Қазіргі биологияның негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 20:06, реферат

Краткое описание

Жасушаға қатысы бар нәрсенің бәрін зерттейтін ілім. Барша тірі организмдер ең кемінде бір жасушадан,күллі жандылардағы функциялаудың бірлігінен, тұрады. Сонымен қатар барлық тірі организмдерде жасушаның маңызды механизмдері мен химиясы ұқсас келеді және жаңа жасушалар тек бұрынғы жасушалардың бөлуінуінен пайда болады. Жасуша теориясы жасушалардың қалай пайда болатынын, қалай көбейетінін,қоршаған ортасымен қалай араласатынын, олардың қандай заттардан құралатынын, жасушаның құрамдас бөліктерінің қалай жұмыс атқаратынын және жасушаның басқа бөлімдерімен қалай қатынаста болатыны сияқты мәселелерді қамтиды.

Содержание

• 1 Тарихы
• 2 Қазіргі биологияның негіздері
o 2.1 Жасуша теориясы
o 2.2 Эволюция
o 2.3 Ген теориясы
• 3 Биологиялық ғылымдар
• 4 Қазақстандағы биология ғылымы
o 4.1 Биологиялық ғылыми мекемелер
o 4.2 Қазақ ғалымдарының биология ғылымы жайындағы еңбектері
o 4.3 Отандық биология дамуының қазіргі кезеңі
• 5
• 6 Дереккөздер

Прикрепленные файлы: 1 файл

НАЗИРА.docx

— 246.57 Кб (Скачать документ)

1940 — 50 ж. республикада  өсімдіктердің тұзға, қуаңшылыққа  төзімділігі зерттеле бастады, соның  нәтижесінде бидайдың сабағы  жапырылмайтын, құрғақшылыққа және ауруларға төзімді “Эритроспермум-350” және “Көкбидай”, суыққа төзімді “Эритроспермум-260” және “Комсомол-1”, т.б сорттары шығарылды. Жаздық және күздік бидай, т.б. өсімдіктер биохимиясы, олардың қуаңшылыққа төзімділігі, физиологиясы анықталды. Бидайдың биохимиялық көрсеткіштері, ұны мен дәнінің сапасы корреляциялық байланыста болатыны байқалды. Дәннің биохимиясы мен сапасы өсіру экологиясына байланыстыра зерттелді.

Отандық биология дамуының қазіргі кезеңі

Қазіргі кезең тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі механизмдерін молекулалық деңгейде одан ары зерттеумен қатар, ол процестерді басқарып, қалаған бағытқа сай пайдаланумен сипатталады. Қазақстанда молекулалық биологияның қалыптасуы академик М. Айтхожиннің есімімен байланысты. 1983 ж. құрылған Молекулалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми орталыққа айналып, елімізде алғаш рет жасушалық және гендік инженерия, трансгеноз, өсімдік геномы лабораториялары ашылды. Алматы мен Астанада биотехнологиялық орталықтар құрылды. Биологияның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және медицинада алатын орны ерекше. Өнеркәсіптік жағдайда түрлі органикалық қышқылдар мен амин қышқылдарын синтездеу, антибиотиктер мен басқа да дәрілік препараттар алу іске асырылып, соның нәтижесінде жаңа сала — биотехнология ғылымы пайда болды. Генетика мен селекцияның заңдылықтарын біле отырып, өсімдіктер мен жануарлардың жоғары өнімді жаңа тұқымдары мен сорттарын алуға мүмкіндік туды. Жалпы және молекулалық генетика заңдылықтары, анатомиялық, физиологиялық және биохимиялық зерттеу нәтижелері адамның тұқым қуалайтын ауруларының себебін табуда, оны емдеуде теориялық негіз болып табылады.[4][5]

Animalia - Bos primigenius taurus

Planta - Triticum

Fungi - Morchella esculenta

Stramenopila/Chromista - Fucus serratus

Bacteria - Gemmatimonas aurantiaca (- = 1 Micrometer)

Archaea - Halobacteria

Virus - Gamma phage

Дереккөздер

·  Avila, Vernon L. Biology: investigating life on earth — Boston: Jones and Bartlett, 1995. — P. 11—18. — ISBN 0-86720-942-9.

·  ·  Mazzarello, P (1999). "A unifying concept: the history of cell theory". Nature Cell Biology 1: E13–E15. doi:10.1038/8964.

·  ·  Darwin, Charles (1859). On the Origin of Species, 1st, John Murray

·  ·  “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

·  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3


Информация о работе Қазіргі биологияның негіздері