Астана қаласының денсаулық сақтау жағдайы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 18:39, доклад

Краткое описание

2006 жылы Астана халқына 22 аурухана және 114 емхана мекемелері мен оның бөлімшелерінде медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, қаланың денсаулық сақтау жүйесінде жедел медициналық жәрдем бекеті, апат медицина Орталығы, қан Орталығы, Мамандандырылған балалар үйі, ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын-алу Орталықтары және ведомстволық медициналық мекемелері қызмет атқарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астана қаласының денсаулық сақтау жағдайы туралы реферат [www.topreferat.com].doc

— 115.00 Кб (Скачать документ)

Астана қаласының денсаулық  сақтау жағдайы туралы

 

 

 

2006 жылы Астана халқына 22 аурухана  және 114 емхана мекемелері мен  оның бөлімшелерінде медициналық  көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, қаланың  денсаулық сақтау жүйесінде жедел  медициналық жәрдем бекеті, апат медицина Орталығы, қан Орталығы, Мамандандырылған балалар үйі, ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын-алу Орталықтары және ведомстволық медициналық мекемелері қызмет атқарады.

Астана қаласының медициналық  мекемелері

 

 

өлш.бірл.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

Барлық ведомстволардағы дәрігерлік аурухана мекемелерінің саны

 

бірлік

 

19

 

21

 

22

Дәрігерлік  емхана мекемелерінің саны

(жеке және  басқа ұйымдардың құрамына кіретіндер)

бірлік

 

99

 

115

 

114

Тіс дәрігерінен  басқа, барлық мамандықтағы дәрігерлер саны

 

адам

 

3015

 

3287

 

3716

Тіс дәрігерлерін қоса есептегенде,

орта медициналық  қызметкерлер саны

 

адам

 

3747

 

3769

 

4349

оның ішінде туатын және жүкті 

әйелдер төсегі

бірлік

270

350

350

Аурулар төсегінің  саны

бірлік

3616

3743

4121

Емхана мекемелерінің  қуаты

ауысымда келіп-кеткендер

 

5638

 

6144

 

6549


 

Соңғы үш жылда емдеу-алдын  алу мекемелерінің жүйесі азын-аулақ  кеңейді, ол негізінен жеке меншік емханалық  жәрдем мекемелері санының 2004 жылы 66-дан 2005 жылы 98-ге дейін  өсуінен болды. Олардың негізгі үлесі (90%) халыққа стоматология, гинекология, венерология және дәстүрлі емес медицина салалары бойынша емханалық медициналық жәрдем көрсететін мекемелерге тиесілі.

Қаланың медициналық мекемелерінде 2006 жылы барлық мамандықтардағы 3716 дәрігер  мен 4349 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Медициналық қызметкерлердің жалпы саны 2004 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға өсті, бұл қызмет көрсетілетін халықтың өсуімен байланысты болды. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 96,6%-ын әйелдер құрайды.

Дәрігерлердің арасында терапевтикалық бейінділері – 25%, хирургиялық – 14%, педиатрлық бейінділері – 9,4%.

2007 жылдың басында дәрігерлермен  қамтамасыз етуді Астана қаласы  халқының 10 мың тұрғынына шаққанда 66 дәрігер, 77 орта медициналық қызметкерлер құрады.

 

Дәрігерлер  және орта медициналық қызметкерлермен 

қамтамасыз ету 

халықтың 10 мың тұрғынына  шаққанда

Астана қаласының халыққа  стационарлы медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аурухана мекемелерінде 2007 жылдың басында 2004 жылмен салыстырғанда төсек қоры 14,0%-ға көбейіп, 4121 төсекті құрады. 2006 жылы 108,5 мың адам ауруханаға жатқызылып, орта есеппен бір науқас стационарда 12 күн жатты.

Басымдықты қайта бөлу үрдістері  жеке емханалық мекемелер жағында  сақталып, 2006 жылы олардың қуаты орта есеппен бір ауысымда 22 келіп-кетуді құрады. Жеке емханалық жәрдем мекемелерінің мамандарымен 982,1 мың келіп-кетулер тіркелді, бұл 2004 жыл деңгейінен 22,3%-ға жоғары. Жеке емхана жүйелерінің бар болғанына қарамастан қала тұрғындарының басым бөлігі медициналық көмек үшін мемлекеттік мекемелерге қаралғанды қалайды, бұл келіп-кеткендердің жалпы санынан 98,1%-ды құрайды.

Аурулардың  кейбір топтары бойынша

тұрғындардың ауру-сырқаулығы

халықтың 100 мың адамына  шаққанда

 2006 жылы емхана мекемелеріне қаралғандар бойынша 539,5 мың ауру немесе халықтың 100 мың тұрғынына шаққанда 95,9 мың ауру тіркелді. Аурулардың өсуі барлық негізгі ауру топтары бойынша байқалады. Ауру-сырқаулық құрылымының алғашқы орнында тыныс мүшелерінің аурулары (29%), екінші – қан айналым жүйелерінің аурулары (9,5%), үшінші орында – несеп жүйелерінің аурулары (9,0%) тұр. Ауру-сырқаулықты жас ерекшеліктердің жеке топтары бойынша салыстырғанда қаралатындардың жалпы санынан үлкен жастағы тұрғындар, яғни 67,0%-ы, жастардың 7,7%-ы дәрігерлерге үнемі қаралады. Астана қаласының МСЭБ Департаментінің деректері бойынша халықтың 100 мың тұрғынына шаққанда 2006 жылы жұқпалы аурулар 2005 жылы тіркелген сифилиз (20,2%-ға), қышыма (2 есеге),  педикулез (27,9%-ға), тұмау (16,4 есеге) жағдайларына қарағанда төмендеуімен сипатталады. Сонымен бірге, эхинококкоз (39,4%-ға), жоғары тыныс алу жолдары инфекцияларымен (3,9%-ға) ауырғандар санының өскені байқалды, сондай-ақ, 31 АҚТҚ-ын жұқырғандар тіркелді.

Өлім – халық денсаулығы жағдайының маңызды әрі әділ көрсеткіші. Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 2004 жылы – 6,5 жағдайға қарсы 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына шаққанда  6,6 жағдайды құрады. Аурулар қатарынан қан айналым жүйелерінің аурулары, сәтсіз жағдайлар, улану мен жарақаттанулар, онкологиялық аурулар өлімнің басты себептері болып табылады. 2006 жылы 3724 адам өлген болатын, олардың 51%-ы еңбекке қабілетті жастағылар еді. Сәтсіз жағдайлар, улану мен жарақаттанулар (40,7%) және қан айналым жүйелерінің аурулары (23,2%) 2006 жылы еңбекке қабілетті халықтардың жиі өлу себептері болып табылады. Еңбекке қабілетті ерлер арасында сәйкесінше 43,3% және 24,3%, ал әйелдер арасында – 31,6% және 19,1%. Мұның барлығы халық өмірінің ұзақтығын күтетін көрсеткіштің биігінен көрінеді, қазіргі уақытта өмір ұзақтығы шамамен ерлерде 66,7 жас пен әйелдерде 75,8 жасты құрайды.

 

Негізгі ауру топтары бойынша 2006 жылы өлгендер

 

2006 жылы сәбилердің  шетінеу деңгейі 1000 тірі туған балаға шаққанда 10,98 шетінеген сәбиді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,5 промиллге және Республика бойынша орташа деңгейден 3,1-ге төмен. Туылған сәбилердің шетінеуінің негізгі себебі: 1 жасқа дейінгі шетінеген сәбилердің санынан 49,5%-ды құрайтын, перинаталды кезеңде қалыптасқан жағдайлар болып қалуда.

Қала халқының денсаулығын  қорғауда әйелдер мен балаларға  көрсетілетін медициналық жәрдем маңызды  орынды иеленеді. Астанада соңғы үш жылда 27,1 мың сәби дүниеге келген 2 перзентхана мен перинаталдық орталық қызмет атқарады. 2004 жылы халықтың 1000 тұрғынына шаққанда туылу коэффициенті 15,4 туылған сәбиге, ал 2006 жылы – 17,8 промиллге дейін өсті.

Қаланың аурухана мекемелерінде  туатын және жүкті әйелдерге арналған 350 төсек пен 160 гинекологиялық төсек берілді, 2006 жылы қалада акушер-гинекологиялық төсектермен қамтамасыз ету қаланың 10 мың әйеліне шаққанда  17,7 құрады.

2006 жылы барлық меншік  нысанындағы денсаулық сақтау  мекемелерінде көрсетілген қызметтердің  көлемі 12,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 18,9%-ға жоғары. Денсаулық сақтау қызметінің жалпы көлемінен 9,7% - кәсіпорын, 11,2% - халық, 79,1% - бюджет қаражаты есебінен болды. Денсаулық сақтау мекемелерінің күрделі жөндеуіне 646,2 млн. теңге, олардың 98,9%-ы мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмсалды. 2006 жылы 1,9 млрд. теңгеден астам сомаға машиналар мен құрал-жабдықтар алынды, бұл қаражаттың негізгі үлесі (94,7%) мемлекеттік меншік нысанындағы денсаулық сақтау мекемелеріне тиесілі.

 

 


Информация о работе Астана қаласының денсаулық сақтау жағдайы туралы