Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2015 в 21:21, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен қатар табиғат қорғау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбей келгені облыстың экологиялық жәйінің күрделі жағдайға ұшырауына соқтырып отыр. Бұған облысымызда мұнай өнеркәсібі мен барлау, бұрғылау жұмыстарының кең жургізілуі, Каспий теңізі деңгейіннің көтерілуі, мұнай құбырлары және бірнеше заводтардың, автокөлік орындарының жылу жүйелерінен шаң, улы түтін, улы газдардың шамадан тыс бөлінуі үлкен әсер етуде. Осыдан ауаға бірнеше мың тонна зиянды заттар, әсіресе күкіртті сутегі, сернистый ангидрид, қосылып зияндандыруда

Содержание

Атырау олысының жағырапиялық жағдайы.
Жер бедері.

II Негізгі бөлім.

Атыраудың экологиялық жағдайы.
Мұнай және газ өңдірудің экологиялық проблемалары.
2.3 Атырау облысының экологиясына автокөліктердің әсері.
2.4 Атырау ауа бассейінің жағдайы.
2.5 Табиғи орта және адам денсаулығы.
2.6 Қолайсыз қоршаған орта мен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру.
III Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айдана.doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)

 

 

              2.3 Атырау облысының  экологиясына  автокөліктердің әсері.

 

       Облыстың  негізгі экономикалық саласының 80 пайызын мұнай өңдіру және өңдеу, химия және балық шаруашылығы алады. Облыста 368 өнеркәсіптік кәсіпорындар және ауылшаруашылығы нысандары бар.

     Автокөлік нысандарының саны да айтарлықтай өсті.Осылардың бәрі де  қандай дәрежеде болмасын, табиғи ортаны, ең алдымен,Атырау қаласындағы атмосфералық бассейінің ластаушы тұрақты көздер болып табылады.

     Атырау қаласының ауа бассейн ластаушы көздері ретінде автокөліктердің алатын орны ерекше.

Концерегенді заттармен қоса, автокөліктердің түтіндері мен бірге екі жүзге жуық ластандырушы заттар шығарылады.Мұның барлығы негізінен автокөліктердің нашар техникалық жағдайларына байланысты. Соның ішінде улы болып келетіндер көміртек тотығы, көмірсутектер,альдегидер, күйе, қорғасын қосылыстары, азот тотығы, күкірт және т.б. Кейбіреуінде канцерогенді қасиет көрсететін бензапирен болады.

       Автокөліктерден  тасталған залалды заттар атмосфераның төменгі қабатында таралатын болғандықтан, олардан шығарылатын улы газдар адамдардың тіршілік етіп жатқан  жеріне және олардың тіршілігіне кері әсерін тигізеді.

       Жыл сайынғы  статистикалық есепте жеке автокөлік иелерінің ауаны қаншалықты ластап жатқандары ескерілмейді. Ал саны жағынан олар жылына 60-70 мың тоннаны құрайды. Соңғы кезде облысымыздағы автокөліктердің көбі шет елдерден шығарылған және пайдаланғанына 10-15 жылға көліктер.

       Қаланың тұрақты  түрде ластануы автокөлік құралдарына байланысты десек, жыл сайынғы өткізілген автокөліктердің техникалық байқауы кезінде автокөлік иелерінің төлейтін қаржысы40-50пайызы қоршаған ортаны қорғау фондысына түсіп, қаланың жағдайын жақсартуға жұмсалуы керек. Өкінішке орай, мұндай жұмыстар күні бүгінге дейін шешімін таппай келеді.Автомобильдің іштен жанатын қозғалтқыштарында оттек жетіспейтін жағдайда немесе күйемен көміртек диоксиді әрекеттескенде түзіліп, атмосфераны  ластайтын қауіпті ластағыштың бірі түсіз және иіссіз оксиді болып табылады. Ауаға түскен соң біраз уақыттан кейін көміртек оксиді қауіптілігі төмендеу көміртек диоксидіне айналады.

Май құятын бекеттер мен автокөлік тұрақтары «қаламыздың көрікті орнына» айнала бастады, олар тіпті шеткері аймақ түгіл, қаланың қақ ортасында,үлкен көшелердің бойында бой түзеді. Бензин буымен, машиналардың түтінімен сол жерде орналсақан үйлердің тұрғындары уланады,тәулік бойы шу оларды мазасыздандырады.

