Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі — жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................. 3
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
мемлекеттік бюджеттің маңызы ...................................................... 4
Қазақстан республикасының бюджет жүйесінің экономикалық мәні ......................................................................................................... 7
Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерін талдау
мемлекеттік бюджеттің кірісін талдау .......................................... 10
мемлекеттік бюджеттің шығысын талдау ................................... 13
мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражаттарын талдау ...............18
Қазақстан Республикасының бюджетін болжау және жетілдіру жолдары .................................................................................................... 20
Қорытынды .............................................................................................. 24
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................... 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

алмасбек курсовойы.doc

— 136.50 Кб (Скачать документ)

Бюджеттің бөлу функциясының ерекшеліктеріне: бюджеттің  қоғамдық өндіріске көпжақты әсері  мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің  бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді.Бюджеттің бақылау функциясының негізін бгаджеттік түсімдермен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бүзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және ете кең әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістіц барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде «хабар беруге» кедергі болмайды.Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компыотерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциалдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тәнті қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.

    1. Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерін талдау
      1. мемлекеттік бюджеттің кірісін талдау

Бюджет кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға  қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу про-цесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен бірша-ма қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.

Бюджет кірістерінің басты материалды көзі - ол ¥лттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюд-жет кірістері көлемінің тұрақты үлғаюын қамтамасыз етеді. Мем-лекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі - ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының қәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жал-пымемлекеттік мүқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және ендірістік пен өндірістік емес салалар-да шүғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.

Бюджетке түсетін кірістер, оларды жүмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайын-

даған белгілі  мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар  түрлерівде жүмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орна-ласқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тар-тылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуте жауапкер-шіліктері тағайындалған.

Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салық-тық  емес түсімдерге, негізгі капитал  сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға белінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.

Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың  дамуын баяулауға, түрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға вз болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады.

  Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мәні

Анықтама бойынша  салықтық түсімдер деп «ҚР бюджетке салықтар және басқа да міндетті телемдер жөніндегі» ҚР Заңы-мен (Салық кодексімен) тағайындалған бюджетке төлейтін са-лықтар мен басқа да төлемдер айтылады. Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмұнын солардың негізіндегі салық-тар құрайды. Олар кірістердің материалдық көзі - Ұлттық табысты қайта бөлісуге қатынасатын болғандықтан өндірістік қатынастар-

дың арнайы формасын құрайды. Осыған байланысты салықтық түсімдер тұрақты ішкі белгілерімен, заңнамалықты даму мен ере-кше формаларымен сипатталады. Олар нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнзмі қозғалыста болады.

ҚР-ның Бюджеттік  кодексіне сәйкес барлық бюджет түрлерінің күрамына келесі салықтар кіреді:

1. Корпоративтік  табыстық салық.

2. Жекеленген  табыстық салық.

3. Қосымша құнға  салық.

4. Акциздер.

5. Үстеме пайдаға  салық.

6. Экспорттайтын  пшкі мүнайға салық.

7. Бонустар.

8. Роялти.

9. Әлеуметтік  салық.

10. Жер салығы.

11. Бірыңғай жер салығы.

12. Транспорттық құралдарға  салық.

13. Мүлікке салық.

14. ҚР-ның өнім бөлігі  бойынша үлесі.

Салықтық түсімдерге Бюджеттік  кодексімен бюджеттердің түрлері мен  деңгейлері бойынша тағайындалған  басқа да әр түрлі алымдар, ақылар мен баждар жатады.

Бюджеттік кодексте салықтық түсімдердің нақты түрлері бюд-жет жүйесінің тиісті деңгейлері бойынша бекітілген. Республика-лық бюджет бойынша өте маңызды фискалды және экономикалық мәні бар салықтық түсімдер бекітіледі. Бұл мемлекеттік мүддеде салықтардың қаржылық категория ретіндегі функцияларын пайда-лану қажеттілікпен дәлелденеді, себебі салықтардың фискалдық функциясы мемлекетке экономикалық қатынастарды реттеуге объективтік шарттар туғызады. Мысалы, мемлекет салықтардың экономикалық (реттеуші) функциясы арқылы ел экономикасында болып жатқан процестерге, қайта өндіріске, капитал қорланды-руға, тұрғындардың төлемқабілеттілік сүранысына маңызды әсер етеді.

Салықтарды және олардың  функцияларын экономикалық процестерге  әсер ету үшін пайдалану мемлекеттің  салықтық сая-саттының негізін құрайды. Бұл саясатты іске асыру салық салу-дың ұйымдастырушы-құқыктық нормалары мен басқару әдіс-терінің жиынтығынан қалыптасатын салықтық механизм арқы-лы жүргізіледі. Салықтық механизм заңнамалы түрде Салық ко-дексінде бекітіледі. Қоғам өмірі мен мемлекеттің іс-әрекеттінде салықтардың рөлі осы салықтык саясат пен салықтық механизм арқылы көрінеді. Мемлекеттің экономикалық саясатына байла-нысты салықтық түсімдердің релі мен мәні, механизмі езгереді, оларды жаңарту мен жетілдіруі болады.

Салықтық емес түсімдер маңында  бюджетке Салық кодексін-де қарастырылғандардан басқа Бюджет кодексінде тағайындалған міндетті және қайтарылмайтын төлемдер жатады. Салықтық түсімдерге қарағанда салықтық емес түсімдердің мығым тағайын-далған мөлшерлемелері жоқ, басқаша айтқанда, олар фискал-ды-тұрақты сипатта емес, сондықтан мұндай түсімдер мөлшерін өткен жыл деңгейінде жоспарланады. Салықтық емес түсімдер тізімі бюджеттер түрлері мен деңгейлері бойынша заңды және жеке тұлғаларға бөлек міндетті телемдер форма ретінде Бюджет кодексімен тағайындалады.

Салықтық емес түсімдер жіктеледі: а) аумақтық белгілері бойынша; ә) қалыптастыру мен төлету белгілері бойынша; б) төлемдер төлету үшін нақты негіздері  бойынша. Бірінші бел-гілері бойынша  белгілі деңгейдегі бюджетке түсетін, яғни респуб-ликалық, облыс немесе аудан бюджеттері кірістеріне, салықтық емес түсімдер айырылады. Екінші белгілері бойынша міндетті және өз еркілік төлемдерге бөлінеді. Үшінші белгілері бойынша салықтық емес түсімдер телемді қалыптастыратын негізге байла-нысты нақты түрлерге бөлінеді, мысалы, бюджеттен қаржыланды-рылатын мемлекеттік мекемелердің тауар сатудан түсетіндері.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамывда салыңтық және салықтық емес түсімдердің рөлі мен мәні өте  зор, себебі барлық кіріс-тер ішінде 80-90 пайызы осы түсімдер үлесіне жатады және жалпы ішкі өнім көлемінің 25 пайызын құрайды, ал салықтық түсімдердің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 12-13 пайызға жетеді.

      1. мемлекеттік бюджеттің шығысын талдау

Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық  құралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен бай-ланысты. Шығыстар нақты піығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекет-тік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып та-былады. Шығыстар жүйесін құру-құралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жүмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Құрадцардың қайтып оралмас принципі негізівде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады. Ал, егерде экономиканың дамуын қаржыландыру құралдары жөнінде айтсақ, овда нәтижелік инвести-циялау орын алады, яғни бұл арада бөлінген бюджепік құралдарды қайтару принципі әрекетте болады. Үнем режимін сақтау принци-пі - ол өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалары мен әдістерінің жүйесі. Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіншілік береді.

Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше фактор-лармен шарттанады, олардың ішінде негізгі  болып мемлекеттің табиғаты мен  функциялары, елдің әлеуметті-экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекет-тік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмұны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында түрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет ко-дексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.

Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік  бюд-жетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты ке-лесі екі топқа бөлуге болады:

• өндірістік қорларды үлғайту мен өндірістің үздіксіз про-цесін қамтамасыз ету үшін;

• қоғам мүшелерінің  әлеуметті-мәдениеттік мүқтаждықта-рын  қанағаттандыру үшін.

Бірінші топқа - мемлекеттік бюджеттің экономиканы  қаржы-ландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа — әлеу-метті-мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.

Осы екі топ  арасындағы арақатынас бюджеттің тиімділігін  анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттілігі дамуға бағыттал-ған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің түтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғүрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Әрине, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті-экономикалық ахуалына байланысты.

Бюджет түрлері  бойынша шығыстарды қалыптастыру ерек-шеліктері  олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалынтастырғанда келесі не-гізгі факторларды есептеу қажет: ♦

• басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;

• мекемелердің бағынушылығы;

• мекемелердің іс-әрекет шекарасы;

• шығыстарды тиісті бюджетке апару.

Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойын-ша қаржыландыру үшін қалыптасады:

• жалпы сипаттағы  мемлекеттік қызметтер;

• қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

• құқықтық, соттық, құкық қоғау қызметтері;

Информация о работе Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің дамуы