Қазақстанның экологиялық тәрбиесі және білімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2014 в 23:59, реферат

Краткое описание

Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көмегісіз-ақ өзін-өзі тазарта алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
2.1 Табиғаттың нарық жағдайындағы экономикалық нысандары.
2.2 Қазақстанның экологиялық тәрбиесі және білімі.
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология білім тәрбие.docx

— 34.15 Кб (Скачать документ)

     Экологиялық білім беру мектепке дейінгі мекемелерден бастау алуы қажет. Бұл – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық негіздегі амалдар мен ойындар, табиғатқа қамқорлық сипаттағы әдістер. Мұнан соң, бастапқы экологиялық білім, орта мектептерді қамтып, стандартты мәселелер мен табиғатқа әсер ету модельдерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Жоғары оқу орындарындағы экологиялық білім, іргелі ғылыми білімдерге сүйене отырып жүргізілуі қажет және пәнаралық байланыстар орын алуы тиіс. Сонымен қатар, жекелеп оқыту, икемді оқу жоспарлары мен арнайы бағдарламалар да қолданылады.Экологиялық білім беру жүйесіне қойылатын ортақ талап – оқушыларға, студенттерге берілетін қоршаған орта туралы білім, олардың экологиялық сауаттылығын арттыруы, табиғатты тиімді пайдалануға дұрыс пікір қалыптастыруы, экологиялық немқұрайдылығын болдырмауға бағытталуы тиіс.  Қоршаған орта проблемаларына білім беру екі бағытты қамтиды: бірі – іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін мамандар, басшы кадрлар даярлау, әр түрлі пәндердің мазмұнын экологияландыру; екіншісі – жағымсыз экологиялық құбылыстарды болдырмау мақсатында көпшілік пікірлерін қалыптастыру. Оқу процесінің логикасы, қарапайым экожүйеден күрделіге өту арқылы сабақтастырылып, тіршілікке экологиялық пікір қалыптастыра жасалуы қажет. Қоршаған ортаның проблемаларына сын көзбен қарап, оны сақтай білуде жауапкершілік сезім тәрбиелеу – ең маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі техникалық құралдарды қолдану мен оқытуды компьютерлендіру, оқытудың жаңартылған әдістерін, пәнаралық тәсілдерді, ұжымдық оқытуды ендіру, ақпарат жинақтау орнын құру – бағдарламада негізгі орын алатын тұстары болып саналады. Экологиялық білім берудің мақсаты мен маңызы экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруда жатыр. Қазіргі жағдайда, экологиялық білім беруді басқаратын ұйымдастырушының қажеттілігі анық сезіліп отыр. Осындай ұйымдастырушылық бағытты үздіксіз білім беру бағдарламасы атқара алады. Бағдарлама білім беру процесіне қатысатын барлық субъектілердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және олардың әрқайсысы, кезеңіне сай қандай қызмет атқаратынын анықтап жәрдемдеседі.

     Қоғамның  экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың  негiзi ретiнде экологиялық бiлiм  берудi дамыту үшiн 

1. Бiлiм берудiң  барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына  экология және тұрақты даму  мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз  экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн  қалыптастыру;

2. Мiндеттi және  қосымша бiлiм беру жүйесiнiң  барлық деңгейi үшiн экология саласындағы  кадрларды даярлау, қайта даярлау  және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

3. Экологиялық бiлiм  берудi мемлекеттiк қолдау қажет;

4. Табиғи жүйелердiң  экологиялық сыйымдылығы мен  олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;

5. Экологиялық таза  және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде  ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;

6. Биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн  сақтау проблемасын зерделеу;

7. Климаттың ықтимал  жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн  және табиғи орта үшiн оның  салдарын зерттеу;

8. Экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн  әзiрлеу;

9. Ластанулардың  алдын алу мен жоюдың, қоршаған  ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды  кәдеге жаратудың құралдары мен  әдiстерiн әзiрлеу;

10. Адамдардың аурулары  мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң  арасындағы байланысты зерделеу;

11. Қоршаған ортаны  қорғау саласындағы жинақталған  бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.

   Экологиялық білім беру – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігін және тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру.Экологияның негізгі міндеттері қатарына: табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің  халыққа жетуін қамтамасыз ету жатады. Қазақстан Республикасы Білімжәне Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Аталған құнды  құжаттарды басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.Қорыта келгенде, экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім мен тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты болады. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастыру қажет. Олар кештер, лекциялар, әңгімелер, көрмелер, сайыстар, оқушылардың шығармалары, рефераттары, баяндамалары, табиғатты қорғау тақырыбына арналған плакаттары т.б. Осылардың бәрі – оқушылардың саналы жете түсінуіне табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралдардың бірі. Егер экологиялық құрлық және еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей табиғатпен байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды. Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру  адамның мінез – құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан-стратегиялық бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың көздерін ашып, көкіректерін оятып, оларды жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын қамқоршы етіп өсіруге күш салып, табиғат – анамызға ашкөздікпен қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

 

                        

                               Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қ.Қасымбекова.Қоршаған ортаны қорғау – адамзаттық міндет.

 

  1. Ш.Қараева. Қоршаған орта – қамқорлыққа зәру. 2002 ж.

 

  1. Г.С.Оспанова,Г.Т.Бозшатаева – Экология.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстанның экологиялық тәрбиесі және білімі