Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:56, курсовая работа

Краткое описание

Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екі кезеңді рәсімдер арқылы аукцион, тендер және конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін сату тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату және акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

6.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

 

   5. Тендердi  өткiзу

 

 

      37. Тендердi ұйымдастыру  мен өткiзудi сатушы жүзеге  асырады. Объектiнi бiрiншi тендерге  қойған кезде жекешелендiру объектiсiнiң  бастапқы бағасы алғашқы бағасына  тең болады. 
      Тендерде жекешелендіру объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан 20 пайыздан аспай төмендетіледі. 
      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      38. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жеке енгізіледі. 
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      39. Тендердiң шарттары мынадай: 
      1) жекешелендiру объектiсiне тартылатын инвестициялардың көлемi, түрi және мерзiмi бойынша мiндеттемелер; 
      2) өндiрiс көлемiнiң, шығарылатын өнiмдер номенклатураларының немесе көрсетiлетiн қызметтердiң белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз ету; 
      3) баға белгілеу шарттары, оның iшiнде бағаның шектi деңгейi бойынша шектеу; 
      4) табиғат қорғау іс-шараларын жүргiзу; 
      5) қызмет бейінінің сақталуы; 
      6) жаңа жұмыс орындарын сақтау немесе құру; 
      7) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң қолданыстағы тәртiбi мен пайдалану шарттарын сақтау; 
      8) кредиторлық берешектердi белгiленген мерзiмiнде өтеу; 
      9) жалақы төлемдерi бойынша берешектердi өтеу; 
      10) мәмiлелердi жасауды шектеу (қайта сату, кепiлге, сенiмдi басқаруға беру және т.б.) және/немесе жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салу болуы мүмкiн; 
      11) комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар. 
      40. Комиссияның шешімі негізінде сатушы тендер шарттарын, жекешелендiру объектiсiнің бастапқы бағасын, кепілдік жарнасының сомасын айқындайды. 
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      41. Егер тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады. 
      42. Комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық формалдылықтардың сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды. 
      43. Коммерциялық тендердi өткiзу барысында комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары мәнге ие болған және тендердiң шарттарын қанағаттандырған қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды. 
      Егер коммерциялық тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бiрдей бағаға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру объектiсiнiң бағасы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi. 
      44. Инвестициялық тендер өткiзу кезiнде ұсынысы неғұрлым тиiмдi инвестициялық бағдарламаға ие және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы жеңiмпаз деп жарияланады.  
      Егер инвестициялық тендерде екi және одан көп қатысушының инвестициялық бағдарламалары инвестициялар және басқа да факторлар бойынша бiрдей ұсыныстарға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру объектiсiнiң бағасы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi. 
      45. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша тендердiң нәтижелерi сауда-саттық аяқталғанда комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесi және тендердiң жеңiмпазы қол қоятын әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi және Тізілімге енгізуге жатады. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді. 
      Тендер аяқталғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердiң нәтижелерiн жариялайды. 
      46. Хаттама сатушы және сатып алушы үшiн бiр-бiр данада жасалады. 
      47. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда осы жекешелендiру объектiсi тағы да сауда-саттыққа қойылады. 
      48. Егер объектi тендерде сатылмаған жағдайда комиссияның сату тәсілін, бағасы мен тендердің шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауына жол беріледі. 
      49. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн. 
      Жабық тендердi өткiзу кезiнде мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында хабарлама жариялау жүргізілмейді. Жабық тендерге мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде комиссия айқындайтын қатысушылардың шектеулi тобы қатысады. Жабық тендерге қатысуға арналған жазбаша шақыруды жабық тендердiң барлық шарттарымен қоса сатушы жiбередi. Жабық тендерге қатысуға шақыру жiберiлген және қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғаларды тiркеу жазбаша шақыру жiберiлген күннен бастап жүргiзiледi және жабық тендердiң өткiзiлуiне 24 сағат  қалғанда аяқталады. 
      50. Жабық тендердi өткiзу тәртiбi осы Қағиданың 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49-тармақтарымен реттеледi.

 

   6. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс

 

 

      51. Екi кезеңдi рәсiм арқылы  конкурс жекешелендiру бағасының  басымдығын және/немесе өзге де  шарттарын айқындайтын Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзiледi. 
      52. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды: 
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тарту; 
      2) жекешелендiру объектiн жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшiн жекешелендiру объектiсi туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыpу; 
      3) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып aлушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсыныстар жiберуi; 
      4) қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруы; 
      5) сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен келiссөздер барысында ең үздік ұсыныстар (конкурстың бiрiншi кезеңi) ұсынған кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында өтiнiмдер тiзбесi бойынша әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргiзуi; 
      6) сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту тұрғысынан бiрiншi кезеңнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргiзуi (екiншi кезең). 
      53. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды. 
      54. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең үздік шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады. 
      55. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы сатып алу-сату шартына сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатып алу-сату шартына ұсынысы жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған әлеуетті сатып алушы (инвестор) қолын қояды.

 

   7. Есеп  айырысулар тәртiбi

 

 

      56. Сатып алу-сату шарты  жазбаша түрде сатушы мен сатып  алушының арасында жасалады және  келiсiм-шарт жасасудың негiзi ретiнде  сауда-саттық нәтижелерi туралы  хаттамаға жасалған сiлтеменi қамтуы  тиiс. 
      Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтырады. 
      57. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi: 
      1) аванстық төлем жекешелендiру объектiсiн сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi; 
      2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі. 
      58. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және сатып алушыдан iс жүзiндегi зиянның кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiн өтеуді талап етуге жол беріледі. 
      59. Бөлiп-бөлiп төлеудiң ықтимал шарты сауда-саттыққа қатысушыларының назарына алдын-ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының 15 пайызынан кем болуы мүмкін емес, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс. 
      Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде енгiзеді. Одан кейiнгi соманы енгiзген кезде, әлi енгiзiлмеген сомаға сатушы пайыздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қайта қаржыландырылатын ресми ставкаға сүйене отырып есептейдi. 
      Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудің өзге тәсілі көзделмеген болса, төлемдердiң уақтылы өтелуiн қамтамасыз ету сатып алушы сатып алған жекешелендiру объектiсiне сатушының кепiл құқығы болып табылады. 
      60. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қоспағанда, объектiнi беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейiн меншiк иесiнiң сатылған және Тізілімге енгізуге жататын жекешелендiру объектiсiн өзгерткендiгi туралы мемлекеттiк тiркеу жүргiзу үшiн негiз болып табылатын жекешелендiру объектiсiнiң қабылдап алу-тапсыру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi. 
      Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.

 

   8. Жекешелендiру  объектiсiн сатудан алынған қаражат

 

 

      61. Республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден алынған қаражат республикалық бюджетке жiберiледi. Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден алынған қаражат жергiлiктi бюджетке жiберiледi. 
      62. Жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
      63. Ұйымдастырушының және/немесе аукционшының және/немесе бірыңғай оператордың қызметтеріне ақы төлеу сатушының жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындауға және өткiзуге жұмсалатын шығыстарына қосылады. 
      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

   9. Қазақстан  Республикасының немесе шет мемлекеттердің  аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату

 

 

      64. Қазақстан Республикасының  немесе шет мемлекеттердің аумағында  жұмыс істейтін қор биржаларында (бұдан әрі – қор биржасы)  мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды  сатуды комиссияның шешімі негізінде сатушы жүзеге асырады. 
      65. Қор биржасында сатылуға жататын бағалы қағаздарды сатушы биржалық сауда-саттыққа делдал компаниялар арқылы қояды. 
      66. Бағалы қағаздарды сатуға құқылы делдал компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады. 
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      67. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату кезінде оларды сатуға байланысты сатушы мен делдал компаниялар арасында туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі. 
      68. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерінде бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына және тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

   10. Акционерлік  қоғамдардың мемлекетке тиесілі  акцияларына құқықты куәландыратын  туынды бағалы қағаздарды сату

 

 

      69. Акционерлік қоғамдардың  мемлекетке тиесілі акцияларына  құқықты куәландыратын туынды  бағалы қағаздарды сату Қазақстан  Республикасының Үкіметінің немесе  тиісті жергілікті атқарушы органның  шешімімен жүзеге асырылады. 
      70. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгі шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге сатушы немесе тиісті жергілікті өкілдік органға бекітуге жергілікті атқарушы орган ұсынады. 
      71. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешімде оларға туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесілі акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың типі, оның (олардың) аумағында туынды бағалы қағаздарды сатуды жүзеге асыру ұйғарылған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмілені аяқтаудың ең көп мерзімі, туынды бағалы қағаздардың меншік иелерінің құқықтарын сату шарттары мен тәртібі қамтылуы тиіс. 
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

  Жекешелендіру объектілерін  
сату қағидасына        
қосымша         

 

 

      Жекешелендіру объектіcін (объектілерін) сату бойынша 
____________________________________________________________ қатысуға 
             (сауда-саттық нысаны көрсетіледі) 
 

 

 ӨТІНІМ

 

 

      Ескерту. Өтінім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

 

      1. ______________________________________________ жекешелендіру 
объектісінің (объектілерінің) сатылуы туралы жарияланған хабарламаны 
қарап және сату қағидаларымен танысып, ______________________________ 
                                       (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе 
                                         заңды тұлғаның атауы және 
                                             сенімхат негізінде 
_______________________________________ 20__ жылғы «___» ____________ 
  әрекет ететін заңды тұлға басшысының 
   немесе заңды тұлға өкілінің Т.А.Ә.) 
мына мекенжай бойынша _______________________________________ болатын 
сауда-саттықта қатысуға ниет білдіреді. 
      2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін _______________________ 
                                                 (мемлекеттік мүлік 
                                                 жөніндегі уәкілетті 
                                                 орган не жергілікті 
                                                   атқарушы орган 
                                                    көрсетіледі) 
______________ депозиттік шотына жалпы сомасы ___________ көрсетіледі 
                                               (цифрмен) 
(_______________________) теңге ______ кепілдік жарнасын (жарналарын) 
(сомасы таратып жазылады)       (саны) 
енгіздім (енгіздік). 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі 
ЖСК № _______, БСН __________, төлем тағайындау коды _______________, 
Кбе _________, мекеме коды __________.

 

 

      Кепілдік жарнасы  енгізілген жекешелендіру объектілері  туралы 
мәлімет:

 

 

Р/с 

Жекешелендіру объектісінің атауы

Аударуға жататын  кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

Жиыны

 

 

 

 

      Енгізілген кепілдік  жарналары туралы мәлімет:

 

 

Р/с 

Кепілдік жарнасының тағайындалуы және сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген жекешелендіру  объектісінің атауы

Төлем құжатының  №

Төлем құжатының  күні

Кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны

 

 

 

 

 

 

 

 

      3. Мен (біз) мыналардың: 
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе 
құрылтай құжаттарына сәйкес оларды жүзеге асыру объектінің 
сауда-саттықта сатылу шарты болып табылатын қызмет түрлерімен 
шұғылдануға құқығы жоқ заңды тұлға; 
      2) ұйымдастырушы аукцион қатысушылары бола алмайтыны туралы 
хабардармын (хабардармыз). 
      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім 
(екеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз) сауда-саттықта қатысу 
құқығынан айырылуымен, мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері 
туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатын 
келісемін (келісеміз). 
      5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы деп танылған 
жағдайда өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға 
_____________________________________________________________________ 
                 (сауда-саттық нысаны көрсетіледі) 
өткізілген күні қол қою және ___________________________ өткен күннен 
                         (сауда-саттық нысаны көрсетіледі) 
бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қою 
міндеттемелерін аламын (аламыз). 
      6. Мынадай: 
      1) сауда-саттық өткізілгенге дейін күнге үш жұмыс күнінен аз 
уақыт қалғанда оған қатысудан бас тартқан; 
      2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас 
тартқан; 
      3) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас 
тартқан; 
      4) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді 
орындамаған және тиісінше орындамаған; 
      5) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес емес 
екенім (екеніміз) анықталған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік 
жарнасының сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына 
келісемін (келісеміз). 
      7. Осы өтінім сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге 
сатып алу-сату шартын жасасуға дейінгі қолданылатын шарт күшіне ие. 
      8. Өзім (өзіміз) туралы мынадай мәліметтер беремін: 
      Заңды тұлға үшін: 
      Атауы _________________________________________________________ 
      БСН ___________________________________________________________ 
      Басшының Т.А.Ә. _______________________________________________ 
      Мекенжайы: ____________________________________________________ 
      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________ 
      Банктік деректемелері: 
      ЖСК ___________________________________________________________ 
      БСК ___________________________________________________________ 
      Банктің атауы _________________________________________________ 
      Кбе ___________________________________________________________ 
      Өтінімге мыналар қоса беріледі: 
      1) ____________________________________________________________ 
      2) ____________________________________________________________ 
      3) ____________________________________________________________ 
      4) ____________________________________________________________ 
      Жеке тұлға үшін: 
      Т.А.Ә.: _______________________________________________________ 
      ЖСН ___________________________________________________________ 
      Паспорт деректері _____________________________________________ 
      Мекенжайы: ____________________________________________________ 
      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________ 
      Банктік деректемелері: 
      ЖСК ___________________________________________________________ 
      БСК ___________________________________________________________ 
      Банктің атауы _________________________________________________ 
      Кбе ___________________________________________________________ 
      Өтінімге мыналар қоса беріледі: 
      1) ____________________________________________________________ 
      2) ____________________________________________________________ 
      3) ____________________________________________________________ 
      ________ ______________________________________________________ 
       (қолы)  (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және 
                заңды тұлға басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат 
                      негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)

Информация о работе Азаматтық құқық