           Тағы  бір айта кететін жағдай қазір  халқымыздың қалауқаты жақсарып  үлкен шетелдік қымбат көліктер қозғалысқа көптеп қосылып жатыр.Олар отын ретінде дизильді майларды қолдананды. Дизильді май жанғаннан кейін ауаға күкірттің қос тотығын бөліп шығарады.Күкірттің қос тоты қоршаған ортаға адам,жан-жаруар және өсімдіктер тіршілігіне кері әсерін тигізеді.

           Қоршаған  ортаға автокөлік құралдарының  зиянды әсерін азайту үшін  төмендегідей шараларды жүзеге  асыру керек.

          «Жасылтолқын»  автокөлік ағынымен автоматтандырылған  автокөлік жүйелерін қайтадан  жабдықтау және кеңейту.

           Қаланың транспорт құралдарын дизель отынына көшіру, шығатын түтінді эиянсыздандыру.

            Отын ретінде этилендірілменген  бензин пайдалану.2000 жылы Еуропалық  кеңес елдерінде этиленген бинзинді  пайдалануға үзілді-кесілді тыйым  салынады.

                   «Атырау обылысының агроөнеркәсіп кешенінің даму аспектілер»

        Транспорт  түтіндерінің токсикологиалық жағдайларын  анықтайтын пунктердің санын  көбейту, оларды қажетті құралдармен  жабдықтау. Қолданылып жүрген бензин  сапасын ұадағалауды барлық жерде ұйымдастыру.

         Газбен  жұмыс жасайтын автокөліктердің  санын көбейту.      

         Болашақта  түтін тазалауға катализаторлы  конверторларды пайдалану. Олар  тек этилендірілген бензин жағатын  автокөліктерге ғана қондырылады.

         Ауыр автокөліктердің қала көшелерінде жүруін  шектеу.

     Атыраудың экологиясы жақсы күйде емес екені баршаға белгілі. Соған сай Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және оның аймақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17 бабына сәйкес қоршашан ортаға мемлекеттік мониторинг жүргізіп отыруы тиіс. Облыс әкімдігінде өткен облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссия мәжілісін облыс әкімінің бірінші орынбасары Сәрсенбай Еңсегенов жүргізді. Онда қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жағдайы және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғмаларды жою, немесе уақытша тоқтату туралы мәселелер қаралды. Атырау облысындағы “Қазгидромет” РМК жүйесінде Атырау гидрометеорология орталығының химиялық-талдау қызметі (атмосфера жағдайына, тайыз су қабатына мониторинг жүргізетін зертхана) жұмыс жасайды. Бұл қызмет Атырау қаласы бойынша атмосфералық ауаның сынамаларына, атмосфералық жауын-шашынға, Жайық, Шароновка, Қиғаш өзендері, теңіз сулары бетіне, Солтүстік Каспий теңіз түбіне зерттеу жүргізеді. Қоршашан орта жағдайына жүргізілген сынақ қорытындылары мен талдау материалдары “Қазгидромет” РМК-ға жіберіледі. Атырау қаласы бойынша атмосфералық ауа жағдайын байқайтын 2 тұрақты байқау бекеті бар екен. Олар тәулігіне үш рет күкірт диоксиді, азот диоксиді, аммиак, күкіртсутегі, шаң-тозаң, көмірсутегі оксиді сияқты ластағыш заттарға зерттеу жүргізіп отырады.  
Гидрометеорологияның Атырау орталығы тоқсанына бір рет теңіз суынан және ай сайын Жайық, Шароновка, Қиғаш өзендері суларынан сынама алады. Сондай-ақ, Атырау қаласы топырағының ауыр металдармен және мұнай өнімдерімен ластануына зерттеу жүргізіп отырады. Гидрометеорология орталықтарының негізінде “Қазгидромет” РМК республиканың жиырма қаласы бойынша атмосфера ластануы индексінің есебін шығарады. Бұл есеп бойынша Атырау қаласының көрсеткіші 2006 жылы 2,3 болып шыққан, бұл орта деңгейден төмен дейді аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бөлім бастығы В.Досжанова. Мәжілісті орыс тілінде жасаған баяндамашыға мемлекеттік тілде сұрақ қойып, нақты жауап күткен облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Еңсегенов бірқатар жайларды анықтауға тырысты. Яғни, қоршаған ортаны қорғауға байланысты қандай мониторинг түрлері жүргізіледі: ауаға, топыраққа, суға, өсімдікке т.б түрлерін қамти ма? Содан соң, ауаға зиян келтіріп жатқан қанша мекеме тексеріледі, мәселен, АМҚЗ-дің қоршаған ортаға зияны қандай, оны кім анықтайды? Жазда күн тым ысып кетсе, немесе қыста суып кетсе, оның себеп-салдарын кім анықтайды? Мысалы, ауа бойынша 230 мекеме болса, солардың жіберген зерттеуінің заңдылығы мен нақтылығын кім, қалай анықтайды? Өздерінің былығын жауып тастау үшін берілетін жалған ақпараттарды анықтаудың алғышарттары қандай деген, көптеген сауалдар қойылды. Бірақ оған ауыз толтырып айтарлықтай жауап болған жоқ. Өйткені, мәжіліске қатысқан мамандардың айтуынша атмосфералық ауа жағдайын тексеретін бекет адам санына қарай 50 мың тұрғынға біреу болуы тиіс, яғни қалада 200 мыңдай халық болса 4, ал облыста 8 болуы тиіс екен. Ал бізде бары тек екеу ғана. Оның да сапасы, құралдар мен приборлардың заманға сай жабдықталуы жеткілікті дәрежеде емес, әбден тозған, ескірген. Стандартқа сай келмейді. Сол себепті де экологиялық проблемалардың қаншалықты зиян келтіріп отырғандығын дәл білдіретін жағдайға жете алмай отырған сыңайлымыз. Сәрсенбай Құрманұлы осы мәселеге айрықша тоқталып, әуелі жергілікті жерде нақты проблемаларды анықтап, сол саладағы барлық жетіспеушілікті айқындап алып, нақты ұсыныстармен министрлікке шығу қажеттігін қаперге берді. “Аджипте” ауаны байғайтын станса бар көрінеді, алайда оның да жұмысы стандартқа сай келе ме, жоқ па оны қадағалап жатқан ешкім жоқ. Жалпы қоршаған ортаға мониторинг жүргізу біздің елімізде артта қалып келе жатқан жұмыстардың біріне жатады екен. Сол себепті ендігі жерде бұл бағытта батыл қозғалыстар қажет-ақ. Ауа, су, жер қабаты т.б. салалар бойынша нақты қанша мекеме бар, оларды қалай тексеру қажет, міне, осы жағы да ескерілуі тиіс. Осы жайттарға орай ойын білдірген академик М.Дияров есеп бергеннен гөрі нақты проблемаларды ашып айтып, ұсыныстар білдіру қажет еді деді. Өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жұмыстарын жүргізетін “Атыраугидрогеология” АҚ бас гидрологы В.Чжен де аталған мәселе бойынша біраз жайттарға тоқталды. Оның айтуынша Атырау облысының шөл және шөлейтті аймақта орналасуы және ондағы ауыз су мәселесі өңірдегі көкейтесті мәселенің бірі болып саналады. Елді мекендердің көпшілігі жер үсті суын тұтынып келсе, ал жер асты суын негізінен Қызылқоға, Жылыой аудандарының кейбір ауылдары мен Азғыр аумағындағы тұрғындар пайдаланып келеді. Сонау Кеңес Одағы кезінде облыс көлемінде жер асты суын пайдалану мақсатында тұщы және аз минералдандан 300-ден аса ұңғымалар пайдаланылған. Одақ тарағаннан кейін ұңғымаларды көптеп пайдаланған кеңшарлар мен сол үңғымаларды ұстау, жөндеумен айналысқан жер қойнауын пайдаланушылар таратылып кеткеннен кейін, ұңғымалардың көпшілігі иесіз қалған. Жер қойнауын пайдаланудың уәкілетті органы саналатын геология және жер қойнауын пайдалану комитеті 2003 жылы Батыс өңірде иесіз қалған гидрогеологиялық ұңғымаларды түгендеу жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде облыс көлемінде иесі жоқ, өздігінен су шығарып жатқан гидрогеологиялық 181 ұңғыманы анықталып, оның кадастры жасалған. Жер асты су горизонттарына келетін орны толмас осындай шығынның алдын алу мақсатында облыс көлемінде өздігінен су шығарып жатқан 139 гидрогеологиялық ұңғыларды жою, қалған 42 ұңғыманы бұрма шүмек арқылы реттелетін жағдайға келтіру ұсынылған. Осыған байланысты 2005-2006 жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бар болғаны 10 ұңғыма жойылған екен. Жоспар бойынша 2007 жылы да 13 ұңғыманы жою көзделіп отыр. Сонда болашақта әлі 116 ұңғыманы жою мәселесі тұрады. Алайда, маманның айтуына қарағанда, жұмыстың осындай баяу қарқында жүргізілуі жер асты су көздерінің азаюуына және соған байланысты тұщы және орташа тұздылықтағы су көздерінің халық игілігіне пайдаланылмай, ысырапсыз жұмсалатын болады. Мәжіліс төрағасы С.Еңсегеновтың “13 ұңғыманы жоюға қанша уақыт қажет?”- деген сауалына В.Чжен 3-4 ай, әрі кетсе 6 ай қажет, деп жауап берді. Комиссия мүшесі М.Шырдабаев ұңғымаларды жоюда жергілікті тұрғындарға зиян тимейтіндей, мыңдаған мал ұстап отырған шаруа қожалықтарына қолайсыздық туғызбайтын жағын да қарастыруды ұсынды. Екі мәселе бойынша да айтылған ұсыныстар мақұлданып, алдағы жұмыстар барысында ескерілетін болды.

