Сулардын ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 12:05, аттестационная работа

Краткое описание

Қазақ халқы ислам дінін өз халқының діні ретінде ұстанғанына да мың жылдан аса уақыт өтіпті. Дәлірек айтқанда, VIII ғасырдан бастау алғанымен, Х ғасырдың екінші жартысында арғы қазақ тайпалары тарихи шынайы таңдау жасап, ислам дінін қабылдады. Міне, осы кезеңнен бастап қазақ жері ислам өркениеті тараған аймаққа айналды. Сунниттік бағыттағы мұсылман діні қазақ халқы рухани байлығының ажырамас бір бөлігіне айналды.Негізінде, түрік халық мәдениеті мен тарихындағы ислам дінінің рөлін екі аспектіде қарастыруға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мәдениеттану.pptx

— 950.17 Кб (Скачать документ)

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы , Ақши ауылы 

Құмаш Нұрғалиев атындағы коледждің  студенді  ЕРАЛИНОВА МАДИНА

Мұсылман  өркениеті және түрік халықтарының мәдениеті

Түрік Халқының Мәдениетіндегі Ислам Дінінің Орны

 

Қазақ халқы ислам дінін өз халқының діні ретінде ұстанғанына да мың жылдан аса уақыт өтіпті. Дәлірек айтқанда, VIII ғасырдан бастау алғанымен, Х ғасырдың екінші жартысында арғы қазақ тайпалары тарихи шынайы таңдау жасап, ислам дінін қабылдады. Міне, осы кезеңнен бастап қазақ жері ислам өркениеті тараған аймаққа айналды. Сунниттік бағыттағы мұсылман діні қазақ халқы рухани байлығының ажырамас бір бөлігіне айналды.Негізінде, түрік халық мәдениеті мен тарихындағы ислам дінінің рөлін екі аспектіде қарастыруға болады. Бір жағынан алғанда, құлдырап бара жатқан нанымдардың орнына келген ислам діні адамдардың адамгершілік тұрғыдан биіктеуіне, интеллектуалды және мәдени ілгерілеуіне ықпал етті. Әсересе, бұл дін ұлттық сипаттағы ең үздік қасиеттердің қалыптасуына оң әсер етті. Келесі жағынан алғанда, исламнан нәр алған халық тарих белестерінде өзіндік орнын жоғалтпау үшін мәдени күреске ұмтылды. Өйткені, бұл кезеңде қазақ жұртына қиыр шығыстық және христиандық дәстүрлер пәрменді ықпалын тигізіп, тұрақты қысымға алып отыратын.

Түрік халықтары

Дала мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері орын алды.Кейде «көшпенді мәдениет» пен «мұсылман мәдениеті» ұғымдарын шатастырып жатады, бұл екеуі дербес ұғым болып табылады. Өйткені, «көшпенді мәдениет» шаруашылық жүргізу және тұрмыстық салттарды, ал «мұсылман мәдениеті» дін аясында өмір сүруді білдіреді. Мәдениет (өркениет) руханисаламен, дінмен байланысты болады. Тарихи тәжірибенің көрсетуі бойынша сан ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділер мәдениеті ислам дінінен тыс қалыптасып үлгерген. Сондай-ақ оның шеңбері аясында өмір сүре алады. Ислам діні көшпенді мәдениеттен отырықшылыққа көшуге мәжбүрлемейді. Мұның өзі қазақтардын ислам дінін қабылдауына да өзіндік әсерін тигізді.Ислам діні салт-дәстүрлердің рухани өзегіне айнала отырып, қазақ халқына ғылым, білім, діни-танымдық көзқарасты тарту етті. Ислам діні адамдардың не үшін өмір сүріп жатқандығынан, жақсы-жаман әрекеттері үшін Алланың алдында жауап беретіндігінен хабардар етті.«Дін құлдырай бастаса, адамның бүкіл руханиаты ауруға ұшырайды, ал егер өркендей түсетін болса, онда мәдени өсуге жол ашылады» Дін дағдарысқа ұшыраған жағдайда, оған іргелес тұрған мәдениет те құлдырап, жойылуға айналады. Дін тарихи-мәдени таным ретінде өркениетке өмір сыйлайды.

«Мәдениет» пен «өркениет» бастапқы жабайылықтан құтқарады, халықты адамиландырады, басқаша айтқанда, олар адамды түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Араб халқының ұлы тарихшысы Ибн Халдун көшпенді халықтың ислам дінін қабалдауы туралы былай деп жазады: «Құдай түркілерді өз құдіреті арқылы мұсылман әлеміне топтап келіп енетіндей, бұрынғы әдеттерінен арылатындай етті» Халифа Мамун заманында өмір сүрген атақты ғұлама ғалым Әл-Жахиз түркілер туралы былай деп жазады: «Түркі жауынгер ат үстінде ұшыртып ойдан қырға, қырдан ойға құйылып, оңды-солды жауларына оқ атады. Хауариж жауынгері бір оқ атқанша түркі он оқ шығарады. Түркі жауынгерінің маңдайында екі көзі, желкесінде екі көзі бар». Ол кісі тағы да түркілер туралы былай деген: «Мұсылмандықты қабыл еткен түркілер бұрынғысынан да әруақтанып, айдынданып кетті, ал манихей дініне кірген түркілер жүнжіп жоқ болып кетті». «Түркі дүниесі халықтар мен мәдениеттер арасындағы байланыстырушы буын болып келді. Уақыт өте келе қазіргі түркі дүниесі өзінің мәдени әлеуетін біріктіре әрі дамыта отырып, зерттеушілер тарапынан «түркі-ислам өркениеті» деп аталуы да ықтимал.

Түркілердің ортағасырлық мәдениеті- отырықшы түріктердің мәдени өркениеті, қала мәдениеті, сәулет ескерткіштері, діни кешендер. Ұлы Жібек жолы бойындағы  ірі қалалар. Қолөнер кәсібі.

Жаңа заман- түркі  дүниесінің ұлы тұлғалары, түркі  қайраткерлерінің мәдени, саяси және қоғамдық ой-пікірлерінің тарихи маңызы, түркі халықтарының мәдени-рухани өркендеуі  және олардың жалпы рухани құндылықтары мен дүниетанымы.

    • Қорыта келгенде түркі даласын, оның ішінде сан ғасырлық өз тума мәдениетін жасап, оны өмірлік ұстанымы етіп жүрген қазақ халқы туралы қалам толғағандар әлі де мұсылмандық мәдениет аясында жазылған және тарихи еңбектерде сақталып қалған мұраларымыз мол. Оларды ортамызға қайтаруымыз керек, мәдени мұраларымыздың мұрты бұзылмай тұрған қырларына назары түсетін жаңа жас буынға жол ашуға тиіспіз. «Арқасына екі рет қараған ешнәрсесін жоғалтпайды» дейді атам қазақ, оны «ескі сарын» демей көненің көзі деп көзге сүрме, басымызға бастырық етуге тиіспіз. Құдай жазса алдымыздан әлі де бұл тақырыпқа қалам толғаймыз деп ойлаймын.

 

 

Қорыта келгенде түркі даласын, оның ішінде сан ғасырлық өз тума мәдениетін жасап, оны өмірлік ұстанымы етіп жүрген қазақ халқы туралы қалам толғағандар әлі де мұсылмандық мәдениет аясында жазылған және тарихи еңбектерде сақталып қалған мұраларымыз мол. Оларды ортамызға қайтаруымыз керек, мәдени мұраларымыздың мұрты бұзылмай тұрған қырларына назары түсетін жаңа жас буынға жол ашуға тиіспіз. «Арқасына екі рет қараған ешнәрсесін жоғалтпайды» дейді атам қазақ, оны «ескі сарын» демей көненің көзі деп көзге сүрме, басымызға бастырық етуге тиіспіз. Құдай жазса алдымыздан әлі де бұл тақырыпқа қалам толғаймыз деп ойлаймын.

Назар қойып

тыңдағандарыңызға

 рахмет!


Информация о работе Сулардын ластануы