Төтенше жағдай туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 20:51, реферат

Краткое описание

Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап). Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).

Прикрепленные файлы: 1 файл

тж және ак.docx

— 32.76 Кб (Скачать документ)

│.Кіріспе

Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап). Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:

 Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).

 Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, ӘКУЗ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).

 Төтенше жағдай – адамдардың  қаза табуына әкеліп соққан  немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың  денсаулығына, қоршаған ортаға және  шаруашылық жүргізуші нысандарға  нұқсан келтірген немесе келтіруі  мүмкін, халықты едәуір дәрежеде  материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе  бұзуы мүмкін авария, зілзала  немесе апат салдарынан белгілі  бір аумақта туындаған жағдай;

 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр – энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар; Төтенше жағдай аумағы – төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ. Таралу ауқымы мен материалдық шығынының көлеміне қарай табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық, жергілікті, аймақтық, барынша ауқымды болып бөлінеді. 13.12.2004ж. ҚР Үкіметінің №1310 Қаулысымен «Табиғи және техногендік сипаттагы төтенше жағдайларды топтастыру» бекітілген. Топтастыру аумағы бойынша төтенше жағдайларды нысандық, жергілікті, аймақтық немесе барынша ауқымды ретінде қарастыру критерииларын бекітеді. Табиғи және техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:  қаза тапқандар саны 5 тен 10 адамға дейін;   тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 50 ден 100 адамға дейін; Төтенше жағдайлар жергілікті болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өңдірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың екі ауданына тараса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:  қаза тапқандар саны 10 тен 50 адамға дейін;  тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 100 ден 500 адамға дейін; Төтенше жағдайлар аймактық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың кем дегеңде үш ауданына тараса немесе ҚР екі облысының аймағында пайда болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:  қаза тапқандар саны 50 ден 200 адамға дейін;  тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 500 ден 1500 адамға дейін; Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барынша ауқымды болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай ҚР үш және одан да көп облыстарының аймақтарына тараса немесе көрші мемлекеттің шекарасына өтетін болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:  қаза тапқандар саны 200 адамнан асса;  тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 1500 адамға дейін; Төтенше жағдайлардын алдын алу - адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар. Төтенше жағдайды жою - төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін,  сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар.

││.Негізгі бөлім

ҚР ТЖ министрлігінің негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы

ҚР Үкіметінің 1997 жылдың  28 тамызындағы № 1298 Қаулысымен Төтенше жагдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылды (ТЖМЖ) және ол туралы ереже (25.12.2006ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге) бекітілді. Төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесі (ТЖМЖ) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайдың алдын алу, пайда болған жағдайда зардаптарын жою (адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті жоюға бағытталған құтқару, авариялық -қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарын жүргізу, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру. Төтенше жағдай нәтижесінен зардап шеккендердің аумақтары мен нысандарын қалпына келтіру ТЖМЖ құзырына кірмейді), халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен шаруашылық нысандарының шығынын азайту үшін тағайындалған.       ТЖМЖ негізгі міндеттері:  бейбіт және соғыс уакытында ТЖ пайда болуы кезінде қоршаған табиғи ортаны, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мәдени және материалдық құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайды ескерту мен жою саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу;  халықты, аумақты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесін құру;  төтенше жағдайға әрекет ету ретін анықтау, зардаптарын жою, олардың пайда болу себептерін тергеу;  халықты хабарландыру және мониторинг ұйымдастыру;  авария, апат, зілзала мен экологиялық апаттар, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия пайда болған кезде ТЖ алдын алуға, адам мен оның қоршаған ортасын қорғауға, шаруашылық нысандары мен әлеуметтік салалар қызметінің тұрақтылығын көтеруге бағытталған, мемлекеттік арнаулы және ғылыми – техникалық бағдарламаларды әзірлеу мен орындауды ұйымдастыру;  ТЖ іс - әрекетіне, оларды жою бойынша жұмыстар жүргізуге органдар мен басқару пунктерін, байланыс жүйесі мен хабарландыруды, ТЖМЖ күштері мен құралдарының жоғарғы дайындығын қамтамасыз ету;  ТЖ – дың әлеуметтік – экономикалык салдарын бағалау мен болжау;  зардап шеккен халыққа бірінші кезекте көмек көрсету, тіршілікті қалыптастыру;  ТЖМЖ мамандарының біліктілігін арттыру және даярлау, ТЖ         іс - әрекетіне халықты даярлау мен оқыту;  ТЖ – ды ескерту мен жою саласында халықаралық ынтымақтықты жүзеге асыру, авариялар, апаттар мен зілзала салдарын жоюға шетел мемлекеттеріне көмек көрсету болып табылады. ТЖМЖ құрамына кіретіндер:  Төтенше жағдай бойынша Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (ТЖМ), аймақтық органдары және ведомстволық ұйымдармен бірге құзырлыққа кіретін мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететін, орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың басқару органдары.  Орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың жұмысын басқару үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша комиссия құрылады:  Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша ведомство аралық мемлекеттік комиссия, төтенше жағдай бойынша аймақтық комиссия, салалық комиссия;  Мұнайдың төгілуіне жедел әрекет ету бойынша ұлттық комиссия;  Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен транспорттағы терроризмге қарсы координациялық кеңсе;  Транспорттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялар;  Республикалық, аймақтық және салалық эвакуациялық комиссиялар. ТЖМЖ аумақтық, қызметтік, салалық (нысандық) жүйеден тұрады және екі дәрежесі бар: жергілікті және республикалық (мемлекетгік). ТЖМЖ аймактық қосымша жүйесі қабылданған әкімшілік-аймақтық бөлінуге сай келеді. Әрбір аймақтық қосымша жүйе ТЖ алдын алу мен жоюға арналған және ережеге сай, оның құрамына ТЖ бойынша комиссия (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, нысандық) немесе оның міндетін орындайтын басқа орган, Қазақстан Республикасының төтенше жағдай бойынша Орталық атқарушы органдардың аймақтық органдары (облыстық, Астана, Алматы қ.  