Аменсализм, паразитизм, симбиоз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:28, реферат

Краткое описание

Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экологияррр.doc

— 313.00 Кб (Скачать документ)

Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.

   Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.  Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың"құндыз — суда, құлан — қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.   Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.   Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.   Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.  Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады. Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскоптыжасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды.Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731—1802 жж.) "Табиғат ордасы" және т.б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744—1829 жж.) орта жағдайларының өсімдіктермен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.  Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин (1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты. Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті. XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.

  Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.),Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.  К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.   Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардыңтіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.  Топырақтану ғылымының негізін салған В.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.  Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және"табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.

Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.  XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымыВ.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.  Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

   Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экологияжаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.

     Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.

    Синэкология (грекше syn — бірге және экология) — популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Синэкология Брюссельде өткен ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте ( 1910 ) экологияның жеке бөлімі ретінде танылды. Синэкология қазіргі фитоценология ғылымының баламасы ретінде қолданылады. Кейіннен синэкологияның зерттейтін нысандарының құрамына микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатқызылды. Қазіргі кезде синэкология биоэкологияның бір саласы деп қарастырылады. Бұл терминді алғаш рет ұсынған швейцариялық ботаник К.Шретер болды. Синэкологияның қалыптасуына даниялық гидробиолог К.Мебиустың ( 1825 — 1908 ) Солтүстік теңіздің таяз жағалауын мекендейтін устрица ұлуларының тіршілігін жан-жақты зерттеуі үлкен әсер етті. Ол устрица ұлуларының тіршілік әрекетіне судың тұздылығы, температурасы, мекен ететін ортасы, сондай-ақ ұлулармен бірге тіршілік ететін басқа да организмдердің бір-біріне әсері туралы қорытынды жасай отырып, ондай табиғи бірлестікті “bіocenosіs” деп атауды ұсынды. Қазіргі уақытта синэкология табиғи бірлестіктердегі энергия алмасу, қоректік тізбек, кеңістік пен уақытқа тікелей қатысы бар биологиялық сан алуан тіршілік, биогенді элементтердің айналымы, эволюциясы, организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғи бірлестіктерді басқару, т.б. көптеген мәселелерді зерттейді.   Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі — жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Оның үстіне, XX ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.  Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі — биосфераның ластануы. Ластану — жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі мен экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістер ірі дауылдар, су тасқындары, жанартау атқылауы, жер сілкіну, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі, куаңшылык, өрт сиякты апаттарға апарып соғуда. Адамның табиғатты озгертуге байланысты іс-әрекеттері ғалам-шардагы тіршілік үшін кауіл тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жакындады.  Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтыкты көтермейді. Өз кезегінде табиғат та адамның жіберген кателіктеріне жауап ретінде экологиялык апаттарды «сыйға» тартады. Мысалы, коршаған ортаның химиялык ластануынан жер шарында «жылу эффектісі», «озон тесігі», «қышқыл жаңбырлар», «фотохимиялық у түтін» сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары жиі болып отырған куаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады. Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Алайда құрғап қалған шығанақтың айналадағы ортаға, жалпы шаруашылық салаларына зиян келтіретіні ескерілмеді. Кейіннен, 25—30 жыл өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялык даму заңына тәуелді екені айқындалды. Ғасырлык геологиялық айналымға сәйкес әр 60—80жыл сайын теңіз деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі табиғат заңы болатын. Ал құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға жыл сайын 120—140 млн т натрий сульфатының тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан мен Қазакстан ғана емес, сондай-ақ Ресей, Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран, Қытай, Монголия мен Еуропаның бірқатар елдері химиялық ластанып отыр. Әсіресе Қазақстанға үлкен экономикалық зиян келтіруде. Соның салдарынан егіннің түсімділігі мен мал шаруашылығының өнімділігі төмендеп, халық арасында түрлі аурулар көбейіп кетті. Каспий теңізінің деңгейі қайта көтеріліп, жағалауды су баса бастады. Кейін топырақ қамал алынып, теңіз суы шығанаққа жіберілді. Бұл мәселелер Арал теңізіне де тән. Адамның іс-әрекетінен Арал теңізі жарты ғасырдан бері тартылып бара жатыр. Арал апаты ғаламшарлық сипат алуда. Оның зиянды әсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер сезінуде. Сондықтан да Арал мәселесіне Германия, АҚШ, Жапония, т.б. елдердің араласуы тегін емес.  Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты тіршілігіне зиян келтіруде. Аталған су алаптарының өңірінде мыңдаған гектар орман-тоғай, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі азайып, бұрыңғы тамаша табиғи жайылымдар мен шалғындыктардың орнына тіршілігі бұзылған немесе жойылуға жақын құмдар мен шөлейтті, сортаң тақырлар пайда болды. Арал теңізінің тартылуына байланысты көптеген мәселелер туындады.  Балқаш өңірі де күрделі өзгерістерге ұшырады. 1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле — Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп жіберді. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат кешені бұзылды. Қапшағай суқоймасы өзінін ауқымын кеңейте түсіп, мындаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. Ол аз болғандай, Іле өзенінің орта және төменгі ағысы тұстарынан Шарын, Шеңгелді, Ақдала сілемдері игеріле бастады. Бұл суармалы жерлерде суды көп қажет ететін күріш, бау-бақша дакылдарын өсіру жоспарланып, Іле суыньщ Балкашқа күю мүмкіндігі азая түсті. Оның үстіне, Шарын езенінің бойында Бестебе бөгенінің, Үлкен Алматы тоғанының салынуы ол жерлерде табиғаттың тепе-теңдік калпын бүзып, соның нәтижесінде Іле өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты, «Қызыл кітапқа» енген тораңғы, үйеңкі ағаштарынан тұратын жиделі қу-тоғайлары жойыла бастады. Іле өзенінің тоғайындағы елік, доңыз, мәлін, қамыс мысығы, қырғауыл, т.б. көптеген андар мен әнші құстардың саны азайып кетті. «Әнші құм», «Таңбалы тастар», «Шарын саябағы» сияқты белгілі табиғат ескерткіштеріне толы Іле бойы экологиялық апатты аймаққа айналды.  Қазақстандағы басқа да өзен-көлдердің экологиялық жағдайы жақсы емес. Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу өзендері өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі. Елімізде су айдындары мәселелерімен қатар топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтыларының өзгеруі табиғи ортаға кері ықпалын тигізуде. Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді. Экология (грек oikos – үй, мекен және лигия) – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. «Экология» терминін 1866 жылы биолог Э.Гекель ұсынған. Экологияның негізі организм мен ортаның процесінде өзгеруі деген ұғымнан құрылады. Қазіргі экология ортаның жеке әсерлерінің және олардың жиынтығының өсімдік пен жануарлар организміне тигізетін әсерін, популяцияның ортаға тигізетін әсерін, популяция санын сақтау жолын, оның құрылымын, биогеоценоз және экосистема әрекеттері заңдылықтарын, биогеоценоз құрылымының биогсоценоздық процестөрдегі маңызын т. б. зерттейді. Экология орман өсіру, балық аулау, аңшылық шаруашылықтарының теориялық, практикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Экологиялық зерттеулер құрлық пен судағы табиғи қорды тиімді пайдаланудың негізі және табиғат қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, биосераны сақтауда үлкен маңызы бар. Экологияның бірнеше ғылми бағыты бар. Жеке организмдердің тіршілік ара-қатынасын — аутоэкология, тіршілік ортасы жағдайлары әсерінен организмдер тобы не бірлестігі құрылуын — синэкология (бұл терминді швейцариялық ботаник К. Шрётер ұсынған және 1910 ж. Бүкіл дүнижүзі ботаникалық 3-конгресте қабылданған), популяциялардың құрылу және даму заңдылықтарын, саны динамикасын, құрылымы мен қоршаған орта арақатынасына т. б. популяциялық экология зерттейді. Экология зерттеу объектілеріне қарай өсімдік экологиясы және жануарлар экологиясы деп бөлінеді. СССР-да өсімдік экологиясы мәселелерін аутоэкология қарастырады, ал синякологияны жеке ғылыми пән— фитоценологияға (геоботаникаға) жатқызады. Өсімдіктөр бірлестігін шетел, әсіресе ағылшын және американ ботаниктері көбінесе экологияның бір бөлігі (синэкология) деп қарайды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы экологиясы, медицияна экологиясы т.б. деп те бөледі. Экологияның жеке бір бөлімі— палооэкология — қазба өсімдіктер және қазба жануарлардың тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейді.  