Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2015 в 15:00, реферат

Краткое описание

Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Тұмау туралы түсініктеме
2.2.Құс тұмауы туралы түсініктеме
2.3. Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулназ эпид.docx

— 38.34 Кб (Скачать документ)

                   “АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ”АҚ

             Кафедра:Эпидемиология және жұқпалы аурулар

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері.

 

 

                             Тексерген:Ильясов Б.Б.

                               Орындаған:Кындыбаева Г

                                                            323 ОМ

 

 

 

 

                                               Астана 2015

                                Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Тұмау туралы түсініктеме

2.2.Құс тұмауы туралы  түсініктеме

2.3. Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері

3.Қорытынды 

4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.

Таралуы

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Тұмау вирустары

Грипп вирустары — екі туыстасқа бөлінетін (А және В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін ағзада иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

Алдын алу шаралары

Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

Құс тұмауы

Құс тұмауының вирусы алғаш ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелінген. Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда кездеседі. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетін үйрек, қаз, аққу және т. б.) әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індеттің таралу көздері болып табылады. Үй құстарды құс тұмауына шалдыққан жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, құстардың өліміне соқтырады. Құс тұмауының вирусын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған. 2003 жылы құс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапонияда тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адам сырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген. Ресми деректер бойынша, 2005 жылдың 7 айында әлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адам тіркелген, аталған кеселге негізін 25 жасқа дейінгі жастар шалдыққан, ол кеселге шалдыққандардың 70% құрайды. Оның ішінде 25 адам өлген. Осы уақытқа дейін вирустың адамнан адамға жұғуы анықталмаған. Сырқаттанғандардың бәрі ауруды құстардан жұқтырған. Вирустың мутациялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның вирулентігі күшейген. Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу бағытына байланысты. Қазақстан Республикасының 24 ауданы, оның ішінде Оңтістік Қазақстан облысының Шардара, Мақтарал, Сарыағаш және Арал аудандары суда жүзетін құстардың күзге ұшу жолында орналасқан. Осы аудандарда құс тұмауы вирусының таралуы қаупі жоғары. Құс тұмауына шалдыққан науқаста байқалатын белгілер кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Үйреншікті зертханалық тексерулермен вирус Н5N1 штаммы анықталмайды, сондықтан дұрыс нақтама кеш қойылуы мүмкін. Нақтама қойылғанға дейінгі аралықта ауру асқынып, геморрагиялық пневмония, өкпе-жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің қабынуы, энцефалопатия белгіліері байқалады. 1997-1999 жылдардағы індеттерден кейін құс тұмауына қарсы вакциналар дайындала басталды, олар клиникалық сынақтардан өтуде. Ем шаралары жүргізілген кезде құс тұмауын емдеуде кәдімгі адам тұмауына қарсы дәрі-дәрмектер жақсы нәтиже берген. Құс тұмауы вирусының "амантадин" және "ремантадин"ге сезімталдығы анықталған. Оған қосымша "санамивир" және "озельтамивир" дәрілерінің құс тұмауын емдеуде тиімділігі өте жоғары. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында құс тұмауының таралуының алдын алу үшін төмендегі іс-шаралар жүргізілуде. Құс фермаларында ветеринарлық қадағалау, залалсыздандыру талаптары күшейтілген, құс тұмауына күдікті 5000 құс өртелінді. Шетелдерден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Жеке шаруашылықта үй құстарын күтүде арнайы киім, тұмылдырық кию, оларды күнделікте залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті, ауырған құстарды басқаларынан жеке оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, өлген құстарды өртеу, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық және аспапты талаптарды қатаң орындау қажет.

Құс тұмауының жаңа штаммы Қытайдағы  жұқтыру жағдайлары туралы кейбір ғалымдар, егерде адам организмінде мутацияланып адамнан адамға беріле бастаса пандемияға өсуі мүмкін пікірлерді айтады. Әлі күнге дейін жұқтырудың нақты көзін анықтау деректері және вирустың құспен байланысы ғана белгілі болғандықтан мамандардың алаңдауына тура келеді.  Бұл вирустың жыл құстары арқылы берілу мүмкін, өйткені Қазақстан аумағында да инфекция таралған.  

Бұл аурудың негізгі белгілері: дене қызуы жоғарылау және  жөтел, соңында пневмонияның дамуы, тұмауға ұқсас басқа да белгілері болуы мүмкін - жай суық тию, бұлшық ет, сүйек, буындардың ауруы. Егерде Сіз өзіңізде осыған ұқсас белгілерді байқасаңыз немесе үй және жабайы құстармен байланыста болсаңыз, ет дайындау және оны бөлшектеуге қатыссаңыз, сонымен қатар жуықта Қытайда 3-5 күн болсаңыз, жедел медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет

Құс тұмауынан жеке қорғану және алдын алу шаралары:

  • Балаларға жабайы құспен немесе ауру үй құстарымен ойнауға тыйым салыңыз.

  • Ауру құс немесе өлген құс етін қолымен ұстамаңыз және тамаққа қолданбаңыз.

  • Ауру құсты айқындаған жағдайда жергілікті ветеринар дәрігеріне жедел хабарлаңыз.

  • Құс жұмыртқасын, шикі немесе толық піспеген етті пайдалануға болмайды.

  • Құс еті және жұмыртқаны тоңазытқышта басқа азық-түліктерден бөлек сақтау қажет. Шикі етті жеуге дайын басқа  тамақтармен жанасуын болдырмау.

  • Шикі еттер үшін бөлшектеу жабдықтарын бөлек қолдану (пышақ, тақтайша).

  • Егер құспен байланыста болғаннан кейін сізде қандай да жіті респираторлық ауру белгілері пайда болса, жедел дәрігерге жүгіну қажет.

 

    Халықаралық эпизоотиялық  бюро құс тұмауын аса қауiптi трансшекаралық антропозооноздық (адам мен жануарлар үшiн қауiптi) аурулар тiзiмiне жатқызады. Вирустың 5 (бесiншi) және 7 (жетiншi) қосалқы типтерiмен негiзделген жедел өтетiн iндеттiң өршуi неғұрлым қауiптi және әдетте ошақтарда 75-тен 100 %-ға дейiн құс басының шығынына себеп болатын және кең аумақты қамтитын апатты салдарлары болады. 
      Қазақстан Республикасы аумағында құс тұмауы таралуының алдын алу жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеу мен iске асырудың әлеуметтiк-экономикалық маңызы бар.

Әлемде құс тұмауымен науқастану бойынша бүгiнгi күнi қалыптасып отырған эпизоотиялық және эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ аурудың үй құстары арасында шапшаң таралуы мазасыздық туғызып отыр. 
      Тұмау пандемиясы науқасқа шалдығудың, өлiм-жiтiмнiң болжап болмайтын ауқымында орын алып және орасан зор экономикалық шығынға алып келген XX ғасырда Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы әлемдегi құс тұмауы жөнiндегi ахуалды мұқият және ұдайы қадағалап отырды, қажеттi есептеулердi және тұмау эпидемиялары мен төнiп келе жатқан пандемияларына алдын ала болжамдар жасады. 
      "Құс тұмауының" алғашқы күрделi өршуi 1997 жылы Гонконгте болды. Ол кезде жиырмадан астам адам науқасқа шалдығып, олардың алтауы көз жұмды. Медицина қызметкерлерi бұл адам тұмауының қандай да бiр жаңа штамының салдары болар деп шештi, алайда аурудың себебі бұрын тек құстарда ғана кездесетiн вирустың қосалқы типi екендiгi анықталды. Сол жылы Гонконг билiгi шешушi шаралар қабылдады. Қаланың бүкiл аумағы бойынша шамамен 1,5 млн. тауық өлтiрiлдi. Көгершiн мен басқа құстың едәуiр көлемi жойылды. Екi жыл өткеннен кейiн "құс тұмауы" Гонконгте қайта пайда болды, бiрақ бұл жолы адам шығыны болмады - ауырған екi бала сауығып кеттi. Гонконгте болған H9N2 вирусын сол жылы Қытайда адамдар жұқтырып алған бiрнеше жағдай болды. Өткен жылы Қытайға туристiк саяхат жасаған гонконгтiк жұп "құс тұмауымен" ((H5N1) штамы) ауырды. Бiр адам жазылып, екiншiсi қайтыс болды. Бұдан басқа, Нидерландыда H7N7 штамы фермерлер мен олардың отбасы мүшелерi - 80-нен артық адамның ауыруына себеп болды. Үстiмiздегi жылы "құс тұмауы": Вьетнам, Камбоджа, материктiк Қытай, Лаос, Индонезия, Пәкiстан, Корея Республикасы, Таиланд, Тайвань және Жапония сияқты Азия елдерiне таралуда. Қытайға, Вьетнамға, Сингапурға, Таиландқа және Филиппинге туристiк саяхат жасаған Еуропа, Америка және Израиль тұрғындарының арасында ауру жұқтырған жағдайлар тiркелген. Үнемi өзгергiш вирустың қазiрдiң өзiнде екi жүз елуге жуық түрi бар. Эпидемиологтардың өзi перспективада бұл ауру атын ауызға алудың өзi қорқынышты болған типтiк емес өкпе қабынуынан (SARS) да асып түсуi мүмкiн деп санайды. "Құс тұмауының" вирусы тiптi өлi құстың өлексесiнде бiр жылға дейiн тiршiлiк ете алады.

 Қазақстанда тұмау және ЖРВИ  бойынша эпидемиологиялық жағдай  тұрақты 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасында тұмаудың, тұмауға ұқсас аурулардың (ЖРВИ) қоздырғыштарының айналысын анықтау және вирустың жаңа эпидемиологиялық қауіпті штаммдарын анықтау үшін оларды эпидемиологиялық қадағалаудың жеткілікті тиімді жүйесі енгізілгенін хабарлайды.

Информация о работе Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері