Қымыз бен шұбат пайдасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:38, реферат

Краткое описание

Қазақтың ұлттық сусындары – қымыз бен шұбат жайлы, олардың адам денсаулығына келтірер емдік қасиеттері туралы ой-пікірлер мерзімді басылымдарда аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Өкінішке қарай, бұл мәселе қазіргі таңда толық шешілді деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Тіпті, қымыз бен шұбаттың сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқының ұлттық сусын-тамағы болғанын әлем жұртшылығына осы күнге дейін мойындата алмай жүргеніміз көңілге қаяу түсіреді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қымыз бен шұбаттың пайдасы
2.2 Қымыз - емдік қасиеті мол, экологиялық таза мал өнімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қымыз бен шұбаттың пайдасы.doc

— 97.50 Кб (Скачать документ)


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Қымыз бен шұбаттың пайдасы

2.2 Қымыз - емдік қасиеті мол, экологиялық таза мал өнімі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қымыз - емдік қасиеті мол, экологиялық таза мал өнімі

 

 

Қазақтың ұлттық сусындары – қымыз бен шұбат жайлы, олардың адам денсаулығына келтірер емдік қасиеттері туралы ой-пікірлер мерзімді басылымдарда аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Өкінішке қарай, бұл мәселе  қазіргі таңда толық шешілді деп ауыз толтырып айта алмаймыз.  Тіпті, қымыз бен шұбаттың  сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқының ұлттық сусын-тамағы болғанын әлем жұртшылығына осы күнге дейін мойындата алмай жүргеніміз көңілге қаяу түсіреді. Ол, сірә, мына біздің кеңдігімізден, жайбасарлығымыздан болар. Әйтпесе, қазақтың ұлттық тағамы – жылқының жал-жаясын, қазы-қартасын француздық даяшылар мен аспазшылар «біздің ұлттық асымыз» деп кафе мен асханаларында  туристерге  ұсынбас  еді ғой...

Қазақстандық ғалымдар қымыз бен шұбаттың емдік қасиеті бар екенін және бұл сусындардың өкпе ауруларына, әсіресе, туберкулезге қарсы қолданылатыны ерте кезден-ақ белгілі болғанын, оның құрамында А, В1, В12, Д, Е, С витаминдері бар қымыз адамның бойындағы туберкулез, гастрит, холецистит, энтерит пен энтероколиттің асқынған түрлеріне, жүрек қантамырлары, жүйке және асқорыту жүйелеріне, қан айналымы, тоқішек пен асқазандағы жараға ем  екенін анықтағаны белгілі. Бұл бағытта академик Төрегелді Шарманов басқарып отырған Алматыдағы тағамтану ғылыми-зерттеу институтының еңбегі орасан екенін атап өткен жөн.

Өкінішке орай, бүгінде қымыз бен шұбатқа емдеу-сауықтыру шараларымен айналысатын шетелдік ірі компаниялар қызығушылық танытып отырғанымен, экспорттауда арнайы күтімді қажет ететін ұлттық өнім, тасымалдау барысында елеулі қиындықтар туғызып, жөнді шешімін таппай отырғаны аян. Сондықтан, еліміздің ғалымдары қымыз бен шұбатты экспорттауда әлемде кеңінен қолданылатын сублимациялық тәсіл арқылы, яғни ұнтақ (порошок), немесе таблетка ретінде тасымалдауды ұсынды. Егер бұл ой үкімет тарапынан қолдау тауып, өнімді сублимациялық тәсілмен экспорттық тауарға айналдыра алсақ, өте қуанышты жағдай.  Осылайша халықаралық нарықта сұранысты арттыруға септігін тигізері даусыз.  Расында, қымыз бен шұбатты шет елге шығарып,  одан халқымыз пайда тауып жатса,  қандай жақсы?!

«Ақылдан жақсы дос бар ма?

Ашудан жаман қас бар ма?

Жиырма бестен артық жас бар ма?

Қымыздан дәмді ас бар ма?» – деп қазақ  тауып айтқан. Ал, жүзге келген жыр атасы Жамбыл : «Үйірілген сары алтындай сары қымыз. Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз» деп ұлттық сусынымызды қадірлеп жырға қосқан. Ақтамберді жырау болса: «Биенің сүті сары бал – қымыздан асқан дәм бар ма?!»,– деп тамсанған.

