Химиялық зақымдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 20:06, реферат

Краткое описание

Химиялық қарудың негізін улағыш заттар (УЗ) – адамдар мен жануарларды, ауаны, аймақты, су қоймаларын және аймақтағы әр түрлі нәрселерді зақымдайтын улағыш химиялық қосылыстар құрайды. Кейбір УЗ өсімдіктерді жоюға арналған.
Химиялық қару-жарақтарда, құралдарда УЗ сүйық немесе қатты күйде болады, химиялық қаруды қолдану кезінде УЗ дайындық күйіне – бу, аэрозоль немесе тамшылар түріне өтіп, адамдарды тыныс алу мүшелері арқылы немесе денеге тиген кезде тері арқылы зақымдайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химиялық зақымдану.docx

— 20.27 Кб (Скачать документ)

Химиялық зақымдану

Химиялық қарудың негізін  улағыш заттар (УЗ) – адамдар мен  жануарларды, ауаны, аймақты, су қоймаларын және аймақтағы әр түрлі нәрселерді зақымдайтын улағыш химиялық қосылыстар құрайды. Кейбір УЗ өсімдіктерді жоюға  арналған.

Химиялық қару-жарақтарда, құралдарда УЗ сүйық немесе қатты  күйде болады, химиялық қаруды қолдану  кезінде УЗ дайындық күйіне – бу, аэрозоль немесе тамшылар түріне өтіп, адамдарды тыныс алу мүшелері арқылы немесе денеге тиген кезде  тері арқылы зақымдайды.

Физиологиялық әсер етуіне қарай УЗ бірнеше топқа  бөлінеді:

  • Жүйке-паралитикалық әсерлі УЗ – зарин, зоман, VХ (ви-икс). Олар жүйке жүйесі қызметін бұзады, бұлшық ет дірілін, сал ауруын немесе өлімді туындатады.
  • Тері-іріңдік әсерлі УЗ – иприт. Теріні, көзді, тыныс алу мүшелерін және ас қорыту жүйесін (ішке түссе) зақымдайды.
  • Жалпыулылық әсерлі УЗ – синиль қышқылы және хлорциан. Уланған кезде ауыр тыныс алу, қорқыныш сезімі, діріл мен сал ауруы пайда болады.
  • Тыныс тарылтқыш УЗ – фосген. Өкпені зақымдайды, оның ісінуіне, тыныстың тарылуына әкеп соқтырады.
  • Тітіркендіргіш УЗ – хлоацетофенон, адамсит, CS (си-эс) және CR(си-ар). Бұл УЗ тыныс алу органдары мен көзді тітіркендіреді.
  • Психохимиялық УЗ – B Z (би-зет). Тыныс алу мүшелері арқылы қозғалыс координациясын бұзады, елестер мен психикалық бұзылуларды туындатады.

Жүйке-паралитикалық әсерлі УЗ, тері-іріңдік әсерлі УЗ, жалпыулылық  әсерлі УЗ және тыныс тарылтқыш УЗ өлімге душар ететін УЗ болып табылады. Ал  тітіркендіргіш УЗ мен психохимиялық  УЗ адамды уақытша істен шығарады. Зақымдау жылдамдығына байланысты тез әсер ететін УЗ (зарин, зоман, синиль қышқылы, CS (си-эс) және CR(си-ар ) ) және баяу әсер ететін УЗ (VХ, иприт, фосген, B Z ) болып бөлінеді.

Әсер ету ұзақтығына байланысты УЗ тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді:

Тұрақтылары зақымдау әсерін бірнеше сағаттар бойы сақтайды.

Тұрақсыздары бірнеше минуттарға созылады.

Токсодоза – белгілі бір зақымдалу әсерін алуға қажет УЗ мөлшері:

T=C. t, г/м3

Мұндағы, С – ауадағы  УЗ концентрациясы, г/м3; t – адамның зақымдалған ауада өткізген уақыты, минут.

Химиялық оқ- дәріні алғаш  қолдану кезінде УЗ бұлты пайда  болады. Ауа массаларының қозғалысы  нәтижесінде УЗ бұлты белгілі  бір кеңістікте таралады да, химиялық зақымдану аймағын құрайды.

Химиялық зақымдалу  аймағы деп тікелей химиялық қарудың әсеріне ұшыраған немесе жойғыш концентрациядағы УЗ-мен зақымдалған бұлт таралған территорияны атаймыз.

Химиялық зақымдалу аймақтарында химиялық жойылу ошақтары пайда болуы  мүмкін.

Химиялық жойылу ошақтары – кеңістігінде химиялық қару әсерінен адамдардың, ауылшаруашылық жануарларының және өсімдіктердің жалпы жойылуы болған территория.

Химиялық қарудың ерекше топтарына әр түрлі газдарға толы екі ыдыстан тұратын бинарлы  химиялық оқ-дәрілерді жатқызуға  болады.

Апатты-химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ)

Авариялы-химиялық қауіпті  заттар қатарына өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қолданылатын қауіпті  химиялық заттар жатады. Олардың апатты түрде ағып кетуі кезінде қоршаған ортаның тірі ағзаны жоя алатын концентрациядағы зақымдалуы болады.

Күнделікті түрде көпшілік жағдайларда АХҚЗ газ тәрізіді немесе сүйық күйде болады.

АХҚЗ-дың ірі қорлары  химиялық, қағаз-целлюлозалық, қорғаныстық, мүнай өңдуші және мұнай-химиялық, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында және тыңайтқыштар, азық-түлік пен  мата тігу өндіріс орындарында шоғырланған.

АХҚЗ-дың улағыш қасиеттерін  сипаттау үшін келесі ұғымдар қолданылады: зиянды заттың ақырғы мүмкін концентрациясы (АМК) және токсидоза. Адамға ұзақ уақыт  бойы күнде әсер ететін АМК-концентрация патологиялық өзгерістер мен ауруларды  туындатпайды.

ПДКсс елді мекендеріндегі және ПДКрз өндіріс орындарындағы  жұмыс аумақтарының ауа атмосферасындағы кейбір АХҚЗ-дың АМК-сы:

АХҚЗ атауы

ПДКее, МГ/МЗ

ПДКрз, мг/м3

Хлор

0,03

1

Аммиак

0.2

20

Акрилонитрил

0,03

0,5

Синиль қышқылы

0,01

0,3

Күкіртсутек

0,008

10

Күкірт ангидриді

0,05

10

Фосген

4.4

Бензол

0.8

5

Монометиламин

 

1

Диметиламин

0,005

1

Триметиламин

5

Азот қышқылы

0.15

2

Күкірт қышқылы

0.1

1

Тұз қышқылы

0,2

5


 

АХҚЗ-дың ең көп таралған түрлеріне хлор, аммиак, күкіртсутек, күкірт қостотығы (күкіртті газ), синиль қышқылы, фосген, метилмеркаптан, бензол, бромсутек, фтор, фторсутек жатады.

АХҚЗ-бен зақымдалу  аймақтары

Көпшілік жағдайларда  ыдыстың апаты немесе сынуы кезінде  сұйық заттардың қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендеп, АХҚЗ қайнайды да атмосфераға газ, бу немесе аэрозоль күйінде тарайды. Бірінші 3 минут  кезінде сынған ыдыстың аузында  пайда болған АХҚЗ газ бұлты зақымдалған  ауаның алғашқы бұлты деп аталады. Ол үлкен қашықтықтарға жайылады. Сұйықтықтың қалған бөлігі (200 жоғары қайнау температурасына ие) жер үстінде жайылып, кейін буланып кетеді. Бу атмосфераға таралып, зақымдалған ауаның екінші бұлтын құрайды, ол аз қашықтықтарға таралады.

АХҚЖ зақымдалу аймағының  формасы жел жылдамдығына байланысты. Мысалы, жел жылдамдығы 0,5 м/с аз болса, форма шеңбер тәрізді болады, 0,6-дан 1 м/с-ке дейін жетсе жартылай шеңбер болады, 1,1 м/с-тен 2 м/ с-ке дейін жетсе 90° бұрыштағы сектор, 2м/с-тан көп  болған жағдайда 45° бұрыштағы сектор формасына ие болады.

Сонымен қатар, қалалық жерде  орналасқан құрылыстар мен ғимараттар ауылдық жердегі ғимараттарға қарағанда  күн сәулесімен тез қызатынын  естен шығармау керек. Сол себепті  қалалы жерде ауаның интенсивті қозғалысы  байқалады, ол ауаның перифериядан орталыққа  қарай магистральді көшелер бойымен  ағылуына байланысты. Бұл АХҚЖ-на аулаларға, тірлемелерге, жерасты орындарына өтіп кетуіне септігін тигізіп, тұрғындардың зақымдануына қауіп туғызады.

Кейбір жағдайларда, әсіресе  табиғат апаттары кезінде, қатты  әсер ететін улы заттардың ауаға  түсіретін апаттар болуы мүмкін. Мұндай кезде концентрациялар ПДК-дан  асып түседі де, өлімге душар етеді.

Химиялық қауіпті объекттің  жанында өмір сүретін тұрғындар  берілген кәсіпорында қандай АХҚЗ қолданылатынын, өндірістік орындардың жұмыс аймақтары  мен елді мекен үшін қандай ПДК  бекітілгенін, қандай қауіпсіздік шаралары басты назарға ие екендігін, әр түрлі  апаттық жағдайлар кезінде қандай қорғаныс құралдары мен әдістері қолданылатынын міндетті түрде білулері керек.

Бактериологиялық (биологиялық) зақымдану аймақтары

Бактериологиялық қару-жарақтың зақымдағыш әсерінің негізін ауру туындататын  микроағзалар – бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар мен  бактериялық улар (токсиндер) құрайды.

Биологиялық (бактериологиялық) құралдар биологиялық рецептуралар  түрлерінде – сақтау мен қолдану  жағдайларында биологиялық агентке  оңтайлы жағдай қалыптастыратын  биологиялық агент пен арнайы препараттадың қоспаларында қолданылады. 

Биологиялық (бактериологиялық) қаруды қолданудың мүмкін әдістері:

  • Аэрозольдік әдіс – ауаның жерге жақын қабатын биологиялық (бактериологиялық) рецептураларды шашырату арқылы аэрозольдік бөлшектермен зақымдау;
  • Трансмиссивті әдіс – арнайы түрде зақымдалған қансорғыш ауру тасымалдайтын кенелерді, масаларды, шіркейлерді тарату;
  • Диверсиялық әдіс – ауаның, судың жабық кеңістіктерін, алдын ала таңдалған аудандардағы азық-түліктің әдейі жасырын түрде биологиялық (бактериологиялық ) заттармен зақымдалуы.

Биологиялық (бактериологиялық) агент ретінде оба, табиғи шешек, тырысқақ, туляремия қоздырғыштары  жұмсалуы мүмкін. Жануарлардың қауіпті  ауруларына аусыл (ящур), қара малдың обасы, маңқа, қойлардың, шошқалардың обасы, т.б. жатады. Өсімдіктердің қауіпті ауруларына картоптың фитофторозы, дәндә дақылдардың таты, т.б. жатады.

Биологиялық (бактериологиялық) қару-жарақтың қолданылуы нәтижесінде  биологиялық (бактериологиялық) зақымдану  аймақтары мен ошақтары пайда  болады.

Биологиялық (бактериологиялық) зақымдану аймақтары – биологиялық (бактериологиялық) ауру қоздырғыштарымен зақымданған аймақ немесе ауа кеңістігі.

Биологиялық (бактериологиялық) зақымдану ошақтары - кеңістігінде биологиялық (бактериологиялық ) қару әсерінен адамдардың, ауылшаруашылық жануарларының және өсімдіктердің жалпы жойылуы болған территория.Зақымдану ошақтары зақымдану аймағында пайда болумен қатар, зақымдалған адамдар мен жануарлардың орын ауыстыруы нәтижесінде оның сыртында да пайда болады.

Инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін карантин немесе обсервация орнатылады.

 

Радиоактивтік ластану

Радиоактивтік ластану  адам және оның өмір сүру ортасы үшін ерекші қауіп төндіреді. Бүл ионизирлік радиацияның тірі организмдерге  интенсивті және тұрақты зиянды әсер етуіне байланасты, ал бүл радиацияның  көздері қоршаған ортада кең таралған. Радиоактивтік атом нөмірінің альфа, -бета және гамма – сәулеленізмен  қоса жүретін массалық санның өзгеруіне  әкелетін ядросының өздігінен пайда  болатын ыдырау. Альфа-сәулелену-протондар  мен нейтрондардан құралған ауыр бөлшектердің тасқыны. Ол қағаз бетімен  тоқталатылады және адамның терісінен  өте алмайды. Бірақ егер ол организмнің  ішіне отып кетсе, өте қауіпті  болып кетеді. Бета-сәулеленудің өтудің аса жоғары қабілеттілігі бар  және адам терісіне 1-2 см-ге өтеді. Гамма  – сәулеленуді тек қалын қорғасын және бетон плитасы ғана тоқтата  алады.


Информация о работе Химиялық зақымдану