Экологиялық нақты зерттеулер 18 ғасырдың 2-жартысынан басталды. Неміс табиғат зерттеушісі А. Гумбольдт 19 ғасырдың бас кезінде өсімдіктердің жер жүзінде ауа райына байланысты таралу заңдылықтарын анықтады. Экологияның негізгі принциптері мен міндетін 19 ғасырдың 2-жартысында орыс ғалымдары К. Ф. Рулъе, Н. А. Северцов, А. Н. Бекетов, неміс зерттеушілері А. Гризебах, И. Лоренн құрды. Экологияның дамуына Ч. Дарвиннің Эволюдиялық ілімінің үлкен маңызы болды. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында экология саласынан көптеген жаңа деректер анықталды. 1868 ж. орыс ғалымы Н. Ф. Леваковский өсімдіктің дамуына, пішіні мен құрылысына сыртқы орта жағдайы әсер ететінін алғаш рет эксперимент арқылы дәлелдеді. Орыс топырақ зерттеушілері В. В. Докучаев, П. А. Костычев, А. А. Измаильский жұмыстарында топырақ пен өсімдік арасындағы өзара байланыс туралы экологиялық деректер болды. Жануарлар экологиясы туралы алғашқы жинақты америкап Ч. Адамс (1913) жариялады. Бұдан кейін американ экологтары Р. Чопмен, В. Шелфорд, ағылшын ғалымы Ч. Элтон, неміс зоологы Гессе, совет зоологы Д.Н. Кашкаров маңызды қорытынды енбектер жариялады. Орыс ғалымы Г. Ф. Морозов орман туралы ілім құрып (1920), орманның дамуын, организм мен орта арасындағы байланысты, орманның географиялық ландшафтың бір бөлігі ретіндегі маңызын көрсетті. Өсімдіктердің тіршілік формасы және жануарлар адаптапиясы ілімі дами бастады.  20 ғасырдың 20 жылдары экологияның ерекше бағыты — популяциялық экология дамыды. Ауа райы жағдайы мен биоценоздық қатынастың жануарлар популяциясы динамикасына әсері ашылды (орыс биологы Г. Ф. Гауас еңбектері). Ағылшын зоологы Д. Читти популяция және оның құрылымының өзара байланысы нәтижесінде жануарлар саны өздігінен реттеліп отырады деген пікір ұсынды. Сове ғалымдары Н. П. Наумов, Г. В. Никольский, поляк зоологы К. Петрусевилтің популяцпялық зерттеулерінің үлкен маңызы болды. Популяцияның физиологиялық ерекшелігін зерттеуді алғаш рет Н. И. Калабухов бастады. Өсімдік экологиясы саласында популяциялық зерттеулер белгілі бір өсімдік бірлестігіндегі бір түр особьтары қауымын зерттеу—цепопопуляциядан басталады (Т. Л. Работпов). В. Н. Сукачевтың және оның ізбасарлары еңбектөрі нәтижесіндо өсімдіктер бірлестігі (фитоценология) туралы ілімнің теориялық негізі құрылды. Бұл зерттеулер нәтижесінде фитоценоздың мәні ашылды, өсімдіктер бірлестігіндегі өсімдіктердің арақатынасының негізгі ерекшеліктері анықталды, өсімдік классификациясының принциптері зерттелді, өсімдік бірлестігінің құрылуы мен эволгоциясы заңдылықтары, олардың динамикасы мен өнімділігі анықталды. Г. Ф. Морозов пеп В. В. Докучаев пікірлерін дамыта түсіп, В. Н. Сукачев биогсоценоз ілімін құрды (1942). Шетелдерде бұған пара-пар түсінік—зкосистема (ағылшын ботанигі А. Тенсли ұсынған). Қазіргі түсініктегі экология 20 ғасырдың 30—50 жылдары биогеоценоздар, экосистемалар мен популяциялар туралы жалпы теориялар құрылуымен қалыптасты. Бұдан кейінгі жылдары тундра (Б. Н. Городков, Б. А. Тихомиров, В. П. Дадыкин), орман (Л. А. Иванов), дала (Б. А. Келлер т. б.) және шөл (Г. В. Заленский) өсімдіктері экологиясы ерекшеліктерін зерттеу негізінде тіршілік формасы жүйелері едәуір жетілдірілді және олардың эволюциясының негізгі жолдары анықталды (И. Г. Серебряков). Өсімдіктер бірлестігіндегі өзара химиялық әсерлер механизмі табысты зерттелуде. Фитоценоздар мен (не популяциялар) сыртқы орта әсерлерінің белгілі жағдайы арясында тығыз байланыс бар екенін ашу фотоиндикация негізін ашуға (С. В. Викторов, Б. В. Виноградов) мүмкіндік беріп, оны ауа райы топырақты, су мен тау жыныстарын, жердің геологиялық құрылысын, пайдалы қазбаларды анықтауға, мұздықтар динамнкасын зерттеуге кең қолдануда. В. И. Вернадскийдің биосфера туралы және организмдердің геохимиялық процестердегі маңызы туралы іліміне байланысты биоценоздағы зат және энергия алмасуды зерттеу басталды. Қазіргі экологияның алдында экологиялық жүйелер әрекетін зерттеумен қатар табиғи бірлестіктердің табиғи өнімділігі заңдылықтарын анықтау мәселелері тұр (Л. А. Зенкевич, Е. М. Лавренко). Радиоактивті заттар концентрациясының экосистемадағы таралу заңдылықтары мен биологиялық әсерін анықтауда радиоэкология саласында зерттеулер дамып келеді. Экология праттикамен тығыз байланыста дамып отырып халық шаруашылығында, мысалы, солтүстікте егіншілік дамыту (полярлық егіншілік), тың жерлерді игеру, егін қорғайтын орман өсіру, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларын аудандастыру, интродукция, жерсіндіру және селекция, ауруға, зиянкестерге, арам шөпке қарсы тиімді әдістер ашу, топырақ эрозиясына қарсы күрес, табиғи суларды ластанудан сақтау т. б. бірқатар маңызы бар мәселелерді шешуге көмектесті. Экологиялық білімнің табиғат қорғау шараларьтпын ашуда өте үлкен маңызы бар, сондықтан да табиғат қорғау экологияның бір бөлімі болды. СССР-де экологиялық зерттеулер СССР ҒА институттарында, одақтас республикалар ҒА-ларында, университетінттерде, ВАСХНИЛ және СССР Ауыл шаруашылық министірлігі қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарда, қорықтарда, орман және ауыл шаруышылқ тәжірибе ст-ларында т. б. жүргізіледі. Экологияның жеке мәселеріне арналған монографиялар, оқулықтар, жинақтар т. б. шығаралыды. 1970 жылдан «Экология» журналы шығарылып келеді.