Қымыз бен шұбаттың емдік қасиетін фармакологиялық химиялық дәрі-дәрмектермен, минералды сулармен және де басқа қышқыл сүттермен еш салыстыруға келмейді. Себебі, олар динамикалық, биологиялық препараттар қатарына жатады. Қымыз бен шұбат асқазан мен ұйқы безінің секрециясына, бауырдан өт бөлінуіне ықпал етеді, қызметін жақсартады. Соның әсерінен ас қорыту, оларды сіңіру процестері реттелінеді. Асқазанның ойық жарасына, гастритке, бауыр және өт жолдары ауруларына, панкреатит, энтерит, колит, қаны аздық ауруларына бие сүтінің емдік қасиеті ерекше екенін баса айтуымыз керек.

Қымыз құрамында С витамині мол болғандықтан өкпе ауруларына, әсіресе туберкулез ауруына таптырмайтын ем. Қант диабеті, атеросклероз және жүрек ауруларына қымыздың пайдасы мол екені көптеген ғалымдардың еңбектерінен белгілі.

Сол қымыз бен шұбаттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін біз осы күнге дейін жалпы жұртқа жеткізе алмай, ішкі нарыққа  енгізе алмай жүргеніміз өкінішті. Тіпті, Алматы, Астана сияқты ірі қалаларымызда қымыз бен шұбат ұсынатын, ұлттық ыстық тағамдар даярлайтын кафе мен  мейрамхана жоқтың қасы (өз басым оларды кездестірмедім). Қайда бармаңыз «кәріс тағамдары», «дүнген финчозасы», «ұйғыр лағманы», «қытай  асханасы», «өзбек палауы» деген сан түрлі жарнамалық жазулар алдыңнан шығады. Ал, енді қазақтың ұлттық ет тамағын келімсектер бір кезде келеке етіп, тамақты қасықсыз ішетінін құбыжық ретінде көрсетпек болып, құлаққа жағымсыз «бесбармақ» деп ат қойып, сол аты осы күнге дейін сақталып келе жатқаны, былай қарасаңыз, біздің ұлтқа деген барып тұрған қиянат емес пе?!

Ұлттық тағамдар мен сусындар жайы оңтүстік  астана  Алматыда қалай?  Қуана алмаймыз. Осыдан 5-6 жыл бұрын  Таразда облыстың сол кездегі басшысы ұлтжанды Серік Үмбетовтің қолдауымен қаланың әр тұсынан киіз үйлерде біраз қымызханалар ашылып, қала тұрғындарына бірер жыл қызмет атқарғаны есімізде. Содан көп ұзамай «даладан қалаға келген киіз үйлер» саны қожырап, бірте-бірте олардың барлығы «санитарлық нормаларға сәйкес емес» деген, басқа да әртүрлі  сылтаумен жабылып тынғаны белгілі. Сөйтіп, несін жасырамыз, қалалықтар емдік, шипалы сусындардан алыстатылды. Олардың орнына көптеген сыраханалар мен спирттік ішімдіктің мол түрі бар кафелер, тойханалар етек жайды. Алматыда да осы көрініс көз алдыңа  келе қалады. Ойлаңызшы, сырттан келген қонақтарды қымызханаларымызға ертіп барып, сусын орнына қымыз, шұбат беріп, қазақтың ұлттық тағамдарымен күтсек  несі  жаман?

Бір кездері қазақтың ұлттық тамақтары дайындалады деген қала орталығындағы «Жерұйық» мейрамханасының өзінде бұл күндері қымыз бен шұбат бола бермейді. Ал, орталық базарда әркім сатып тұрған қымыз бен шұбаттың сапасына  кепілдік жоқ.

