Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу
Курсовая работа, 26 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Содержание
Кіріспе...............................................................................................................3
Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11
Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25
III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31
Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Прикрепленные файлы: 1 файл
аудиттер.doc
— 309.50 Кб (Скачать документ)- Оқыту, аудиттің халықаралық стандарттарын қолдана отырып арнайы курстар өткізу арқылы аудиторлардың біліктілігін көтеру;
- Қаржылық есептілікті қолданушылар арасында есептілікті түсіну тұрғысынан ағартушылық қызмет көрсету;
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарын ендіру;
- Құзыретті мемлекеттік органдармен, басқа да мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен Қазақстанның аудитін дамыту мақсатында өзара байланыстар орнату;
- Аудиторлық ұйымдар мен аудиторларға қойылған шектеулерді алып тастау;
- Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес басқа да жарғыда көрсетілген мақсаттарға жету; /23 /
Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы оның құрылтайшылары болып табылатын аудиторлар палаталарының республикалық конференциясында ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады. Біліктілік комиссиясы ол туралы аудиторлар палаталарының республикалық конференциясында бекітілген Ереже негізінде әрекет жасайды.
Біліктілік комиссиясының қызметін қаржыландыруды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 105-бабына сәйкес жүзеге асырады. /7/
Біліктілік комиссиясың құрамына :
- Жалпы санының үштен екісінен аспайтын, әр аудиторлық палаталарының өкілдері;
- Жалпы санынынң үштен бірінен кем емес, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік органдар өкілдері кіреді.
Біліктілік комиссиясының негізгі функциялары:
- Біліктілік талаптарына сай жасалған емтихандар өткізу арқылы аудиторлыққа үміткерлердің біліктілік деңгейін анықтау;
- Аудиторлардың жеке мөрін және «аудитор» біліктілігін тағайындау туралы күәлікті беру арқылы «аудитор» бліктілігін беру туралы шешім қабылдау;
- Біліктілік күәлігін жою туралы шешімдер қабылдау және бұл шешім туралы Департамент пен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне ақпарат беру; /19/
Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамындағы тәуелсіз аудиторлардың басымдылығы Қазақстандағы аудиторлық қызметті реттеуде өзін-өзі реттеудің басым екендігін көрсетеді. ТМД аумағында жоғары деңгейде қалыптасқан аудиторлық қызмет нарығының бірі Қазақстан нарығы бола тұра, мұнда да көптеген талас туғызар жайттар бар. Жоғарыдағы схемада өзін-өзі реттеу қызметін аудиторлық ұйымдар атқаратынын көреміз. Аудиторлық ұйымдар нарықты реттеумен қатар, оны жалпыға ортақ түсінікті ету жолында қызмет жасайды.
Аудит секілді қолданушылары әрқилы деңгейдегі қызмет үшін стандарттар мен ережелердің бір болуы өте маңызды. Соңғы жылдарға дейін саланы стандарттаумен бір ғана аудиторлар палатасы айналысса, заңдардағы соңғы өзгерістерге байланысты қызір нарықта аудиторлар палатасы бірнеше.
Тиісінше, әр палата өз қызметі барысында өз нұсқаларын ұсынып, нарықта біршама түсініспеушіліктер болцы мүмкін. Сондықтан да осы жағдайларды заң жүзінде реттеуіміз керек.
Қандай да болмасын саланың жақсы дамуы үшін қызметін жетік меңгерген,білікті мамандар қажет. Ал аудиторлық қызмет нарығы білікті мамандардан тапшылық көруде. Мәселен, соңғы екі жыл көлемінде аудиторлар саны тек 11 адамға көбейді. Бұл көрсеткіш қырқынды дамып келе жатқан сұраныс кезеңінде өте аз. Оған себеп емтихандардың қиын болуынан немесе үміткерлердің тиісінше дайындалмауынан болып отыр. Екі себептің қайсысында болмасын аудиторлық қызметті реттеуші органдар тиісті шаралар қолдануы қажет. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы емтихандардың сапасы мен күрделілігін бақылауға алса, аудиторлар палаталары мамандарды дайындау процесін жетілдіруі керек екедігі анық.
Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет нарығын реттеу орта деңгейд деп айтуға болады. Осы бір экономикамыздың дамуына өзінің жанама әсерін тигізіп отыратын және оған деген сенімділікті туғызатын аудиторлық қызметті әрдайым дамытып, өзіне тән тәуелсіздігін жоғалтып алмаымыз керек. Алайда нарықта сапалы бәсекелестіктің жоғалмауы үшін мемлекеттік реттеудің де рөлі маңызды.
Қорытынды
Қазақстанда нарықтық қатынастар енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Аудиторллық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде, аудиторлар жұмыстарының сапасына кәсіби бақылау жүйесі жақсарып келеді, сондай-ақ, бұл салада кәсіби мамандар даярлауға қосымша талаптар қойылуда.
Қандай да болмасын саланың жақсы дамуы үшін қызметін жетік меңгерген,білікті мамандар қажет. Ал аудиторлық қызмет нарығы білікті мамандардан тапшылық көруде. Мәселен, соңғы екі жыл көлемінде аудиторлар саны тек 11 адамға көбейді. Бұл көрсеткіш қырқынды дамып келе жатқан сұраныс кезеңінде өте аз. Оған себеп емтихандардың қиын болуынан немесе үміткерлердің тиісінше дайындалмауынан болып отыр. Екі себептің қайсысында болмасын аудиторлық қызметті реттеуші органдар тиісті шаралар қолдануы қажет. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы емтихандардың сапасы мен күрделілігін бақылауға алса, аудиторлар палаталары мамандарды дайындау процесін жетілдіруі керек екедігі анық.
Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір заңдар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнын, есепке алынуға тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа заңдар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі айыппұл төлеу, сот процесстері және тағы сол сияқты қаржылық зардап шегуге алып келуі мүмкін.
Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет нарығын реттеу орта деңгейд деп айтуға болады. Осы бір экономикамыздың дамуына өзінің жанама әсерін тигізіп отыратын және оған деген сенімділікті туғызатын аудиторлық қызметті әрдайым дамытып, өзіне тән тәуелсіздігін жоғалтып алмаымыз керек. Алайда нарықта сапалы бәсекелестіктің жоғалмауы үшін мемлекеттік реттеудің де рөлі маңызды.
Қолданылған әдебиеттер:
- Абдыкалыков Г.А., Сатмурзаев А.А. Основы бухгалтерского учета и аудита. Учебное пособие, Уральск, дастан ,2001 г.
- международные стандарты аудита, т. 1 стандарт 250 «Рассмотрение законов и нормативных актов при аудите финансовой отчетности» Алматы, Раритет,2001 г.
- ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі – 30 қаңтар 2001 ж., №155 – 2 (өзгертулер мен толықтыруларымен)
- Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.
- ҚР-ның Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)
- ҚР «лицензиялау туралы» Заңы
- ҚР «аудиторлық қызмет туралы» Заңы
- Правила лицензирования аудиторской деятельности
- «об утверждении инструкции о требованиях, предъявляемых к заявителю, и перечне документов, прилагаемых к заявлению о выдаче лицензии на проведение аудита банков, страховых организации и накопительных пенсионных фондов» Постановление НАцБанка
- «Положение негосудартсвенного учреждения Квалификационной комиссии по аттестации аудиторв РК»
- «О порядке аттестации кандидатов в аудиторы» Приказ №25 от 20.10.2003г.
- Суйц В.П., Ахметбеков А.М., Дубровина Г.А., Аудит : общий банковский, страховой , М, ИНФРА-М, 2000, 556с.
- аудит, учебное пособие, проект по развитию предпринимательства в центральнойй азии )ЮСАИД), Алматы, 2003г,103 с.
- Кодекс этики аудиторв РК
- Адамс Р, Основы аудита., М, «ЮНИТИ» , 1995 г.,398 с.
- Пятенко С.В. Выбор аудитора и консультанта, М. ФБК-пресс, 1998,176с.
- междунарродные стандарты аудита, т.1 Стандарт 500 «аудторское доказательство» , Алматы, раритет, 2001г.
- Кочинев Ю.Ю. аудит : теория и праткика – Санкт-петербург: ПИТЕР, 2007г.
- Ержанов М.С. Аудит-1.-Алматы: Бастау,2005ж.
- Новости в области учета и аудита //журнал «евразийский вестик аудтора» 2008,апрель-май,№4-5
- об итогах деятельности ПАО «палата аудиторов РК» журнал «евразийский вестик аудитора» 2008,№1
- kz-adviser.kz
- audit.kz
- Сәтмырзаев А.А.,Укашев Б.Е. Аудит теориясы –алматы,2000ж.
Қосымшалар
Қосымша -1. ХАС-ның құрылымы
№ |
Стандарт |
100-199 |
Кіріспе аспектілер |
100 |
Аудиттің халықаралық стандарттары мен жалғас қызметтерге кіріспе (алғы сөз) |
110 |
Терминдерге Глоссарий |
120 |
Халықаралық аудит стандарттарының концептуалдық (тұжырымдамалық) негіздері |
200-299 |
Жауапкершілік |
200 |
Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші принциптер |
210 |
Аудит жөніндегі келісім шарттары |
220 |
Аудиторлық жұмыстардың сапасын бақылау |
230 |
Құжаттау |
240 |
Алаяқтық және қателер |
250 |
Қаржылық қорытынды есеп беру аудитін өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру |
300-399 |
Жоспарлау |
300 |
Жоспарлау |
310 |
Бизнес туралы білім |
320 |
Аудиттегі маңыздылық |
400-499 |
Ішкі бақылау |
400 |
Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау |
401 |
Компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайындағы аудит |
402 |
Қызмет көрсетуші ұйымдардың қызметін пайдаланушы субъектілердегі аудит мәселелері |
500-599 |
Аудиторлық дәлелдеулер |
200 |
Аудиторлық дәлелдеулер |
501 |
Аудиторлық дәлелдеулер – нақты баптарға қатысты қосымша мәселелер |
510 |
Алғашқы келісімдер – бастапқы сальдо |
520 |
Талдамалық процедуралар |
530 |
Аудиторлық таңдау және басқа таңдалған тестілеу процедуралары |
540 |
Бухгалтерлік бағалаулардың аудиті |
550 |
Байланысқан тараптар |
560 |
Кезекті (кейінгі)оқиғалар |
570 |
Үздіксіз қызмет теу |
580 |
Субъект басшылығына тапсыру |
600-699 |
Басқалардың жұмыстарын пайдалану |
600 |
Басқа аудитордың жұмысын пайдалану |
610 |
Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыру |
620 |
Сарапшының жұмысын пайдалану |
700-799 |
Аудитордың қорытынды пікірлері және қорытынды есепті тапсыру |
700 |
Қаржылық есеп беру бойынша аудитордың есебі |
710 |
Салыстырмалы көрсеткіштер |
720 |
Ішінде аудиттелінген қаржылық қорытынды есеп бар құжаттардағы басқа ақпараттар |
800-899 |
Мамандандырылған салалар |
800 |
Арнайы мақсаттағы аудит өткізуге жасалынған келісім бойынша аудиторлық есеп |
810 |
Келешек қаржылық ақпарттарды тексеру |
900-999 |
Аудитке жалғанбалы қызметтер |
910 |
Қаржылық есеп беруге шолу жасау бойынша келісімдер |
920 |
Қаржылық ақпарттарға қатысты келісілген процедураларды орындау бойынша келісімдер |
930 |
Қаржылық ақпараттарды компиляциялау (құрастыру) бойынша келісімдер |