Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 10:15, реферат

Краткое описание

Мен таңдаған курстық жұмыс “ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында) ” деп аталады. Мұнда тәуекелдің қаржылық және өндірістік қызметте басты проблема болып табылатындығы, тәуекелді ескере отырып, біз өз іс әрекетімізде тәуекелді минимумға жеткізуге тырысамыз. Тәуекел өндірушінің, сонымен қатар банк қызметінің қорытындысын нәтижесінің анықталмағандығы және мүмкін шығындар болуының ықтималдығы. Банктік қызметте маңызды болып тәуекелді жою емес, ол тіпті мүмкін емес, оның болжау мен минималды деңгейге жеткізу табылады. Курстық жұмы үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімде нақты және ауқымды түрде әр түрлі проблемаларды және де банктің тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны жайлы жаздым.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3

І Бөлім. Банк тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны ....................4
Банк тәуекелдерінің түрлері ........................................................5

ІІ Бөлім. Банк тәуекелдерін басқару ...............................................................11
2.1. Пайыздық тәуекелдерді басқару ...................................................18
2.2. Несиелік тәуекелдерді басқару ......................................................24
2.3. Тәуекелдерді жою жолдары ...........................................................29

ІІІ Бөлім. Шетелдегі банктердің банктік тәуекелдер және оны басқару ....33
3.1. Халықаралық несиелендірудегі тәуекел .......................................34

Қорытынды ....................................................................................................... 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк тәуекелдері.DOC

— 341.00 Кб (Скачать документ)

 

Тіркелген                                Тіркелген



Толқымалы                    Толқымалы

мөлшерлеме                        мөлшерлеме

 

 

Толқымалы  Тіркелген

мөлшерлеме мөлшерлеме


 

 

 

 

Пайыздық мөлшерлеменің деңгейін болжау макроэкономикалық жағдайдың дамуын сапалы талдау мен болжауға негізделеді және несиелік ресурстар нарығымен қатысушыларының үмітіне осы өзгерістердің әсерін ескеру қажет. Қазақстанда инфляция үрдісін болжау кейінгі жылдары пайыздық мөлшерлеме динамикасы факторының анықтаушысы болып келеді.

Пайыздық тәуекелді хеджирлеу үшін әр түрлі жиынтық әдістерін қолдану қажет. Тек осы жағдайларда тәуекелді басқару нәтижесі қанағаттанарлық болады.

Пайыздық тәуекелді басқарудың бірнеше концепциясы бар:

  1. Банктің пайыздық маржасы  қаншалықты жоғары болса, сонша пайыздық тәуекел деңгейі төмен болады. Басқа сөзбен айтқанда, активтен түскен пайыздық табыстар мен міндеттеме бойынша пайыздық шығындар арасындағы маржа.
  2. “СПРЕД” (SPREAD) концепциясы немесе таза пайыздық маржа (NIM), өлшенген орта мөлшерлеме мен пассив бойынша төлемдер арасындағы айырма талданады. Осы екі көрсеткіштің арасындағы айырма қаншалықты үлкен болса, сонша пайыздық тәуекел деңгейі төмен болады. Талдауға мәліметтер банктің статистикалық есебінен алынады.
  3. “Құлдырау (разрыв)” Концепциясы (GAP = RSA – RSL, RSA - пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруге сезімтал активтер, RSL – пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруге сезімтал пассивтер ), банктің балансталмаған активтер мен пассивтерді талдауды тіркелген және құбылмалы пайыздық мөлшерлемеден тұрады.

Пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгерісі сезімталдық активтердің  сомасының асыру пассивтен тіркелген статистикадан мөлшерлеме  немесе белгілі бір уақыт кезеңіне алынады. GAP басқаруы – көрсетілген актив пен пассив деңгейлерін анықтауды басқару, банк балансында пайыздық мөлшерлеме өзгеруінің сезімталдығы немесе мөлшерлеменің өзгеру кезең аралығында пайыздық маржаны максималдау стратегиясы ретінде. Пайыздық тәуекел дәрежесі пайыздық маржамен спредқа әсер ете отырып, пайыздың мөлшерлеме өзгерісінің ұзақтығына, жылдамдығына, бағытына және де құлдырау көлемінен байланысты болады. GAP  құлдырауының шамасы пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруінен хеджирлеуде қолданады, не GAP мөлшерлеменің спекулятивті өзгеруі үшін. Осылайша, GAP-ты басқару активті немесе пассивті болуы мүмкін.