Қала түгілі, ауылдық жерлерде де қымыз бен шұбат күрделі  мәселе . Әлі есімде, өткен жүзжылдықтың 70-жылдары ауылға жол түсе қалса, үйір-үйір жылқыны, көгенде байлаулы құлындарды көріп «құлын байлап, бие сауған берекелі үй екен, соғып қымыз ішелік» деп атбасын бұрып, сәлем беріп, әңгіме-дүкен құра отырып, сусын қандыратынбыз. Ал, қазір сол бір ауылдағы ұлттық жақсы салт көмескіленіп, жылқы ұстап отырса да бие сауып, қымыз ішпейтін халге жеткені өкінішті.

Таяуда Қаратау жотасындағы шұрайлы Көкжон өңіріндегі туған ауылым Үшбасқа барып қайттым. Қасымда Алматыдан келген біраз қонақтар болатын. Олар бұл өңірдің табиғи сұлулығына сүйсінді. Қонақтарға ұсынған қымыз Жаңатастағы базардан алдырылған болып шықты. Бүкіл ауыл бойынша бие байлап, қымыз сапырып отырған бірде-бір үй болмағаны бізді таңқалдырды.

– Ертеректе қымыз әрбір үйде болатын. Соңғы жылдары қолдарында біраз жылқы болса да, бие байлап, қымыз сапырып отырған ешкім жоқ. Өйткені, бұрындары бие сауып, қымыз пісетін апалар қартайды, бойларынан қуат, қолдарынан күш кетті. Қазіргі жас келіндер биеге жуымайды. Бие сауып, қымыз піскенді артық жұмыс санайды. Оның барлығы – қазіргі жастардың немқұрайдылығы, еріншектігі, жалқаулығы, тұрмысқа ебедейсіздігінен болар, – дейді ауыл  үлкендері.

Өткен жылы Алматы облысының Ақши ауылында өткен семинар-кеңесте төрт түліктің төресі – түйе өсірудің түйткілдері қаралып, аталған саланы дамыту жолдары кеңінен сөз болды. Сонда 1990 жылдары құрылған «Дәулет-Бекет» ЖШС қызметкерлері бұл күндері асыл тұқымды түйе өсіріп, одан алынған өнімдерді өңдеп, халықаралық «Халал» сертификатымен әдемі безендірілген арнайы құтылардағы шұбатты тұтынушыларға ұсынуда. Қазір шаруашылық бір маусымда 317600 литр шұбат өндіруде екен. Ол өнімдер Алматы, Талдықорған қалаларының тұрғындары арасында әрдайым сұранысқа ие. Ал, басқа облыстарда бұл бағытта қандай іс атқаруда? Табиғаты мен жері түйе, жылқы малын өсіруге ыңғайлы қала маңындағы аудандардың шаруашылықтары неге қымыз бен шұбат өндіруге құнтсыз? Мүмкін, Үкімет алдына қымыз бен шұбат өндірісін кластерлік жүйеге енгізуді мәселе ретінде қойып (мәселен, сиыр сүті өндірісі кластерлік жүйеге жатады), жылқы мен түйе өсіруді қолға алған шаруашылықтарға мемлекет тарапынан бірер жыл дотация (көмек)  берген жөн болар? Халқымыздың ұлттық сусыны – шұбат пен қымыздың емдік қасиетін айтпағанның өзінде олардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орны ерекше емес пе?

Қымыз бен шұбаттың, бие сүті мен саумалдың емдік қасиеттері жайлы мәліметтерді қарапайым ел біле бермейді. Сондықтан, көпшілікке арналған әртүрлі ойын-сауық, мәдени іс-шараларында қазақтың ұлттық ойындарымен бірге қымыз бен шұбат сусындарын дәріптейтін шараларды неге дәстүрге енгізбеске? (Осыдан бірер жыл бұрын Алматы облысы, Райымбек ауданында қымызмұрындық берілгені, Түлкібас өңірінде «Саба» фестивалі өткені белгілі). Тіпті, елімізде тамақ  мәселесімен  ондаған жылдар бойы айналысып келе жатқан тағамтану ғылыми институты мұрындық болып ұлттық сусындар мәселесін елімізде қабылдануға дайындалып жатқан «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізіп, арагідік тиісті мамандар арасында конференциялар, семинарлар өткізіп тұрса, артық болмас еді-ау?!

Бұл бағытта көпшілік болып ойласар мәселе баршылық.

 

Қымыздың емдік қасиеті жөнінде отандық және шет елдік ғалымдар тарапынан көптеген жақсы пікірлер айтылған және сол себепті оған деген қызығушылықтар мен сұраныстар жыл санап өсуде.

Қазіргі кезде қымыздың көптеген ауруларды, атап айтақанда өкпе аурыларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктері (эритроцит) мен гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммуниттетті күшейтетіні анықталған.

Сондықтан профилактикалық алдын алу шаралары және ауру адамдарды емдеу мақсатында қымызға деген сұраныс барлық жерлерде жыл бойы үзілмей келеді. Бірақта бұл сұраныс көптеген жағдайда осы уақыттқа дейін белгілі себептерге байланысты қанағаттандырылмай келінуде.

Сондықтан қазіргі еркін экономикалық жағдайында маңызы жағынан ең алдыңғы орындарға қойылатын негізгі мәселелер қатарына стартегиялық мәні бар, халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін диетикалық-емдік және тағамдық қабілетті күшті, сапалы бие сүті мен қымыз өнімдерімен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады.

Бие сүтінің химиялық құрамы өте күрделі болып келеді. Оның құрамына ақуыздар, майлар, көмір сулар, әр түрлі минералды заттар, ферменттер, дәрумендер және микроэлементтер кіреді. Құрамының әр түрлі заттармен бай болуы себепті бие сүті өте қажетті азықтың маңызы бар болып табылады. Бие сүтінің азықтық құндылығы оның құрамындағы жоғарыда келтірілген ақуыз, май, көмірсулар және минералды тұздардың ара қатынасының ағзаға қажетті деңгейде болуы себепті олар адам организмінде тез қортылып оңай сіңіріліп кетеді. Сүттің химиялық құрамы тұрақты болып келмейді және ол малдың тұқымына, жасына, физиологиялық жағдайына, күтіп-бағу және азықтандыруына байласты өзгеріп тұрады. Сонымен бірге сүттің химиялық құрамы ондағы жүретін технологиялық процесстерге және қымыз өнімінің сапасына да белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

Сүт майы оның құрамындағы негізгі бөліктерінің бірі болып табылады және өте үлкен азықтық маңызы бар болып саналады. Ана сүтімен салыстырғанда бие сүтіндегі май мөлшері азырақ болғанымен, олардың сапасы бойынша өте жақын тұрады. Бие және ана сүтіндегі май түйіршіктерінің көлемі сиыр сүтіндегілермен салыстырғанда біршама кішірек болып келеді. Осындай  май  түйіршіктері  көлемінің

майда болып келуі себепті олар ас қорыту жүйесінде тез сіңіріліп кетеді.

Бие сүтіндегі май түйіршіктерінің ерекше қасиеттерінің арқасында олардан май түзілу мүмкін емес болады. Сондықтан бие сүтінің бұл бағыттағы өндірістік маңызыжоқ. Бірақ бие сүтіндегі май мөлшерлері оның төлінің өсіп-жетілуіне және одан дайындалатын қымыз сапасына тікелей әсер етеді. Неғұрлым бие сүті майлырақ болса, соғұрлым одан жасалатын қымыздың сапасы жақсырақ болады.

Жыл мезгілдеріне байланысты бие сүті құрамындағы май мөлшерімен оның диаграммалық кескіндемесі келесі 1 кестеде берілген.

 

Кесте 1- Сауылу мерзімдеріне байланысты бие сүтіндегі майлар мөлшері, %

 

Тәжірбие-лік мал топтары

n

Сауылу мерзімдері

Орта есеппен М±m

мамыр М±m

маусым М±m

шілде М±m

тамыз М±m

Жабы типті

Қазақ жылқысы

Жабы х қазақ типті

10

 

10

 

10

1,59±0,064

 

1,51±0,042

 

1,63±0,023

1,98±0,052

 

1,90±0,033

 

1,87±0,061

2,18±0,055

 

2,07±0,042

 

1,98±0,034

2,13±0,061

 

1,72±0,024

 

1,84±0,031

1,97±0,024

 

1,80±0,017

 

1,83±0,036

Информация о работе Қымыз бен шұбат пайдасы