   Биоценоз.

    Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы[1]; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз — биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады. Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді.[3]Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:

  1. продуценттер (өндірушілер);
  2. консументтер (тұтынушылар);
  3. редуценттер (ыдыратушылар).

Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-жақты зерттеудің маңызы зор.

    Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.  Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты организмдер болып бөлінеді. Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.

Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді  сипаттайтын көрсеткіштер:

  • түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);
  • популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);
  • биомасса.

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.

  1. Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.
  2. Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.

    Биотоп (био... және грек. tpos — орын) — Жер бетінің (құрлықтың не суқойманың) биоценоз мекендейтін орта жағдайлары біртектес өңірі (телімі). Екі мағынада қолданылады: 1) нақтылы, экологиялық жағдаймен сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері мекендейтін аймақ; 2) нақтылы организмдердің немесе олардың қауымдарының тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы. Биоценоздың рельефі, климаттық жағдайы шамамен біркелкі болып келетін құрлықтағы немесе судағы алатын орны. Биотоп өзінің табиғи және тарихи қалыптасқан геогр. орны мен фауна, флора және абиотикалық фактор жиынтығымен ерекшеленеді. Биотоп экожүйелердің немесе биогеоценоздардың анорганик. құрылымдарынан тұрады. Биотоп — биоценоздың бөлінбейтін құрамдас бөлігі. Биотоп пен биоценоз бірігіп, ірі бірлестік — биогеоценоз құрайды.   Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bios-өмір, kоіnos-жаллы) — табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік  ететін өсімдіктер жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.). Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру  қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды.  Ол әр қашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы — биотоптардан тұрады. Яғни, биотоп — тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп-биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз – биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.  Биоценозды зерттеуші ғылым саласы — биоценология деп  аталады. Ал, биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер — кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын  кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтыйтын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.  Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі ұғымда бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі. Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты — автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды. Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым, 4) биогенді элементтер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады.  Сондықтан экожүйе — экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі – ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.  Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда — биотикалық факторлар деп атайды. Яғни, биотикалық  факторлар дегеніміз — тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік — өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль  
атқарғанымен, кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін  
азайтып, қолайсыз жағдай туғызады. Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңдататын аралар, т.б. жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз құрылымының күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне  тәуелді, пайдалы немесе кері әсер ете отырып үнемі даму үстінде  екендігін көрсетеді.  

Информация о работе Аменсализм, паразитизм, симбиоз