Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 21:05, реферат

Краткое описание

Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары проблемасы көкейтесті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:
• Өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
• Айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту;

Прикрепленные файлы: 1 файл

өндірістегі құрамы мен жіктелуі.doc

— 284.00 Кб (Скачать документ)

Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқулар. Бұл ауытқулар тұрақты үстеме шығындардың iс-жүзiндегi және күтілген пайда көлеміне тигізген әсерін көрсетедi. Бұл әсер калькуляциялаудың қандай әдiсiнiн қолдануына байланысты болады: шығындарды толығымен бөлiп тарату немесе айнымалы шығындар бойынша калькуляциялаума.

10

Тұрақты үстеме шығындардың қолдануы  бойынша ауытқу

=

сметалық тұрақты үстеме шығындардан аламыз iс-жүзiндегi тұрақты шығындарды

11*

Тұрақты үстеме шығындардың көлемi бойынша ауытқу

=

(iс-жүзiндегi өндірілетін өнiм көлемінен  аламыз сметалық өнім көлемін) * бiрлiкке қажетті үстеме шығындардың  бөлiп тарату нормативтiк ставкасына

12*

Тұрақты үстеме шығындардың тиiмдiлiгі бойынша ауытқу

=

(iс-жүзiндегi өндірілетін өнiм көлемі  үшiн қажетті нормативтiк уақытынан  аламыз iс-жүзiндегi жұмыс уақытын) * сағатына үстеме шығындардың  бөліп тарату нормативтiк ставкасына

13*

Тұрақты үстеме шығындардың  қуаты бойынша ауытқу

=

(iс-жүзiндегі жұмыс уақыттан аламыз  сметалық жұмыс уақытын) * сағатына  үстеме шығындардың бөліп тарату  нормативтiк ставкасына

14*

Тұрақты үстеме шығындар бойынша жиынтық ауытқу

=

(iс-жүзiндегі өндірілген өнім көлемін *  бiрлiкке қажетті үстеме шығындардың бөліп тарату нормативтiк ставкасына) *i-жүзiндегi тұрақты үстеме шығындарды


*Бұл формулалар тек абзорпшн-костинг үшiн ғана қолданылады.

 

Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялауда тұрақты шығындар бойынша жиынтық ауытқу 10-ші формуланы қолдана отырып,  тұрақты үстеме шығындардың қолдануы  бойынша ауытқу ретiнде есептеледi.

Өнімді сатудан түскен табыс бойынша ауытқулар. Бұл ауытқуларды тудыратын 2 себеп бар: баға және сату көлемiндегi айырмашылықтар.

15

Сату бағасы бойынша ауытқу

=

(жоспарлы өзiндік құнға негізделген  бір бірлікке тиісті iс-жүзiндегi жалпы (маржиналды) табыстан аламыз  бір бірлікке тиісті  жалпы (маржиналды)нормативтiк  табысты) * iс-жүзiндегi сату көлемне

16

Сату көлемi бойынша ауытқу

=

Іс-жүзiндегi сату көлемiнен аламыз сметалық сату көлемiн) * нормативтiк жалпы (маржиналды) табысқа

17

Жалпы (маржиналды) табыс бойынша жиынтық ауытқу

=

жоспарлы өзiндік құнға негізделген iс-жүзiндегi жиынтық жалпы (маржиналды) табыстан аламыз жиынтық сметалық  жалпы (маржиналды) табысты


 

Ауытқулардың жалпы себептерi төмендегідей болуы мүмкiн:

· қаржылық жоспарлаудың нашар болуынан;

· өлшемнiң және жазбаның нашар болуынан;

· кездейсоқ факторлар;

· операциялық факторлар.

Материалдар бойынша ауытқулары келесідей себептерден болуы мүмкiн:

· қамтамасыз ету көздерiнiң түрлi болуынан;

· бағаның кездейсоқ өзгеруiнен;

· жабдықтаушылар  тарапынан жеңiлдiктердiң өзгертiлуiнен;

· материалдардың түрлi сорттарын ауыстырудан:

· өнiмнiң дизайндарының өзгеруiнен және т.б.

Еңбек шығындары бойынша ауытқулары төмендегідей себептерден болуы мүмкiн:

·  нормадан тыс уақыттан немесе жоспардан тыс сыйлықтардан;

·  түрлi қиындық дәрежелі жұмыстардың ауыстырудан;

· еңбек жағдайын жақсартудан, сонымен қатар  бақылауды

   жақсартғаннан;

· материалдық ынталандыру жүйесiн енгiзуден немесе 

  қызметкерлердi   оқытудан.

Айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқулардың себептері төмендегідей болуы мүмкін:

    · үстеме шығындар статьялары бойынша кездейсоқ бағалардың өзгеруi;

    · үстеме шығындарды айнымалы және тұрақты  шығындарға

      дұрыс бөлiмбеуі.

Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқулардың себептері төмендегідей болуы мүмкін:

    · үстеме шығындар статьялары бойынша кездейсоқ бағалардың өзгеруi;

    ·  маусымдық әсерiнен (жылыту - қыста);

    · сұраныстың өзгеруіне байланысты өндiрiс көлемiнiң өзгеруi;

    · еңбек және жабдықтардың өнімділігінің өзгеруi.

