Ғаламдық экологиялық проблемалар
Реферат, 05 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:
Ресурстар проблемасы;
Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
Энергетикалық проблема;
Прикрепленные файлы: 1 файл
Ғаламдық экологиялық проблемалар.docx
— 46.72 Кб (Скачать документ)Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды».Қалалардың демографиялык, және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен экожүйеге техногенді әсердің артуы тек қала маңында ғана емес, олардан біршама қашықтықтарда да біліне бастады. Осыған байланысты қаланың экологиялық жағдайы көптеген өнеркәсіпті қалаларда нашарлап кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз, алқалалар бізді қалыптастырады». Урбанизацияның экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті түрде емес, ал оны экологияландыру жағымды құбылыс. Қала және қалалық орта сонда өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты әсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қалалық ортаны экологияландыру адамзат үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.
Халық санының өсуі.
Жер үшін ең үлкен проблема
- тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы
процесті азайту үшін жасалған көптеген
әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі
таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде
«демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде
(XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың
өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің
тапшылығына алып келетінін айтқан болатын.
Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша
(мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым
Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған
жақын халық саны оптималды деп есептейді.Климаттың
өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар
тобының (IPCC) болжамы бойынша - 2040 жылы
Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы
күніндей температура 38°С- 48°С-ты құрайтын
болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың
көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада
азық-түлікті өсіру тоқтаудың
алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының
есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европаның
ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды.Әлеуметтік-
«Жасыл революция» және оның салдары. «Жасыл революция» ғылыми-техникалық революцияның бір көрінісі - ауыл шаруашылығының қарқынды:
- ауыл шаруашылығын техникаландыру (машина мен техникаларды пайдалану);
- өсімдіктер мен жануарлардың жасанды жолмен алынған жаңа сорттарын қолдану;
- химияландыру (улы химикаттар мен тыңайтқыштарды пайдалану);
- мелиорация (суғармалы жерлердің көлемін ұлғайту) жолдармен дамуы.
«Жасыл революцияның» екі түрі бар.
1. XX ғасырдың 60-70 жылдары
пайда болды. Оның бастамасын
көтерген мексикандық
2. 80-ші жылдардың ортасынан бастап ғалымдар, егер ауыл шаруашылығы антропогендік энергияны дәл осылай жұмсай берсе екінші «Жасыл революцияның» болатыны туралы айта бастады. Оның негізінде - ауыл шаруашылы дақылдарын, мал шаруашылығы өнімдерін экологиялық технология бойынша өңдеуге ауысу принциптері жатыр.Селекционерлер «рекордшыл» сорттарға қарағанда қолайсыз жағдайларда, тыңайтқыштың аз мөлшерінде, арам шөптерге, зиянкестерге және ауруларға шыдамды біршама жоғары өнім беретін сорттарды шығаруға ауыса бастады. Бұл үшін жергілікті мәдени өсімдіктер популяциясы кеңінен қолданылуда. Екінші «Жасыл революцияның» бір бағыты, экожүйелерге антропогендік әсердің салдарларымен күресетін «экологиялық таза» әдістерді қолдану. Ал негізінен - қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, антропогендік энергияны төмендетіп, өсімдіктер зиянкестерімен күресу де биологиялық әдістерді пайдалану болып табылады.
Экологиялық қауіп.
Экологиялық проблемаларды
түбегейлі шешу - көптеген аспектілері
және бағыттары бар
Дереккөздер:
- Экология (оқулық) - Алматы, 2008
- http://kk.wikipedia.org
- magister.kz
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет