Антропогендік факторлардың табиғи экожүйені деградациялау барысындағы проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 18:31, научная работа

Краткое описание

. “Жыртқыш – құрбан” факторларының фауна әртүрлілігіне әсерін нақты деректермен (мысалы: ақбөкен, киік, бизон, мамонт, жабайы жылқы және т.б.) презентация жасау

Содержание

Кіріспе:
Жыртқыш – құрбан дегеніміз не?
Факторлар.
Негізгі бөлім:
Антропогендік фактор.
Адамдардың жануарларға тигізетін әсері.
Ақбөкендер.
Ақбөкендердің азаюы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Глоссари.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ght.pptx

— 114.83 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

Кіріспе:

    • Жыртқыш – құрбан дегеніміз не?
    • Факторлар.

Негізгі бөлім:

    • Антропогендік фактор.
    • Адамдардың жануарларға тигізетін әсері.
    • Ақбөкендер.
    • Ақбөкендердің азаюы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Глоссари.

 

Жыртқыш - құрбан

 

    • Жыртқыштық – құрбандық – екі түрдің арасындағы байланыста біреуіне жағымды болса, екіншісіне жағымсыз. Жыртқыштық дегеніміз бір түрдің екінші түрді ұстап алып, өлтіріп қоректенуі. Олардың өзіне тән жыртқыштық қасиеті, мінез құлықтары бар.   [9]
    • Жыртқыштар (Carnivora) – сүтқоректілердің бір отряды. Австралия (тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кең таралған. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қысқарақ. Жүні ұзын әрі қалың, әр түсті болады. Жыртқыштардың азу тістері жақсы дамыған. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. Иіс және Eсту мүшелері жақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды.
    • Құрбан- жыртқыштың аулау объектісі ретіндегі жануары. [10]
    • Бір кезде қасқыр малдарға зиян келтіреді деп, олар вертолетпен ауланды. Қасқыр, немесе оның бөлтірігінің тірілерін әкелген аңшыларға, тіпті жай адамдарға сыйлық ретінде 50 сомнан ақша берілгенін де білеміз. Сондықтан да халықтың қасқырды жаппай аулауға шыққаны белгілі. Бірақ, ол дұрыс болмай шықты. Қасқыр азайғаннан кейін жабайы жануардың ішінде аурулар көбейіп кетіп, олар жаппай қырыла бастады. Өлген малдардың үй жануарларына бірнеше аурулар көбейіп кетіп, олар жаппай қырыла бастады. Өлген малдардан үй жануарларына бірнеше аурулар жұққаны белгілі. Шынына келсек, қасқыр табиғаттың тепе-теңдігін жасаудың бір факторы екен.
    • Қытай Халық Республикасында бір кезде егіннің жауы құстар, олардың ішінде кәдімгі торғайлар деп, оларды жаппай қырып тастаған. Бірақ егіннің жауы басқа да жәндіктер екені анықталды. Өйткені, жәндіктердің көбеймеуін реттеп тұратын торғайлар екені анықталды. Табиғатта тепе-теңдік әрқашан да сақталып тұрады. Бірақ, қазіргі кезде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылған. Және оған адамзат кінәлі.
    • Әр аймақтың өзіне тән Фаунасы бар. Табиғи факторлар мен адам әрекеті салдарынан Республика Фаунасы да елеулі өзгерістерге ұшырады. Тек төрттік кезеңнің өзінде ғана Қазақстан жерінде түйеқұс, орман пілі, жабайы есек, Мерке мүйізтұмсығы, алып түйе, байырғы елік, жалпақ маңдайлы бұлан, Шетензаки бизоны, Хозар мамонты, тарпан, мамонт, семсер тісті жолбарыс, жүндес мүйізтұмсық, тур (жабайы сиыр), үңгір аюы, үңгір арыстаны, т.б. жойылып кетті. Сирек кездесетін, саны аз жануарлар қорғауға алынған. [2]

Факторлар

 

    • Фактор, экологияда — процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай
    • Факторлардың ішіндегі маңыздыларының бірі Адам Факторы (Антропогендік Фактор)  - адамның “адам – қоршаған орта” жүйесіндегі әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін не шектейтін антропологиялық – морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
    • Биогендік Фактор – тірі ағзалардың қоршаған ортаға қазіргі және бұрынғы замандардағы тікелей не аралық ықпалына байланысты Факторлар жиынтығы.
    • Биологиялық Фактор – тіршілік барысында пайда болатын, атап айтқанда оның қалыптасуының негізгі көзі тірі ағза не олардың қандай да болсын жиынтығы болып табылатын Фактор (мысалы, жыртқыш пен оның жемтігінің арасындағы байланыс – қорек азаю Факторы)
    • Биотикалық Фактор – бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арсында да байқалады. Мысалы, ақбөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақбөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. [7] 

 

Антропогендік фактор 

 

    • Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. [8]
    • Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табынк дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатқа әсері онша байқала қоймайды. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеру, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті. [1]  
    • Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесе екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұның бәрі тарихи дамудың барысында климат жағдайының, ландшафттың өзгеруінен және өзара тіршілік үшін күрестің нәтижесінде пайда болған құбылыс.
    • Әрине, адам көптеген түрлердің жойылып кетуіне себепкер болған бұл процесті де тездетті. Бұл әсер бұдан 250мың жыл бұрын басталған. Бұлардың бірінші құрбаны ең ірі жануарлар болған. Европада осыдан 100мың жыл бұрын адамдар көптеген жануарлардың, орман пілінің, алып бұғының, жүнді мүйізтұмсықтың және мамонттың құрып кетуіне тікелей қатынасты. Европада шөппен қоректенетін ең ірі аңдар – мамонттар, алып бұғылар қырылп біткеннен кейін, олрамен қоректенетін – үңгір арыстаны, үңгір аюы да жойылып кетті.
    • Жер бетінде хайуанаттар түрлерінің жойылып кетуін 1600 жылдан бері нақтылы деректермен дәлелдеп тіркеп келеді. Сол уақыттан бері Халықаралық табиғатты қорғау одағының деректері бойынша (МСОП) жер бетінен құстың 94 түрі (1,09%) және сүтқоректілердің 63 түрі (1,48 %) құрып кеткен. Д.Фишердің (1978) мәліметі бойынша осылардың ішінен құстардың 86 %-і, сүтқоректілердің 75 %-і адамдардың тікелей қызметінің нәтижесінде жойылған  [2]
    • Адамдардың жануарланға тигізетін әсерін тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады.
    • Тікелей әсер етуге жануарларды қуалау, құртып жою және бір жерден екінші жерге көшіру жатады. Жануарлардың ішінде көбірек азап шегетіндер кәсіптік маңызы үшін ауланатындары. Оларды терісі, еті, майы, т.б. шикізаттар алу үшін аулайды. Нәтижесінде олардың саны азаяды, тіпті кейбір түрлері жойылып та кетеді.
    • Өкінішке орай, елімізге қарашекпенділердің ағылып келуімен байланысты 1905-1910 жылдар аралығында Сыр бойында соңғы тоғыз жолбарысты атып, мүлде тұқымын құртқан. 1912жылы Шу маңайында ең соңғы екі жолбарыс оққа ұшқан. 1948 жылдан бастап жалған аңшылардың кесірінен Қазақ жерінде бұл тағы аңның тұқымы мүлде құрып бітті.
    • Адамдардың тағы бір аяусыз құрбаны ақбөкендер 1930 жылдары мемлекет қамқорлығына алынып, оның санын көбейту шаралары қолға алынған-ды.
    • Тағы бір дерекке сүйенер болсақ, әрі аңшы, әрі өлкетанушы Қасым Төлеуханов өзінің “Абай бол, арлан!” атты кітабында: “Киіктің етінің емдік қасиеті, оның осынау ен далада еркін жайылып көп жүруі, әр түрлі шөптерді таңдап жеуіне мүмкіндік береді” – делінген. Расында, киіктің мүйізі, қаны, еті, тұяғы, күлі қаншама ауруларға ем екенін халқымыз әбден қанық. [3]

Ақбөкендер 

 

    • Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.
    • Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді.  [5]
              • Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
    • Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан,Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.

 

              • XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өң</span

Информация о работе Антропогендік факторлардың табиғи экожүйені деградациялау барысындағы проблемалар