 

 

2.4 Атырау ауа бассейнінің  жағдайы

 

      Атырау өңірі табиғаты экологиялық жағынан ежелден қолайсыз батпақты,тұзды топырақ болып келеді.Оның үстіне Азғыр ядролық полигоны кейінгі кезде құрамында күкіртті су тегі газы 25 процент мөлшерінде Теңіз кен орнының ашылуы,оның өндіріске берілуі,Теңіз газ өндеу заводының іске қосылуы Индер тұз өндірісі немесе шекаралас жатқан Ақсарай газ өңдеу заводының тигізетін әсерлері,оғанқосымша соңғы кезде Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі Атырау өңірінің экологиясына шын мәнінде көңіл аударуды талап етеді. Сонымен бірге Атырау өңірі арқылы Теңіз Грозный мұнай құбыры өтіп жатыр.Егер Теңіз мұнайының құрамындағы күкіртті сутегінің құбыр жасалған металлға тигізетін әсерін еске алсақ, онда біз жер астында көмілген «бомбаның»үстінде отырғандай сезінуміз қажет.Сондай-ақ ауылшаруашылығы өндірісінің жаз бойында егістіктерге пайдаланатын химиялық тыңайтқыштарының әсерлі де Жайық өзені мен дүниеде теңде-жоқ.Каспий теңізінің экологясын төмендетуге қызымет етуде.Осы айтылған жайлар Атырау өңірінің ауасы мен Жайық өзені,Каспий теңізінің және басқа ашық су көздерінің жағдайын тұрақты қадағалап отыруды қажет етеді.

        Сол мақсатта  Қазақстан Республикасы Гидрометерология  жөніндегі Бас басқармасы Атырау  қаласында табиғи ортанын ластануын  бақылау жөнінде Батыс .Қазақстан  аймақтық орталығы құрылып жұмыс  жасауда,Ол  орталық  қазір Атырау қаласында,Аққыстау,Құлсары,Сарқамыс,Құрманғазы                                          совхоз орталығы,Пешной,Теңіз вахташылар қалашығы елді мекенді ауылдарда тұрақты постылар көмегімен ауаның құрамындағы залалды заттарды анықтаумен қатар,Махамбет ауылынан бастап Каспий теңізіне дейін 5пост арқылы Жайық өзенінің жағдайын және Каспий тенізіңде 15 жерден судың құрамын анықтаумен шұғылданады. Төмендегі таблицада жоғарыдағы аталған елді мекенді ауылдар мен Атырау қаласындағы залалдың орташа мөлшері  көрсетілген.

