әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:25, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

Содержание

Негізгі бөлім

І. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері

1.1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

ІІ. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы.

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

К_с_пкерл_кт__ дамуы.DOC

— 150.50 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: «Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары.

ҚР кәсіпкерліктің дамуы»

 

 

 

Жоспар:

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

І. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері

 

1.1.  Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

 

ІІ. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы.

 

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.

2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа  түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде  атақты неміс экономисі  Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Кәсіпкерлік терминін алғаш рет  айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы  адам белсенділігін жатқызды.

Экономикалық  әдебиеттерде кәсіпкерлік  пен бизнес ұғымдарын  балама түрінде қарастыру  жиі кездеседі.

Бизнес  пен кәсіпкерлік  жақын ұғымдар  болғанымен, оларды бір – бірімен  баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс  әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық  ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген  ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.

Яғни  айтқанымызда кәсіпкерлік  дегеніміз – бұл  адамдар мен олар құрған бірлестіктердің  белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау – 1. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары  және түрлері

 

  Кәсіпкерлік қызметінің  мәні және негізгі ерекшеліктері.

 

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде  айқын көріне бастады.

А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру  және пайда алу  үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік  азаматтар мен  бірлестіктердің  пайда алуға бағытталған  және олардың тәуекел  етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде  жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Барлық  шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің  тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі  ассоциациялар (акционерлік  қоғамдар, арендалық  ұжым, кооперативтері) және мемлекет бола алады.

Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің  кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, иннновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздарымен операциялар бола алады.

Кәсіпкер  қабылданған заңға  қайшы келмейтін  қызметтің қандай да болмасын түрімен  айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлік қызметтің  субъектілері мыналар  бола алады:

    • Қазақтанның азаматтары
    • Шетел мемлекеттерінің азаматтары
    • Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлік ұжымы).

Кәсіпкердің мәртебесі заңды  және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден  өткеннен кейін күшіне енеді.

Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:

    • кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
    • барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
    • меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
    • кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
    • кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
    • нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

Кәсіпкерліктің  экономикалық формадағы  қызметіне төтеп  беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға  алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

 

 

Кәсіпкерліктің  түрлері, олардың  өзара қатынастары  және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

 

Кәсіпкер  тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыруболып  бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.

Өндірістік  кәсіпкерлікке –  тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу  және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.

Өндірістік  кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше  және оны іске асыру  үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп  мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік  қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық  кәсіпкерлікке –  қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін  айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.

Қаржылық  кәсіпкерлік –  коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай  болғандықтан оның сатып  алу, сату объектісі  айрықшалығы –  тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды  қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшалады сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтанқаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.

Делдалдық кәсіпкерлік –  бір мәмілеге өзара  мүдделі жақтардың  басын қосатын  қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс  алады.

Сақтандыру  кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс  алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып  пайдалануға үйрену керек.

Ресурстардың  әр түрлі комбинацияларын  жасай – кәсіпкер қызметінің қажетті  буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша  бес бағытты қамтиды.

    1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
    2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
    3. Жаңа өткізу рыногына шығу;
    4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
    5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.

Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі  мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне  кәсіпкерлікті өндіріс  факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.

Кәсіпкерлік қызмет тек бір  ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі  варианттары мен  үйлесімдері болуы  мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталын пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.

Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.

Информация о работе әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы