«1С: бухгалтерия» бағдарламасы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 18:00, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жобаныңң мақсаты: 1С бағдарламасында бухгалтерлік және салықтық есепті қарастыру, сауда бөлшектеріндегі есебін талдау.
Курстық жобаның мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
- Кәсіпорындағы 1С бухгалтерияның теориялық мәнін талдау;
- «1С: бухгалтерия» бағдарламасының мүмкіндіктерін анықтау;
- Кәсіпорындағы «1С: бухгалтерия» сауда бөлшектері туралы мағлұмат беру;
- Кассадағы операциялық есептер түрлерімен танысу;
- «Қазақстанға үшін 1 С Бухгалтерия 8»-ның артықшылығын анықтау;
- Тақырып бойынша жинақталған материалдарды саралап, қорытынды шығару.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1С БУХГАЛТЕРИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 4
1.1 «1С: бухгалтерия» бағдарламасы туралы түсінік 4
1.2 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің автоматизациялауының ерекшеліктері 8
1.3 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтерия» бағдарламасында кіріс қалдықтарын енгізу 11
1.4 Өткізімді автоматты және қолмен (қарапайым) енгізу 13
2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ «1С: БУХГАЛТЕРИЯ» САУДА БӨЛШЕКТЕРІ 17
2.1 Кассадағы операциялық есептер 17
2.1.1 Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі 19
2.1.2 Материалдарды тіркеу 20
2.2 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериядағы» тауарлар есебі 24
2.2.1 ТМҚ есебі бойынша жалпы құжаттар 26
2.3 1 С: Бухгалтериядағы тіркелген активтердің есебі 29
2.3.1 «1С:Бухгалтериядағы 8» бағдарламасындағы еңбекақы төлеу есебі 31
2.4 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериясының» өндірістік есеп 36
2.5 Кәсіпорындағы «1С: бухгалтериясының» қаржылық есеп 40
ҚОРЫТЫНДЫ 43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 1С. Сауда бөлшектері.docx

— 267.22 Кб (Скачать документ)

Материалдар мен жартылай фабрикаттарды аналитикалық есепке алу үшін «Номенклатура» анықтамасы қолданылады.

Материалдарды өндіріске өткізу.

Материалдар мен жартылай фабрикаттарды өндіріске өткізу «Талап-жөнелтпе құжат» («Өндіріс» — «Талап-жөнелтпе құжат» менюі) құжатымен жүргізіледі.

Құжаттың тақырыпшасында материалдарды өндіріске шығарған қойманы көрсету қажет. 

«Материалдар» бөлімінде өндіріске өткізілетін материалдар мен жартылай фабрикаттар тізімі, олардың саны мен шығынға жазылған материалдарды есепке ала жасалған счеттар болады.

«Шығындар счеты» бөлімінде бухгалтерлік және салық есептеріне арналған әрқайсысына бөлек-бөлек шығындар есебінің счеты және аналитикалық есеп объекттері көрсетіледі.

Егер шығындар есебінің счеты ретінде өндірістің шығындар есебінің счеты көрсетілсе, аналитикалық есептің объекттері ретінде келесілер жүреді:

- бөлімше;

-номенклатуралық топ (атауы сәйкес келетін «Номенклатуралық топтар» анықтамасының элементі болып табылады. Ол анықтама негізгі және қосымша өндірісті детальды есепке алу үшін қажет. «Номенклатуралық топтар» анықтамасын «Кәсіпорын» —  «Тауарлар (материалдар, өнім, қызмет» — «Номенклатуралық топтар») менюінен таба аласыз;

- шығындар мақалалары (атауы сәйкес келетін «Шығындар мақалалары» анықтамасының элементі болып табылады. Ол салық есебі үшін шығынның түрі бойынша бөлінген шығындар мақалаларының тізбегін сақтау үшін қолданылады. Анықтаманы «Кәсіпорын» —  «Шығындар мақалалары» менюінен таба аласыз.

Материалдарды өндіріске шығынға жазу. Материалдарды өндіріске шығынға жазу «Талап-жөнелтпе құжат» құжатымен тіркеледі.

1 «Талап-жөнелтпе құжат» құжаттар журналын («өндіріс» —«Талап-жөнелтпе құжат» менюі) ашамыз да, журналдың командалық панеліндегі «Қосу» батырмасына басу арқылы жаңа құжат жасаймыз.

2 Құжат формасының тақырыпшасында күнін, біздің ұйымды және жөнелтуші қойманы көрсету қажет. «Материалдар» бөлімшесінің таблицалық бөлігінде өндіріске өткізілетін материалдарды тізіп, олардың санын көрсетеміз.

3 «Шығындар есебінің счеттары» бөлімшесін толтырамыз: бухгалтерлік және салық есебінің счеттарын, бөлімшесін, номенклатуралық топты, шығындар мақалаларын көрсетеміз. 

4  Жазып, жүргізіп, «ОК» батырмасына басу арқылы құжатты жабамыз.

Материалдарды өндіріске шығынға шығаруды енгізуді жеңілдетуге болады. Егер осындай өнімнің осындай да, осындай бұйымының санын өндіру үшін өндіріске осындай материалды осындай көлемде өткізу керек деп айқын айтуға болса, спецификация механизмін қолданған ыңғайлырақ болар еді.

Спецификация — дегеніміз дайын өнімнің (қызметтің) белгілі бір бірлігін дайындау үшін қажетті материалдар (жартылай фабрикаттар) тізбесі. Спецификациялар «Спецификациялар» анықтамасында орналасқан. Қолданылып жатқан спецификациялар туралы ақпаратты  «Номенклатураның негізгі спецификациялары» ( «Кәсіпорын» — «Тауарлар (материалдар, өнім, қызметтер)» — «Номенклатураның негізгі спецификациялары» менюі) ақпараттар регистрінен алуға болады.

Дайын өнімнің (өндірістік мінездегі қызметтерді жүзеге асыру) қоймаға түскенін көрсету кезінде спецификацияларды қолдану арқылы осы өнімді жасауға кеткен материалдардың құрамын және көлемін автоматты түрде анықтауға болады.

Спецификациялар механизмі келесі жолмен жұмыс істейді. «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» құжатын толтырған кезде өндірілген өнім мен оның спецификациясы көрсетіледі. Осы құжаттың негізінде «Талап-жөнелтпе құжат» құжаты жасалады. Ал оның «Материалдар» деген таблицалы бөлігі, өндірілген өнімнің саны мен көрсетілген спецификацияларды есепке ала отырып есептелген материалдар туралы мәліметтермен, автоматты түрде толтырылады.

Номенклатура спецификацияларын жасауға және «Өту» кнопкасын басу арқылы «Номенклатура» анықтамасының элементінің формасы ретінде көріп шығуға болады.

Дайын өнімді өндіріп шығару. Дайын өнімді дайындап шығару және оны қоймаға алу кезінде «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» («Өндіріс» — «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» менюі) құжаттары жасалады.

Бір ай мезгілінде өнім (жартылай фабрикаттар) қоймаға жоспарлы бағалар бойынша кіріске жазылады. 

Жасалып шығарылған өнімнің фактілік құны «Айды жабу» құжатын жасау кезінде «Өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнын есептеу және түзету» регламентті операциясымен есептеледі.

«Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» құжатының тақырыпшасында өнімнің шығуын жүзеге асыратын ұйымның өндірістік бөлімін, өнім (жартылай фабрикаттар) әкелінетін қойманы, өндірілген өнімді немесе жартылай фабрикаттарды жасаудың шығындары жазылған шығындар есебін көрсету қажет.

«Өнім» деген таблицалық бөлігінде әрбір өндірілген өнім (жартылай фабрикат) бойынша келесілер көрсетілуі қажет:

- өндірілген номенклатуралы позиция — «Номенклатура» анықтамасының элементі;

- щығарылған өнімнің саны;

- бірліктің жоспарлы құны және жалпы жоспарлы құны;

- есептің счеты — дайын өнімнің есебінің счеты;

- номенклатуралық топ — жасалған өнімнің түрі;

- спецификация — нормативтерге байланысты берілген номенклатуралы позицияны жасап шығаруға қажет материалдар тізімі.

«Қызметтер» деген таблицалық бөлігінде өзіндік өндірістік бөлімшелерге жасалған әрбір қызмет  түрі үшін келесілер көрсетілуі қажет:

- қызметтердің осы түріне сәйкес келетін номенклатуралық позиция;

- сандық өлшеуіштер немесе олардың жоспарлы құны (есепке алу политикасының күйлеріне байланысты);

- щығындарды есептеу счеты және аналитика — қызмет көрсетілетін бөлімшенің шығындарын көрсету счеты мен аналитикасы;

- номенклатуралық топ — көрсетілген қызмет түрі.

«Қайтқан қалдықтар» деген таблицалық бөлігінде қайтқан қалдықтардың әрбір түріне келесілер көрсетіледі:

- қайтқан қалдықтардың осы түріне сәйкес келетін номенклатуралық позиция;

- саны;

- бекітілген бағасы;

- қайтқан қалдықтарды есептеудің счеты;

- қайтқан қалдықтардың барлық санына байланысты азаю керек материалдық шығындарды көрсететін шығындар мақаласы.

