Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан да салықтар мен кірістерді бюджеттердің түрлері бойынша бөлу жүйесі біртұтастық принципіне (салықтардың мөлшерлемесімен түрлерін үйлестіру) және дербестікке иек артуға тиіс. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұнын қарастыру, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің топтарының арасында шығындар мен табыстарды бөлу, бюджет тапшылығының экономикалық мазмұнын, бюджет тапшылығының пайда болу тетіктерін, ашу болып отыр.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
I Бөлім Мемлекеттік бюджет мәні және мазмұны
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, мазмұны...................................4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономиканы басқару құралы ретінде.....................9
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін бөлу.....................................12
II Бөлім Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
2.1 Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі..............21
2.2 Мәдени салаларға жұмсалатын шығыстар......................................................24
2.3Шаруашылық саладағы мемлекеттік бюджеттердің қаржылық негіздері .........................26
Қорытынды.................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі.doc

— 149.00 Кб (Скачать документ)

   Экономиканың дамуына байланысты   оның  басқару құралы ретінде бюджеттік бақылаудың  мәні  ұлғаяды. Қоғамдық   өндірістің  ауқымы  неғұрлым  ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны  жоғары, сондықтан ақша  қаражаттарын уақыттында  қалыптастыру  мен   тиімді  пайдалану процестерін   бақылау  өте маңызды.

   Бюджеттің  рөлі экономиканы   ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм  арқылы   ісеке   асырады. Осы механизмнің арқасында  обьективтік бар қатынастарды экономиканың  даму  мүддесінде  пайдаланудың  мүмкіншілігі   болады.  Бюджеттік  механизім – ол бюджеттік  қатынастардың  ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы    формалар  кешені  мен  қаржылық   ресурстарды  қоғамдық   іс  - тәрекет  салалары   және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс -  тәсілдердің жүйесі.  Бюджеттік механизімнің  обьективтік негізгі мемлекеттік бюджеттің экономикалық  мазмұнын   құрайтын  бөлу  қатынастар   процесі болып табылады.   Экономикалық    категория    ретінде  бюджеттің   өзінің  ішкі құрылымында  кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар көрінісінің  формаларына  тәуелді келесі құрылымдық тізбектерді  бөлуге болады, олар : ақша қаражаттарын  мемлекет  тарапына  жұмылдырылатын  әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік   қаражаттар  бөлу  мен  қайта  бөлу  және  олармен  маневр  жасайтын  әдістер.  Сонымен, мемлекет экономиканы  басқаруда бюджеттік механизмді  белсенді  түрде  пайдаланады. Ол әлеуеттік-экономикалық дамудың маңызды  бағыттарға  сәйкес экономиканың салалық  және аумақтық құрылымын жетілдіруде,  жалпы барлық  ресурстар  түрлерін  тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Соныман   қатар, мемлекеттік  бюждет өзінің  барлық  көрініс және  пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы  ретінде болып, қоғамдық  өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа және ынта  түрлерінде интегралды әсер етеді. Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары  арасындағы орны мен мәнін  келесідей  анықтауға  болады .

Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан  айырмашылығы  - ол қоғамдық  экономикалық   және  әлеуметтік  дамудың  негізгі  бағыттарында   пайдаланылатын   қоғамдық  өнім   құнының   бір  бөлігінің  айналымымен   байланысты  бөліс  қатынастардың  кең  комплексінің   бейнеленуі.  Бұл мемлекетке бюджет арқылы  барлық  ел  ауқымында   құндық  бөліс процестерін    орталандыра   басқаруға  мүмкіншілік  береді.

Екіншіден, бюджет  барлық  кірістер мен  шығыстардың  басқа   баланстары,  қаржы  жоспарлар,  несиелік   және   кассалық  жоспарлармен    тығыз  байланыста.