департамент, қалалық басқармалар, ТЖ бойынша аудандық бөлім), күнделікті басқару органдары (кезекші қызметті немесе 051 құтқару қызметін), сол аймақтағы функционалдық және ведомстволық қосымша жүйелер, оның ішінде қаржылық, тағамдық, медициналық және        материалдық – техникалық қорлар, байланыс жүйелері, хабарландыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сондай – ақ арнайы оқу орындары кіреді. Аймақтық қосымша жүйелердің тапсырмалары, ұйымдастырылуы және қызмет ету тәртібі, төтенше жағдайдағы мемлекеттік органдарының өзара қатынасы ҚР ТЖМ келісімі бойынша жергілікті атқаруы органдардың бекіткен ережелермен анықталады. ТЖМЖ қызметтік қосымша жүйелері Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының басқарушы органдарының күштері мен құралдарынан тұрады, мынадай тікелей міндеттерді шешеді:  Қоршаған табиғи ортаның жағдайын қадағалау;  ТЖ – ның алдын алу;  Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау;  Төтенше қор фондын пайдалану;  ТЖ – ны жою. Оған қоса жеке қызметтік қосымша жүйенің құрамына басқару органдары, бірнеше орталық атқарушы органдарының, ұқсас мәселелерді шешетін немесе бірін - бірі толықтырып отыратын ұйымдардың күштері мен құралдары кіруі мүмкін. Қызметтік қосымша жүйелердің негізгі міндетгері, ұйымдастырылуы және қызмет тәртібі ТЖМ бекіткен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметі туралы ережесімен анықталады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерінің тізімі ҚР Үкіметінің шешімі бойынша анықталады. ТЖМЖ салалық (нысандық) қосымша жүйелері Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарында, ұйымдарыңда құрылып, өздері тікелей басқарытын нысандардағы ТЖ алдын алу мен жоюға арналған. Салалық (нысандық) қосымша жүйелердің нақты құрылысы, олардың міндеттері, қаржылаңдыру тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті атқарушы органдарымен, ұйымдарымен анықталады және осы қосымша жүйе туралы ережелерге бекітіледі. Сонымен қатар әрбір салалық (нысандық) қосымша жүйе, олардың бөлімдеріне, ережеге сай, басқарушы органдар, күнделікті басқару органдары (күзет – диспетчерлік қызмет), ықтимал қауіпті нысандардағы жағдайды қадағалау мен табиғи ортаның жағдайын бақылаудың күштері мен құралдары, ТЖ жою бойынша күштер мен құралдар. Бұл саладағы ұйымдардың, органдар мен қызметтердің жұмысын ТЖ бойынша салалық комиссиялар басқарады. Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтар мен қоршаған табиғи ортаны ТЖ жағдайында қорғау бойынша мәселелерді шешуге қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасы заңнамасы және ондағы жарғылар бойынша ерікті негізде барлық деңгейде атсалыса алады. Төтенше жағдайдың алдын алу мен жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің бірінші орынбасарымен жүктеледі, ал төтенше жағдай бойынша аймақтық және салалық комиссиялар – облыс, қала, аудан әкімдерінің        орынбасарларымен, орталық атқарушы органдарының орынбасарларымен тиісінше жүктеледі. ТЖМЖ күштері мен құралдары бақылау мен қадағалаудың күштері мен құралдарына, сондай – ақ ТЖ жоюдың күштері мен құралдарына бөлінеді. Бақылау мен қадагалаудың күштері мен құралдары мыналардан тұрады:  ТЖ бойынша Орталық атқарушы органның кезекші қызметтерінен;  ықтимал қауіпті  нысандардың кезекші – диспетчерлік қызметтерінен;  апат медицина орталықтарының диспетчерлік қызметтерінен;  өртке қарсы қызметтердің бөлімшелерінен;  төтенше жағдайларды қадағалаудың Мемлекеттік органдары, техникалық бақылау;  радиациялық және ядролық қауіпсіздікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын оргаңдардан;  транспортты қауіпсіз пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын органдардан;  сәулет – құрылыстық бақылауды жүзеге асыратын органдардан;  Мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;  Ветеренария, фитосанитария, жануарлар мен өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;  Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды, оның ішінде гидрометеорология қоршаған ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметі;  Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар;  Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісін болжаудың республикалық жүйесінің қызметтерінен;  Сел, сырғыма және қар көшкінінің мониторинг) қызметтерінен;  орман және дала өртінің мониторингі қызметтерінен Төтенше жагдайды жоюдың күштерімен құралдары мыналардан:  Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері;  Республикалық және өңірлік аэромобильді жедел – құтқару отрядтары;  Өртке қарсы қызмет бөлімшелері;  Суда – құтқару қызметінің құрылымдары;  Су астында авариялық – құтқару қызметі;  Авариялық – құтқару және авариялы – қалпына келтіру құрылымдары, сонымен қатар тау – кен құтқару, газдан құтқару, мұнайдың атқылауынан қорғайтын және басқа да мамандандырылған қызметтерінің штаттары  051 құтқару қызметі;  Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі, оған қоса авиациялық күзет және орманды қорғау қызметтері;  Азаматтық қорғаныстың аумақтық және нысандық құрылымдары;  Сел, жауын – шашын және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі;  Әрдайым дайындықтағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскери бөлімшелері, инженерлік және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің басқа да әскер түрлері;  Бірыңғай авиациялық іздеу – құтқару қызметтерінен тұрады. Төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органдардың негізінде, өртке қарсы қызмет бөлімшелері, суда - құтқару қызметі, 051 құтқару қызметі, үнемі дайындықтағы әскери бөлімдердің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері, Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігінің инженерлік және басқа түрдегі әскерлері, әскериленген тауда құтқару, газдан құтқару, бұршаққа қарсы және басқа да мамандандырылған бөлімшелері, құрылыс және монтаждық ұйымдар және республиканың әртүрлі ұйымдарының басқа да ұқсас кәсіби қызметтері олармен келісе отырып, үнемі дайындықтағы авариялы – құтқару және авриялары қалпына келтіру бөлімшелері (күштері) құрылады, олар ҚР төтенше жағдай бойынша Орталық атқарушы органымен, ТЖМЖ әртүрлі деңгейдегі басқарушы органдарымен ТЖ тоқтату мен жою бойынша жедел жұмыстарды жүргізуге мүмкіндігіне қарай, елдің әр түрлі аймағына, сондай – ақ шет елге көмек көрсетуге тартылалы. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылмайтын үнемі дайындықтағы күштер, ТЖМЖ басқару органдарының шешімі бойынша құтқару және авариялы – қалпына келтіру жұмыстарына тартыла алады. ТЖМЖ қызметінің ақпаратпен қамтамасыз етілуі     Автоматтандырылған акпараттық – басқару жүйесімен жүзеге асырылады (ТЖ ААБЖ). ТЖ орын алған кезде жағдай туралы ақпарат төмендегілермен таратылады:  қалалардың, аудандардың, қала аудандарының, поселкелердің, ауылдық округтердің, ауылдардың, сондай – ақ ұйымдардың әкім аппараттарымен – дереу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарына;  ұйымдар - өкілеттілігіне сай орталық атқару органдарына дереу хабарлайды:  Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша орталық атқарушы органының аймақтық органдары - «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне дереу хабарлайды;  Егер барынша ауқымды және аймақтық төтенше жағдай туындаса, ол туралы ақпарат төменгідей беріледі:  Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдары – сол ауданмен шектесетін Қазақстан Республикасының әкімшілік – аймақтық бірліктеріне хабарлайды;  орталық атқару органдары – ведомство жанындағы ұйымдарда орын алған төтенше жағдай туралы «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне хабарлайды;   Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органы – дереу Казақстан Республикасының Үкіметіне, олардың өкілеттілігіне сай орталық атқарушы органдарына. ТЖМЖ қызметіне бейбіт және соғыс уақытындағы орын алған төтенше жағдайдың алдын алу мен ондағы іс - әрекеттерді жоспарлау, дайындау және іс – шараларды жүзеге асыру кіреді. Жүйенің қызмет етуі жағдайға байланысты үш тәртіпке бөлінеді: күнделікті қызметтегі, жоғарғы дайындықтағы, төтенше. ТЖМЖ, оның қосымша жүйесінің және бөлімшелерінің қызмет ету тәртібінің бірін енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органы, әртүрлі деңгейдегі басқарушы органдар аймақтық органдармен (облыстық, қалалық басқарма, ТЖ бойынша аудандық бөлім) келісе отырып, нақты жағдайға байланысты қабылдайды.  Жағдайға байланысты ТЖМЖ қосымша жүйесі мен бөлімшелері бір мезгілде әртүрлі режимде қызмет ете алады. Ережеге сәйкес, төтенше жағдайды жоюдың басшылығын жүзеге асыратындар:  нысандық төтенше жағдай кезінде – ұйым басшылары, қажет болғанда Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарының қатысуымен, ТЖМЖ қосымша жүйесінің аймақтық басқару органдары;  жергілікті төтенше жағдай кезінде – жергілікті атқарушы органдар, аварияның, апаттардың таралу аймағына байланысты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдары; Аймақтық және барынша аумақты ТЖ кезінде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының жұмысын төтенше жағдайдың алдын алу мен жоюдың Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы басқарады. Орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың бірінші басшылары ТЖМЖ басқарушы органдарының нұсқауларын орындамағанына немесе дер кезінде жүзеге асырмағанына жауап береді. ТЖ жою, ТЖМЖ – ның аймақтық немесе ведомстволық қосымша жүйелерінің күштері мен құралдары арқылы, олар орыналған аймақ немесе нысанда жүзеге асырылады. Егер ТЖ көлемі ТЖМЖ – ның аймақтық және салалық қосымша жүйелерінің басқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарының оны тоқтату мен жою қолынан келмейтіндей болса, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының көрсетуі бойынша, сондай – ақ орталық және жергілікті атқару органдарының өтініші және сол өтініштердің негізіндегі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының шығарған тиісті қорытындысы бойынша тиісті көмек көрсету бойынша шешім қабылдайды. Құрамалар мен Қарулы Күштер бөлімдері, Қазақстан Республикасының басқа да әскері мен әскери құрылымдары Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ТЖ жоюға тартылады, олардың тартылуы алдын ала бекітілген өзара әрекет ету жоспарымен қарастырылып қойған жағдайды қоспағанда. Мемлекеттік ТЖ кезінде халықтың, қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігі мен қорғалуы және шаруашылық нысандарының қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесіне бағытталған бағдарламаларды орындау, ТЖ алдын алу мен олардың тұрақсыздандырғыш әсерін төмендету жөніңдегі қаржылық, несиелік – инвестициялық саясатты, сондай – ақ авария, апат, табиғи апаттар мен басқа да апаттардың алдын алу мен зардабын жоюға дайындалу мақсатында тиісті басқару органдарымен жүзеге асырылады. Төтенше жағдай кезінде қорғану шараларына халықты оқыту Казақстан Республикасының жергілікті атқару органдарымен, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарымен сабақтарда, жұмыс орнындағы жаттығуларда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқулар мен тұрғылықты орындарда және арнайы оқулар барысында, сондай – ақ өз еркімен жүзеге асырылады. ТЖМЖ басқару орагандарының, олардың қосымша жүйелері мен бөлімшелерінің мамандарын дайындау ҚР ТЖМ ТЖ мен АҚ саласындағы басқарушы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстарыңда, облыстық (кала) халықты дайындау мен оқыту орталықтарында, өртке қарсы қызметтің оқу – материалдық базасында жүзеге асырылады. ТЖМЖ ұйымдарын, басқару органдарының дайындығы мен дайындық деңгейін, жүйенің күші мен құралын жетілдіру мақсатында оның қосымша жүйелері мен бөлімшелеріңде жыл сайын оқулар мен жаттығулар жоспарланады және жүргізіледі.   