Шығу құжатының өзінен «Талап-жөнелтпе құжат» құжаты жасалуы мүмкін. Ол «Өнім» бөлімшесінде көрсетілген өнімді өндіруге қажет шикізатты шығынға жазу үшін керек.

Жөнелтпе құжаттарды жасау үшін жасалған өнімнің тізбегінің жоғарғы жағында орналасқан «Өнім» бөлімшесінде «Талап-жөнелтпе құжаттарды жасау» батырмасына басу керек. Ашылған өңдеу терезесінде әрбір жасалатын өнімге шығындардың мақаласын көрсету қажет. Оған шығынға шығарылатын материалдар бойынша  келетін материалды шығындар сәйкес келеді. Осыдан кейін өңдеудің сол жақ жоғарғы бұрышындағы «Жасау» батырмасын басу керек, сонда жасалатын өнімнің әрқайсысына бір бірден «Талап-жөнелтпе құжат» құжаттары жасалады.  «Жүргізу» батырмасына басқан кезде, тулармен белгіленген жасалып қойған құжаттар жүргізілетін болады.

Дайын өнімнің шығуын тіркеу. Ұйымның өндірістік бөлімшелеріне дайын өнімнің шығуын тіркеуге арналған құжат «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру».

1 «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» құжаттар журналын ашамыз («Өндіріс — «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» менюі) да, журналдың командалық панелінде орналасқан «Қосу» батырмасын басу арқылы жаңа құжат жасаймыз.

2 Құжат формасының тақырыпшасында күнін, біздің ұйымды, дайын өнімді алушының қоймасын, өндірістік бөлімшені және номенклатуралық топты көрсетеміз.

3. «Өнім» таблицасына бір кезек кезінде дайын болған өнімдердің және жартылай фабрикаттардың тізімін енгіземіз. Әрбір номенклатуралы позиция үшін саны мен жоспарлы бағасын көрсетеміз.

4. «Жазып алу» батырмасына басу арқылы (бірақ сонда да құжат ашық күйінде қала береді) құжатты жүргізусіз жазып аламыз.

5. Дайын өнімнің қоймаға түсуі расталғаннан кейін құжатты жүргізіп, «ОК» батырмасына басу арқылы құжатты жабамыз.

Дайын өнімді өткізу. Қоймаға кіріс ретінде кіргізілген өнімді өткізу «ТМЗ мен қызметтерді өткізу» құжатымен көрсетіледі. Құжаттың таблицалы бөліктері «Номенклатура» анықтамасын қолдану арқылы өткізілетін өнім туралы мәліметтермен толтырылады.

Есеп беру «Дайын өнімді шығару, жұмыстардың аяқталуы». Есеп беру дайын өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнын шығындар мақалалары бойынша анализдеу үшін, жасалу жолдарына байланысты шығындардың расшифровкасы және Номенклатуралы топ пен шығындар мақалалары кесіндісінде аяқталмаған өндірісті анализдеу үшін қажет. «Күйге келтіру» батырмасымен «Дайын өнімді шығару, жұмыстарды аяқтау» есеп беруі жасалатын детализация қалып күйіне келеді.

 

2.2 Кәсіпорындағы  «1С: бухгалтериядағы» тауарлар есебі

 

Тауарлардың келіп түсуі. «Қазақстанға арналған 1С бухгалтерияда тауарлы материалды запастар мен қызметтердің жеткізушілер мен құрылымдық бөлімшелерден келіп  түсуі  «ТМҚ және қызметтердің келіп  түсуі»  құжатымен, әртүрлі операция түрлерімен рәсімделеді. (меню «Покупка» - «Поступление ТМЗ и услуг»).

ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуін бейнелеу үшін «покупка»  операция түрін таңдау керек. «В переработку» операция түрі кәсіпорын ТМҚ-ды контрагенттерден ары қарай өңдеу үшін қабылдаған кезде орнатылады. Шетелден келіп  түскен ТМҚ-ды «импорт» операция түрі орнатылған құжат арқылы жүзеге асырылады. Құрылымдық бөлімшелерден ТМҚ-лар  келіп түскен жағдайда «Поступление от структурного подразделения» операция түрі орнатылады.

«Поступление  ТМЗ и услуг» құжаты әмбебап құжат  болып табылады, себебі, оның көмегімен  ТМҚ-лар мен қызметтер, негізгі  құралдардың келіп түсуі бейнеленеді. Бұл мақсат үшін құжат бірнеше  кестелік бөлік болып табылады.

«ТМҚ»  закладкасында  сатып алынған ТМҚ, «Негізгі құралдар»  закладкасында негізгі құралдар, «Қызмет көрсету» закладкасында  тура кететін кәсіпорынның шығындары  көрсетіледі. Бұл құжатқа жеткізушілерден  алынатын кірістік накладнойдан ақпарттар енгізіледі. «ТМҚ» құжатының закладкасында келіп түскен тауарларды – «Номенклатура» справочнигінің элементтері көрсетілуі керек.

«Поступление  ТМЗ и услуг» құжатының формасында басқа да құжаттарды құруға болады: «Платежное поручение исходящее», «Требование-накладная», «Перемещение ТМЗ», «Возврат ТМЗ поставщику», «Установка цен номенклатуры», «ГТД по импорту» и др.

«Поступление  ТМЗ и услуг» құжатының формасына  ҚҚС-ның есебін дұрыс жүргізу  үшін «Счет-фактура полученный»  құжатын тіркеуге болады.

Жеткізушілерден жеткізу бойынша шығындар  және басқа да шығындарды сатып алынған  тауарларды өзіндік құнына енгізу керек. Бұл операция «Поступление доп. расходов», яғни бұл құжат тауарлардың өзіндік  құнына әсер ететін сыртқы кәсіпорынның қызметін есепке алу үшін арналған. Бұл құжаттың кестелік формасының «ТМЗ»  бөлімінде қосымша шығындарды жапқызатын ТМҚ-ның тізімі, саны және сомасы көрсетіледі. «Поступление доп. расходов» құжаты «Поступление ТМЗ и услуг» құжатының  негізінде жасалған болады.

Бұл құжаттың кестелік бөлігінде «ТМҚ» закладкасында  тауарлы-материалды құндалықтар көрсетіледі  және оларға қосымша шығындарды , сонымен  қатар 

Олардың саны мен бағасын  жатқызуға болады. «Сумма расходов» жолында қосымша  шығындардың сомасы көрсетіледі.

 Тауарларды  өткізу. Тауарларды, дайын өнімдерді  өткізген кезде «Реализация ТМЗ  и услуг» құжатымен рәсімделеді  және бұл құжатта келесі шаруашылық  операциялар көрсетіледі: «Реализация»  және «Передача структурному  подразделению».

Бұл құжаттың «ТМЗ» бөлімінде өткізілетін  тізімдер көрсетіледі. Бұл құжат  өткізілген кезде автоматты түрде  номенклатураның қалдықтары мен  есеп саясатында таңдап алынған ТМҚ-ды есептен шығару әдісіне сәйкес сомалары есептелінеді. Егер құжат бойынша  ТМҚ-ның саны қоймадағы ТМҚ-ның  санынан көп болса құжат өткізілмейді.

«Реализация ТМЗ и услуг» құжатының негізінде  келесі құжаттарды жасауға болады: «Ппиходный кассовый ордер», «Платежное поручение входящее», «Сатып алушыдан ТМҚ-ды қайтарып алу».

Қоймалық  есеп. ТМҚ-ның қойма арасында орын ауыстыруы. «Қазақстанға арналған 1С  бухгалтерияда әртүлі қоймалар арасында ТМҚ-ның және басқа да номенклатуралық  позицияларының орын ауыстыруы «Перемещение ТМЗ» құжатымен рәсімделеді.

«Отправитель» - тауарлар жіберілетін қойма, «Получатель» - тауарларды  қабылдап алатын қойма.

Құжаттың  кестелік бөлімінде бір қоймадан екінші қоймаға жіберілетін тауарлардың  атауы мен саны көрсетіледі. Тауарлардың  атаулары мен сандарын дұрыс жүргізу  үшін «Подбор» кнопкасын қолдану  керек.

«Перемещение  ТМЗ и услуг» құжаты «Поступление ТМЗ и услуг» құжатының негізінде  жасалады.

Қоймадағы ТМҚ-ды түгендеу. Қоймадағы түгендеу бойынша  «Инвентаризация ТМЗ на складе»  құжатымен рәсімделеді және бұл  құжаттардың 2 операциясы бар: «Склад», «Организация».

Бұл құжаттың негізінде тек қана қоймалар бойынша  ғана емес кәсіпорынның толығымен түгендеуді жасауға болады. Егер қойма көрсетілмесе онда құжаттың кестелік бөлімінде кәсіпорынның есебінде тұрған барлық тауарлар енгізіледі.

Информация о работе «1С: бухгалтерия» бағдарламасы туралы түсінік