Биологиялық қару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:01, реферат

Краткое описание

Биологиялық қару-тердлеткі микроорганизмдерді,олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады. адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Содержание

1.Биологиялық қару
2.Биологиялық қару түрлері және олардың сипаттамасы
3.Биоологиялық қарумен зақымданған жерлерде жасалатын әрекеттер
4.Зақымдау жолдары
5.Тарихы
6.Зақымдау әсерлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

биологиялык кару 7.docx

— 62.52 Кб (Скачать документ)

              Биологиялық қару

Биологиялық қару-тердлеткі микроорганизмдерді,олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады. адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.Биологиялық қару - соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ЖОСПАР

 

  1.Биологиялық қару

  2.Биологиялық қару  түрлері және олардың сипаттамасы

  3.Биоологиялық қарумен  зақымданған жерлерде жасалатын  әрекеттер

  4.Зақымдау жолдары  

  5.Тарихы

  6.Зақымдау әсерлері

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Тарихи анықтама

  Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн адам шейіт болса, 6,5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген.

Барлық құрлықтағы елдер  экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы  өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы  едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951жылдары  Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында  эпизоотиядан 100мыңнан астам бас  қой мен ірі мүйізді қара шығын  болып, адамдар арасында ірі көлемді  індет тараған, ал әр түрлі дәнді–дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан  АҚШ-тың өзінде 20 млн адамды асырауға жететін астық өнімі шығын  болады.1925 жылдың 17 маусымында Женевада «Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол  сияқты басқа газдар мен бактериялогиялық заттарды қолдануға тыйым салу хаттамасына» қол қойылды.1940-1944 жылдары жапон  армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы БҚ-дың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай  қалалары мен аудандарында індет  тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын  қолданудан қаза болды.

1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат”жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пенполигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы “Биокомбинат” медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды. [1]

  

Биологиялық құралдардың  түрлері                

          және негізгі қасиеттері

            

        Зақымдау әсерлері

 

 

 

 

 

 

 

        Зақымдану жолдары

 

 

  

 

       Зақымдалған жерлерде            

       жасалатын әрекеттер

Карантин жарияланған  кезінде сақталатын ережелер:

-балалардың үйден шықпауын қадағалаңыз

-ас ішер алдында қолды  сабындап жуыңыз

-қайнамаған су мен  сүт ішпеңіз

-азық түлікті аузы мықтап жабылған ыдыста сақтаңыз

-нанды да оттың алауына немесе духовкада қыздырып алып жеген жөн


Информация о работе Биологиялық қару