Қойма шаруашылығын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:09, курсовая работа

Краткое описание

Белгілер мен қысқартулар бөлімінде қысқартылған сөздерге мінездеме анықтама беріліп өтілген.
Кіріспеде курстық жұмыстың тақырыбы бойынша қысқаша тсініктеме берілген.
Негізігі бөлімде жеңіл өнеркәсіптің тоқыма саласын ұйымдастыруға толық мәліметтер берілген.
Қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінде «Кәсіпорын құнына айналым капиталы құрылымының әсері» тақырыбындағы курстық жұмысты орындау барысында ұсынған, білген мәліметтері және осы курстық жұмысты орындауда қолданылған әдебиеттері жазылған.

Содержание

Аннотация.................................................................................................................
Нормативті сілтемелер ...........................................................................................
Анықтамалар............................................................................................................
Белгілеулер мен қысқартулар.......................................................................
Кіріспе ......................................................................................................................
1 Негізгі бөлім.........................................................................................................
1.1. Өндірісті ұйымдастыру теориясының негіздері мен түрлері.......................
1.2. Тоқыма өндірісін ұйымдастыру .......................................................................
1.3. Тоқыма өндірісінде қолданылатын машиналар мен өндірістің ауқымы.....
Қорытынды............................................................................................................
Әдебиеттер тізімі .....................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеңіл өнеркәсіп курсовая.doc

— 137.00 Кб (Скачать документ)

 

          Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Ө. ұ. үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Ө. ұ. элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Ө. ұ. қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды. Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде Ө. ұ-дың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру. Негізгі Ө. ұ-мен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті – машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергет. шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын, кадрлардың мәдени-тех. деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.  

          Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру. Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті – машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергетикалық шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады.Өндірісті ұйымдастыру – еңбек заттарын және еңбектік өндірістік процестерді және кәсіпкерлікті тиімді жүргізу мақсатымен, белгілі бір уақытта және кеңістікте барынша ақылға қонымды етіп біріктіру және пайдалану болып табылады. Өндірістің сипаты мен құрылымы шығарылатын өнімнің ерекшелігі – өндіріс түріне, қолданылатын еңбек құралдарына, еңбек заттарына және технологиялық процестерге  байланысты. Өндірісті ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдеріне жалпы сұранысы бар өнімді ағымдық өндіріске қою жатады.

Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, оны сақтау, қолдану және жөндеу жұмыстарын жүргізуді басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман шаруашылығының негізгі мін-деттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құ-ралдарды пайдалануды және оларды қолдану кезінде техникалық бақылауды ұйымдастыру, құрал-сайман шаруашылығын жетілді-ру шараларын дайындау жатады. 
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының құрамына құрал-сайман бөлімі, технологиялық жабдықтарды дайындау цех-тары, орталық құрал-сайман қоймасы, цехтың құ_рал-сайман тара-ту қоймалары, құрал-саймандарды қайрау, жөндеу шеберханалары кіреді. Өндірістік цехтарда құрал-саймандар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырумен құ_рал-сайман шаруашылығы айналысады.

Дұрыс ұйымдастырылған  өндіріс келесі принциптер негізінде  құрылады:

  1. Мамандану.
  2. Пропорционалдылық (шамалылық).
  3. Параллельдік.
  4. Үздіксіздік.
  5. Туралылық.
  6. Ырғақтылық.

Мамандану – жалпы сұранысқа ие, құрылымы мен технологиясы ұқсас өнімді шығаруға шоғырлану. Құрылым мен технологияның ұқсас болуына унификацияны (сәйкестендіруді) кеңінен қолдану арқылы жетуге болады.

Пропорционалдылық – барлық өндіріс бөлімшелерінің өндірістік қуаттылықтарын үйлестіру. Ол өнімді керекті көлемде, ассортиментте және жинақтылықта белгіленген уақытта шығаруға мүмкіндік береді.

Параллельдік – өндірістік процестің операциялары мен сатыларын бір уақытта орындау.

  Үздіксіздік – ауысым ішінде, ауысымдар арасында, операция ішінде және операциялар арасында үздікссіз өндірісті ұйымдастыру.

Туралылық – өндірістік процесс кезіндегі өнімнің қозғалуын тиімді етіп ұйымдастыру.

Ырғақтылық – қайталанатын бұйымдардың біркелкі немесе өсу санын теңдей уақыт аралықтарына белгілеп өнімді шығару.   
Техника (машиналар, механизмдер, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері, т.с.с) – өндірісті механикаландыруға, автоматтандыруға мүмкіндік береді. Әдетте, механикаландыру мен автоматтандыруды бөлікті және кешенді деп бөледі. Өте тиімді станок-автоматтар, икемді өндірістік жүйелержеке жағайларда

Технология – шикізатты өндірудің тәсілдері мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде ірі машиналық өнеркәсіптің дамуымен бірге пайда болады. Қазіргі таңда өнеркәсіптің өндірістік технологиясы жеке білім саласына айналып, кең көлемді теориялық және тәжірибелік материал жинақтады. Ол түсіндірмелі ғылымнан, отандық және шетелдік жаңалықтар мен ойлап табушылық негізінде нақты ғылымға айналады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Тоқыма өндірісін  ұйымдастыру

 

Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің дамуы  өнім көлемінің өсуі, кәсіпорынның өнімге бәсекеге қабілеттілігін, мақта түтігін жаңа кәсіпорындар арқылы өңдеу, кәсіпорындарды жұмысқа қою, модернизациялау, техникалық құрылғыларды ауыстыу егілетін жер көлемін ұлғайту және мақта шикізатын ұлғайтудың негізгі кәсіпорындары: «Ақ-алтын» ААҚ, «Мырзакент» ААҚ, «Мақтарал» ААҚ, Жетісайлық филиал «Нимэкс» ЖШС.

 

Текстиль өнеркәсібінің  кәсіпорындары иірімжіп, ширатылған жіп, мата, трикотаж, беймата  жаймаларын  және  текстильді  табиғи  және   химиялық  талшықтар мен жіптерден жасалған басқа да бұйымдар өндіреді.

Тоқыма және тігін  өнеркәсібінің Қазақстанның экономикасы  үшін маңызы зор. Тоқыма өнеркәсібін  дамыту үшін шикізат базасы жеткілікті, дегенмен, жеңіл өнеркәсіптің дамуының жалпы сараптамасы оның елдің өнеркәсібінің көлеміндегі үлесінің төмендеуімен сипатталады. 2011 жылдың мамыр айында тоқыма өнімдері өндірісінің өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 0,1% құрады.  
 
2011 ж. қаңтар-мамыр айларындағы тоқыма бұйымдар өндірісінің көлемі 6 407 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінің 67,7% құрайды, ағымдағы жылдың мамыр айындағы НКИ өткен жылдың сәйкесінше айына қатысты 95,1% құрады. 2011ж. қаңтар-мамыр айларында киім өндірісі бойынша өсім байқалды – 5 175 млн.теңге (өткен жылдың сәйкесінше кезеңіндегі көрсеткішке қатысты 117,2%), былғары және былғарыға жататын өнімдердің өндіріс көлемі 1 630 млн.теңге (сәйкесінше 112,3%). 
 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері біздің еліміздігі шаруашылықтың және әлеуметтік кешеннің үлкен бөлігін құрайды.

Текстиль өнеркәсібінің  кәсіпорындары иірімжіп, ширатылған жіп, мата, трикотаж, беймата  жаймаларын  және  текстильді  табиғи  және   химиялық  талшықтар мен жіптерден  жасалған басқа да бұйымдар өндіреді.

Болашақта жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру мақсатымен пневмомеханикалық, роторлы және өздігінен айналатын тоқыма машиналарын, матаны үзбей шығаратын көп өңделетін машиналарды өнеркәсіптің мақта, жүн, тоқыма және тігін салаларына комплексті, механикаландырылған және автоматтандырылған жүйелерді, мата мен трикотаж өңдеу және тоқыма емес материалдарды дайындау процестерінің үзіліссіз технологиясын кеңінен еңгізу көзделіп отыр.

Біздің мемлекетіміздің  басты мақсаты - әлеуметтік өнімділік, ғылыми техникалық процесс, еңбек өнімділігінің өсуі және өнім сапасын жақсарту негізінде халық өмірінің материалдық және мәдениеттік деңгейін жақсарту.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория, Алматы-2007

2.Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-2008

3.Акпанов А. Кәсіпорын құнына айналым капиталы құрылымының әсері. Алматы, 2007

4.Ақпанов А.  Айналым капиталының құрылу көздері және есептеу әдістемесі ІІ-Рысқұлов оқулары: Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы, 2007.

5.Тағазова С. Рынок жағдайындағы  айналым капиталының құрамы мен құрылымын тиімді оңтайландыруының рөлі ҚазЭУ хабаршысы.- 2008.126 б.

6.Айналым капиталын қолдану  тиімділігіне әсер ететін факторларды басқару әдістері КазЭУ хабаршысы: 2009. - №5. 

7.Айналым капиталының құрылымы және қаржыландырудың  әдістері Банки Казахстана: 2009. - №10.

8.Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,  Алматы -2001 ж.

9.Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2008 ж., 125 б.

10.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2008 ж., 442 б.

11.Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар», 248 б.

12.Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2009  ж, 224 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қойма шаруашылығын ұйымдастыру