Арал теңізінің экологиялық жағдайы
Реферат, 10 Октября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктенОлигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ.
Содержание
1 Арал теңізінің тарихы
2 Арал ойысы
3 Арал флотилиясы
4 Арал қазба фаунасы
5 Арал теңізінің экологиялық ахуалы
5.1 Арал апатына себеп болған факторлар:
6 Арал экологиялық дағдарысы
7 Теңізді құтқарудағы болжамдар
8 Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары
8.1 Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім
8.2 Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес
8.3 Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар
9 Арал-Сырдария алабының су ресурстары
9.1 Табиғат жағдайы
10 Бұрынғы порттары
11 Бұрынғы аралдары
12 Қызықты айғақтар
13 Тағы қараңыз
14 Дереккөздер
15 Сыртқы сілтемелер
Прикрепленные файлы: 1 файл
арал.docx
— 82.43 Кб (Скачать документ)Жалпы, адам үшін бірінші байлық
– денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған
әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының
салауатты өмр сүруін қадағалайтынын
әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен
бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар
саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған
ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр
және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі.
Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге
душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы
аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы
көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші
орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері
жер бетінен біржолата жоғалу үстінде.
Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға
жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты.
Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне
толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі
экологиялық апат адам өміріне жыл өткен
сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика
территориясында алғаш теңіз жағалауы
100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал
оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған
теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа
тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың
деректеріне қарағанда Арал табанынан
кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние
жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде
әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан
жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай
бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып
құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап
ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп
шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері
әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта
есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның
үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі
болды. Қазіргі деректер бойынша Арал
теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден
11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза
табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлорансияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария
мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге
құйылады.
Арал экологиялық дағдарысы
Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болғанэкологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.
Соңғы ондаған жылдар бойында
халық санының көбеюі, суармалы жерлер
аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз
деңгейінің апатты түрде төмендеуінің
негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы
(1960жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін)
садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метргедейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.
1990 жылдардың басында теңіз айдынының
ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға
кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам
артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден
астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып,
одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға
дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған
шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын
болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың
континенттенуі күшейді, шанды дауылдар
жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы
күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде,
ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі
мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік
өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының
нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың
денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық,
әлеуметтік- экологиялық және санитариялық-
эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.
Теңізді құтқарудағы болжамдар
Арал теңізінің 1960-2010 ж.ж. аралығындағы көрінісі
Арал теңізінің болашағы
дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның
бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен
Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс
елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер
әкелмек. Ал әлемдікклиматтың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердіңтұрақтсыздығын тудырады. Арал
мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ
және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі
пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі
туралы халықаралық конференцияларұйымдастырылды. Өркениетті
елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай
көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта
Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан
жағы өз тарапынан тым құрыса Солтүстік Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар
атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық
аймағындағы Солтүстік Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп
келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп
жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми
болжамдар мен жобалар бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
Жер асты суларын пайдалану.
Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.[4]
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.[5]
Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім
Арал теңізі мәселелері жөніндегі
келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азияелбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі
бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі
мәселелері жөніндегі 1-конференцияда
жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды,
аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын
қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ
шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті
Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті
И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азияелбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес
Арал теңізі мәселелері жөніндегі
мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан,Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы
органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске
Орталық Азияның әр республикасы үкімет
басшыларының орынбасарлары бастаған
5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық
кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің
біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын
болып шешілді.[5]
Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" алабының су шаруашылығы басқармаларын Кеңестің су моселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын "Халықаралық Арал қорымен" және Дүниежүзілік банкпенбірлесе отырып жүргізеді.[6]
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар
Арал теңізін сақтау жөніндегі
халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап
шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына
көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық
келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының
(ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.
Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған
нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада
Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды
түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік
дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық
құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік
зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді,
нақтылы іске бағдарлама жасауға себін
тигізді. «
Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов,
К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі
сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып,
Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық
кеңесінің және халықар. Арал қорының
басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне
нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты.
Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып,
ауқымды жұмыс қолға алынды.[7]
Диагностикалық құжат» 1992 ж.