Сораны өсіру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Адам баласы сораны ІХ ғасырдан бастап пайдаланған. Европа елдерін тек ХҮІ ғасырдан бастап еге бастаған. Қазіргі кезде оны Италия, Франция, Венгрия, Польша, Югославия және т.б. елдер егеді. Оның бүкіләлемдік егілу көлемі 1млн. га құрайды. 1980 жылы Кеңес Үкіметінде 130 мың га жерге сора егілген. Оның негізгі егістіктері Орталық-Қаратопырақты аудандарында, Украинаның орманды-далалы аймақтарында, Батыс Сібірде, Орталық және Жоғарғы Волга бойында егілді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3
І тарау. Сораның биологиялық ерекшеліктері.............................................. 5
1.1. Сораға жарықтың, температураның және ылғалдың әсері............... 8
1.2. Сораның өсуіне органикалық тыңайтқыштар мен негізгі
элементтердің (N PK) әсері................................................................ 10
1.3. Шу топырағының ерекшеліктері...................................................... 12
1.4. Сора аурулары және оны тудырушы зиянкестер............................. 14
ІІ тарау. Сораны өсіру технологиясы
2.1. Сораны себу алдындағы топырақты өңдеу ...................................... 16
2.2. Тұқым және оны себуге дайындау..................................................... 18
2.3. Сора өнімін жинау, өңдеу және кептіру ........................................... 19

Тәжірибелік бөлім
Қарасораға гербицедтердің әсері және Шу алқабы жайылымдарының
өсімдік қауымдастығын қалыптастыру.................................................... 21
Қорытынды ........................................................................................................ 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................... 28
Қосымшалар........................................................................................................ 29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Конопля.doc

— 896.00 Кб (Скачать документ)

 


 


 

 

 

Жоспар:

 

 

Кіріспе..................................................................................................................... 3

І тарау. Сораның биологиялық ерекшеліктері.............................................. 5

1.1. Сораға жарықтың, температураның және ылғалдың әсері............... 8

1.2. Сораның өсуіне органикалық тыңайтқыштар мен негізгі   

       элементтердің (N PK) әсері................................................................ 10

1.3. Шу  топырағының ерекшеліктері...................................................... 12

1.4. Сора аурулары және оны  тудырушы зиянкестер............................. 14

ІІ тарау. Сораны  өсіру технологиясы

2.1. Сораны себу алдындағы топырақты  өңдеу ...................................... 16

2.2. Тұқым және оны себуге дайындау..................................................... 18

2.3. Сора өнімін жинау, өңдеу және кептіру ........................................... 19

 

Тәжірибелік бөлім

Қарасораға гербицедтердің әсері және Шу алқабы жайылымдарының

өсімдік қауымдастығын қалыптастыру.................................................... 21

Қорытынды ........................................................................................................ 27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................... 28

Қосымшалар........................................................................................................ 29

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Адам баласы сораны ІХ ғасырдан бастап пайдаланған. Европа елдерін тек ХҮІ ғасырдан бастап еге бастаған. Қазіргі кезде оны Италия, Франция, Венгрия, Польша, Югославия және т.б. елдер егеді. Оның бүкіләлемдік егілу көлемі 1млн. га құрайды. 1980 жылы Кеңес Үкіметінде 130 мың га жерге сора егілген. Оның негізгі егістіктері Орталық-Қаратопырақты аудандарында, Украинаның орманды-далалы аймақтарында, Батыс Сібірде, Орталық және Жоғарғы Волга бойында егілді.

Сора сабағынан талшық, дәнінен май алу үшін қолданылады. Сора талшығы әмбебап қасиеттерге ие. Сора талшығы (оның шығымы 16-25%) ұзын, дөрекі, бірақ мықты және суда көп болған жағдайда шіруге тұрақты. Одан желкен, брезент, өрт сөндіруге қолданылатын шлангтер, кенеп, мата, әр түрлі арқан, шпагат және т.б. заттар алады. Сораны биологиялық пісіп жетілуінен ертерек жинауға болады. Көк сорадан жұмсақ, жіңішке, мықты талшық алынады. 

Сораның дәнінен тағамдық, техникалық май алынады, күнжарасы – құнды мал азығы. Сораның дәні 38%-ға дейін (орта есеппен 30-35%) май (йод саны 140-165), 18-23% ақуыз, 20%-дай крахмал, 15% жасунық, 4-5% күлден тұрады. Сығылған қалдық жануарлар үшін маңызды азық болып саналады. Оның құрамында 30% ақуыз, 8-10%-ға дейін май, 18-20% азотсыз экстрабелсенді заттар, 8% күл, 20%-ға дейін жасунық болады.

Оның дәнінен медицинада қолданылатын органикалық зат – фитин  алады. Талшық өндіру кезінде қалған қалдықтарды қағаздар, костроплит, оқшаулағыш материалдар алу үшін қолданылады.

Сора кейде әсемдік үшін де өсіріледі.

 

 

 

Курстық жұмыстың көкейкестілігі:

Қазіргі кезеңде өнеркәсіпте сора өнімдері қолданылмайды және сораның мәдени сорттарының егістіктері кездеспейді. Егер де біз кендіршөптің мәдени сорттарын егіп, оның өнімдерін өндірісте өңдесек түрлі табиғи талшықтан жасалған шыдамды, табиғаты жағынан мықты бұйымдар, соның ішінде желкен, брезент, өрт сөндіруге қолданылатын шлангтер, кенеп, мата, әр түрлі арқан, шпагат, дәнінен тағамдық, техникалық май, күнжарасынан – құнды мал азығын  және дәнінен медицинада қолданылатын органикалық зат – фитин т.б. заттар аламыз.

 

Курстық жұмыстың мақсаты:

Сораның биологиялық ерекшеліктерін,  шаруашылықтағы маңызын, оны өсіру технологияларын зерттеу

 

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Сораның өсуіне сыртқы орта факторлары мен тыңайтқыштардың 

         әсерін анықтау.

  1. Сораның өсіру технологиялырының ерекшеліктерін анықтау
  2. Зертеулерге сүйене отырып сораға гербицидтердің әсерін анықтау

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Сораның биологиялық ерекшеліктері

Сора (Cannabis) - өзі аттас тұқымдасқа жататын біржылдық талшықты өсімдік туысы. Бір-біріне өте ұқсас 3 түрі бар (біраз ғалымдар түр деп те санайды). Екпе сора –биіктігі 0,5-4м, сабағы жұмыр, жұмсақ түкті, жуандығы 8-30мм, қос үйлі, желмен тозаңданатын өсімдік. Жемісі бір тұқымды жаңғақша, 1000 дәнінің салмағы 12-22г. Үндістан, Батыс Европа, бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда солтүстік далалық және тау бауыры аймақтарында өсіріледі. Жабайы түрі Монғолия, Ауғаныстан, Пакистан, Үндістанда т.б. жердерде кездеседі. Үнді сорасы Үндістан, Иран, Түркия, Сирия т.б. елдерде дәнінен май, көк пәлегінен гашиш, аналық гүлшоғынан марихуанна алу үшін өсіріледі. Арам сора көп тараған арам шөп.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде сораның таңқаларлық иілгіштігі және әртүрлі сыртқы орта жағдайларына тез бейімделгіштігі анықталған. Сораның бұтақтанған түрі өте қалың себілген жағжайда аз бұтақтанған түріне айналады да, керісінше аз бұтақтанатын түрі егістікке сирек себілген жағдайда оның жақсы бұтақтанатындығы байқалады. Сораның оңтүстіктік кеш пісетін түрін көп жылдар солтүстік аудандарда еккенде олардың ерте өнім беретіндігі анықталған. Бұл сораның Сannabis sativa L. Ботаникалық түріне жататындығын білдіреді.

Сораның Сannabis sativa L. түрі өзінің талшықты және биік салыстырмалы көп бұтақтанған сабағымен, үлкен ірі, ашық түсті дәндерімен, ірі тақталы жапырақтарымен ерекшеленеді. С. sativa түрі биологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты мәдени және жабайы болып екіге бөлінеді.

Мәдени сора географиялық мекендеріне байланысты үш түрге бөлінеді: солтүстік, орталық және оңтүстік сорасы.

Солтүстіктік сорасы Ресейдің солтүстік аудандарында өседі. Олардың вегетациялық кезеңі 65-70 күн. Сабақтарының ұзындығы 50-80см, жапырақтары майда, дәндерінің ірілігі, түсі орталық сорадан өзгеше болады.

Орталықтық сора Алтай, Татарстан, Башқұртстан аймақтарында өседі.

Орталық сораның ұзындығы 1,25-2м дейін, жапырақтары орташа, вегетациялық кезеңі 80-120 күн. Дәндері ашық сұр түсті, 1000 дәнінің салмағы 13-18г.

Оңтүстіктік сора кең тараған және ауылшаруашылығы үшін маңызды дақыл болып саналады. Сораның бұл түрінің сабағының ұзындығы 2-3м, жапырақтары ірі. Дәндері ірі, сұр және қара сұр түсті, көп жағдайда теңбілді. 1000 дәнінің салмағы 18-25г. Вегетациялық кезеңі 140-160 күн. Бұл топқа жататын сора түрлері (Шу сорасынан басқасы) сора бүргесімен зақымданады.

Жабайы сора түрлері өте кең тараған және белгілі бір нақты ареалдары болмайды. Жабайы сораның өзіне тән ерекшеліктері: дәндері ұсақ, күңгірт түсті, теңбілденген. Жапырағы майда сопақша, сабағы бұтақтанған. Вегетациялық кезеңі жергілікті сораның вегетациялық кезеңімен бірдей немесе одан аз болады. Оның дәндері ашық және тез себілгіш болады. Дәнінің сыртқы қабатының тығыз болуы сораның тұқымының топырақта ұзақ сақталып, оның кең таралуына жағдай жасайды.

Сораның тамыр жүйесі негізгі тамырдан және жанама тамырлардан құралады. Негізі тамыр топыраққа 2м тереңдікке тереңдікке дейін енеді, ал жанама тамырлары 80см тереңдікте таралады. Тамырының тереңдеп өсуі өсімдіктің физиологиялық жағдайына, топырағына, ылғалдың болуына және сора сортына байланысты.

Минералды топырақта тамырдың негізгі массасы 20-40см, ал батпақты топырақта 10-20см, негізгі тамыр 30-40см тереңдікке бойлайды.

Оңтүстіктік сораның сорттарының тамыр жүйесі өте жақсы дамығандықтан олар ылғал мен қоректік заттарды орталықтық сораға қарағанда аз қажет етеді.

Сора – қос үйлі өсімдік. Аталық және аналық гүлдері екі өсімдікте болады және олар морфологиялық құрылысымен ерекшеленеді. Аталық өсімдіктің гүлдері шашақ гүлшоғырына жиналған. Аталық гүл гүлтабанынан, сарғыш жасыл түсті күлтеден және жіпшелерге бекінген 5 тозаңқаптан құралған.

Аналық гүлдер аталық гүлдер секілді сағақты болады, жапырақ қолтықтарында орналасады. Аналық сораның бірінші, екінші, үшінші ретті бұтақтары аталық сораға қарағанда қысқалау және гүл шоғыры топтасқан түрде болады. Сора желмен тозаңданады. Тозаң 10-12км қашықтыққа дейін 40м биіктікпен таралады.

Аталық және аналық өсімдіктер 25 күннен 30 күнге дейін гүлдейді. Гүлдеу кезеңінде аталық өсімдіктерде күніне жүздеген гүлдер ашылатындығынан ауада өте көп мөлшерде тозаңдар ұшып жүреді. Арарайы салқын болғанда гүлдеу кезеңі кешігеді немесе гүл мүлде ашылмайды, тозаңдану нашар жүреді.

Сораның аналық гүлдері майда, көбінесе таңертең ашылады. Қолайлы ауарайында гүлдер жақсы тозаңданады және 1,5-2 тәуліктен соң гүлдердің түсі қоңырланып кебеді. Егер гүл тозаңданбаса бүршік 8-10мм дейін созылады, түсі ақ немесе қызғылтым болады.

Сораның биологиялық ерекшеліктерінің бірі аталық және аналық өсімдіктерінің бір мезгілде гүлдемейтіндігі. Орталықтық сораның сорттарының аналық өсімдіктері аталық өсімдіктерге қарағанда 2-3 күнге ерте гүлдейді, ал оңтүстіктік сора 5-10 күнге немесе одан да көп күнге ерте гүлдейді.

Аналық өсімдіктің гүлдеу ұзақтығы 15 күннен 30 күнге дейін. Тозаңдану мен дәннің пісу процесі 30 күннен 40 күн аралығында өтеді. Құнарлы ортада сора тозаңы 7-8 күнге дейін өмір сүре алады. Жаңа жиналған немесе 6 күнге дейін сақталған тозаңмен тозаңданғанда сораның өнімі көп болады, ал ескі тозаңмен тозаңданған сораның өнімі өте аз болады. 14 күн сақталған тозаңнан бірен-саран ғана дән алынады.[1]

 

 

 

1.1.Сораға жарықтың, температураның  және ылғалдың әсері

 Жарық басқа өсімдіктер секілді сора үшін де маңызды рөл атқарады.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде сораның қысқа күн өсімдігі екендігі дәлелденді. Бұдан  сораның қысқа күнде өсу кезеңі тез жүретіндігі және вегетациялық кезеңінің қысқаратындығы байқалған. Өскін өсіп шыққаннан кейінгі алғашқы күндерде сораға қысқа күн әсер етпейді. Бұл кезең орталықтық сора үшін 6-8 күн, ал оңтүстік сора үшін 12-15 күн аралығына созылады.

Оңтүстік Шу сорасы кәдімгі жағдайда шыққан күннен бастап 139 күнде піседі, ал 11 күндік өскінге 8 сағаттық күнмен әсер еткенде оның 66 күнде піскені байқалды, яғни сораның даму кезеңі екі есе азайды.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде сораға қысқа күнмен әсер еткенде оның оңтүстік сорттарының вегетациялық кезеңі 40-50% -ға қысқарғандығы байқалды. Орталықтық сораның вегетациялық кезеңі 20-25%-ға қысқарды, ал солтүстік сораның вегетациялық кезеңі өзгеріссіз қалатындығы анықталды.

Сораның дәндері 1-20С температурада өсе бастайды. Өсудің оптималдық температурасы 30-350С, ал максималды температурасы 450С.

Көптеген зерттеулер нәтижесінде сора өскінінің үсіктен қорықпайтындығы анықталды. Себілген кезеңнен гүлдегенге дейін сора

-5-60С температурада үсікке ұшырамайды, бірақ гүлдегеннен соң үсікке шыдамайды. Ауаның тәуліктік орташа температурасы 200С болғанда сора 4см өседі, ал 15,70С-та – 2,2см, ал 10,20С – 0,5см өседі. Жақсы өңделген және тыңайтылған жерде интенсивті өсу кезеңінде жылы күндері сора 12см-ге дейін өседі.

Сораның өсуіне температураның әсері жердің ылғалдылығымен тығыз байланысты. Топырақта ылғалдың жоқтығы өсімдіктің күйзелуіне әкеліп соғады. Олар өсуді тоқтатады, солады және жапырақтарының түсуі байқалады.

Біржылдық өсімдіктердің арасында сора суды қажет ететіндігі жағынан алғашқы қатарлардан орын алады. Ол тарыға қарағанда 3,3 есе, арпаға

қарағанда 2,4 есе, қара бидайға қарағанда 2,34 есе су шығындайды. Сораның көп су шығындайтын кезі бұл бүршіктену кезеңінен піскенге дейін. Вегетациялық кезеңінде ылғалдылықты 40%-дан 80%-ға көтерген кезде аталық өсімдіктің бойының 19,8см-ге, ал аналық өсімдіктің 16,3см-ге өскендігі байқалған. Бұл жағдайда талшық өнімінің 1,86г-нан 40% ылғалдылықта 3,68г-ға 80% ылғалдылықта өсті. Бүршіктену кезеңінен гүлдегенге дейін ылғалдылықтың төмендеуі өнімнің жылдам төмендеуіне әкеліп соғады. Сораға берілетін тыңайтқыштың әсері ылғалдылықпен тығыз байланысты. [1.8]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Сораның өсуіне органикалық  тыңайтқыштар мен негізгі

