Электрэнергетикалық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2012 в 17:39, автореферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың діңгегі - энергетика. Еліміздің әлеуметтік ахуалының жақсаруы, экономикасының дамуы - тікелей энергетикалық әлеуеттке байланысты. Қазақстан келесі жылы электр энергетикасына қаржы салуға ең ыңғайлы нарықтың бірі болады. Сондай-ақ қазір Қазақстанда энергетика саласына инвестиция тартумен қатар, қалпына келетін энергия көздерін дамыту ісіне де көп көңіл бөлініп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

womanova.doc

— 256.50 Кб (Скачать документ)

Қаржылық талдау келесілерден тұрады:

- бастапқы талдау;

- қаржылық тұрақтылықты  бағалау;

- теңдестіктің абсолютті  өтімділігін талдау;

- қаржы коэффициентін  талдау;

- қаржылық нәтижелерді  талдау;

- табыстылық пен іскерлік  белсенділігінің коэффициенттерін талдау.

Кәсіпорынның іс - әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау мына бағыттарда жүргізіледі:

- пайда көрсеткіші  динамикасын бағалау;

- пайданы бөлудің дәлелдігін  талдау;

- пайданың өсу факторларын  талдау;

- табыстылық пен іскерлік  белсенділікті бағалау.

 

Кесте 1 – Табыстылық пен іскерлік белсенділіктің негізгі коэффициенттері

Коэффициент

атауы

Нормативтік мәні

Есептеу реті

Сипаттамасы

Автономия

0,5 – 

тен артық

МК/А

Коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі артқандығын  көрсетеді. Міндеттемелерді орындау  кепілдігін арттырады.

Меншікт және айналмалы қаражаттарының арақатынасы

Ең көп 

мәні

(МКҰН)/МАК

Коэффициенттің өсуі қарыздық капиталдың оларды жабатын  меншікті көздерден артықтығын көрсетеді

Ептілігі

 

(МАК – А1)/МК

Коэффициент мәнінің  жоғарлауы – кәсіпорынның жақсы  қаржылық жағдайын көрсетеді

Запастар мен шығындарды меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілуі

1

(МАК – А1)/МК

Коэффициент мәні нормативтен  төмен болуы кәсіпорынның қорлары  мен қаржысының меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеуін білдіреді

Өтімділік

0,8-1

А3 / (П2-ҰН)

Кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айырысқан жағдайда болжамдық төлемдерін көрсетеді.

Абсолюттік өтімділік

Ең аз мәні 2

ӨЖА/ (П2-ҰН)

Кәсіпорынның жуық арада  қандай қысқа мерзімді қарыздарын өтей алатындығын көрсетеді

Төлем қабілеттілік

Ең аз мәні 2 ІӨК>НӨК

Іс жүзінде (А23) / (П2-ҰН), нормативтік (А23-ҰН) / (П2-ҰН)

Кәсіпорынның дебиторлармен  дер кезінде есеп айырысып, дайын  өнімді табысты түрде сатылған жағдайымен қоса, қажет болса, өзге де айналмалы  капитал элементтерінің сату кезіндегі  төлем қабілетін сипаттайды

Өндірістік маңызы бар  мүліктің нақты құны

Ең аз мәні 0,5

(НК+ӨЗ+АӨ)/А

Коэффициент кәсіпорынның өндірістік маңызы бар мүлкінің нақты  құндық үлесін көрсетеді.

Ескерту – Ақпарат көзі : Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / Алматы: Экономика, 2008. – 792 бет.


 

 

Қазақстан Республикасының  бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЭЖ) республика тұтынушыларын  сенімді де сапалы энергиямен қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілерінің және қосалқы станцияларының жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының  электр энергетикасы мына секторларды  қамтиды:

- электр энергиясын өндіру;

- электр энергиясын беру;

- электр энергиясымен жабдықтау;

- электр энергиясын тұтыну;

- электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

Энергия объектілерінің, жекелеген энергия қондырғыларының  құрылысы мен іске қосу жөніндегі  қызметтер және электр энергетикасы нарығы субъектілері үшін мамандандырылған жөндеу қызметтерін көрсету қызметін құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары жүзеге асырады.

Өндіру және тұтынушыларды  энергиямен жабдықтау үшін жаңа тиімді энергия үнемдеуші және экологиялық  таза технологияларын енгізу проблемасын  шешуімен ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу институттары айналысады.

Энергия өндіретін ұйымдар  да, электр желілік компаниялар мен  тұтынушылар да (Қазақстан Республикасында  электр энергиясы мен қуаттың  көтерме нарығына қатысушылар) Қазақстан  электр энергетикалық қауымдастығының  мүшелері болып табылады.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері:

- қызметі электр энергетикасы саласымен тікелей немесе өзге де түрде байланысты болатын барлық ұйымдарға қолдау көрсету;

- электр энергетикасы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу.

Электр энергиясының нарығы екі деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарынан, жылу энергиясы нарығы бір деңгейден - бөлшек нарықтан тұрады.

ҚР БЭЭЖ-дің жүйелік  операторы мынадай негізгі функцияларды орындайды:

- шартқа сәйкес Қазақстанның ҰЭЖ-і бойынша электр энергиясын беру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетеді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалануға әзірлікте ұстауды қамтамасыз етеді;

- ҚР БЭЭЖ жұмыс режимдеріне орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;

- ҚР БЭЭЖ жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді;

- электр энергиясын өндіру-тұтынуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелі қызметтер көрсетеді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді жүзеге асырады;

- энергия өндіруші ұйымдар арасындағы қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, таралуын және Қазақстанның БЭЭЖ-де қуат резервтерінің пайдаланылуын айқындайды;

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы мен жүйелік және қосалқы қызметтер нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- қосарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара әрекет етеді;

- бірыңғай ақпараттық жүйе, электр энергиясының коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесін жасау, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерін релелік қорғау және аварияға қарсы автоматиканың ұштасқан құрылғыларын жасау бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

 

Кесте 2 – Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының күшті және әлсіз жақтарды, бұл сала үшін мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Электр энергетикасы саласының күшті жақтарына мыналар жатады: 
- арзан көмірді пайдаланатын жылу электр станцияларында электр энергиясын өндірудің жоғары үлесі (2009 жылы жалпы өндіріс көлемінің шамамен 74%-ы) 
- кернеуі 220-500-1150 кВ жүйе құрушы электр беру желілерінің дамыған схемасы;

- жедел диспетчерлік басқарудың орталықтандырылған жүйесі;

- жаңартылатын энергияның айтарлықтай әлеуетінің болуы (1,0 трлн.кВт.сағ жоғары); 
- Қазақстанның БЭЭЖ-нің Орталық Азияның БЭЖ-мен және Ресейдің БЭЖ-мен қосарлас жұмыс істеуі;

- электр энергиясының көтерме сауда - бөлшек сауда нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін нормативтік-құқықтық база жасалды;

- электр энергиясын экспорттау мүмкіндігі және транзиттік әлеуеттің болуы;

- отын-энергетика ресурстарының елеулі қорының болуы.

Электр энергетикасы саласының әлсіз жақтарына:

- өндіруші жабдықтардың парктік ресурсын айтарлықтай ендіру, бұл жұмыс істеп тұрған электр станцияларының электр энергиясын өндіру мүмкіндіктерін шектейді (ұлттық маңызы бар ЖЭС қалдық парктік ресурс 18-30 % құрайды);

- гидроэлектр станцияларының өндіруші қуаттар құрылымындағы төмен үлесіне байланысты (12% жуық) ең ұшқары жүктемелерді жабу үшін маневрлі өндіруші қуаттардың тапшылығы;

- өндіруші қуаттар таралуының әркелкілігі (Қазақстанның БЭЭЖ орнатылған қуаттарының 42% Павлодар облысында шоғырланған);

- өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілері тозуының жоғары деңгейі (~ 65-70%);

- жаңа электр станцияларын салуды қамтамасыз ететін тетіктің жоқтығы;

- Қазақстанның БЭЭЖ-нен электр байланысының жоқтығына байланысты Қазақстанның БЭЭЖ Батыс аймағының (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары) Ресейден жеткізілетін электр энергиясына тәуелділігі жатады.

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлер

Электр энергетикасы саласының  мүмкіндіктеріне:

- Батыс аймақты КР БЭЭЖ негізгі бөлігімен біріктіру;

- елдің жекелеген өңірлерінде энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу;

- қуат нарығын іске қосу;

- Республика өңірлерін ішкі энергетикалық ресурстармен жеткілікті  қамтамасыз ету;

- елдің экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерін арттыру;

- электр энергетикасы объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау.

Электр энергетикасы саласының  негізгі қауіп-қатері:

- жұмыс істеп тұрған электр станцияларында иелік және қондырылған қуат арасындағы қуат алшақтығының ұлғаюы және негізгі жабдықтардың істен шығуы;

- жабылмайтын электр энергиясы тапшылығының пайда болуы;

- елдің шектес мемлекеттердің электр энергиясына тәуелділігі.

Ескерту – Автордың құрастыруы


 

- электр энергиясы теңгерімінің ұзақ мерзімді болжамын әзірлеуді жүзеге асырады.

2 Электрэнергетикалық кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын бағалау. «Қызылорда энерго» ЖШС – гі электроэнергетика туралы Заңға сәйкес құрылды және 2006 жылдың 5 маусымында энергожабдықтаушы мекеме заңды тұлға ретінде тіркелді.

2006 жылдың 1 қарашасынан бастап  «Қызылорда энерго» ЖШС – гі  Қызылорда қаласы және Қызылорда  облысы бойынша электр энергиясын  жеткізуші болып табылады. Компанияның  негізгі жұмысы  - Қызылорда қаласы  және Қызылорда облысының тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Серіктестіктің қызметінің негізгі  бағыттары:

- электрэнергиясын өндіруші ұйымдардан  немесе орталықтандырылған саудадан  электр энергиясын сатып алады  және оларды тұтынушыларға бөлшек  бағамен сатады.

- өндіруші және тұтынушылар мүддесімен нарыққа қатысады; - Қазақстан Республикасының заңдылықтары негізінде электрэенргияның тарифін есептейді және мемлекеттік ұйымдарда осы тарифті бекітуге негіздеме жасайды.

- электр энергиясын тиімді пайдалануға  байланысты жұмыстар атқарады.

- электр энергиясын өндіруші  және таратушы мен тұтынушылар  арасында өзара есеп айырсуларға  әкімшілік қызмет көрсету міндетін  атқарады.

3 кестеде «Қызылорда энерго» ЖШС – нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау берілген. Талдау деректерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 3000938 мың теңгеге немесе 69,5 пайызға, өткізілген өнімнің өзіндік құны 2834945 мың теңгеге немесе 78,3 пайызға, жалпы табыс 165993 мың теңгеге немесе 24,0 пайызға өсіп отыр. Ал таза табыс 2009 жылы 29012 мың теңгені, 2010 жылы 122577 мың теңгені құраса, 2011 жылы 124820 мың теңге теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 2243 мың теңгеге немесе 1,8 пайызға өсіп отыр. Кәсіпорынның 2010 және жылдары таза табысының күрт өсуінің себебі өнімді өндіру көлемі ұлғайған. Негізгі қорлардың құны 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 152253 мың теңгеге немесе 6,8 пайызға, айналым қорларының құны 1028918 мың теңгеге немесе 88,4 пайызға, жұмысшылардың саны 23 адамға немесе 13,4 пайызға артып отыр. Жұмыскерлер санының артуына және орташа жалақының деңгейінің өсуіне байланысты еңбек ақы қорыда 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 18769 мың теңгеге немесе 30,0 пайызға өсіп отыр. Орташа айлық еңбек ақы көлемі есепті жылы 4335 теңгеге өскен. Дебиторлық қарыз көлеміде талданушы мерзімде өткен жылға қарағанда 798081 мың теңгеге немесе 5,6 есеге өсіп отыр, ал кредиторлық қарыз көлемі 120817 мың теңгеге немесе 90,3 пайызға кеміп отыр.

Кесте 3 - «Қызылорда энерго» ЖШС – нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлік

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Өзгерісі 2011-2010 ж.ж

+,-

%

1. Өнімді өткізуден   түскен табыс

Мың тг

6160233

4313902

7314840

+3000938

169,5

2. Өткізілген өнімнің  өзіндік құны

Мың тг

5589834

3622370

6457315

+2834945

178,3

3. Жалпы табыс (зиян)

Мың тг

570399

691532

857525

+165993

124,0

4. Таза табыс (зиян)

Мың тг

29012

122577

124820

+2243

101,8

5. Негізгі қорлардың  құны

Мың тг

351800

2232138

2384391

+152253

106,8

6. Айналым қорларының құны

Мың тг

1719964

1163398

2192316

+1028918

188,4

7.Жұмысшылардың орташа  тізімдік саны

адам

152

171

194

+23

113,4

8. Еңбек ақы қоры

Мың тг

51854

64510

83279

+18769

130,0

9. Орташа айлық еңбек ақы

тенге

28429,0

31438,0

35773

+4335

113,8

10. Дебиторлық қарыз

Мың теңге

1066085

172103

970184

+798081

5,6 есе

11. Кредиторлық қарыз

Мың теңге

648728

133847

13030

-120817

9,7

12. Еңбек өнімділігі

Мың тг/адам

40527,8

25227,5

37705,4

+12477,9

149,4

13. Қор қайтарымдылығы

теңге

17,5

1,93

3,07

+1,14

-

14. Қор сыйымдылығы

теңге

0,06

0,52

0,32

-0,2

-

15. Қормен жарақтандыру

Мың теңге

2314,5

13053,4

12291,0

-762,4

-

16. Рентабелділік

%

0,52

3,4

1,9

-1,5

-

Ескерту – «Қызылорда энерго» ЖШС – нің жылдық есеп мәліметтерін пайдалана отырып автордың есептеулері

Информация о работе Электрэнергетикалық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын бағалау