Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері
Курсовая работа, 02 Ноября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.
Прикрепленные файлы: 1 файл
rfgbnfk.docx
— 282.16 Кб (Скачать документ) Сөйтіпайналым қаражаты
айналымының жылдамдығы кәсіпорын
жмысында аса маңызды сапа
көрсеткіштерінің қатарына жатқызылады.
Айналым қаражаты
нормативін есептеуден талдамалы
тура шот әдісі коэффициенттік
әдіс деген үш әдісі қолданылады.
Талдамалы немесе нормалаудың тәжірибелік-статистикалық әдісі өндірісті жабдықтау мен өткізуді ұйымдастырудың қалыптасқан практикасында қолданылады.Осы әдіс қолданылғанда қолда бар тауарлық-материялдық құндылықты талдаған кезде оның нақты запасы нақтыланады және артық, қажет емес құндылық алынып тасталады.
Тура шот әдісінде
кәсіпорын техника мен технологияның
дамуындағы,өндірісті ұйымдатырудағы,тауарлық-материялдардық
құндылықты тасымалдау мен есеп айрысу
саласындағы барлық өзгерісті қолдана
отырып ұйымдастыру техникалық деңгейге
қол жеткізген жағдайда, айналым қаражатының
әрбір элементінің запасының ғылыми
негізделген есебі қарастырылады.
Коэффиценттік әдісте өткен кезеңнің жиынтық нормативіне өндіріс көлемінің жоспарлы өзгеруіне және қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге түзету енгізілді.Егер норматив кезең кезеңімен тура шот арқылы нақтыланатын болса,онда айналым қаражатының жекелеген элементтері бойынша сараланған коэфицент қолдануға жол беріледі .
Тура шот әдісі айналым
қаражатының әрбір элементін жеке нормалайтын
негізгі әдіс болып табылады.Нормалаудың
басқа әдістері өнеркәсіпте қосалқы әдіс
ретінде пйдаланылады.Меншікті айналым
қаражатының жалпы нормативі өндіріс
және өнім сату жоспарын орындау үшін
шикізаттың,материалдың,отынның,арзан
және тозғыш заттардың,аяқталмаған өндірістің,даяр
бұйымның және алдағы кезеңнің шығысына
қажетті запастар құру сонда-ақ межеленген
мерзімде есеп айрысу мақсатында оның
ең аз қажеттілік мөлшерінде белгіленеді.
Айналым қаражатын нормалау деген:
Норматив — бұл кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін үнемі қажетті айналым құралдарының минималды жоспарлы мөлшері. Айналым құралдарының нормативінің(Н) ақшалай көрінісі былайша есептеледі:
Н = Р*Д,
Мұндағы: Р — өндіріс шығындарының сметасы бойынша айналым активтерініңэлементтерінің бір күнгі шығыны;
Д — айналым құралдарының нормасы, запас күнімен.
1)тауарлық-материалдық құндылықтың
жекелеген түрі бойынша барлық
айналым қаражаты запасының,әдетте,
күнмен есептелген нормасын әзірлеу
және белгілеу:
2)Жалпы меншікті айналым
қаражатының және оның әрбір
элементінің ақшаға шағылған
нормативін әзірлеу.Айналым қаражаты
запасының нормасы бірқатар жыл
бойы жылдық қаржылық жоспар
жасағанда материалдық құндылықтың
жекелеген түрі бойынша нақтыланады.
Әрбір кәсіпорынның
меншікті айналым қаражатының
нормативі мына негізгі көрсеткішпен
анықталады:
1) өндіріс және өнім сату көлемімен;
2) өндіріске,өнім сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен ;
3) тауарлық-материялдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының және кунде белгіленген шығынның нормасымен.
Айналым құрал-жабдығының шикізат,негізгі материал мен сатып алынатын жартылай фабрикат,аяқталмаған өндіріс,даяр өнім сияқты үш ең маңызды элементтің нормалаудың негізгі қағидаларын қарастырайық.
Материалды нормалау: Материалға арналған меншікті айналым қаражатының нормативі біркүндік шығын құнының және айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Материалға арналған айналым қаражатының күнде есептелген орташа нормасы жалпы материалдың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының нормасынан орташа өлшенген ретінде есептеледі.
Айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасына:
- материал шот төлеуден бастап келгенге дейін жолда болуы;
- қабылдау,түсіру,сұрыптау,
қоймаға орналастыру және зертханада талдау; - өндіріске дайындау ;
- ағымдағы қойма запасы түрінде болуы;
- кепілді запас түрінде болатын уақыт кіреді;
Уакыт осы кәсіпорынның нақты жағдайы ескеріліп салалық нұсқаулықтарға сәйкес есептеледі.
Аяқталмаған өндірісті
нормалау-аяқталмаған
Өндірістік кезеңнің ұзақтығына:
- тікелей өңдеу процесі
- өңделетін бұйым жұмыс орнында жатуы
- жабдықтың және жұмыс серпінінің әр түрлі болуына байланысты болу
- бұйымның жаппай өндірісте кідіріс жағдайына запас түрінде болу уақыты кіреді.
Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының нормасын анықтау үшін өндірістік кезеңнің ұзақтығы жөніндегі деректер басқа бұйымның даярлық дәрежесін білу қажет.Оны шығынды үдеу коэффициенті білдіреді.Өңдеу шығыны біркелкі жұмсалатын кәсіпорында шығынның үдеу коэффициенті мына формуламен анықталады:
Мұнда:Кn-шығынның үдеу коэффициенті;
α –өндіріс процесі басталған кездегі біруақыттағы шығын;
β –бұйым шығару аяқталғанға дейін шегілетін шығын;
Даяр өнім нормативі.Даяр өнімнің айналым қаражатының нормасы тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны бойынша бір күндік айналымының және айналым қаражаты нормсының көбейтіндісі ретінде анықталады.Айналым қаражатының нормасы бұцымының жекелеген түрі мен маркісін таңдауғасондай-ақ тиелген өнімнің топтамасын жинақтауға,бұйымды орап салуға және жеткізуші кәсіпорынның қоймасынан жіберілетін станцияға тасымалдауға қажетті уақытқа орай белгіленеді.
Айналым құралдары нормативтерін есептеудің үш әдісіс неғұрлым кең таралған:аналитикалық, тура есептеу әдісі, коэффициенттік әдіс.
Нормалаудың аналитикалық
немесе тәжірибе-статистикалық әдісі
өндірістіұйымдастыру, жабдықтау және
сатып-өткізудің қалыптасқан практикасын
көрсетеді. Бұл әдістің маңыздылығы қолда
бар тауарлы-материалды құндылықтарды
талдаған кезде олардың нақты запастары
реттеледі және артық немесе қажетсіз
құндылықтар шығарылып тасталады.
Тура есептеу әдісі бойынша айналым құралдарының
кәсіпорынның қол жеткізгенұйымдастыру-техникалық
деңгейін ескеру арқылы әр төлемешінің
запастарынғылыми негізге сүйене отырып
есептейді. Мұнда техника мен технологияныңдамуынан
болған, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлы-материалдық
құндылықтардытасымалдауда, есептеу саласында
болып жатқан барлық өзгерістер назардан
тысқалмай қарастырылады. Коэффициенттік
есептеу кезінде алдыңғы кезендегі еркін
нормативке өндіріс көлеміндегі және
қаржылардың айналымдылығын жылдамдатудағы
жоспарлы өзгерістердің түзетулері енгізіледі.
Егер нормативтер тура есептеу әдісімен
әр кезеңде нақтыланып отыратын болса,
онда айналым құралдарының жеке элементтерібойынша
дифференциалдық коэффициенттерді қолдануға
болады.
Нормалаудың негізгі тәсіліне айналым құралдарының әр элементі бойынша жеке тура есеп әдісі жатады. Нормалаудың басқа әдістері өнеркәсіпте косымша әдіс ретінде қолданылады.7
2.3. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаржының қаншалықты тез шынайы ақшаға айналатындығымен тығыз байланыста. Құралдардың айналым жылдамдығымен байланысты:
авансталған (іске қосылған) капитал мен онымен байланысты ақша қаражаттарының(банк несиесін пайдаланғаны үшін пайыз, акциялар бойынша дивиденттер және т.б.)ең аз қажетті көлемі;
қосымша қаржыландыру көздеріне деген қажеттілік;
-тауарлы-материалды құндылықтарға
ие болу мен оны сақтауға
байланыстышығындар сомасы;
-төленетін салықгар көлемі және т.б.
Кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің әртүрлі айналым жылдамдықтары бар. Қаржылардың айналымда болу ұзақтығы бірқатар әрбағытты ішкі және сыртқы факторлардың жиынтық әсерімен анықталады. Біріншілер қатарына кәсіпорынның қызмет сферасын (өндірістік, қамдау-өткізу, делдалдық және т.б.), салалық бағытын (станок құрылысы зауыты мен кондитер фабрикасындағы айналым құралдарының айналымдылығы күмәнсіз әртүрлі), кәсіпорындардың көлемі, масштабы (шағын кәсіпорындарда құралдардың айналымдылығы ірі кәсіпорындарға қарағанда анағұрлым жоғары — бұл да шағын бизнестің бір артықшылығы) және басқа бірқатар факторлар.
Активтердің айналымдылығына елдегі экономикалық жағдай мен оған байланысты кәсіпорынның шаруашылық шарттары да бірталай әсер етеді. Мәселен, инфляция процестері, көптеген кәсіпорындардың жеткізушілермен және сатып алушылармен жолға қойылған шаруашылық байланыстарының болмауы қолдалануға мәжбүрлейді, ол өз кезегінде құралдардың айналым процесін тежейді. Бірақ атап айтуымыз керек, қаржының айналымда болған кезеңі кәсіпорын қызметінің ішкі жағдайларымен біршама деңгейде анықталады. Бірінші кезекте оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (болмаса оның жоқтығымен). Шынында қолданылып отырған баға саясатына, активтер құрылымына, тауарлы-материалдық запастарды бағалау әдістемесіне қарай кәсіпорын өз қаржысының айналу ұзақтығына әсер етудің үлкен немесе кіші еркіндігіне ие болады.
Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентінің мөлшеріне активтерді басқарудың қабылданған стратегиясы тікелей әсер ететіндігін естен шығармаған жөн. Осылайша кәсіпорын өз активтерінің айналымдылық коэффициентінің көлемін реттеуге белгілі бір мүмкіндік алады8.
Айналым құралдарының мынандай айналымдылық көрсеткіштері болады:
- айналымдылық коэффициенті (айналым жылдамдығы)
- ұзақтығы (айналым уақыты)
- айналым құралдарын салу коэффициенті.