       элементтердің (N PK) әсері

Топырақта органикалық және минералды тыңайтқыштардың көп болуы сораның өніп-өсуінде маңызды рөл атқарады. Органикалық заттар соның ішінде көң, торф, торфты компост, құс саңғырығы жерді жырту алдында 1гектарға 30-40 т, құнарлығы аз жерлерге 60-80 т, ал кейде 120 т дейін себеді. 1 гектардан алынған 10ц өнім жерден 160кг азот, 35кг фосфор және 120кг калий алады.

Жер шаруашылығында топырақта органикалық қалдық заттар түзілгенде қолданса, ауыл шаруашылығы өнімі артады. Ал минералды тыңайтқыштарды көп мөлшерде жоғары өнім алу мақсатында пайдалансақ, онда топырақтағы жалпы қарашірік жағдайы мен топырақтағы азотты байланыспен басқа элементтері нашарлайды.

Зерттеулердің нәтижесінде азот, фосфор және калийдің әсерінен сораның өсу жылдамдығының тез өзгеретіндігі байқалған. Сораның өсіп шыққаннан бүршіктенгенге дейінгі кезеңде калий және фосфордың берілуі оның жылдам өсуіне әсерін тигізеді. Бұдан кейінгі кезеңде азотсыз фосфор мен калийдің берілуі сораның бойының өсуіне әсері нәтижесіз болады. Калий мен фосфордың бірге берілуі өсімдіктегі құрғақ заттың жиналуын олардың бөлек берілгендегіден гөрі тездетеді. Бірақ интенсивті өсу кезеңінде, бүршіктенгеннен гүлдегенге дейін сораға берілген калий мен фосфор оның өсуіне пайдасыз. Бұдан сораның интенсивті өсу кезеңінде шешуші рөлді тыңайтқыштарда азот атқаратындығын байқауға болады.

Өскін шыққаннан бастап бүршіктенге дейін жалғыз азот өсуге әсерін тигізе алмайды. Оның әсері бүршіктенгеннен бастап фосфор мен калийді қоса бергенде жақсы байқалады. Бүршіктенген кезеңінде сораға азоттың әсері ұлғаяды, ал фосфордың әсері төмендейді. Азотты калий тыңайтқыштары сораның шыққаннан бастап гүлдегенге дейінгі кезеңінде интенсивті өсуіне әсерін тигізеді. Азотты фосфор тыңайтқыштары сораның үш қос жапырақ шыққаннан бастап гүлдегенге дейін жақсы әсер етеді. Фосфорлы калий және азотты калий тыңайтқыштары бұл кезеңде нашар әсер етеді. Азотсыз жоғарғы өнім алу мүмкін емес. Фосфор жеке және азот пен калиймен бірге берілгенде сораның алғашқы дамуында маңызды рөл атқарады. Ал одан кейін оның маңыздылығы кемиді де, ұрықтану кезеңінен піскенге дейінгі кезеңде артады. Ал калийдің тыңайтқыш құрамындағы әсері гүлдеу кезеңінен ұрықтану кезеңі аралығында артады. Ұрықтану кезеңінде сораның өсуі баяулайды.Аналық өсімдікте ұрықтану кезеңі басталғандықтан вегетативті мүшелердің өсуі баяулайды, қоректік заттар, соның ішінде көмірсулар мен ақуыздар дәннің дамуына жұмсалады. Сораның интенсивті өсуіндегі вегетациялық кезеңді екіге бөлуге болады: бірінші- интенсивті өсу кезеңі (аналық өсімдіктің ұрықтануына дейінгі кезең), екінші- ұрықтану және пісу кезеңі. Сораның өсуінің екінші кезеңінде азотсыз калий мен фосфор

Информация о работе Сораны өсіру технологиясы