Үшіншіден, мемлекеттік  бюджет қалыптастыру процесінде  макроэкономикалық, қаржылық  және  өндірістік   көрсеткіштер   талданады   және  анықталады,  қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының  байланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық  және  әлеуметтік   даму  көрсеткіштері   қаржы және  несие ресурстарымен тұжырымды қиыстыруға  жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қазақстан Республикасының бюджет  жүйесін бөлу.

 

       Мемлекетттік  органдардың  өздерінің  функцияларын  орындау  үшін   басқарудың  барлық  деңгейінде тиісті  қаржы   болуы тиіс.  Бюджеттердің жекеленген   түрлерінің  кірістері  мен  шығыстарын  қалыптастыру, оларды  теңестіру   процесінде  заңмен  реттеліп  отыратыны  белгілі.  Қазақстан  Республикасының  бюджет  жүйесі бюджет  құрлымының   унитарлы  типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералды  емес, басқарудың  Президенттік нысаны  және  сайланатын  Парламенті  бар унитарлы  мемлекет.

Қазақстан Респубикасы  жиынтығында мемлекеттік бюджетті  құрайтын  бекітілетін , атқарылатын және  дербес  болып табылатын мынандай бюджеттер жұмыс істейді:

  • Республикалық бюджет;
  • Облыстық  бюджет, республикалық мағызы  бар қаланың астананың бюджеті;
  • Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың бюджеті) Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында  төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы міндет.

1991 жылы  Қазақстан  Республикасының  бюджет жүйесі  түбегейлі өзгеріске ұшырады.  Бұған  дейін Қазақстанның  мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас  республикалардың мемлекеттік бюджеті сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда  ел аумағының  барлық бюджеттері, соның ішінде  ауылдық және поселкалық бюджеттер де  қамтып  көрсетіледі, онда  ел  аумағының  барлық  бюджеттері де  қамтып  көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен, 15  одақтас республиканың мемлекеттік бюджетінен  және   мемлекеттік   әлеуметтік    сақтандыру бюджетінен тұрады . Одақтық бюджетке 1970-1990 ж.ж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы  ауқымының 50-52% тиді, оның 35% республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің  қарамағында болды .

   Бюджет кодексіне   сәйкес, мемлекеттік  бюджет - аралығындағы  өзара өтелетін   операцияларды  есепке  алмағанда, республикалық және  жергілікті  бюждеттерді  бекітіретін, талдамалық  ақпарат ретінде пайдаланатын   және  бекітуге  жатпайтын жиынтық бюджет .

   Қазақстан   Республикасы  мемлекеттік  бюджеттің  басты  бөлігі  республикалық   бюджетке  шоғырланған. 

    Республикалық  бюджет – бұл  салық  және  басқа  да  түсімдер    есебінен  қарастырылатын және  орталық мемлекеттік органдардың,  оларға ведомствалық  бағынышты мемлекеттік  мекемелердің міндеттері  мен функцияларын   қаржымен   қамтамасыз етуге және  мемлекеттік саясаттың   жалпы  республикалық   бағыттарын  жүзеге    асыруға  арналған  орталықтанған  ақша  қоры.

     Жергілікті  бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің  бюджеттері) Облыстық бюждет, ауданның бюджеті .

   Тиісті  қаржы   жылына арналған  республикалық  бюджет Қазақстан  Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың  шешімдерімен  бекітіледі.

     Төтенше  мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан  республикасындағы  төтенше  немесе  соғыс  жағдайында  енгізіледі.  Төтенше мемлекеттік бюджетті  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі   орталық  уәкілетті  орган  әзірлейді  және  оның  күшін  жою  туралы Президенттің Жарлығы   төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу  және  оның  қолдануын   тоқтатуға   негіз  болып табылады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы  тоқтатылғаннан  бастап   республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің   атқаруы  тиісті  қаржы  жылына арналған   республикалық бюджет  туралы  заңға және тиісті  қаржы  жылына   арналған  барлық деңгейлердің  жергілікті бюджеттері туралы маслихаттардың  шешімдеріне   сәйкес  жүзеге  асырылады. Бюджеттің  бірлігі  қағидаты бюджет  жүйесінің  ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік  қағидаты КСРО-ның  бюджет  жүйесінде  неғұрлым  толық  көрінді. Қазіргі  кезде  биліктің  жергілікті  оргындарының   дербестік алуымен және    оларға  қаржы ресурстарын иелену  жөніндегі  құқықтардың   берілуімен   байланысты   бұл   қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай  қаржы  саясатын  қамтамасыз  етуге   бағытталған  және  ең  алдымен  Қазақстан  Республикасы  егеменді мемлекеттің  жалпы  экономикалық   және  саяси  негізін  тірек  етеді. Ол  реттеуші  кіріс  көздерін   пайдалану  арқылы  барлық  деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі  үшін оларды қаржылық  қолдауға,  сондай-ақ  ішінара  қайта  бөлудің  мақсаты  және  аумақтық  бюджет қорларын  жасауға  негізделген. Бюджеттердің  бірлігі бюджет   жүйесін  құрудың   маңызды  қағидаты  болып  отырған   оның  жеке  буындарының дербестігін  жоққа  шығармайды. Бюджеттердің  дербестігі  қағидаты  түрлі  деңгейдегі  бюджеттердің  арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді  белгілейді  және оларды  жұмсаудың   бағыттарын  нықтайды.

    Биліктің  әрбір  органы   өз бюджетін  жасайды, бекітеді  және  оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері шығыстарды  бөлуді  шектейтін айқын құқықтар  белгіленген.

   Бюджет   қаражатын  пайдалана  отырып, өзара  талаптарды есепке алу  сияқты бюджет  қаражаттары бойынша талаптардан  шегінуге  жол бермейді.

   Бюджеттің  толықтылығы (толымдылығы) бюждетке үкіметтің барлық  қаржы операцияларының, оның  жинайтын барлық түсімдерінің және   жасайтын  шығынтарының,  Қазақстан  Республикасының  салық  және бюджет  заңнамаларында белгіленген барлық түсімдердің тізбесінің бюджеттерде және   Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық     көрсетілуімен  қамтамасыз  етіледі.

Реалистикалық  қағидаты – параметрлердің экономикалық ағымдағы жай күйінің  көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтарының   параметрлеріне және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Реалисттік қағидатына ең  алдымен  жеке қаржы жоспарын, сметаларды және  жалпы  тиісті деңгейлердің бюджет  жобасы  процесінде қол  жетеді. Нақтылық дамудың болжамдары мен бағдарламаларының  көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен    нығайтылған кірістердің  барлық  көздерімен  шығыстар  бағыттарының  есеп-қисаптарының  негізділігімен анықталады.

  Транспареттік қағидаты - бюджет заңнамасы салаларындағы нормативтік-құқықтық  актілерді,  бекітілген  бюджеттер және олардың  атқарылуы туралы есептемелерді  мемлекеттік фискалдық саясатына   қатысты  басқа  ақпаратты   міндетті  түрде  жариялау, бюджет процесінің   анықтылығы,  мемлекеттік  қаржылық   бақылауды    жүргізу.

Дәйектілік   қағидаты   дегеніміз-   мемлекеттік   басқару   органдарының    бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылданған   шешімдердің  сақталуы.

  Тиімділік   пен  нәтижелік   қағидаты -  бұл бюджеттік бағдарламаның   паспорты  қарастырылған  нәтижеге жету үшін қажетті бюджеттік қаражаттардың   оңтайлы көлемін    пайдалана отырып белгілі бір нәтижеге  жету  қажеттілігіне   қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.

 Басымдылық  қағидаты – бюджеттік процеске  республиканың немесе    аймақтық   әлеуметтік  экономикалық  дамуының   басты бағыттарына сәйкес   жүзеге  асыру.

Жауапкершілік   қағидаты - бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет  заңнамасын   бұзғаны  үшін  жауапқа  тарту.