Өнімді сатудан түскен табыс бойынша ауытқулардың себептері келесідей болуы мүмкiн:

   · бағаның кездейсоқ өзгеруi;

   · сұраныстың өзгеруi.

Ауытқуларды талдағанда төмендегі жағдайға назар аудару қажет:  бір ауытқудың себебi екiншi ауытқуға сол сияқты немесе керi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Бұл жағдайда, егер бiр ауытқу екiншi ауытқуды тудырса, онда осы 2 ауытқуларды бiрiктiрiп бiр себеппен түсiндiруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Қорытынды

 

Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.

Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі. Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі обьектілерінің бірі болып табылады.

Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру  барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Өнiмнiң өзiндiк құны – өндiрiске және өнiмдi сатуға кеткен ақшалай түрiндегi шығындарды айтамыз.

Калькуляциялау дегенiмiз - өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу немесе өнiмнiң бiр өлшемiнiң өзiндiк құнын есептеу болып табылады.

Тапсырыстық калькуляция келесiдей принциптер есебiн және шығындар жиынтығын қарастырады.

Бiрiншi принцип. Барлық тiкелей шығындар әрбiр тапсырыс, өндiрiстiк наряд немесе контракт бойынша есепке алынады.

Екiншi принцип. Қалған барлық шығындар туындау жерi бойынша және қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес калькуляция бiрлiгiнiң өзiндiк құнына енгiзiледi.

Өзiндiк құнды калькуляциялаудың процестiк әдiсi сериялық, және  жаппай өнiм өндiретiн кәсiпорындарында қолданады.  Бiр тектi бұйымдар белгiленген реттiлiкпен барлық өндiрiс этаптарынан өтедi, сондай-ақ бұл этаптар процестер деп аталады. Осы әдiс химиялық, цемент, мұнай өңдеу текстильдi және басқа да өндiрiс салаларында қолданылады. Сонымен қатар процестiк калькуляцияны әртүрлi  өнiм дайындайтын кәсiпорындар да қолдану мүмкiн, бiрақ  өндiрiс процесi тұрақты қайталанатын операцияларға бөлiну керек.

Өндiрiс процесiне қатар шығындардың жинақталуы мен өнiмнiң өзiндiк құнының өзгерiсi жүргiзiледi. өндiрiс процесiнде өзiндiк құн жинақталады және соңғы бөлiмшенiң шығындары жалмы шығындар сомасын  анықтайды.

Өзiндiк құнның нормативтiк калькуляциясы (standart-costing) - бұл бақылау әдiсi, ол нормативтiк шығыс пен табысты  iс-жүзiндегi шығыс және  табыс пен салыстырады. Бұл калькуляциялаудың әдiсi өндiрiстi бақылауды қамтамасыз ету және басқару қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау, сондай-ақ сметаларды жасау мақсаттары  үшiн қолданылады.

Шығындар есебiнiң нормативтiк әдiсiнде орталық элементi ретінде өнім бірлігінің өзiндiк құн карточкасы болып табылады. Әдеттегiдей ол 3 негiзгi өзiндiк құн элементтерден тұрады: негiзгi материалдар, тiкелей еңбек шығындары және өндiрiстiк үстеме шығындар. Бұл карточканың шығындары  iс-жүзiндегi шығындармен  салыстырылады.

Нормативтiк шығындардан ауытқу – бұл жоспарланған немесе нормативтiк шығындарды iс-жүзiндегi шығындармен салыстыруда туындаған айырмашылық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Пайдаланаған әдебиеттер тізімі

 

1.Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. «Терендетілген басқарушылық есеп». Алматы, Экономика: 2008

2.  ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы. 28.02.2007 жыл.

3. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің бұйрығы. 23.05. 2007 ж., № 185.

4. Мадиева К.С. Басқару есебі 1. Оқулық  құрал. – Қарағанды 2009.

5. Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп – оқулық/ Мадиева Қ.С. Қарағанды, КЭУ 2008.

6. Друри  К. Управленческий и производственный учет / Пер с англ. Учебник- М.:ЮНИТИ-ДАНА, издание 6, 2007

7. Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі:  Оқулық –Алматы: Экономика,2005

8. К.Т. Тайгишинова. Басқару есебі, оқулық құралы.-1 рет шығарылған қазақ тілінде өңделіп, толықтырылып. – Алматы: LEM,2011 -331 б.

9. ҚР 2007 жылдың 28 ақпанындағы «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы» - 234

10. Хорнгрен Ч.Т., Форстер Дж., Ш.Датар. управленческий учет, Питер,2007.

11. Ержанов А.К., Айтанаева Ә.К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы: 2009, -304 б.

12. Назарова В.Л.,  Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика 2005 ж. -298 б.

13. Төлегенов Э.Т. Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы 2006 ж.

14. Назарова В.Л, Шаруашылық  жүргізуші    субъектілердегі     бухгалтерлік     есеп.   Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.

      15.  «Кәсіпорындарындағы салық салу, салық есебі мен есептілігі»;Учебное   пособие, Алматы; Экономика 2009 ж.  34 баспа табақ

 

 

 


 



Информация о работе Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi