленген мәні жоқ пернелер. Олардың мәнін бағдарламаларды әзірлеушілер өз қалауынша анықтайды. Жетелік пернелер міндетін нақты бағдарламамен танысу кезінде оқып-қарастыру қажет. Әр уақытта бір ғана міндет атқаратын перне – <F1>, ол ақпараттық жүйені шақырады. windows-қа лайықталған бағдарламаларды әзірлеушілер үшін осы пернелерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар жасалған, сондықтан көптеген бағдарламалардағы пернелердің міндеті ұқсас болып келеді. 
Сандық бөлік екі мақсатта қолданылады. Пернетақтаның сандық бөлігінде <NumLock> пернесі режімі қосылып тұрған кезде пернелер сандық ақпарат пен арифметикалық амалдар таңбаларын енгізуге арналады. 
Пернетақтаның сандық бөлімінде <NumLock> пернесі режімі қосылмаған кезде бұнда жүгіргіні басқару пернелері қайталанады. 
<CapsLock>, <ScrollLock>, <NumLock> пернелерінің пернетақтаның оң жақ жоғарғы бұрышында сәйкес режім қосылып тұрғанын көрсететін көрсеткіштері бар. 
Тінтуір – өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор (1.15-сурет).   
Тінтуір – компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап «mouse» – «тышқан» деп атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті. 
Тінтуірді үстел бетінде немесе басқа да жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.  
Тінтуірдің сол жақ пернесін бір рет шерту – нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет. 
Екі рет шерту – терезені, құжатты ашу үшін немесе бағдарламаны іске қосу үшін қолданылады және <Enter> пернесін басқанмен бірдей қызмет атқарады. Жүгіргіні нысан үстіне апарып, екі рет жылдам шерту қажет (тінтуір орнынан қозғалмауы тиіс).  
Сонымен қатар, тінтуірдің сол жақ пернесі бейне беттегі нысандардың орнын ауыстыру үшін қолданылады. Тінтуір көрсеткісін нысанның үстіне апарып, пернені басып ұстап тұрып, нысанды басқа жерге апарып, содан кейін пернені жібере салу керек.  
Тінтуірдің оң жақ пернесі мәтінмәндік мәзірді шақыру үшін қолданылады (мәзірде осы бағдарламада немесе бейне беттің осы аумағында жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту қажет. 
Кей кездері тінтуір орнына текбол, сезімтал тақта немесе трекпойнт қолданылады. Қызметі жағынан бұл құрылғылардың бәрі тінтуірге пара-пар.


Информация о работе Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптары