Конституциялық құқық-ҚР жетекші саласыретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:09, реферат

Краткое описание

Конституциялық құқық-ҚР құқық жүйесінің жетекшісі салаларының бірі ретінде-ол өзінің ішкі тұтастұғымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктермен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Конституциялық құқық.docx

— 30.04 Кб (Скачать документ)

Конституцияда азаматтардың білім алу құқығына кепілдік берілген. Орта білім алған  азамат өзінің білімін одан кейін  колледждерде, инстетут, университеттерде жалғастыруға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік  оқу орындарында тегін оқытылады, студенттерге стипендия төленеді. Конституция бойынша ақылы білім алуға да жол беріледі.                                                   

Азаматтарға құқықтар мен бостандықтар берілумен  бірқатар көптеген құқықтық міндеттер  жүктеледі. Әрбір адам басқа біреудің алдында,.қоғам және мемлекет алдында  міндетті болады,өзара байланыста болады.

ҚР Конституциялық құрылымның негіздері.

Әрбір мемлекетке тән бір ортақ көрініс-бұл мемлектті ұйымдастыруда және мемлекеттік құрылысында өзінде ғана үйлесімді ерекшеліктерінің болуы.

Конституциялық құрылыс бұл-сол елдің Конституциясында бекітілген, мемлекетті құрудағыерекше бір әдіс немесе ерекше бір форма.

ҚР  Конституциясының бірінші бабына сәйкес, «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде  бекітеді, оның жоғары құндылығы ретінде  адам оның өмірі, құқығы мен бостандығын  қояды» деп жазылған.

Басқару тұрпаты жағынан Қазақстан мемлекеті республика болып есептеледі. Мемлекеттегі билік халық тарапынан сайланған, белгілі бір мерзімдік өкілеттіліктерге ие өкілеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан-Президенттік басқарудағы республика.

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі.

Сайлау  жүйесі мемлекеттік құрылыстың негізгі  элементі болып табылады. ҚР сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтың егемендіктің бір белгісі ретінде  көрінеді,  соған байланысты Президент  сайлауы, Мәжіліс-сайлауы жүргізіледі.

Сайлау құқығы принциптері:

Республика  Президентін, Парламенті Мәжілісінің және маслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі;

-Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі;

-Республика азаматтарының сайлауға қатысуы  ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін  білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ.

 

Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы-Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік , лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.  

Бәсең сайлау құқығы-Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

Тең сайлау құқығы –сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.

Сайлаушылар Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

Төте сайлау құқығы-Республика Президентін, Парламентін Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды.

Жанама сайлау құқығы-Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

Жасырын дауыс беру-Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттарыныңдепутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жұмсау мүмкіндігіне жол берілмейді.

Сайлау органдары. Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттің сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылыды.

Сайлау  комиссияларының біртұтас жүйесін  мыналар құрайды:

-Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

-аумақтық сайлау комиссиялары;

-округтік сайлау комиссиялары;

-учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау  комиссияларының өкілеттік мерзімі-бес жыл.

Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның төрағасы мен хатшысының жоғары заң бөлімі болуға тиіс.

Республикалық референдум-ҚР Конституциясының, конституциялық заңдарының,  заңдарының және мемлекеттік өмірінің  өзге де неғұрлым маңызды мәселеріне арналған шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.

Референдум Республиканың бүкіл аумағында өткізіледі. 1995ж. 2 қарашада «Республикалық Референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледі.

  Республикалық референдум талқысына  қойылатын мәселелер: 1)Республика Конституциясының, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;  2)Республиканың мемлекеттік өмірінің  өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешу қойылуы мүмкін.

Республикалық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер мыналар: 1)адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкеліп соғатын;

2)мемлекеттік біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын , Республиканы басқару нысанын өзгерту; 3)Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы  мен шекараларының; 4)сот әділдігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қорғау; 5)бюджет пен салық саясаты;  6)рақымшылық пен кешірім жасау; 7)Республика Президентінің, Парламент Палаталары мен Үкіметінің қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымнан босату;  8)Республиканың халықаралық шарттарынантуындайтын міндеттемелерін орындау мәселелері референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды.

Референдумға  қатысу құқығы тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрақтылықты  жеріне немесе кез кеген өзге жағдаяттарға қармастан  Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтарына беріледі. Сотіс әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да бомасын тікелей не жанама шектеуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жазаланады.

Азаматтар референдумға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа не тең дауыс санына ие болады. Азаматтар референдумға тікелей қатысады.

 

 

 


Информация о работе Конституциялық құқық-ҚР жетекші саласыретінде