Халыкаралык сауда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 19:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика үкіметі алдында әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандар даярлау мәселесі тұрды. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Сол ғалымдардың бірі-ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері » деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез-келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған анағұрылым тиімді болар еді » , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1. Халықаралық сауда теориясы.....................................................................4-8
2.Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары..........10-17
3.Халықаралық сауда субьектілері.............................................................18-20
4.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы........................21-24
ҚОРТЫНДЫ...................................................................................................25
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа МИКА!!!.doc

— 177.00 Кб (Скачать документ)

Рейтинг контрактылары  халықаралық тәжірибеде сирек бекітіледі.

Рейтинг құралдарына  транспорттық құралдар, туристік және қысқа мерзімдік пайдаланудағы  тауарлар жатады.

Негізгі бұл контрактылардағы міндеттеме бойынша сақтандыру мен  техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші жүргізеді.

Транспорттық құралдар ( су транспорты, авиалайнер, автобус  және т.б.) уақытша арендаға алу келісімі «таймс-чартер» деп аталады, яғни бұл келісім кезінде экипаж бен  жүргізуші де жалға алынады.

Ал экипажы жоқ транспорт құралдарын жалға алу «бербоут» деп аталады.

Қарама-қарсы сауда  дегеніміз экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы жөніндегі қарсы міндеттемесі.

Қарама-қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:

  1. бартерлік келісімдер
  2. қарама-қарсы сатып алу келісімдері
  3. клирингтік келісімдер
  4. лицензиялық келісімдер
  5. компенсациялық келісімдер

Қарама-қарсы сауданы  тереңірек түсіну үшін олардың түрлеріне  сипаттама берейік.

Бартерлік келісім –  валютасыз, бірақ тұтас келісім негізінде бағаланған және баланстанған тауар айырбасы.

Бағалау үшін мыналар  қажет:

  • айырбастың эквиваленттілігін қамтамасыз ету үшін;
  • сақтандыру сапасын анықтауға мүмкіндік беру үшін;
  • жеткізіп берулердің кешіктірілуі кезінде айыптарды есептеу үшін;
  • сапасыз тауарлардың жеткізілуі кезінде олардың бағасын төмендету үшін;

Қарама-қарсы сатып  алу келісімдері.

Клирингтік келісімдер – саудада пайда болатын талаптар мен қарыздарды өзара өтеу жөнінде  мемлекеттердің орталық банктері арасындағы қолма-қол ақшаның есеп айырысу түрі.

Лицензиялық келісім  – бөтен сауда маркасын пайдалану  келісімі.

Мысалы, Малайзия фирмасы  Жапонияның «SONY» корпорацясымен лицензиялық келісімге отыруы.

Лицензияны сатудың  тиімділігі:

  • біріншіден, белгілі бір технологияны шығаруға кеткен шығындарды орнын толтыруға мүмкіндік береді;
  • екіншіден, тауар экспорты үшін жабық нарықтарға енуге мүмкіндік береді;
  • үшіншіден, ішкі нарықтың толығуын жеделдетуге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Компенсациялық келісімдер – алынған несиені өтеу үшін ақшалай есеп айырысудың орнына тауар ұсыну келісімі.

Шекералық сауда –  сауда, төлем және жыл сайынғы  қарар туралы келісімнің негізінде  көрші мемлекеттердің шекаралас  аудандарының сауда ұйымдары мен  фирмалары жүзеге асыратын халықаралық  тауарлар алмасу түрі.

Мысалы, Қазақстанның Қытаймен шекаралас тұрған Жаркент қаласында  осындай сауда жүзеге асырылады, яғни қазақстандық және қытайлық саудагерлер  осы жерде экспорттық операцияларын  жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА СУБЪЕКТІЛЕРІ

 

Саудада негізгі операцияларды  бірнеше субъекттер қамтамасыз етеді. Соның ішінде брокерлік сауданы  атауға болады.

Брокер – сауда  делдалы, ол сату-сатып алу келісімдеріне  белгілі бір жақ ретінде қатыспайды, тек қана қызығушы екі жақ –  сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Брокер бір реттік тапсырма негізінде және өз клиенттерінің  инструкциялары шегінде әрекет жасайды.

Қызметі үшін брокер келісімге  қатысқан бір жақтан (өз клиентінен) брокеридж деп аталатын сыйақы алады.

Брокеридж келісімі құнының  белгілі бір проценті мөлшерінде беріледі.

Брокердің негізгі артықшылығы  – келіссөз жүргізу барысында  брокер өз клиентінің атын жасыруына, яғни конфеденциалдықты сақтауына  болады.

Сондықтан кейбір клиенттердің брокерді делдал етіп алу себебі – олар өз операциларының кең таралмауын, яғни жасырын болуын қамтамасыз етеді.

Брокер делдалдықпен қатар басқа қосымша қызметтерді  де көрсетеді,мысалы, нарықты зерттеу, жарнама жөніндегі ақпараттар, несие  беру. Брокер қызметін жеке адамдар, фирмалар мен ұйымдар жүргізеді.

Дилер - өз атынан және өз есебінен тауарларды қайта сатумен  айналысатын жеке тұлға немесе фирма.

Дилердің пайдасы тауарларды сатқан және сатып алған бағалардың айырмасынан тұрады. Тауарларды өткізу жүйесінде дилер өз қызметінде соңғы тұтынушыларға жақын болады.

Тауар және қор биржаларындағы делдалды маклер деп атайды.

Коммивояжер – бұл  сауда өкілеттігін жүзеге асыратын сауда кәсіпорынның қызметкері.

Коммивояжер кәсіпорынмен жедел немесе жедел емес еңбек  келісімдері негізінде әрекет етеді. Коммивояжердың функциясы – белгілі бір аумақта кәсіпорын тауарларының өткізілуін қамтамасыз ету.  Коммивояжер өнімге деген тапсырысты жинап, сатып алушылар шеңберін құрады, бұл кезде ол келісім жасауға өкілетті емес. Өз қызметі үшін коммивояжер не тұрақты еңбекақы алады, немесе орындалған тапсырыстар сомасынан алынған порцент мөлшерінде сыйақы алады.

Агент, коммивояжер, дилер  сияқты делдалдардан коммивояжердың айырмашылығы – ол жеке тұлға да, коммерсант та болып әрекет етпейді. Ол саудалық тіркеуге кірмейді.

Комиссионер – сауда  келісіміндегі делдал, белгілі мөлшердегі сыйлық үшін, комитет пайдасы үшін соның есебінен, бірақ өз атынан делдалдық жасайтын адам.

Тауар нарығында таурады  сату (айырбастау немесе сатып алу) кезінде комиссионер оның меншік иесі бола алмайды.

Комиссионердің табысы – көрсеткен қызметі үшін комитет  тарапрынан берілетін комиссиялық  сыйақы (бонус).

Бонус – көрсетілген  комиссиялық қызметтер үшін төленетін  комиссиялық сыйақы. Бонус мөлшері  сатылған (айырбасталған немесе сатып алынған) тауарлардың құнына қатысты процентпен – анықталады және мыналарға қатысты өзгеріп отыруы мүмкін:

  • тауардың күйіне қатысты
  • оған деген сұранысқа;
  • сату каналдарына (дүкен немесе тікелей сату арқылы);
  • комиссиялық келісімдерге деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына;
  • комиссионерлер арасындағы бәсеке деңгейіне.

Бонустың нақты мөлшері  мен есептеу жолдары комиссиялық  келісімдерде анықталады.

Консорциум – бірнеше  банк немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының арасындағы бірлесіп заемдарды, акцияларды, облигацияларды орналастыру, кең ауқымдағы қаржылық немесе комерциялық оепрацияларды жүргізу, ірі өнеркәсіп құрлысын жүзеге асыру, өнім өндіруді ұлғайту мақсатындағы уақытша келісім.

XIX ғасырдың аяғында – XX ғасырдың басында қосымша пайда табу мақсатында заемдар мен бағалы қағаздарды тиімді түрде орналастыруды жүзеге асыратын бірнеше банктердің, банкирлер үйінің және қаржыландыру қоғамдарының бірлестігі түрінде әрекет етті. Қазіргі таңда халықаралық консорциумдар өте кең түрде дамуда, оларды ірі шаруашылық жобаларды жүзеге асыру мақсатында кәсіпорындар құрған.

Консорциум ұйымы қатысушылар  арасындағы келіссөз арқылы ашылады.

Консорциумға кіретін  қатысушылар өзінің заңдылық және шаруашылық еркіндігін сақтайды, бірақ консорциум мақсатына қатысты қызмет бөлігінде олар бірлесе отырып сайланған жетекшіге бағынады.

Консорциум лидері басқа  мүшелердің оған берген өкілетілігі  шегінде әрекет етеді. Халықаралық  саудада консорциум тапсырыстарды  алуда бірлескен күрес жүргізу  үшін және оларды бірлесе отырып орындау  үшін құрылады.

Консорциум тапсырыс беруші адам алдында бірлескен жауапкершілікте  болады.

Консорциумға қатысушы көп жағдайда өзінің тапсырыстағы 10% үлесі шегінде мүліктік жауапкершілікте  болады, ал қалған сома басқа қатысушылардың тапсырыстағы үлесі бойынша өзара пропорционалды түрде бөлінеді.

Сауда үйі – күрделі  құбылыс болып табылады. сондықтан  оның мәнін ашу үшін ең алдымен  оның ерекшеліктері мен негізгі  мақсатына тоқталып өту керек:

1) ірі сауда ұйымының  типі, оның негізгі ерекшеліктеріне  мыналар жатады:

  • тауар өндірісі сферасына белсенді түрде ену;
  • өндіріс коопнрациясын ұйымдастыру;
  • несие-қаржы операцияларына қатысу;

Дүние жүзінде қызмет ететін сауда үйлерінің негізгі  мақсаттарына жататындар:

  •    делдалдық операцияларды концентрациялау есебінен сыртқы экономикалық қызметті белсенді түрде жүргізу;
  •    дүниежүзілік тауар нарықтарының өзгермелі конъюнктурасына жедел түрде жауап қайтару;
  •    өндірісті ұйымдастыру және бәсекелестік қабілеті бар тауарларды өткізу;
  •    ұсақ және орташа фирмаларды біріктіру және олардың өткізу қызметін қаржыландыру;
  •    айналым шығындарын, маркетингтік зерттеу мен жарнама құнын төмендету;

Сауда үйлері акционерлік  қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік формаларында құрылады.

Сауда үйлері және басқа  шаруашылық субъектілері арасындағы байланыстың негізгі формаларына мыналар жатады: агенттік келісімдер; ынтымақтастық жөніндегі келісімдер; сату-сатып алу контрактілері; концигнациялық келісімдер және т.б.

Сауда үйлері өз қызметін белгілі бір тауар тобы шеңберінде шектемейді, олар тиімділігі және өзара есеп айырысуы бойынша өзара байланысқан келісімдердің толық кешенін жүзеге асырады.

2) брокерлік фирма,  ол өз есебінен немесе белгілі  бір тауарлардың саудасымен айналысатын  өндіруші, тұтынушы немесе басқа  тұлғалар есебінен нақты тауарлар  бойынша келісімдер жүргізумен айналысады.

Көптеген сауда үйлері сонымен бірге саудагерлерден тапсырма алады және фьючерстік биржада өздері келісімдер жүргізеді.

Бас жабдықтаушы - өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және басқа да объектілерді салу кезінде технологиялық құрал-жабдықтардың толық комплектісін құрылыс ауданына жеткізіп беретін фирма тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша, ең басты жеткізуші келісім бойынша жеке машиналарды жеткізіп беру үшін басқа кәсіпорындарды немесе фирмаларды жұмсайды. Ондай жеткізушілерді субжабдықтаушылар деп атайды.

 Субжабдықтаушылардың  тапсырмаларды орындаған-орындамағанына  қарамастан, тапсырыс беруші алдында  бас жабдықтаушы жауап береді. Халықаралық сауда субьектілері  төмендегі схемада көрсетілген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Қазақстан  Республикасының сыртқы сауда айналымы

 

Қазақстан Республикасының  қазіргі кездегі дамуы өзара  бағыныштылық және өзара араласу  процесінің күшейген кезеңінде жүріп  жатыр. Қазақстан Республикасының  геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа  аймақтармен байланыс қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әр түрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы  экономикалық бірігудің әр түрлі  жолдары бар екенін белгілі ьолды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерінің сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастықтың көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді шешеді.

Қазіргі кезде Қазақстан  және Өзбекстан тұрақты халықаралық  сауда-экономикалық байланыста. Аймақтық эксперттердің ойы бойынша республикаға беретін пайдасы мыналар:

а) отандық өнімдерді  экспорттаауға әдеттегі тосқауылды алу жағдайы әлемдік экономика  мен сауда-экономикалық байланыстарды  тереңдетеді, капиталдың ағылуы жолдарын халықаралық мамандануға қарай  бұрады.

          ә) халықаралық саудадағы теңдік, дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін  барлық мемлекеттер сияқты сауда  қағидалары мен жеңулдіктерге  ие болады;

б) сыртқы сауданы дамытуда ұзақ  жылдарға болжам жасау арқылы сауда стратегиясын ойластыру мүмкіндігінің болуы, сондай-ақ отандық кәсіпкерлердің әлемдік нарыққа щығуына жол ашу;

в) республикалардың дүниежүзілік сауда ұйымының мүше болуынан бастап осы ұйымға мүше елдер тарапынан  мейлінше жағдай туғызуы,

Информация о работе Халыкаралык сауда