1с айырмашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 15:03, реферат

Краткое описание

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан

Прикрепленные файлы: 1 файл

Компьютерлік желі.docx

— 15.63 Кб (Скачать документ)

Компьютерлік  желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға  және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.     Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.       Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.        Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.          Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.    Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:    І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға  пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.      ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы  жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.     ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды.  90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.

 

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін  арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.         Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off  line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.          Желілік технологиялар          Ethernet– жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі.Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп,мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet  желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады.Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса,онда Ethernet құрылғысы  мәліметтерді жөнелте бастайды.        Gigabit Ethernet желілері  Ethernet және Fast Ethernet желілерінің ифрақұрылымымен үйлеседі,оның үстіне олар  Fast Ethernet желілеріне қарағанда 10 есе артық,яғни 1000Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей алады. Gigabit Ethernet желілері негізгі желілердің «қысылшаң» орындарын болдырмайтын мықты шешім болып саналады.       АТМ (Asynchronous Transfer Mode) немесе асинхронды тасымалдау режимі – бұл мәлімет алмасу үшін тұрақты ұзындықты ұялар қолданылатын коммутация  технологиясы .Үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алатын АТМ желілері біріктірілген мәлімет жиындарын – сөзді,қозғалыстағы бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін  жүзеге асыра отырып,жергілікті және аймақтық тармақталған желі рөлдерін атқара алады.  Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын және технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген кумалы желі жасауды пайдаланылады.Олар сақина бойымен бір бағытта маркер деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі арқылы жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды.Маркер сақина бойымен желідегі әрбір жұмыс станциясын  айналып өтіп үздіксіз қозғалыста болады.Желідегі  мәлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге бір кадр қосып қояды, ал қалған станциялар тек маркерді ары қарай жылжытып отырады. Token Ring желілері мәліметтерді 4 немесе 16 Мбит\с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM компьютерлер3 ортасында қызмет етеді.            FDDI техрологиясы да сақиналы негізде жасалып, оптоталшықты кабельдермен жұмыс істеу үшін магистральды желілерде пайдаланылады. Бұл да Token Ring желілері тәрізді маркерді бір станциядан екінші станцияға жіберіп отырады. Token Ring технологиясынан айырмасы мұнда маркерлері қарама-қарсы бағытта қозғалыста болатын екі сақина болады.Бұл тәсіл бір сақинада үзіліс болып қалған жағдайда желінің ақаусыз қызметін ұйымдастыру мақсатынд(көбінесе оптоталшықты кабельде) жасалады. FDDI желілері мәліметтерді 100Мбит\с жылдамдықпен өте үлкен қашықтарға тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұндағы желі сақинасы ең көп дегенде ұзындығы 100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты қамтиды да , жұмыс станцияларының арасы 2 км шамасында болады.       Желінің құрамына келесі элементтер кіреді:

  1. Түйін – компьютер, желі жұмысын қамтамасыз ететін аппарат;
  2. Жұмыс станциясы – компьютер;
  3. Желі кабельдері;
  4. Желілік карта немесе адаптер – деректерді тасымалдау аппаратырасы (репитор – кабельді ұзарту, қайталағыш, кабельдің максималды ұзындығы 185 метр, hub – коммутатор, көп нүктелі).

 

 

 

 

 


Информация о работе 1с айырмашылығы