Саяси режим
Реферат, 18 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Саяси режим – бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің мәнін, мазмұнын анықтау арқылы саяси жүйенің сипаты мен типін дәлме-дәл және пәндік бағалауға мүмкіндік туады. Бұл тұрғыдағы талдаудың өте маңызды саясаттанулық проблема болып табылатындылығы да міне, сондықтан. Өйткені, саяси режимдердің мәні мен мазмұнын түсіну үшін, ең алдымен саяси режим түсінігін ұғыну қажет.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Sayasi_rezhim (1).docx
— 23.49 Кб (Скачать документ)Саяси режим – бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің мәнін, мазмұнын анықтау арқылы саяси жүйенің сипаты мен типін дәлме-дәл және пәндік бағалауға мүмкіндік туады. Бұл тұрғыдағы талдаудың өте маңызды саясаттанулық проблема болып табылатындылығы да міне, сондықтан. Өйткені, саяси режимдердің мәні мен мазмұнын түсіну үшін, ең алдымен саяси режим түсінігін ұғыну қажет.
Саяси режим ұғымы батыс еуропалық ғылыми әдебиеттерде XIX-XX ғасырлар тоғысында тарады. Қазіргі кезде бұл ұғым ғылыми, оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ ауызекі тілде де кеңінен қолданылады. Бұл саяси өмірлің және тұтас алғанда қоғамдағы саяси жүйенің құбылысы. Осы ұғымға байланысты саяси режимнің жинақталған сипаты бар. Нақ осы режимді талдау адамның билік құрылымдарымен өзара қатынастарындағы оның шын мүмкіндіктері жөнінде барабар пікір айтуға мүмкіндік береді. Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық салаларына шексіз бақылау қоюға ұмтылумен, адамның саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағынумен сипатталады. Мемлекет барлық қоғамды және нақты адамды жұтып жібереді. Осыған сәйкес билік, бір адам және басқарушы элита адамдарының санаулы топтары арқылы, әдетте барлық деңгейлерде жабық түрде қалыптасады. Тоталитаризм XXғасырда пайда болған, ол диктатураның ерекше жаңа формасы.
Диктатура(лат.тілінен
dictatura-“шексіз билік”) – басқарылатындар
тарапынан бақылау қойылмайтын,
Тоталитаризм
тек XX ғасырда ғана шындыққа
айналғанымен, оның идеялық қайнар
кездері ежелден бастау алады.
Көртеген тоталитарлық идеялар
Шан Янның, Платонның, Т.
Осыған байланысты тоталитарлық саяси режим пайда болған және дамыған елдердің әрқайсысынан өзіндік ерекшеліктері болғанын атап айтқан жөн. Сонымен бірге, тоталитарлық саяси режимдердің барлық түрлеріне тән және оның мәнін көрсететін ортақ белгілерде бар. Олар мыналар:
- Биліктің жоғарыда шоғырлануы, басқарушы аппартын І ипертрофиялануы, оның қоғам өмірінің барлық саңылауларына енуі. Тоталитарлық санада билік пен қоғам проблемасы болмайды: билік пен халық біріңғай, бөлінбейтін тұтастық деп шамаланады. Мүлдем басқа пробремалар көкейтесті болады, нақты айтқанда: билік пен халықтың ішкі жауларға қарсы күресі, билік пен халық–дұшпандық сыртқы ортаға қарсы. Бұл қаншалықты порадоксальды болса да, тоталитарлық саяси тәртіп жағдайында биліктен шынайы қол үзген халық, үкімет оның мүдделерін оның өзіне қарағанда терең әрі толық білдіреді деп сендіреді. Сөйтіп, экономикаға орталықтандырылған бақылау және экономикалық қызмет бюрократиялық басқару жүйесі жасалынады.
- Тоталитарлық саяси режимдерге бір партиялық тән. Харизматикалық жетекші-көсем басқаратын бір ғана басқарушы партия өмір сүреді. Бұл партиялық бастауыш ұйымдар желісі қоғамның барлық өндірістік-ұйымдық құрылымдарына енеді, сөйтіп бақылау жасай отырып олардың қызметін бағыттайды. Көпшілік үшін көсемге, оның ұсынған идеяларына деген соқыр сенім тән.
- Биліктің бір қолға – автократияға барынша шоғырлануы билікті беру принципін жояды. Заң шығарушы және атқарушы билік бір құрылымға шоғырланады, тәуелсіз сот билігі деген мүлдем болмайды. Сот билігі партиялық-мемлекеттік машинаның мүдделеріне қызмет ететін малайдың рөліне дейін жеткізеді.
- Барлық қоғам өмірінің идеологияландырылуы. Тоталитарлық идеологияның, негізінде – тарихты барлық құралдары ақтайтын, белгілі бір мақсаттарға қарай заңды қозғалыс ретінде қарау жатыр. Аталмыш идеология магиялық символдар күшін бейнелейтін мифтер сериясынан тұрады. Тоталитарлық қоғам халыққа идеологиялық ықпал жасау үшін үлкен күш жұмсайды. Мемлекеттік идеологияны және билік өкілдерін сынауға тыйым салынады.
- Тоталитаризм ақпаратқа деген билік монополиясымен, бұқаралық ақпарат құралдарына толық бақылау жасаумен және баспа қызметіне қатал цензура жасаумен сипатталады. Барлық ақпарат бір жақты бағыттылықта – өмір сүріп тұрған құрылысты және оның жетістіктерін дәріптеу бағытында болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көпшіліктің тоталитарлық саяси тәртіп қойған мақсатты орындауы үшін құлшынысын көтеру міндеті шешіледі.
- Қарулы күрес жүргізудің барлық құралдарын қолдануға деген мемлекеттің монополиясы. Әскер, полиция, барлық басқа да күштеу құралдары саяси билік орталығына толығымен бағынышты болады, олар жазалаушы органдар қызметін атқарады.
- Адамдардың жүріс-тұрысына жалпы бақылау жасаудың істеліп біткен жүйесінің, жаппай репрессия және күштеу жүйесінің өмір сүруі. Бұл мақсаттар үшін ауыр еңбек қолданылатын, адамарды азаптау, қарсыласқандардың еркін басу, ешқандай жазығы жоқ адамдарды қырып-жою жүргізілетін, тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерьлер мен геттолар құрылады. КСРО-да лагерьдің тұтас желісі – ГУЛАГ құрылды. 1941 жылға дейін оған 53 концентрациялық лагерь, 422 еңбекпен түзеу колониясы және 50 кәмелетке толмағандар лагерьі кірді. Осы лагерьлер өмір сүріп тұрған жылдары онда 40 млн. астам адам қаза болды. Тоталитарлық қоғамда мұқият ойластырылған жазалау аппараты әрекет етеді. Оның көмегімен жеке адам тағдырына және отбасы мүшелеріне қауіп төнеді, күдікшілдік, домалақ арыздарға мадақтау жасалынады. Бұның бәрі елде басқаша көзқарас және оппозиция туындамауы үшін жасалынады. Күштеу және жазалаушы органдардың көмегімен мемлекет халықтың өмірі мен мінез-құлқына бақылау жасайды.
Жоғарыда аталған және кейбір басқа да ортақ сипатты белгілер аз немесе көп деңгейде болсын, барлық тоталитарлық режимдерге тән, сонымен қатар, оларды тоталитаризм деп аталатын бір топқа біріктіруге негіз болады.
Сонымен
бірге аталмыш топта
КСРО-дағы
тоталитарлық саяси режимнің
өмір сүруінің уақыттық
Ұлтшыл-социалистік
идеологияның басты басты
Марксизм-ленинизмге
қарағанда ұлтшыл-социализм
Айта кеткен
жөн, тоталитарлық саяси
Қорыта айтқанда, тоталитаризм – қоғамдық жүйе ұжымдық мақсатқа, көсемнің нұрына бас ұрып, ресми идеологияға бас ұрған қоғам және жеке адамға билік тұтқасы тарапынан тырп еткізбейтін қатаң бақылау қойылған мемлекеттік құрылыс. Тоталитарлық режим жағдайында мемлекеттің бүкіл билігікөсем бастаған ат төбеліндей аз ғана топтың қолына өтеді, демократия принциптері аласталып, азаматтық қоғам жойылады, адамдардың құқығы мен бостандығы аяққа тапталады, күштеу, қорқыту, үрейлендіру бұйыру тәсілдері арқылы адамдар рухани езгіге салынып жанышталады. Қоғамның барлық саласы түгел, оның ішінде әрі адамның жеке тіршілігі, отбасы бәрі бар, мемлекеттің “ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында” болады.
Қазіргі
саяси ғылымда саяси режим
түсінігін елдегі саяси
Коммерциалық емес акционерлік қоғам
«Алматы энергетика және
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Баяндама
Тақырып: XXғасырдағы тоталитарлық саяси режим
Орандаған: Жангелдин.Д.А
Тексерген: Әуелгазина.Т.Қ