Соғыс және бейбіт  уақытындағы жаппай зақымдау факторлары

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды ыдырауынан болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегінің (дейтерий мен тритий) жеңіл ядролық изотоптары синтезінің термоядролық реакциялары кезінде бөлініп шығатын ішкі ядролық энергияны пайдалануга негізделген осы замангы зақымдау құрал. Ядролық жарылыс кезінде мынадай зақымдаушы факторлар пайда болады: •   сокқы толқыны; •   сәуле жарқылы; •   өткіш радиация; •  жердің радиоактивтік ластануы; •  электромагниттік импульс. Ядролық ұрыс жабдықтарға ракеталардың, торпедалардың жарылатын бөліктері, ядролық бомбалар, артиллериялық снарядтар, тереңдікте жарылатын бомбалар, миналар (фугастар) жатады. Ядролық ұрыс жабдықтарынын қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді. Тротилдік эквивалент - әдеттегі жарылғыш заттың (тротилдің) массасы, оның жарылғыш энергиясы сол ядролық жарылғыштың жарылыс энергиясына тең болады. Тротилдік эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді. Қолдану мақсатына қарай ядролық жарылыс түрлері мынадай түрде болуы  мүмкін: •   биіктегі ядролық жарылыс; •   әуедегі ядролық жарылыс; •   жер бетіндегі (су үстіндегі) ядролық жарылыс; •  жер астындағы (су астындағы) ядролық жарылыс (1 сур.). ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ:   I. Соққы толқыны, түрлері: ауа соққы толқыны; су соққы толкыны; сейсмо толқындар (грунттағы). 1 сурет - Ядролық жарылыс түрлері Ауа соққы толқыны - жарылыс орталығынан жан-жақка дыбыстан тез жылдамдықпен тарайтын күшті сығылған ауа аймағы. Ауа соққы толқынының қуат көзі - жарылыс орталығындағы миллиард атмосфераға дейін жететін жоғарғы қысым. Ядролық жарылыстың жанған өнімдері тез таралып, төңірегіндегі ауа қабаттарындағы қысым туғызады. Тығыздалған ауа массасы одан әрі ұлғаяды да, қысым келесі қабаттарға өтеді. Осылайша қысым тез бір қабаттан екінші   қабатқа өтіп ауа соққы  бөлігі ауа соққы толкынының аймағы деп аталады. Сығылған ауа массаның ұлғаю есебінен оның кабатының қалыңдығы өсе түседі де өзінің жолындагы құрылыстар мен басқа да объектілерді қиратып, ашық жердегі адамдарды зақымдайды. Ауа соққы толқынының қирату күші мен әсер ету радиусы жарылыстың түрі мен қуатына, жер бедеріне, ауа райы жағдайларына байланысты болады. Ауа соққы толқынының зақымдау әсерін айқындайтын негізгі көрсеткіштері: артық қысым; ауа ағынының жылдамдығы (жоғарғы ауа екпіні) артық қысымының әсер  ету уақыты. Ауа соққы толқыны әсер еткен кезде, сондай-ақ оның қосалқы зақымының үйлер мен ағаштардың және басқадай заттардың ішкі органдары зақымдануы, контузия және әртүрлі зардапты жарақаттар артық қысым 20-40 кПа (0,2-0,4 кг/см2) болғанда, мұнда адам мертігеді, естуі нашарлап, контузия алады (жеңіл жарақат). Артық қысымның мелшері 40-60 кПа болған кезде адам орташа жарақат алады: ол ауыр контузия алады, есту мүшелері зақымданады, мұрын мен құлақтан қан кетеді, аяқ пен қол буыны шығады. Ауыр жарақаттану артық қысым мелшері 60-100 кПа болған кезде байқалады. Ол ауыр контузия алумен, аяқ-қолдардың сыныуымен, құлақ пен мұрыннан күшті қан кетуімен сипатталады. Өте ауыр жаракат артық кысым 100 кПа-ден жоғары болған кезде байқалады. Өте ауыр жарақат адамның өліміне келдіреді. Соққы толкынының әсерінен қорғанудың негізгі құралдары: паналау ғимараттары, радиациядан қорғану орындары, адамдардың паналауына ыңғайлап жасалынған метрополитендер мен шахталар, қарапайым паналау орындары (ор, жыра). Үйлер мен ғимараттарды қирату дәрежесіне қарай ядролық зақымдау ошагын мынадай төрт аймаққа: толық, күшті, орташа және әлсіз қирау аймақтары деп бөлу қабылданған.

 Сәуле жарқылы - ядролық  жарылыстың зақымдаушы  факторы,   ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелерден түрады. Сәуле жарқылы пайда болғаннан кейін секундтың алғашқы үлесінде температура миллиондаған градусқа жетеді және ультракүлгін сәулелер басым болады, ал отгы шардың суыну дәрежесіне қарай көрінетін және инфрақызыл сәулелер басым болады. Жарықтың сәуле шығару көзі - жарылыстың жарық шығару бөлігі, бұл бөлік жарылыстың 8000-10000°С температураға дейін қызып, балқыған газ түріндегі өнімдерінен түрады. Ол адамдар мен жануарлар терісінің ашық бөліктерін күйдіріп (I - IV дәрежелі күйік туындайды), көзді зақымдайды, өнеркәсіп нысандарда, елді мекендерде және ормандарда өрт тудырып, түрлі материалдарды тұтандырады. Түрлі заттардың көлеңкелері сондай-ақ паналау ғимараттары мен паналау орындары қорғаныш бола алады.

 Өткіш радиация  - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын  гамма-сәулелер мен нейтрондар ағыны. Өткіш радиацияның көзі - ядролық реакциялар. Өткіш радиацияның әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды. Өткіш радиацияның зақымдау әсерін айқындайтын негізгі көрсеткіші: иондаушы сәуле дозасы. Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Ол төмендегіше бөлінеді:  жұтылған доза — сәулеленген ортанын масса бірлігі жұтқан  энергия, ол халықаралық (СИ) жүйе  бойынша грэймен (ГР) өлшенеді. 1ГР = 1 Дж/кг. Дозаның   жүйеде   жоқ   бірлігі - "рад" болып   табылады (рентгенің биологиялық эквиваленті). 1 ГР=100 рад ; 1 Р = 1 рад  экспозициялық доза — ауанын иондалуы бойынша кл/кг (кулон кг-ға) өлшенетін рентген және гамма-сәуленін мөлшері. Жүйеде жоқ бірлігі - рентген (Р) қолданылады. Рентген - гамма-сәуленің мөлшері, оның әсерінен температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм 1 см3   құрғақ ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады.  эквиваленттік доза – ағзадағы радиациялық қауіпінің биологиялық әсер етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен ("ЗВ") өлшенетін доза. Жүйеде жоқ бірлігі - "бэр" (рентгеннің биологиялық эквиваленті). 1 бэр =1 Р;   1 ЗВ = 100 бэр  Өткіш радиацияның зақымдаушы әрекеті адамдардың сәулеленуін тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма-сәулелер мен нейтрондар жасушаның молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәулеленуіне шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. Үсті жабылған жаралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары, сондай-ақ қорғаныс киімдер өткіш радиация әсерін күрт әлсіретеді. Әр түрлі материалдардың гамма-сәуле жарқылын әлсіретуін сипаттау үшін жартылай әлсірету қабатының жарты мөлшері, яғни, гамма-сәуле жарқылының жиілігін екі есе әлсірете алатындай материал қабатының қалындығы пайдаланылады. IV. Жердің радиоактивтік ластануы - ядролық жарылыс бұлтынан жауған радиоактивті заттар жерге түсіп жерді ластайды. Радиоактивті заттардың көздері: • ядролық зарядтың ыдырау өнімдері, сәуле шығаратын альфа-бета бөлшектері мен гамма-сәулелері; • ядролық зарядтың реакцияға қатыспаған бөлшектері (уран,  плутоний); • бетабөлшектері мен гамма-сәулелері сәулелендірген топырақтағы  нейтрондардың әсерінен пайда болған радиактивті заттар (топырақтағы радиоактивтілік). Радиоактивтілік - бірқатар химиялық элементтердің (уран, радий, фторий және т.б) өзінен-өзі ыдырауы және көзге көрінбейтін сәулелер (альфа және бета бөлшектер, гамма-сәулелер) шығару қабілеті. Бұл радиоактивті элементтер жартылай ыдырау кезеңімен, яғни барлық атомдардың жартысы ыдырайтын уақытпен өлшенетін қатаң белгілі бір жылдамдықпен ыдырайды. Түрлі радиоактивті заттар үшін жартылай ыдырау кезеңі секундтың бірнеше белігінен миллиардтаған жылдарға дейінгі кең шектің аралығында болады (цезий - 33 жыл, стронций - 28-30 жыл, плутоний - 24 мың жыл). Ағзада жайылуына қарай барлық радиоактивті изотоптар 4 топқа бөлінеді: - сүйекте жиналатын (стронций, радий, кальций, уран). - бауырда жиналатын (церий, плутоний); - бірдей бірнеше мүшелерде (бауырда, бүйректе, бұлшық етте және т.б.) жиналатын (тритий, цезий). - тек бір мүшеде (йод - қалқанша безде, цинк - ұйқы безде). Радиация деңгейі — бұл радиоактивті сәулелердің қарқындығы, зақымданған жерде белгілі уақыт ішінде адамның сәуленуы мүмкін доза қуаты. Жердің радиоактивті заттармен ластануы Р/сағ өлшенеді. Радиацияның деңгейі 0,5 Р/сағ және одан да жоғары болған кезде жер зақымданған деп есептеледі. Негізгі өзгешілігі: радиация дәрежесі "7-10" принцип бойынша бәсендей береді, яғни 7 мәрте уакыт өткен сайын радиация деңгейі кез келген нүктеде шамамен 10 есе төмендейді. Киімге және теріге қонған радиоактивті заттар, сондай-ақ гамма-сәулелерімен сәулеленуы адамдар мен жануарларда сәуле ауруын тудырады. Радиоактивті зақымнан қорғанудың негізгі әдістері - қорганыс құрылыстарына (паналау ғимараттарына, радиациядан қорғайтын паналау орындарына, қарапайым паналау орындарына) адамдарды паналату және жеке құраддарын пайдалану. V. Электромагниттік импульс. Ядролық жарылыс кезінде электрлі және магнитті өрістер пайда болады, өте қысқа мерзімде ғана болғандықтан оларды электромагниттік импульс деп атайды.  Электромагниттік импульс байланыс аппараттарына зиян келтіріп, сыртқы желілірге қосылған электр қондырғыларының жұмысын істен шығарады. Адамға әсері жоқ.

РАДИОАКТИВТІК ЛАСТАНУ АЙМАҒЫ Түзілген радиоактивтік бұлт желдің екпінімен қозғалады. Одан жауған радиоактивтік заттар жерде көзге көрінбейтін радиоактивтік тозаң іздерін құрайды. Радиоактивтік заттар жауған аудандарда жер бірдей ластанбайды. Ең күшті ластану жарылысқа таяу манда болады, ал одан алыстаған сайын азая береді. Жазық жерде радиоактивтік бұлт ізі эллипс формаға йе болады.  Радиоактивтік ластану 4 аймаққа бөлінеді: • А аймағы (баяу радиоактивтік ластану аймағы); • Б аймағы (күшті радиоактивті ластану аймағы); • В аймағы (қауіпті радиоактивті ластану аймағы); • Г аймағы (төтенше қауіпті радиоактивті ластану аймағы) (2 сур.). Аймақ радиация деңгейімен (Р1) және экспозициялық доза (Д) мөлшерімен өлшенеді.   2 сурет - Радиоактивтік ластану аймағы  

 ЯДРОЛЫҚ  ЗАҚЫМ ОШАҒЫ Ядролық жарылыстың  зақымдаушы факторларының әсерінен  өрт, жаппай қирау, коммуналдық-энергетикалық  тораптарда апаттар, жердің радиоактивті  ластануы және халық арасында  едәуір шығын пайда болатын  аумақ. Ядролық зақым ошағының  аумағы қолданылған қарудың мөлшері  мен қуатына, жарылыстардың түріне, құрылыстың сипатына, жер бедеріне (акватория терендігі) және ауа  райы жағдайларына байланысты. Қирау  сипатына қарай және құтқару  жұмыстарының көлемін белгілеу  үшін ядролық зақым ошағын 4 аймаққа  бөледі: •   толық қирау аймағы; •   күшті қирау аймағы; •   орташа қирау аймағы; •   әлсіз қирау аймағы  

 

 

 

 


Информация о работе Төтенше жағдай туралы түсінік