Залалды заттардың тәуелсіздік орта мөлшері тағайындалмаған. 1991 жылы Атырау қаласында күкіртті сутегі бақыланған зерттеу нәтижесінде көрсетілгеніндей кей уақытта күкіртті сутегі  Пешнойда -16, Құлсарыда -4, Теңгіз мен Сарқамыста 2-3 ПДК жетті. Жалы 1992 жылда 1991 жылмен салыстырғанда елеулі өзгерістер болған жоқ. Атырау қаласында  Н2 мөлшері ПДК (қатысуға тиісті мөлшері ) әлде қайда төмен. Бұл зиянды залалды заттар – күкіртті сутегі адамдардың тыныс органдарының қабынуына соқтырады, бензо – фирен рак ауруларының демеушісі болып табылады. Бұл залалды заттар негізінен өндіріс орындарының және авто, теміржол көліктерінің жылу жүйелерінен және жеке үйлердің пішінің түтіндерінен  тарайды.

      Ал күкіртті сутегі  газын Теңгіз мұнайынан басқа  табиғаттың шығаратын үлесі бар.Жазғұтырым өзендер тасыған кезде, арнасынан шығып сайларға, көлдерге құйылады, ал су қайтқан кезде сайлар мен көлдер бөлініп қалады. Су буға айналып ұшып жағаларында қалған ұсақ организмдер оттегі мен газ күкіртті  сутегін бөліп шығарады. Біздің облысымызда ондай табиғи газдардың көзі болып , қазірде зкрттеліп болмаған Құлсарыдағы Қамыскөлі, Құрсай өзені, Пешной аралының маңы жатады. Ал зиянды газдың үлесі өндіріс алаңдары Теңгіз бен Сарқамыста 2-3 ПДК болғанда, Құлсары мен Пешнойда 4-16 ПДК ға жетіп отыр.

      Ал Жайық өзені  мен Каспий теңізінің жағдайына  келетін болсақ, Махамбет ауданынан  бастап кіші Дамбы ауылына  дейін Жайық өзені бойына 1992 жылдың  немесе сәуір, қараша аралығында  фенолдың мөлшері 1- ПДК немесе 0,01 -0,9 мг/л мөлшерінде болды. Қиғаш өзенінде 1991 жылы жүргізілген жұмыс  қортындысы  маусым, шілде, тамыз айларында фенол 1-2 ПДК болса, қыркүйек, айында мұнай өнімдері 2 ПДК болғаны байқалады. Бұл негізінен Ақсарай  газ конденсатты комплексі әсерінен деп тұжырымдалады.

   Жем өзенінде 1992  жылы көкек айында жүргізілген жұмыстарда мыс 2 ПДК ға, нитраттар 2-3 ПДК, фенол -1 ПДК, темір -1 ПДК болды. Каспий теңізінде мұнай өнімдерінің мөлшері 0,07 мг/л болып отыр. Каспий мұнай өнімдері жазғытұрым не күзде не арқадан не арқа батыстан қатты жел соққанда толқынмен теңізді солтүстік  батысымен не шығыс жағаларына орнласқан мұнай мен орындары  басып, өзімен мұнайды теңізге әкеліп құйса, ал аймаққа мұнай өнімдері келетін бірден – бір жол өзен бойы мен  жүретін су кемелеріне өзен бойына орналасқан егістікке су құятын дизельдер болып табылады. Ал фенолға келетін болсақ, Атырау өңірінде фенол өндірісі жоқ. Міндет – облысымыздағы ауадағы, судағы топырақтағы залалды заттардың мөлшерін тұрақты бақылап отыру керек. Экология және табиғат қорғауға ынтазар орындар мен кәсіпшіліктер, шаруашылықтар бірлесе отырып шара алулары керек.

       Тауарлық бекіре  шаруашылығы - өнеркәсіптік балық  шаруашылығындағы негізгі перспективалы  бағытының бірі. Ол бекіре балықтарын  өсіруде  және балық өнімдерін  өндіруді ұлғайтуда басым рөлге ие.

        Қазіргі уақытта  тауарлық бекіре шаруашылығы  дүние жүзінің көптеген елдерінде  ең жоғарғы дәрежеде дамуда. Себебі  ол максималды өндірістік эффектіге  ие. Дүние жүзілік жинақталған  тәжірибеге сүйенсек оптималды  жағдайда өсіргенде 12-15 айда бекіре балықтарының салмағы 2,5 -3 кг жеткізуге, ал 8-10 жылда сапалы тағамдық уылдырық алуға болады екен.

        Тауарлық балық  шаруашылығындағы негізгі өсіру  оббьектілері мыналар: қортпа, орыс  бекіресі, сібір бекіресі, пілмай  шоқыр, сүйрік, ескектұмсық және осы балықтардың  әртүрлі гибридтері. Гибридтердің ішінде негізгі өсірілетіндер: ұрпақ гибриді бестер - БС  және қайтарымды гибрид – ББС сонымен қатар БШ – белшип.

        Тауарлық бекіре  өндірісі Қазақстандағы балық  шаруашылығының жаңа бағыттағы өндіріс болып табылады. Бұл өнеркәсіп түрі  елімізде жаңа қолға алына бастады.

Тауарлық бекіре шаруашылығының қазіргі уақыттағы дамуы екі бағытта жүргізіледі;

  1. бассейіндерде және қапастарда интинсивті өсіру әдісі;
  2. бекіре балықтарын тоғандарда және жайылымдарда өсіру;

Тауарлық бекіре шаруашылығы – дернәсілдерді тауарлы өлшемге дейін өсіру. Оның екі жолы белгілі: бірінші – меншікті отырғызу материалын қолдану; екінші – бекіре өсіру зауыттарынан алынған, дайын отырғызу материалын қолдану.

       Бекіре балықтарын тауар ретінде өсірудің бірнеше әдістеті белгілі. Олардың негізгілері – тоғандық, қапастық және жылы ағынды суларда өсіру.

Тауарлық  бекіре шаруашылығында тоғандық әдіс көп қолданылады. Себебі бұндай әдіспен көптеген бекіре балығын өсіру зауыттары жұмыс істейді, сондықтан тоғандарда жасалатын жұмыстардың барлығы белгілі, әрі тиімді және поликультура. Поликультура – бұл қоректенуі мен қорегі әртүрлі бірнеше балықтардың түрлерін бірге өсіру. Поликультураны қолданудың басты себебі табиғы қоректік қорды тиімді әрі түгелдей қолдана отырып, су қоймсының балық өнімділігін арттыру.

       Бекіре балықтарымен  бірге поликультурада басқа түрге  жататын балықтарды, суда жүзетін  құстарды, ауыл шаруашылық малдарын  және өсімдіктнрді қатар өсіру  үлкен шаруашылық қызығушылығын тудырады. Бұлардың әрбір комбинациясы тауарлық өнімді арттырады.

       Бекіре балықтарының  биологиясына сүйене отырып, тоғандарда  полкультураның обьектісі ретінде, балықтардың өсімдік коректік  түрлерінде қолданған дұрыс. Оларға  шұбар және ақ дөңмаңдайды, ақ амуырды және т.б.жатқызады.

     Балықтармен суда  жүзетін құстарды бірге өсіру  үлкен қызығушылық тудырады.Соның  ішінде кең қолданылып жүргені  бекіре үйрек шаруашылығы. Бұл  бағыт Германия, Венгрия, Чихославакия  сияқты елдерінде жақсы дамыған. Мұндай шаруашылықтарда екі өнім, балық және үйрек алады.

Аралас шаруашылықтың мақсаты мен рентабельділігі мыналар арқылы анықталады:

  1. суда жүзетін құстар бекіре балықтарының конкурент емес. Себебі олар итшабақтармен және балықтардың жауы болатын су бунақденелілерімен қоректенеді.
  2. суда жүзетін құстар балық өсіру тоғандарының жақсы мелораторы болып табылады. Олар су асты жұмсақ өсімдіктері мен су бетінде жүзетін қатты өсімдіктерді жейді.
  3. Үйректе мен қағаздардың суға түскен экскременттері – бағалы әрі арзан органикалық тыңайтқыш болып табылады. Ол тоғаңдардың қоректік базасының үлкеюіне ықпал етеді. Бірнеше шаруашылрықтардың тәжірибесі, үйректер мен қағаздардың  жайылуына тоғандардың табиғи байлық өнімділігі 100 – 150% ға арткадығын көрсетеді.

Информация о работе Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы