Ауылшаруашылығын химияландырудың қоршаған ортаға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 18:30, реферат

Краткое описание

XX ғасырдың екінші жартысында ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер үздіксіз айналымға түскендіктен, сапасы төмендей бастады. Әсіресе химияландыру науқаны күшейіп, оның зардабы адамдар арқылы біліне бастады. Бұл экологиялық жағдайлар дүниежүзінің көптеген мемлекетінде жаппай сипат алды. Статистика мәліметтері бойынша жыл сайын дүниеге келген сәбилердің 11,2%-і физикалық жағынан нашар және ақыл-есі кем туатыны анықталған. Дүниеге келген 100 мың баланың әрбір 11-12 мыңы онкологиялық ауруларға ұшыраған.
Ауыл шаруашылығында химияны қолдау 1960-1990-жылдары өзінің биігіне шықты. Егер де 1960-жылдары адам басына шаққанда 5 кг химиялық өнім келсе, ал 1990-жылдары ол 35 кг-ға жеткен. Бұл химиялық заттарды қолданудың еселеп өскенін көрсетеді. Яғни, ауру қарқыны 1960-жылдары 0,74%-тен 1990-жылы 30%-ке дейін өскен. 1990-1999-жылдары ауыл шаруашылығында химияны қолдану біздің республикамызда бәсеңдей бастады. рі

Содержание

1. Ауылшаруашылығын химияландырудың қоршаған ортаға әсері.
2. Пестицидтерді классификациялау.
3. Пестицидтерді классификациялау
4. Пестицидтерді қолдану кезіндегі сақтық шаралары.
5. Пестицидтерді қолданудың зардаптары
6. Агрохимикаттар және қоршаған орта.
7. Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

ecology_ref_22.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

 ЖОСПАР

 

1. Ауылшаруашылығын химияландырудың  қоршаған ортаға әсері.

2. Пестицидтерді классификациялау.

3. Пестицидтерді классификациялау

4. Пестицидтерді қолдану  кезіндегі сақтық шаралары.

5. Пестицидтерді қолданудың  зардаптары

6. Агрохимикаттар және қоршаған орта.

7. Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН  ХИМИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

 

XX ғасырдың екінші  жартысында ауыл шаруашылығына  пайдаланатын жерлер үздіксіз  айналымға түскендіктен, сапасы  төмендей бастады. Әсіресе химияландыру  науқаны күшейіп, оның зардабы адамдар арқылы біліне бастады. Бұл экологиялық жағдайлар дүниежүзінің көптеген мемлекетінде жаппай сипат алды. Статистика мәліметтері бойынша жыл сайын дүниеге келген сәбилердің 11,2%-і физикалық жағынан нашар және ақыл-есі кем туатыны анықталған. Дүниеге келген 100 мың баланың әрбір 11-12 мыңы онкологиялық ауруларға ұшыраған.

Ауыл шаруашылығында химияны қолдау 1960-1990-жылдары өзінің биігіне шықты. Егер де 1960-жылдары  адам басына шаққанда 5 кг химиялық өнім келсе, ал 1990-жылдары ол 35 кг-ға жеткен. Бұл химиялық заттарды қолданудың еселеп өскенін көрсетеді. Яғни, ауру қарқыны 1960-жылдары 0,74%-тен 1990-жылы 30%-ке дейін өскен. 1990-1999-жылдары ауыл шаруашылығында химияны қолдану біздің республикамызда бәсеңдей бастады. Оның көптеген факторлары бар. Бұл жағдай біршама экологиялық таза өнім алуға жол берген, екінші жағынан барлық дақылдардың түрінен алынатын өнім азая бастады. Мәселен, Қазақстанда 1990-жылы 67,2122 мың т минералды тыңайтқыштар, оның ішінде 42,3% азот, 55,4% фосфор және 2,3% кальцийдің үлесіне тиген. Органикалық тыңайтқыштар 22445,3 мың т жеткен. Ал, 1999-жылдары бұл көрсеткіштер 4-5 есеге кеміген.

Пестицидтерді қолдану 1990-жылдары  еліміздің жерінің 20,9 млн гектарын қамтып, 1999-жылдары оның көлемі 8,0 млн  гектарға кеміген. Бұл факторлар ауыл шаруашылығына залықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына түрліше әсер етті.

Пестицидтер – зиянкес  тірі организмдерге қарсы қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық препаратты құрамы мен құрылымына қарай хлорорганикалық, фосфорорганикалық, сынапорганикалық, мырышорганикалық, мочевина өнімдері, теонисті қосылыстар, мыс препараты, фенол өнімдері, күкірт, оның қосылыстары деп жіктейді.

Ал, осы химиялық препараттарды  қолдану сипатына қарай: акарицидтер (кенеге қарсы), альгицидтер (су балдырына), антисептиктер (микроорганизмдерге), инсектицидтер (насекомдарға), нематацидтер (құрттарға қарсы), гербецидтер (арам шөптерге қарсы) деп жіктейді.

Жоғарыда аталған пестицидтер  мен гербицидтердің әсер ету нысанына қарай жаппай әсер ететін және белгілі бір зиянкесті немесе арамшөпті ғана жоятын түрлері бар. Сол сияқты, кейбір химиялық препараттар насекомдарды, кеміргіштерді немесе қансорғыш жәндіктерді өлтірмей, үркітіп жіберетін түрлері бар. Оларды – репелленттер дейді. Ал, енді бір түрлері керісінше зиянкес организмдерді өзіне еліктіріп жинап алады. Оларды – атрактанттар дейді. Бұл да зиянкестерден қорғану жолдарына жатады.

 

ПЕСТИЦИДТЕРДІ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ

 

Пестицидтерді химиялық табиғатына және потагенді қасиетіне  қарай (адам мен жылы қанды жануарларға қатысты) гигиеналық, химиялық және өндірістік деп бөледі.

Гигиеналық жіктеу кезінде  пестицидтің өзінің нысанына уыттылығы  және ортадағы айналымдары ескеріледі. Қауіптілік деңгейі удың күшіне, тұрақтылығы  мен сіңірімділігіне байланысты болады.

Улылық күші оның әрекет ету дозасына қарай анықталады. Оның организм массасына қатысты –  мг/кг, м/л, немесе м/м3 өлшемі алынады. Препараттың  қауіпті дозасы тәжірибеде организмдерді  өлтіру күшіне байланысты анықталады. Мәселен, препарат қолданған тәжірибелік организмдердің 50 пайызы өлген жағдайы алынады. пестицидтерді улығына қарай күшті, орташа және қалыпты деп бөледі.

Пестицидтер организмдерге  сыртқы орта, қоректену, тыныс алу  мүшелері арқылы әрекет етеді.

Пестицтерді жіктеген кезде  ыдырау жылдамдығына қарай өте тұрақты (ыдырау мерзімі 2 жыл); тұрақты (0,5-1 жыл); орташа (1-6 ай) және тұрақсыз (1 ай) деп жіктейді.

Пестицидтердің организмге ену сипатына қарай ішек-қарындық, контактылық, фумигантты және жүйелі әсер етушілер деп бөлінеді. Біріншісінде олар қорек арқылы еніп, зиянкесті өлтірсе, контактылық кезінде организмнің сыртқы терісі бүлініп өледі. Ал, фумигантты улар тыныс жолдарын, жүйелі түрінде бүкіл организмді тұншықтырып өлтіреді.

Изинтицидтер мен акарицидтер  өте көп қолданылады. Оның көбісі фосфор органиканың қосылыстар (48%), содан соң карбанин қышқылы өнімдері (14%) және хлороорганикалық қосылыстар (11%), қалғандары басқа химиялық қосылыстарды түзеді. Соңғы жылдары практикада инсектицидтерге және акарицидтерге – хлорофос, метофос, карбофос, метатеон, фозалон, фосфамит, демия, т.б. қолданылып жүр. Олардың бәрі дәнді-дақылдар, бидай, картоп, жеміс-жидек, көкөністерге қарсы қолданылады.

Аталған химиялық препараттардың бәрі жалпы қоршаған ортаға, тірі организмдерге  және адамға өте қауіпті заттар. Олар азық-түлік құрамында жинақталып, айналымға ұзақ түсіп отырады. Ал, кейбір түрлері табиғи ортада өзгерістерге ұшырап, ыдырап жатады. Әсіресе, теофис өте қауіпті. Оны ТМД елдері қолдануға тиым салуға келісілді.

Карболинді өнімдерге – севин, тирам, цинет, т.б. жатады. Бұл препараттар – жеміс-жидек, арам шөп, техникалық дақылдар, астық тұқымдастар, т.б. қолданылады. Яғни, фосфорорганикалық уларға қарағанда, зияны аздау деп есептеледі.

Хлороорганикалық қосылыстарға ДДТ, ГХУГ, полихлорпинен, алурин, эфирфульфат, т.б. жатады. Кейбіреулеріне өндірісте қолдануға тыйым салынған (ДДТ), бұлар әсіресе ДДТ – барлық зиянкестерге қарсы қолданылатын препаратқа айналған. Өйткені, ДДТ өте арзан, әрі өте улы препарат ретінде табылған. Тіпті, медицинада да қолданылған. Мәселен, ДДТ табиғатта өте тұрақты, оны 115-120% қыздырғанда ыдырамайтын қасиеті бар. Оның ыдырауы 8-12 жылға созылып, табиғатта ұзақ айналымда жүріп, тіршілік атаулыға өте қауіпті екені кейінірек белгілі болады. Сондықтан ДДТ-ны 1970-жылдан бастап қолдануға тыйым салынған.

Соңғы жылдары практикада ДДТ препаратының жаңа түрлері шықты, оның химиялық құрамының ыдырауы  бойынша тез жүретін қосылыстары  қолданылуда. Бұлар табиғи ортада тез  ыдырайды және тірі организмдерге зияны  шамалы деп танылған. Олар: Полихлорофен, гексахлоран, гамма-изомер, ГХЦГ, теодан, дихлор.

Фулгицидтер – ауыл шаруашылығында өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруларына қарсы қолданылады. Оның цинеп, поликарбацин, диатин, М-45, т.б. түрлері бар.

Гербицидтер – арам шөптерге қарсы  қолданылады. Өндірісте оның бірнеше қосылыстары мен түрлері бар.

Соның негіздері – мочевина, чокарбамин, хлорланған және бензоинденген қышқылдар. Гербицидтер арам шөптерден басқа  организмдерге әсері аздау болғанымен, кейбіреулері қауіпті болып келеді.

ПЕСТИЦИДТЕРДІ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

 

Пестицидтер құрамына және сипатына қарай – түйіршік, сузпензия, имульсия, аэрозоль, фумиган деп бөлінеді. Мәселен, дуст порошок тәрізді.

Пестицидтерді практикада қолдану  өте күрделі әрі арнайы біліктілікті, экологиялық білімді және тәжірибені талап етеді. Оны қабылдаудың мерзімі, мөлшері алдын-ала жоспарланып, қолдануды агроном-эколог немесе өсімдік қорғау мамандары жүзеге асырады. Өйткені, әрбір химиялық препараттың өзіне тән қасиеттері, әсер ету аясы бар. Оның бәрі мемлекеттің стандарт пен сертитфикациялау мекемелері, экологиялық сараптау орындарының, өсімдік қорғау институтының, мемлекеттің қауіпсіздік комитетінің бақылауында болады.

Препараттарды қолдану үшін оны  білумен қатар, қолданылатын өсімдіктердің  де биологиясын, экологиясын білу шарт. Сонымен қатар, препаратты қолданудың экологиялық тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі мен көптеген әлеуметтік факторлар есептеледі.

ПЕСТИЦИДТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

 

Ауыл шаруашылығында химиялық препараттарды қолданудың бүгінгі күні шетелдік және отандық мол тәжірибелері жинақталды. Ұзақ жылдар бойы (70 жыл шамасы) пестицидтерді қолдану адам баласына мол өнім сыйлаумен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан моральдық, материалдық денсаулыққа көп зиян келтірді. Бізді қоршаған табиғат ортасы түрлі химиялық қосылыстардың қоймасына айналды. Химиялық заттар адамның өмір сүріп отырған ортасын ластай отырып, оның барлық тіршілік аясына тарады. Табиғаттағы зат айналымының заңына байланысты улы химикаттар ауа, су, азық-түлік арқылы жер бетіне кең тарады. Мәселен, адам аяғы баспаған антарктидада мұздықтары құрамында ДДТ-ның бар екенін ғалымдар тапты. Бұл фактор химиялық зиянды заттардың бүкіл жер шарына таралғандығын дәлелдейді. Ең қауіптісі, улы химикаттар «ауа-су-топырақ-өсімдік-жануар-адам» жүйесі бойынша айналымға еркін түсіп, тіршілік атаулыға зардап шектіріп отыр. Бірақ ауылдың баласы ауыл шаруашылығында химияны қолдануға тәуелді болып келеді. Оны жасаған да, қолданған да, зардап шегетін де адам баласы. Мәселен, ДДТ препаратын жасаған Г.Мюллер Нобель сыйлығына ие болды. Өйткені ДДТ сол кездің әлеуметтік-экономикалық және медициналық проблемасын шешіп берген еді. ДДТ-ны қолдану арқылы адам баласы өмір бойы зардап шеккен індеттер: сүзек, безгек, тиф, малярия ауруларынан құтылған болатын. Кейінгі жылдары ДДТ-ның тигізетін зардабы пайдасынан асып кететіні дәлелденіп, оны өндірістен алып тастауға тура келді (1970). Мәселен, ДДТ-ның табиғаттағы айналым ұзақтығы 50 жыл. Ал, одан соң оның ыдырап одан да қауіпті химиялық қосылыстарға айналатыны анықталған. Бұл заттар өз кезегінде өте қауіпті зардап әкеледі.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша  пестицидтерді қолдану қауіпті  ісік, тұқым қуалау, мутациялау ауруларын  еселеп көбейтудің бірден-бір себебі екенін дәлелдеп берді. Қазіргі кезде Пестицидтердің зияны кеңейіп, оның кері әсері де көріне түсті. Мысалы: аллергия, жүрек қан тамыры, өкпе тыныс жолдары, ашық жаралар, т.б. осы пестицидтерге тікелей баланады. Қазақстанда пестицидтерді өте қолданған аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, т.б.). Бұл факторлардың мысалы көптеп саналады. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, пестицидтерден улану арқылы 500 мың адам өліп, 5000-ы әр түрлі зардап шеккені тіркелген.