Пайыздық мөлшерлеме деңгейі төмендегілер ге байланысты:

  • активтер қоржынының (құрылымы) өзгеруі, несиелер мен инвестициялар мөлшері қатынасын қоса, тіркелген және құбылмалы мөлшерлеме активтер, нарықтағы олардың баға динамикасы;

пайыздық мөлшерлеме динамикасы. Пайыздық тәуекел деңгейін бақылау мен басқару үшін нақты жағдайларға тәуелді банк қызметінде нақты стратегияларын әзірлейді.

Пайыздық  фьючерстер мен хеджирлеу концепциясы пайыздық тәуекелді басқаруға тікелей байланысты. Олар бір – бірімен байланысты: хеджирлеу процесі фьючерстерді қолданудан тұрады, бірақ та яьючерстер әрқашан хеджирлеумен байланысты емес.

Хеджирлеу – табиғи және қаржылық активтер немесе пассивтердің болашақта бағаларының өзгеру тәсілдерін анықтайтын процесс, ол үшінші тұлғамен толық немесе жартылай жою жолымен келісімшартқа отыру, ол арқылы бастапқы келісімшарт бойынша активтер немесе пассивтерді сатып алу толық немесе жартылай қарама-қарсы келісімшартпен бейтараптандырылады.

Хеджирлеуге мысал, баға өсуінің жоғарғы шегіндегі несие бола алады. Қарыз алушы банкпен несиелік келісімшартқа отырады, құбылмалы мөлшерлемеге келісе отырп, қарыз алушы пайыздық тәуекелді қысқартуды шешеді. “Жоғарғы шек (потолок)” немесе “шкаласын” – максималды мөлшерлемесін алып, сол арқылы несиенің қолданылу мерзімі ішінде банк өндіріп ала алады. Несиелендіруші банк жоғарғы шекке келісе отырып, шынында жартысын пайыздық тәуекелдің өзіне аударады. Осы үшін банк төлем алады, әлбетте жоғары пайыздық мөлшерлеме формасында, яғни банкке ресурс құнының пайыздық спредін жоғарылатып немесе басқа базалық мөлшерлеме.

Жалпы хеджирлеудің бір жетіспеушілігі (яғни барлық тәуекелдің қысқарылуы) брокерлерге сыйақыларды (комиссионные) және опциондар сыйлық беруге кеткен маңызды сомалы шығындар болып табылады. Таңдамалы хеджирлеуді жалпы шығындарды қысқартудың бір әдісі ретінде қарастыруға болады. Басқа әдіс – белгілі бір деңгейге мөлшерлеме өзгергенде тәуекелді тек сонда сақтандыру. Жағымсыз өзгерулерді банк белгілі бір деңгейде бастан өткізе алады, бірақ олар шекке жеткенде позицианы түпкілікті хеджирлеу керек алдағы шығындардың алдын алу үшін.

Пайыздық фьючерстер көрсетілген қаржылық активтердің белгілі көлемін жеткізімді келісілген болашақтағы уақытта іске асыру міндеттемесі. Мұндай активтер үкіметтік бағалы қағаздар әр түрлі мерзім өтелуінен тұрады немесе валютадағы әр түрлі депозиттер. Батыстағы пайыздық мөлшерлеменің тұрақсыз дамуы қысқа және ұзақ мерзімді қарызды құралдардың бағасының тұрақсыздығы да көбейеді. Банктер болса, келісімшарттарға деген өсіп келе жатқан сұраныс, онда пайыздық мөлшерлемелер несиені пайдаланудың мерзіміне дейін қойылған, бекітілген. Пайыздық мөлшерлеменің күтпеген өзгеруінен хеджирлеудің тиімді механизмі сұранысын жасады.

Банктер кездесетін тәуекелдің барлық түрлерінің ішінде ең көп талдау мен бақылау, көп көңіл, кейінгі жылдары тек пайыздық мөлшерлеме тәуекеліне бөлінді, себебі пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруі банк активтеріне, пассивтеріне және капитал құндарына және табысқа жағымсыз әсерін тигізеді.

