Астрометрия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 10:00, курсовая работа

Краткое описание

Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез және нақты жаңа өмірге жол ашатын «ақпараттық технологиялар» ғылымы физика, астрономия және басқа салалар үшін өте маңызды роль атқарады. Біз ақпарат алмасу технологиясын күнделікті өмірде қолдануға тырысып, жиі – жиі оны әдетке айналдыруға тырысамыз. Себебі оның мүмкіншілігі шектеусіз, жеңіл және қолайлы. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, астрономияның бір тармағы болып табылатын астрометрия саласын зерттеп, электронды оқулық құрастыру бұл курстық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Астрометрия ғасырдан ғасырға келе жатқан ғылым. Осыған байланысты оқу орындарында оқыту формасын тиімді ұйымдастыру мәселесі туындайды[1].

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавая работа.docx

— 2.58 Мб (Скачать документ)

Оқыту ақпараттарының басқа  түрдегі ақпараттардан айырмашылығы, оның өзінің анықталған сипаттізімі  бар және әртүрлі қасиеттері негізінде  жіктеледі: қабылдау әдісі бойынша (дыбыстық, визуальды, сенсорлық), адамға ақпараттың әсер етуі бойынша (тікелей, ассоциативті) және т.б. Оқыту ақпараттарының берілу әдістері оның сипаттізімін бейнелейді және әртүрлі негіздемелер бойынша  жіктелінеді.

Қазіргі заманғы жаңа ақпараттарды беру әдістерінің жіктелуі бірінші  кезекте сызықты және құрылымдық материалдарды беру әдістерін ерекшелейді.

Оқыту ақпараттарының сызықты  көрсетілімі кезінде оқыту материалын баяндау құрылымы материалды тәртіп бойынша қарастырумен анықталады. Берілген әдіс бірқатар жоғары оқыту орындарында  және мектептерде дәстүрлі әдістеме ретінде қолданылады және оның берілетін  материалдарының иілгіштігі мен  жалпы алынатын білімдерді қабылдау толықтығының еңбек сыйымдылығына  байланысты кемшіліктері бар.

Оқыту ақпараттарының құрылымдық көрсетілімі оның оқытылуының жүйелік  жолдарына негізделген. Оқыту материалының құрылымы оның моделі ретінде қарастырылады  және бір – бірімен байланысқан  және бір – бірімен шарттасқан элементтер жиынтығы ретінде көрсетіледі. Оқытылатын материалды меңгеруде оның құрылымын анықтайтын элементтері  мен оның байланыстары маңызды роль атқарады. Оқыту ақпаратын түсіну үшін пәндер арасындағы байланысты білу міндетті.

Қазіргі уақытта гипертекст – ақпараттар көрсетілімінің жаңа түрі пайда болды және әдістеме ретінде  кірістіріліп жатыр,  оның кеңінен  тарауы негізгі компьютерлік және телекоммуникациялық  оқыту жүйелерінің (басқаша электрондық  оқулық, интернет және т.б.) дамуына  байланысты. Гипертекстілік ақпараттар көрсетілімі негізінде кеңейтілген  дәстүрлі текст түсінігі алынады, ондағы текстілік фрагменттер арасына  ауыспалы байланыстар орналасады және олардың арасындағы бір текстіден  екінші бір текстіге ауысу тәртіптері анықталады. Гипертекст (сызықты емес текст) негізінде қарапайым мазмұндалған бір беттен екінші бір бетке ауысатын кітаптан көп ерекшеленбейді, өзгешелігі тек оның желі сияқты көрсетілуінде  ғана болады [21].

Қазіргі заман жаңа компьютерлік технологиялары гипертекстілік ортаға тәжірибе жүзінде кез – келген ақпараттарды (текст, бейне, екі-үшөлшемді  графика, дыбыс, видео, анимация және т.б.) енгізуге мүмкіндіктер береді, сонымен  қатар бұл ақпараттар көрсетілімі  мен ұйымдастырылуына байланысты жүйені одан да жоғары деңгейге жеткізіп –  гипермедиа немесе мультимедиа деп  қарастыруға болады.

Бұл берілген сөздерге әртүрлі  ақпарат көздерінде көптеген түсініктеме  басқа да сөздер кездесіп жатады –біз бұл атаулардың барлығын синоним  сөздер деп есептеп өзіміз мультимедиа  сөзін қолданамыз.

Мультимедиа түсінігі кең  спектрдегі мәндерді қамтиды: бұл құрастыру  технологиясы ретінде, өнімнің өзі  ретінде, аппараттық қамтама ретінде, және нәтижесінде, жаңа ақпарат түрі ретінде де қолданылады. Мультимедия  түсінігінің пайда болуымен қарапайым  әдістемелік көрсетілімдердің көрнекілігі  және материал иллюстрациясының безендірілуі баюда.

Мультимедиа әртүрлі программалық және техникалық құралдар негізінде  құрылады, білім алушыға тиімді әсер етеді, ақпаратты өңдеу, елестету, сақтау және құрудың компьютерлік құралдар ретінде көрсетіледі, білім алушы  бір мезетте оқырман, тыңдаушы, көрермен және қатысушы бола алады.

Қазіргі заманғы жаңа аудиовизуальды (ыңғайлы навигация, иілгіш үлестік  берілу, интерактивтілік) ақпараттарды өңдеудің әдістерін қолдану, әртүрлі  рецепторлық айқын әрекеттердің бір мезетте қолданылуы білім  алушының оқыту үрдісін интенсивтілігін  көтеруге және оқыту ақпараттарын меңгеру  тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді [22].

Білім беру жүйесінде оқытудың мультимедиа-құралдары қазіргі таңда  кеңінен қолданылуда – оларды көрнекілік құралы ретінде қолданудан (презентация, WEB-беттер, және басқалар) білім алу және өзін – өзі дамыту құралдары (электрондық энциклопедиялар, оқулықтар, тестілік программалар, қашықтан оқыту құралдары және т.б.) ретінде  қолдану да кеңінен таралуда.

Соңғы кездері оқытудың мультимедиялық құралдарын Windows операциялық жүйелері үшін IBM – үйлесімді компьютерлердің  тенденцияларын өңдеу белгіленуде. Windows ортасында мультимедиялық өңдеулерді қолдайтын дамыған жүйелердің бірі ретінде Hyper-PC, Toolbook, HM-Card және басқа да жүйе түрлері көптеп кездеседі. Бұл түрдегі жүйелер аспаптық құралдар болып табылады, олар өңдеушіден қандай–да бір спецификалық білімдерді және программалау тілдерін талап етпесе де, өз кезегінде көп дайындалмаған пайдаланушы үшін қиын аспап болып табылады. Сондықтан интерактивті құралмен қатынау – диалог жүргізу мүмкіндіктерін, тиімді  білім алу және өзін – өзі дамыту үшін арналған сапалы мультимедиялық құралды өңдеу арнайы мамандардың міндеті болып табылады.

Соған қарамастан қазіргі  кезде мультимедиялық қолдауды пайдаланып дәрістерін, оқулықтарын көрнекі  етіп жасағысы келген кез – келген оқытушы, пайдаланушы үшін арналып  жасалған қиын емес программалар бар. Кез – келген көрнекілікті жасау  аспабы ретінде  PowerPoint презентация  құру құралын айтып кетуге болады.

PowerPoint программасы – бұл слайдтар жиынын көрсету және құрастырудың күшті құралы болып табылады. Әрбір слайд статикалық бейнелерден, фотосуреттерден, суеттерден, сұлбалардан, диаграммалардан, текстілік фрагменттерден, сондай - ақ видеофрагменттерден (видеофильмдер, мультипликациялар, анимациялар) тұруы мүмкін. Слайд көрсету дыбыстық жазбалармен (дикторлық текстпен, музыкалық туындымен) қолдауда болуы мүмкін. Слайдтар презентациядағы кез – келген басқа слайдтарға сілтемеден, және локалды диск немесе Интернетте орналасқан әртүрлі обьектілер мен құжаттардан тұруы мүмкін. Тәжірибе жүзінде кез келген ақпарат түрін слайд – шоу режимінде көрсетуге болады, бұл кезде құрылымдалған презентацияларды басқару қиын емес гиперсілтеме жүйесімен қамтамасыздандырылады. Программа Office қосымшалар жиынтығының стандартына енгізілген, қолдануда қарапайым – бұл программамен мектептің бесінші сыныбындағы оқушылар ақпараттану сабағыннан бастап танысады. Мұндай иллюстрацияланған оқулықтарды тиімді пайдалану үшін мультимедиапроектордың көмегіне сүйенген дұрыс, бірақ дәрістердің мультимедиялық қолдауын теледидардың көмегімен де, локалды желісі бар компьютерлік сыныптың көмегімен де ұйымдастыру мүмкін[23].

Мультимедиа білім алу  үрдісін әртүрлі көрнекі ақпараттардың  интеграциясының көмегімен ғана тиімді арттыруды қамтамасыздандырып қана қоймай, сонымен қатар айта кететін ең маңызды артықшылықтарының  бірі ол басқа сызықты ақпараттарды беру құралдары  - интерактивтілігі болып табылады.

Интерактивтілік пайдаланушы  талаптарына сәйкес ақпараттардың  көрсетілімін басқаруға, материалдардың берілу қарқынын және жағдайларға байланысты қайталау санын жүйелендіруге мүмкіндік  береді. Мультимедиялық иллюстрацияны  қолданып жасалған әрбір дәріс –  білім алушының оқыту материалдарымен  танысу деңгейін, факультет және мамандық бойынша спецификасын, және оқытушылардың  бірім беруінің жеке стиліне байланысты тиімді стратегияларды таңдауға арналған факторларға сүйене алады.

Мультимедиялық оқулықтардың интерактивтілігі мен иілгіштігі материалды өз бетінше оқып үйрену және ұйымдастыруға  өз себебін тигізеді, ол білім алушының оқу топтарында бірігіп жұмыстар ұйымдастыруды, мультимедиялық программа  мүмкіндіктеріндегі интерактивтілікті  қолдануды, білім алушы өз бетінше  оқу үрдісін тізбектей ұйымдастыруды, яғни білім алу үрдісін толығымен  жекелей таратуға және т.б. мүмкіндіктер береді. Мультимедияны қолдана отырып білім алуды жекелендіру шығармашылық, өзбетіншілік, белсенділік принциптарын таратуға өз әсерін тигізеді.

Өзінің артықшылықтарына (көрнекілік, қолжетерлік, қолданудағы  иілгіштік, интерактивтілік  және т.б.)  қарамастан білім алудағы мультимедиа  бірқатар спецификалық аспектілерге сүйене отырып қолданылуы керек [24].

  1. Мультимедиялық оқулық құрастыру арнайы анықталған білімді талап етеді. Оқытушы негізгі  компьютерлік технологияларды меңгерген болуы қажет, әсіресе  мультимедиялық қосымшаларда (дыбыс, видео, анимация және т.б.) жұмыс жасауды білу керек.
  2. Үлкен көлемдегі ақпараттар және материалдарды берудің артық құрылымдық әдістері көңіл бөлуді бұзады, нәтижесінде оқыту материалдарын толығымен меңгеру қызметі бұзылады.
  3. Мультимедиялық оқыту білім алудың дидактикалық принциптарына және ақпараттарды қабылдаудың психологиялық заңдылықтарына негізделіп жасалуы қажет. Мультимедиа бұл панацея емес, ол тек басқа құралдармен бірге білім беретін құрал.
  4. Толық кері байланыстың болмауы. Мультимедиялық программалардың интерактивтілік деңгейі адамдар арасындағы қарым – қатынас деңгейіндегідей емес, сондықтан оқытушының мұндай оқыту құралдарымен жұмыс жасау кезіндегі ролі маңызды.
  5. Программалық және аппараттық қамтама дұрыс орнатылған болуы қажет. Мультимедиялық қосымшалардың офистік программаларға қарағанда жүйелік талаптары жоғары. Интернетке қатынаудың төменгі жылдамдығы ақпараттарды көшірудегі қиындықтарды туындатады. Бұның барлығы оқу үрдісіндегі тиімділікті азайтады.

Білім беруде мультимедиялық құралдарды қолдану және өңдеумен байланысты қиындықтарға қарамастан, олар мектеп және жоғары оқу орындарында кеңінен  қолданылуда. Қазіргі кезде кішігірім  дайындығы бар пайдаланушы мультимедиялық құрал жасауға, ал қазіргі заман  жаңа білім беру орындарының техникалық жабдықталуы оны кеңінен қолдануға мүмкіндіктер береді.

Оқыту технологиясы – 1) білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі  бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесі; 2) оқыту, өздігінен  білім алу және өзін-өзі бақылау  процестерін керек етіп, соларды  жүзеге асыратын шарттарды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.

Ақпараттық технология – көбінесе, қағаз жүзінде әр түрлі мәліметтерді дайындау, жинау, өңдеу және тасымалдау процесі.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін қазіргі компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, инструменталдық программалық құралдар жиыны.

Жаңа ақпараттық технология – компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Мультимедиа – графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешені.

Мультимедиалық технология – бейнелік және аудио-эффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Мультимедиалық технологиялар  мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты яғни, электрондық  кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар, компьютерлік фильмдер . Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның  бірігуі болып табылады. Мультимедиа  технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, оқушыға сыныптан үйден  шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің  дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары  мен мәдени орталықтарына, жер шарының  ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар  шегуіне мүмкіндік жасады [25].

Гипермедиялық технологиялар  мәтінмен жұмыс істеудің және олрдың бір-біріне хабар жіберуін ұйымдастырудың ыңғайлы мүмкіндіктерін жасайтын гипермәтіндік  технологияларды дамыту болып табылады.Барлық қазіргі заман ақпараттық-анықтамалық жүйелер гипермедиа технологиясында жүзеге асады. Оқу мақсатындағы гипермедиа өнімдері үлкен көлемді материалды оқуға ғана емес, тыңдау, көру, материалды іріктеу, керекті жерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға да мүмкіндік береді.

Оқу үрдісінде ақпаратты  экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану  «мультимедиа» идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды  пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқыту да компьютер  мұғалім рөлін атқарады.

Жоғарыда келтірілген  құралдардың әрқайсысының өзінің оқу  үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері  мен орындары, функциялары бар. Енді оларды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап  колдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ.

Кәдімгі информатика оқулығы  білімді жалпылауды, ойлау үрдісін  реттеуде, материалды сапалы меңгеруде  компьютерсіз не оған дейін қолданылуы мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар, оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс  істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын  едәуір жеңілдетеді. Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта беріледі. Плакатка жазылған ақпарат (формула, бұйрық және т.б.) еріксіз  есте сақтауға арналған. Транспаранттар мұғалімнің сабақ өту кезінде  тікелей тақырыпқа қатысты қолданылады. Оқу киносы ЭЕМ-де динамикалық қозғалыс жасауда қолданылады. Үлкен экранды  теледидар ЭЕМ экранына қарағанда  жаппай түсіндіру барысында көрнекі  құрал орнын толтырады. Ал «мультимедиа»  құралы бұл құралдардың мүмкіндігін  кеңейтіп интеграциялай түседі.

Презентация – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсынады (1сурет).

MS Power Point  программасының  әрбір презентациясы слайдтар  жиынынан тұрады.Ал слайдта графикалық  фонда орналастырылған обьектілер  немесе текст тұруы мүмкін.

 

1сурет – Слайдтың түрі

 

Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.

Мультимедиялық технологияларды  пайдалану негізінде жүргізілетін оқыту әдісі оқытудың теориясы мен  технологиясын бір-бірімен байланыстырып  оқытуды қажет етеді.

Оқыту әдісі деп оқытушы  мен оқушының немесе мұғалім мен  оқушының оқыту процессінде алға қойылған мақсатқа жету үшін бірігіп  атқаратын іс-әрекетін айтамыз.

Осы кездегі негізгі талап:

Информация о работе Астрометрия