Пестидцидтерден сақтанудың бірден-бір жолы оны экологиялық  сауатты пайдалану. Көкөністерге т.б. дақылдарға қолдануды шектеу немесе тез ыдырайтын зияндылығы төмен препараттарды өміршең ету. Ең бастысы пестицитерді пайдаланудың жаңа технологиясын практикаға ендіру және оган мемлекеттік, қоғамдық мониторингтік жүйесін енгізе отырып қатаң бақылауға алу.

Азық-түліктердің  пестицидтермен ластануы

Азық-түлік көбінесе хлор, фосфор-сынапорганикалық және карбамин, тио-карбамин және дитиокарбамин қышқылдары, бролиз сияқты заттармен ластанады. Бұл заттар кебінесе өсімдік және жануар тектес азық-түлік құрамында көптеп кездеседі. Пестицидтердің азық-түлікте жинақталуы негізінен оларды пайдалану мөлшерін бұзу және мерзімі мен тәртібін сақтамау болып табылады.

Пестицидтердің табиғи биоценоздарга әсері

Пестицидтер барлық экожүйелерде қолданылатындықтан оның әсері фауна мен флора өкілдеріне өте қауіпті жағдай туғызады. Зиянкес жәндіктерді жоюмен қатар сол мөлшерде пайдалы организмдер де жойылады немесе зардап шегеді. Нәтижесінде, табиғи экожүйедегі қалыптасқан биоценоз құрылымы өз кезегінде ондағы организмдердің көптүрлігі бұзылады. Пайдалы организмдер әрқашан да зиянкестерге қарағанда популяциясы аз әрі уға төзімсіз келеді. Ал, зиянкестер керісінше көбею мүмкіндігі жоғары, бейімделу қабілеті күшті организмдерге жатады. Сондықтан организмдердің экологиясын білуді міндеттеу тиіс.

Пестицидтердің әрекетінен биоценозда көбінесе ауыл шаруашылығына пайдалы организмдер - аралар, өрмекшілер, дәуіттер, энтомофигтер, өсімдік тозандандыратын насекомдар жойылып жалпы биоөсімдік төмендеп жүйе бұзылады. Ал, бұзылған биоценизді қалпына келтіру өте ұзаққа созылатын күрделі табиғи процесс.

 

АГРОХИМИКАТТАР  ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

 

Агрохимикаттар -тыңайтқыштар, химилық мелиоранттар, азық қоспасы (жануар мен өсімдіктерге қосымша көмек беру және топырақ құнарлығын арттыруға арналған). Өсімдікке үнемі азот, фссфор, калий, кальций, т.б. микроэлсменттер қажет.

Азоттың ролі. Топырақта 130 млд. т азот қоры бар. Оның мөлшері  топырақтың түріне қарай анықталады. Мәселен, қара топырақтың 1 гектарында 30 т болса, ал топырақтың басқа түрлеріндегі оның мөлшері 2-4 т аспайды.

Тыңайтқыш құрамында азот көбіне аммоний немесе нитрат түздары түрінде кездеседі. Азотты қолдану күрделі процесс. Оның топырақта болуы, әсіресе уақыт пен ылғал, суға байланысты. Азот топырақтан тез жоғалады. Тіпті кейбір бактериялар оны денесіне жинақтап та басқа жерлерге таратады. Азот көбіне ауаға көтеріліп те жоғалып отырады. Азотты топырақта тұрақты сақтау үшін оның табиғи айналымын білу керек. Ауыл шаруашылығында азотты дұрыс пайдалану көп пайда әкеледі. Яғни мол өнім алынады. Ал оның мөлшерінің асып кетуі немесе қолдану тәртібін бұзу керісінше қайтымсыз зардап әкелетінін жоғарыда тоқталып өткенбіз. Кейбір бактериялардың азотты жинақтайтын қабілетін айтқанбыз. Бұл процесс ауыл шаруашылығында болашақта қолданылатын технология болмақ. Мәселен, Санкт-Петербург ҒЗИ ғалымдары бүгінгі күні осы проблемамен айналысуда. Микробиологтар мұндай бактерияларды көбейту технологиясын меңгере отырып топырақтағы азотты реттеуге болатынын дәлелдеді. Бұл жағдайда әсіресе бұршақ тұқымдастардың ролі зор болмақ. Негізінде адам үшін астық тұқымдас дақылдардың ролі зор екені мәлім.

Информация о работе Ауылшаруашылығын химияландырудың қоршаған ортаға әсері