Бюджеттердің   жариялық  қағидаты   бекітілген  бюджеттермен   алдағы   қаржы  жылына  арналған  бюджет  туралы   заң   мен  өткен   кездегі   олардың атқарылуы  туралы   есептердің  жариялануы арқылы  қамтамасыз етіледі.

Кірістер   мен   шығыстардың  егжей-тегжей тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамалармен  анықталады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама сыныптау обьектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомствалық және экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің   түсімдері мен  шығыстарын  топтастыру   болып  табылады .

 Бюджет  түсімдерінің    сыныптамасы  бюджет   заңнамасына   негізделген   барлық    деңгейлер   бюджеттерінің  түсімдерін   белгілі   бір   сыныптамалар   бойынша    топтастыру   болып    табылады.  Сыныптармен   ішкі  сыныптар   түсімдерді олардың көздер мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік  бюджетке  төленетін  төлем  немесе  түсім түрін анықтайды.

Бюджет  шығыстарының   функциялық  сыныптамасы   барлық   деңгейлер   бюджетінің  шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекеттік   функцияларының орындалуын, республикада  мемлекеттік  саясаттың  жүзеге   асырылуын қамтып көрсететін функциялық және ведомствалық белгілері   бойынша  қаражаттарының  жұмсалу  бағыттарын  анықтайды .

  Фуикциялық   топ - салалық белгілері мен  функциялық бағыты бойынша  бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ  - функциялық топ   ішінде бюджет қаражаттарын  жұмсаудың  бағыттарын анықтайды. Бюджет    аралық  қатынастар:

  1.   республикалық және облыстық  бюджет,  республикалық маңызы  бар қала, астана бюджетінің арасында бюджет кредиттерімен;
  2. Облыстық және  аудандық бюджеттер арасында;

      Ресми   трансферттермен;

      Бюджеттік   кредиттерімен:

      Кірістерді  бөлу  норамтивтерімен  реттеледі.

Ресми  трансферттер жалпы сипаттағы  трансферттер ағымдағы   нысаналы   трансфетте, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.  Бюджетаралық реттеу - теңгерімділік мақсаттарында жоғары бюджет беруден   тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу   механизміне бюджеттік  субвенциялар,  бюджеттік ағымдар,  реттеуші кіріс  көздері  жатады.

        Әр бюджетте оның шығыс және  кіріс бөлігін теңдестіріген,  яғни    баланстаған  дұрыс.  Баланс  -  бұл  тепе-теңдік, бюджетті  жасаған кезде       негізгі мәселе   мемлекеттің ақшалай түсімдері мен  шығыстарының осындай    жай-күйіне жету  болып табылады.

Кірістер  шығыстардың, яғни бюджетке түсетін жалпы сомасының   шығыстардың  және қайырымды  негізде бөлінетін кірістердің ағымынан    асып түсуі бюджет артықшылығын - профицитті құрайды. Ол мемлекеттік    борышты   өтеуге   бағытталады немесе  бюджеттік   қаражаттардың   бос  қалдығын   құрауы   мүмкін.  Аяқталған    бюджет   жылы   бойынша    бюджет   кезеңінің  аяғында   қалыптасқан бюдждеттік  қаражаттардың   бос қаражаттары үкімет  пен   жергілікті   атқарушы    оргындардың   арнайы   шоттарына есептеледі  және   кассаның  айналымдағы   нақты ақшасының   өсуіне    және     биліктің   тиісті   органдарының  мемлекеттік   борышын  жабуға   пайдаланады.  Мұндай    қажеттік   болмаған   жағдайда    бұл   қаражаттарды    пайдалану    туралы  шешімдерді  тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың    кірістерден    асып    түсуі мемлекеттік бюджеттің    тапшылығын    тудырады.     Тапшылықтың   едәуір   әрі тұрақты   болуы    қаржылық   дағдарыстың   жай-күйін   сипаттайды.

Информация о работе Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі