Саяси жүйелердің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:22, реферат

Краткое описание

Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Және де қоғамдағы басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы және мемлекет аралық қарым-қатынастарды реттеуді іске асыра отырып, қоғамның ішкі бірлігін, қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың, саяси принциптер мен құқықтық нормалардың тұтастығы.

Содержание

КІРІСПЕ
САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ мәні, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
саяси жүйенің құрылымы және атқаратын қызметі
САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
г.Алмонд ұсынған Саяси жүйе жіктеліністері
Қорытынды
пАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат ст 3 апта.docx

— 69.48 Кб (Скачать документ)

Саяси жүйелерді әртүрлі  өлшем тұрғысынан жіктеу түрі:

  • Маркстік тәсіл, мәселен, қоғамның формациялық түрде дамуын және әлеуметтік - экономикалық құрылымның ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммунистік саяси жүйелерді ажыратады.
  • Биліктің әлеуметтік негізіне қарай әскери және азаматтық, ұлттық - демократиялық және буржуазиалық саяси жүйелерді бөлуге болады .
  • Саяси жүйелер қоғамдағы саяси режимдердің сипатына карай демократиялық, авторитарлық және тотаритарлық жүйелер есебінде қарастырылады.
  • Саяси жүйелер өзінің ұстаған бағытына, сипаты мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансфомацияланушы жүйелер болып бөлінеді.
  • Дәстүрлі және жаңғырған (модернизацияланған) жүйелер туралы да айтуға болады. Дәстүрлі жүйеде биліктің харизматикалық түрі үстем, жаңғырған жүйеде азаматтық қоғам бар, саяси рольдер нақтыланған.
  • Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтандырылған және жергілікті билік буындарына дербестік берілген т. б. болып бөлінеді.

Г.Альмонд ұсынған Саяси жүйе жіктеліністері

Саясаттанушы ғалымдар көбінесе саяси жүйелердің Г.Алмонд жасаған жіктемесіне ой тоқтатады. Ол басты өлшем ретінде саяси  мәдениет айырмашылығын басшылыққа ала отырып, саяси жүйелердің мынадай типтерін жіктейді: англо - американдық; континентальды - еуропалық индустриаландырылмаған және жарым жартылай индустриаландырылған; тотаритарлық.

Алғашқы типке АҚШ, Англия, Канада және Австралия мем-лекеттерінің саяси жүйелері топтастырылған. Бұл жүйелер тұрақтылықтық жоғары деңгейімен, биліктің тармақталуымен сипатталады. Саяси мақсаттар мен оларға жету жолдарын барлық саяси күштер қуаттайды. Сөйте тұра әр партия, әр мүдделі топ өз мақсатын айқын біледі, жүйе құрамында нақты өз орындары бар. Халық үшін басты маңызды нәрсе-жеке бостандық, әл-уақыттың жетістілігі және қауіпсіздігі.

Саяси жүйенің континентальді-еуропалық  типіне Франция, Германия, Италия сияқты елдерді жатқызуға болады. Мұндағы саяси мәдениет ескі мен жаңаның қоспасы деуге болады. Саяси партиялар көп, олар қоғамға едәуір ықпалы бар түрлі идеологиялар мен ескі дәстүрлерді басшылыққа алып, ұштастырған.

Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің көбінің саяси жүйелерін индустрияландырылмаған немесе жартылай индустрияландырылған деп аталатын типке жатқызуға болады. Бұл елдердің саяси мәдениеті Батыс елдеріне тән қасиеттердің, этностық дәстүрлердің, діни ғұрыптардың қоспасы. Билік айқын тармақталмаған, әскерилер мен аппараттағы бюрократтар заң шығару міндетін жиі-жиі өз мойындарына алады, сот ісіне де қол сұғады. Тұрақсыздық басым, күштеу әдісі үстем. Көпшіліктің саясатқа араласуы іс жүзінде шектеулі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі уақытта жеке дараланып үзеңгі қағыстырып келе жатқан екі жүйе бар. Біріншісі - жоспарлы экономика мен нарық заңдарын, социализм мен дәстүрлі қоғам институттарын ұштастырған Қытай мемлекетінің жүйесі. Бұл жүйенің негізін салушы Дэн Сяо Пин XX гасырдың 70-80 жылдарында материалдық өндіріс саласына нарықтық қатынастарды кеңінен кіргізуді, саясат пен идеологияда коммунистік тоталитарлық ұстанымдары толық сақтап қалуды мақсат еткен, Қытайдың сан ғасырлық тарихы бар ұлттық дәстүрлері мен берік орныққан діліне негізделген дамудың жаңа моделін ұсынған болатын. Соңғы 30 жылдан астам уақыт оның идеяларының өміршеңдігін дәлелдеді. Қытай қарышты дамып келеді, озық елдердің қатарына шығап, әлемді өзіне қаратты. Кейбір саясаттанушылар мен экономистер XXI ғасыр - Қытай ғасыры деп тегіннен тегін айтып жүрген жоқ.

Екінші жүйе - тек нарық экономикасының шарттары мен жаһандану процесіне жүгінген, жеке адамның бостандығы мен тандау еркіне ешкімнің қол сұқпауын қадағалайтын азаматтық қоғам институттары салтанат құрған жүйе. Бұған АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайван, Гонконг сияқты елдер мен Еуропалық одақтастықты құрайтын мемелекеттер жатады.

Г. Алмонд ұсынған типология тұрғысынан алғанда Қазақстан Республикасының бүгінгі саяси жүйесін нақты бір типке жатқыза қою қиын. Тоталитарлық жүйеден кеше ғана шықтық. Оның салдары әлі жойыла қойған жоқ. Дегенмен, англо-американдық жүйеге ұмтылудамыз, сондай-ақ континентиальді-еуропалық жүйеге тән сипаттардың да, азиялық ерекшеліктердің де бар екенін айқан жөн. Қазақстан Республикасы, Ата заңымызда атап көрсетілгендей,«өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса манызды мәселелерін демократиялық   әдістерімен,оның   ішінде   республикалық   референдумда немесе Парлементте дауыс беру арқылы шешу» (1- бап). Ең бастысы Қазақстанның саяси жүйесі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық болып табылатын, президенттік-парламенттік басқару нысанындағы демократиялық жүйе есебінде қалыптасып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Ұ.Сыдықов . Саясаттану. Оқу құралы.-Алматы. 2012

 

  1. Д.А.Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Заң әдебиеті. 2004

 

  1. ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз (2007ж21.05өзгертулер мен толықтырулар)

 

  1. Wikipedia.org

 

  1. Ашитов З.О.  Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы.: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.

Информация о работе Саяси жүйелердің түрлері