Нарықтағы пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруі банк пайдалылығына зиян тигізеді, оның қаржылық шығындарын көбейтіп, актив бойынша түсімдерін қысқартады, акционерлер инвестициясы құнын қысқартады (таза құн мен меншікті капитал). Соңғы онжылдықта құбылмалы пайыздық мөлшерлеме кезеңінде банкирлер жаңа және айрықша ортада қызмет жасауға мәжбүр. Бұл құбылмалы шығындар, пайда мен банк активтері құны деңгейінің айтарлықтай өзгертеді. Банкирлер өз активтер және пассивтер қоржынын қорғау әдістерін ідеуге, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің пайдаға әсері. Пайыздық  мөлшерлеме тәуекеліне қарсы қорғаныс шараларының мақсаты – банк пайдасының жағымсыз өзгеру әсерінен қорғау. 3 – суретте пайыздық тәуекелді басқаруды тағы бір шешім қабылдау жүйесі көрсетілген. Ол шешім қабылдаудың мүмкін кезеңдерін көрсетеді және көрсетлген процесс – жалғыз нұсқа емес.

Мөлшерлеменің қай бағытта өзгеруі маңызды емес, ең бастысы, пайда тұрақы болу керек. Бұл мақсатқа жету үшін банк менеджерлері өз көңілін пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімтал, қоржын құрамдастарына бөлуі қажет.

Қоржынның активті бөлігі ретінде бұл несиелер мен бағалы қағаздар инвестициялар, ал пассивті бөлігінде – депозиттер мен ақша нарығындағы займдар. Банк пайдасын пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің жағымсыз әсерінен сақтау үшін оның басшылығы таза пайыздық маржаны (ТПМ) тіркелген деңгейде ұстап тұруға тырысады, ол келесідей есептелінеді:

 

несие мен инфляция бойынша пайыздық табыс –

ТПМ = Депозиттер мен займдық қаражаттар бойынша пайыздық шығындар =

Активтердің барлық табыс әкелетін құны

 

=      таза пайыздық табыс   .

    Активтердің барлық табыс  әкелетін құны

 

Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты тәуекелді басқару, бұл барлығын қамтитын процесс, онда активтер мен міндеттемелер позициясының қауіпті салымдарын есептеу және қарау қажет.

 

 

 



 

 



 


 


 




 

 

 



 


 



 

 

 

 

2.2. Несиелік тәуекелдерді  басқару

 

Қандай  банк болсын қызметі мен экономикалық мәнінің құрылуынан, несиелендіру – банктік бизнестің дәстүрлі жүрегі екендігіне көз жеткізугеболады. Несиелік операциялар табыстар мен активтердің ірі бөлімі болып табылады. Бірақ та, сонымен қатар несиелік қоржын банк сенімділілік пен қауіпсіздіктің ірі көзі болып келеді.

Саудалық қоржын проблемалары, несиелендіру стандарттарын бәсеңдетуден пайда болады, несиені тексеру тиімсіздігі, экономиканың әлсіздеуінен – бұл шығындардың басты себептері. Несиелі қоржынды тиімді басқару шығындары минималдауға және саудалық операция пайдалығына әсер етеді.

Қазіргі кездегі банк қызметін объективті талдау кезінде негізгі банктік тәуекел, оны басқарудың маңызды факторы болып несиелік тәуекел екендігі көз жеткізуге болады. Несиені беру - әр түрлі типтегі кәсіпорындарға жай операция болып келеді, ал банк ісінде ол маңызды орынды алады. Көптеген банктер өзінің табысының көп билігін несиелік және инвестициялық қызметтен түсіреді. Басты мақсат мүмкін пайданы бағалау үшін оның клиенттерге ссуданы төлемеу мүмкіндігі қатынасында болып табылады.

Несиелік тәуекелдің ықшамдалған формасын қаржылық келісімшарт бойынша серіктес келісімшарт талаптарын орындауға қабілетсіз болуы және активті ұстаушы қаржылық зияндарды шегетінін анықтайды. Несиелік тәуекелдің тұрпатты және негізгі мысалы ретінде, клиенттің заемды жаба алмау тәуекелі. Потенциалды шығындар тәуекелі несиелендіруде басқа да банктік операцияларға тарайды, міндеттер мен кепілдемелерге беріледі. Бағалы қағаздарды орналастыру операциялары, сонымен қатар номиналдар нарығындағы  әр түрлі қызметтер, своп, фьючерстік келісімшарттар, облигациялар, акциялар және опциондар сяиқты.

Әлемдік тәжірибеде несиелік тәуекел 2 топқа бөлінеді:

  • қарыз алушымен байланысты тәуекел, шығындарды бағалау мүмкіндігі;
  • несиелік өнімнің ішкі тәуеклі, ол ақша шығындарының көлемін бағалайды, егер клиент келісімшарт талабын орындамаған кезде.

Несиелік тәуекелді басқару ісінде дамушы елдерде маңызды қиындығы проблемасы тұр. Үкімет тарапынан бақылау, саяси сипаттағы ішкі және сыртқы жағдайларға қысым, өндірудегі қиындықтар, қаржылық шектеулер, нарық құрылымының бұзылуы, бизнес саласындағы тұрақсыздықтың жиі жағдайлары мен қарыз алушылардың қаржылық жағдайын өндірістің бұзуы.

Қаржылық ақпарат сенімсіз болып келеді, құқықтық құрылым қарызды жабу бойынша міндеттемелерді оырндауға жиі көмектеспейді. Біздің республикада сыртқы мінездемедегі қиыншылықтар ішкі  әлсіздікпен күшейеді және актив сапасының нашарлануымен бірге жүреді.

Несиелік саясат несиелік қоржын құрамын қамту керек және оны бақылауды, сонымен қатар нақты несиелік шешімдер стандарттарын қою керек. Қазақстанның банктік жүйесінде бұл көрсеткіштер экономикалық нормативтермен реттеледі, ҚР Ұлттық банктермен бекітілген. Реттеуші органдар ұсынған тәуекелдің төменгі деңгейін банктер пайдаланбауы мүмкін, оның орнына басқа төмен тәуекелді таңдады. Банк несиелік тәуекелді бағалаудың басты кезеңінде және ссудалық қоржынды құруда несиелік өтінімін талдау болып табылады. Несиелік өтінімдерді бағалау – қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мақсатында несиелік бөлім қызметкерлерімен іске асыру және оларды қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін талдау. Компанияның несиелік өтінімді бағалау процесі тек қаржылық тәуекелді қарастырумен шектелмейді. Ол клиенттің бағалауы сұрақтардың кең көлемін қамтиды, ол басқару сапасы, салалық көрсеткіштер, бәсекелестік және стратегиялық бағдарлар (бизнес тәуекелі) сияқты. Бизнес – тәуекелді кең ауқымды талдау тәуекел рейтингісі жүйесін қолданудан тұрады. Бизнес – тәуекелдің талдау нәтижесі қаржылық көрсеткіштерді үйлестіруге және клиент компаниясы үшін туекел деңгейінің жалпы көрсеткіштерін алуға болады.

 

Компанияның

несиелік тәуекелі   =   бизнес тәуекелдің деңгейі + қаржылық тәуекел деңгейі

 

тәуекелдің жалпы деңгейін анықтау мақсатын ықшамдау үшін қаржылық тәуекел деңгейі бойынша компания сыныптамасы жүйесін құру керек. Қаржылық тәуекелін талдау бизнесін береді (компания үшін бекітілетін ).

Несиелік өтінімге қатысы бар барлық факторларды бағалауда, бизнес – және қаржылық тәуекелді қоса алғанда, несиелік бөлім қызметтері мүмкін шығындар тәуекел деңгейінің жалпы көрсеткіштерін және клиентті несиелендіруден бас тарту немесе ұсынысты беру шешімі.

 

Қаржылық  тәуекел деңгейін бағалау.

А категориясы

Болжанатын негізде клиент қарызды мүлтіксіз орындай алады.

Б категориясы

А категориялы мінездемесіне тәріздес сипатқа клиент ие, бірақ жеке элементтер жеткілікті тұрақсыз болуы мүмкін.

В категориясы

Клиент қаржылық тұрғыда тұрақты, бірақ оның экономикалық қызметі перспективасында бірнеше қанағаттанарлықсыздар көрінеді.

Г категориясы

Болжамның қанағаттанрлықсыз маңызды мөлшері көрініс табады. Бастапқы көздерде қарызды төлеу мүмкіндігі аз және қамтамасыз етуді өтімді ету қажеттілігі туу мүмкін.

Д категориясы

Қамтамасыз ету, компанияның таза құны және ақша қаражаттар айналымы жеткіліксіз. Зияндар немесе банкароттық күтіледі.

Информация о работе Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру