Биология сабақтарында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру
Творческая работа, 19 Декабря 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңа талаптар мен сұраныстар тұрғысынан қарауды, қол жеткізген табыстарды екшеп сын көзбен бағалай отырып, жан-жақты саралауды, болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігін барынша дамытуды талап етеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеуге аса мән беріліп отыр. Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өміріндегі кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Мәтін.docx
— 557.09 Кб (Скачать документ)Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.23
Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.25
- Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
- Сабақтың өнімділігі артады.
- Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді .
Мен сабақ беретін сыныптардағы соңғы үш жыл көлеміндегі биология пәні бойынша сапа көрсеткіш мониторингісіне зер салайық.9-10
22.Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.
23.Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999.
№4. бб-5-12
25.Хрипкова А.Г,Колесов
Д.В .Гигиена и здоровье школьников.-М.Просвещение,
1998.
9-10Сызба
ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарының гранттарын иемденген оқушылар туралы мәлімет.11
Білім мазмұнын арттырудағы
жеке тұлғаға бағдарланған жұмыстарды
жүргізуде қандай нәтиже алынды?
- Ақпарат көздерімен жұмыстануда баланың қабілеті ескеріліп,оның әрі қарай дамуына,білімін жан-жақты кеңейтуіне ықпал жасалады;
- Балаға мұғалімнің қолдауының нәтижесінде білім деңгейі көтеріледі;
- Ғылыми әдебиеттерді оқуы арқылы ой-өрісі дамиды,жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады;
- Ауызша сөйлеу арқылы сауаттанады,сөздік қоры ұлғаяды,ойын еркін жеткізе алады;
- Ақпараттық технологиямен жүйелі жұмыстанған оқушының ойлау жүйесі жүйрік,әр сұраққа жауабы жүйелі,нақты болады;
- Ғылыми әдебиеттерді үнемі оқитын оқушылар, сұрақтар, суреттер, схемалар бойынша сөйлегенде ғылыми, шығармашылық ізденіс қабілеттерін көрсете біледі;
- Әр түрлі деңгейдегі байқаулар нәтижесі.
Пәндік олимпиада әрбір оқу
жылында өткізіледі. Оны өткізудегі негізгі
мақсат – ғылыми білімді насихаттау, оқушының
ғылыми ізденіске қызығуын дамыту, дарынды
балаларды дамытуға қажетті жағдай туғызу.
Сондай – ақ оқушыларды пәндік олимпиадаларға
қатысу арқылы өз бетімен жеке жұмыстануының
нәтижесінде биология пәні бойынша оқушылардың
пәндік олимпиадаларында жүлделі орындарға
ие болды
- 2007-2008 оқу жылы Облыстық ғылыми пәндер олимпиадасы бойынша 11 сынып оқушысы Нұржанова Айдана «Алғыс хат» иемденді.
- 2011-2012 оқу жылы Облыстық ғылыми пәндер олимпиадасы бойынша 9 сынып оқушысы Хамит Раушангүл ІІІ орын иемденді.
- 2011 жылы Республикалық ғылыми – танымдық педагогикалық басылым «Биолог анықтамалығы» журналында ұйымдастырылған «Жас биолог» сайысына «Раушангүл» деген топпен үйірме мүшелері Хамит Раушангүл 9 сынып, Ұзақбаева Бағдагүл 11 сынып оқушылары қатысып, «Алғыс хат» және «Жас биолог» төсбелгісімен марапатталды және осы топ мүшелерінің берген жауаптары 2011 жылдың №4 санында жарияланды.
- 2011-2012 оқу жылы тәрбиелік шаралар мен сабақтарым Республикалық ғылыми – танымдық педагогикалық басылым «Биолог анықтамалығы» журналында ұйымдастырылған «Үздік слайд» конкурсына ұсынылып «Мақтау қағазымен» және биылғы 2012-2013 оқу жылында «Алғыс хатпен» марапатталдым.
- 2011-2012 оқу жылы Халықаралық «Топ слайд» слайд-презентация сырттай байқауынан дипломмен марапатталдым.
11Сызба
- 2011-2012 оқу жылы аудандық ғылыми пәндер олимпиадасы бойынша 10 сынып оқушысы Хамит Раушангүл І орын, 11 сынып оқушысы Ұзақбаева Бағдагүл ІІ орынды иемденді.
- 2012-2013 оқу жылы аудандық ғылыми пәндер олимпиадасы бойынша 10 сынып оқушысы Хамит Раушангүл ІІ орын иемденді
- 2012-2013 оқу жылы Халықаралық бүкілресейлік сырттай қашықтықтан өткізілген олимпиадасында 6 сынып оқушысы Марат Азамат ІІІ орын иемденді және жетекші пән мұғалімі ретінде сертификат берілді.
- Республикалық ғылыми – танымдық педагогикалық басылым «Биолог анықтамалығы» журналының №2,3,4 сандарына және 2012 жылдың №2 санына сабақтарым жарыққа шықты.
- Республикалық ғылыми - педагогикалық басылым «Биология және салауаттылық негізі» журналының №2 санына «Табиғаттың тылсым сырын түсіну» тақырыбымен мақалам жарияланды.
- 2012 жылы Республикалық ғылыми – танымдық педагогикалық басылым «Биолог анықтамалығы» журналында ұйымдастырылған «Жас биолог» сайысына «Жасқайрат» деген топпен Хамит Раушангүл
10 сынып, Әжігерей Айәсем 10 сынып, Серік Гүлжауһар 10 сынып, Ақбалашова Дана , Төлеген Мирас 7 сынып, Қоныс Асылбек 7 сынып және Ізбасар Ақниет 7 сынып оқушылары қатыстырылып «Алғыс хат» және төс белгісімен марапатталып және осы топ мүшелерінің берген жауаптары 2012 жылдың №6 санының «Жануарлар энциклопедиясы» айдарында жарияланды.
Баланы заман талабына
бейімдеп шығармашылық бағытта жан-жақты
дамыту- бүгінгі күннің басты талабы.
Ойымды қорыта келе, өз жұмыстарыма талдау жасай отырып, мынадай ұсыныстарды ұсынамын:
- Дарынды балалармен жұмыс жүргізу іс-тәжірибелерінен жинақтар шықса;
- Жаңаша оқытудың дербес және топтық түріндегі ең бастысы – оқушыға деген сенім, сондықтан оқушының өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оқушыға деген сенімді арттыру;
- Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды іздендіру» қажет. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан жаңа типтегі оқулықтар қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Әбенбаев С, Ахметова Г, Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
2.Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы
педагогикалық технология // Қазақстан
мектебі. – 2001. - №2. – б.8-13.
4.Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар. к.п.н. Данияров Т, магистр Малгайдарова Г. г.Шымкент., Казахстан Южно-Казахстанский государственный университет им.М.Ауезова
5.«Биолог анықтамалығы» басылымының жинақтамалары.
6.«Биология Қазақстан мектебінде»
№2,4,5,6 2011.
9. Захарова И.Г. Информационные технологии в образоании. – М, 1998 10.Иллюстрированная мини-энциклопедия.-Москва;АСТ Астрель,2001.
11.Иманбаева А, Оқу-тәрбие үрдісін
ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан
мектебі, №2, 2000
1 сызбанұсқа
2 сызбанұсқа
3 сызбанұсқа
4 сызбанұсқа
5 сызбанұсқа
6 сызбанұсқа
7 сызбанұсқа
8 сызбанұсқа
9 сызбанұсқа
10 сызбанұсқа
11 сызбанұсқа
Р/с |
Тегі, аты-жөні |
Оқу орын атауы |
қаласы |
Оқуға түскен жылы |
1 |
Дайрабаева Арай |
Медицина колледжі |
Атырау |
2007 |
2 |
Нұржанова Айдана |
А.Жұбанов атындағы пед. институты |
Ақтөбе |
2008 |
3 |
Қойшина Айдана |
Асфендияров атындағы медицина академиясы |
Астана |
2008 |
4 |
Қарасартова Ақбаян |
Медицина колледжі |
Орал |
2008 |
5 |
Байтұяқова Гүлдерай |
Медицина колледжі |
Орал |
2008 |
6 |
Шүйіншалиева Жарқынай |
Медицина колледжі |
Ақтөбе |
2008 |
7 |
Ідірісова Кенжегүл |
Медицина колледжі |
Атырау |
2008 |
8 |
Тоқанева Гауһар |
Медицина колледжі |
Атырау |
2012 |
9 |
Әбілқайыров Айдарбек |
Медицина колледжі |
Атырау |
2012 |
10 |
Ұзақбаева Бағдагүл |
Медицина академиясы |
Ақтөбе |
2012 |