Материалдар номенклатурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:18, доклад

Краткое описание

ХХІ ғасыр қоғам өмірінің әр түрлі саласында үнемі өзгеріп отырған маңызды ғаламдық процестермен сипатталады. Ол білім беру саласына да әсер етіп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруді талап етеді. Осыған орай, бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, өзін-өзі саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-тұлғалық бет-бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл мақсат-міндеттердің жүзеге асуы адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оқыту мен тәрбиені сабақтастықта, шығармашылық мақсат қоя отырып, арнайы оқыту процесін жүргізгенде мүмкін болмақ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 22.30 Кб (Скачать документ)

ХХІ ғасыр қоғам өмірінің әр түрлі саласында үнемі өзгеріп отырған маңызды ғаламдық процестермен сипатталады. Ол білім беру саласына да әсер етіп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруді талап етеді. Осыған орай, бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, өзін-өзі саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-тұлғалық бет-бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл мақсат-міндеттердің жүзеге асуы адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оқыту мен тәрбиені сабақтастықта, шығармашылық мақсат қоя отырып, арнайы оқыту процесін жүргізгенде мүмкін болмақ. 
 
Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау. Сондықтан Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық. 
 
Зерттеу жұмыстары барысында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда білім берудің жаңашылдық сипатына сәйкес, білім мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, технологияларын, оған қатысушы субъектілердің бағытын, білімдік ортаны өзгерту арқылы ғана мүмкін болатындығына көз жетті. 
 
Зерттеу жұмыстары маңызды мәселенің шешімін табуда теориялық, әдіснамалық, дидактикалық деңгейлерде жүрді: 
 
● әдіснамалық деңгейде – шығармашылық қызығушылықтың адамның өзін-өзі, айналасындағы әлем мен ортасын өзгертуге көмектесетін, танымдық ынтасы мен әлеуметтік жағдайларға негізделген мүмкіндіктері ретіндегі мәні мен мазмұны ашылды. Сонымен қатар білім беру процесінің жаңашылдық сипатының басымдылық бағыттары мен жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру арқылы оның субъектілігін қалыптастырудың қажеттігі анықталды; 
 
● теориялық деңгейде – білім беру парадигмалары және жалпы орта білім беруді дамыту тенденциялары, шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі, шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық тұғырлары мен психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен сипатталады; 
 
● дидактикалық деңгейде – оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі ететін педагогикалық технологиялардың философиясы, құрылымы сараланды, шығармашылық сабақтар мен оқытудың инновациялық бағыттары, дистанциялық оқыту мен оның болашақтағы бағдары анықталды. 
 
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді: 
 
1. Білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес білім мазмұнының шығармашылық сипаты, жаңа құрылымы еліміздің рухани-мәдени әлеуетін жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің басты тұғыры болып табылады. Сондықтан білім мазмұнының қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептің жаңаруына жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы мен ынтасы, ой белсенділігі нәтижесіндегі танымдық іс-әрекеті арқылы көрініс табады. 
 
2. Зерттеу жұмысы бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес, жалпы орта білім беру жүйесінің мақсат-міндеттерінің, жаңашылдық сипатын айқындап, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың өзектілігін ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеумен сипатталды. 
 
3. Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген теориялық зерттеулер мен оны практикада жүзеге асыру мәселесінің сабақтастығын зерделеу нәтижесінде “білім берудің жаңа парадигмасы”, “шығармашылық қызығушылық”, “инновациялық креативті білім беру”, “креативтілік”, “шығармашылық рефлексия” ұғымдарына жаңаша сипаттағы анықтама берілді. 
 
4. Зерттеудің әдіснамалық негіздерін басшылыққа ала отырып жасалған мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық, рефлексиялық-бағалау компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштерінен тұратын құрылымдық-мазмұндық моделі өзекті мәселенің шешімін табуда маңыздылығы дәйектелді. 
 
5. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда олардың субъектілігіне негізделген, технологияландырылған, шығармашылық іс-әрекетті белсендіру әдістері мен оларды ұйымдастырудың жаңа үлгісіне көшудің тиімділігі анықталды. 
 
6. Зерттеу нәтижесінде шығармашылық қызығушылық оқушылардың нәтижеге бағытталған білім алудағы құндылық бағдары ретінде, оқу-танымдық әрекетті мақсатқа бағыттаушы танымдық ынтасы мен олардың еңбек, адамгершілік, эстетикалық рухани мүмкіндіктерін дамытудағы басты жекетұлғалық сапа ретінде және қоғам талаптарына сай құзырлықтарын қалыптастырудағы маңызды серпін ретінде қарастырылды. 
 
7. Білім беру жүйесінде жаңашылдық өзгерістер қоғамның және жеке тұлғаның көзқарастарын, ой-өрісін, психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қызығушылықтарын, қарым-қатынасын кешенді түрде өзгерту арқылы жүзеге асырылатындығы дәйектелді. 
 
8. Білім берудің жаңа парадигмасына сай, оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын қалыптастыруда интерактивті, ақпараттық, өзіндік іздену сипатындағы оқыту технологиялары анықталды. 
 
9. Білім берудің жаңашылдық сипатына сай, қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың инновациялық процесс ретіндегі мүмкіндіктері дәлелденіп, оқытудағы рефлексияның маңызы мен жеке тұлғаның шығармашылық ынтасын дамытудағы маңыздылығы сипатталды. 
 
10. Жаңа оқыту технологияларының ақпараттық жүйелілігін, өзара және өмірлік ортамен байланыстылығын, үйлесімділігін, оқушының танымдық сапаларының, шығармашылық қызығушылығы мен креативтілігін дамытудағы ерекшеліктері сараланды.  
 
11. Білім берудің жаңа парадигмасы тұрғысынан оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы теориялық-әдіснамалық негіздерін тұғыр ете отырып, өзекті мәселенің шешімін табудағы ұсынылған әдістеменің тиімділігі тексерілді. 
 
12. Зерттеу нәтижелерінің Республикалық ғылыми-практикалық орталықтарында және мектеп тәжірибесінде, Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярау институттарында талқыланып, тиімділігі нақтыланып, тәжірибеге енгізілді. 
 
13. Зерттеу нәтижелерін мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындарында, мұғалімдердің білімдерін жетілдіру институттары мен ғылыми-педагогикалық зерттеу орталықтары қызметінде пайдалану тиімділігі дәлелденді. 
 
Диссертациялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мынадай ұсыныстар жасаймыз:  

  •  
    Білім құндылықтары тұлғаның, қоғам және табиғат игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және мәдени толерантты, шығармашыл жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйе ретінде құрылуы тиіс;
  •  
    оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы оқулықтар, бағдарламалар психологиялық, физиологиялық, дидактикалық тұрғыда қарастырылып, оқушының танымдық-тағылымдық мүдделері мен шығармашылық қызығушылықтарын дамытатындай дәрежеде дайындалуы;
  •  
    шығармашылық қызығушылық – білім алудың ақпараттық ұйтқысы болғандықтан оның дамытушылық, қалыптастырушылық, бағыттаушылық мәнін ескере отырып, оқыту процесінің дидактикалық міндеттерінің басты тұғыры ретінде қарастыру;
  •  
    оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұндық сипатын өзгерту және педагогикалық мамандықтар бойынша мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің жаңашылдық бағыт алуы;
  •  
    еліміздің орта мектебін әдіснамалық, құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан қайта құруда зерттеліп отырған мәселенің тұғырлы сипат алуы;
  •  
    жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін жетілдіруге бағытталған ең жаңа оқыту технологияларына негізделген тәжірибелік, зертханалық сабақтарды, іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиісті жағдай жасалуы;
  •  
    жаңа ғасырдағы ұлттық мектебіміздің басты философиялық тұғырнамасы тарихи-ұлттық, рухани-мәдени құндылықтарымызға негізделіп, жаңаша шығармашылық тұрғыда қарастырылып, ұлтымыздың рухани жандануына бағдарлау;
  •  
    жастарымыздың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда мұғалімдерге, оқушыларға, студентерге, ата-аналарға арналған оқу құралдары мен әдістемелік әдебиеттер шығару;
  •  
    зерттеліп отырған мәселенің тұғырнамасына сәйкес, мектептерде және колледж, университеттерде ғылыми-семинарлар, мектептерде ата-аналарға арналған әңгіме-кеңестер ұйымдастыру және педагогтарға арналған арнайы курсты кеңінен пайдалану;
  •  
    оқушының шығармашылығын дамытуда сабақтан тыс шараларды, пәндік үйірмелер мен ғылыми қоғам жұмыстарын жандандыру;
  •  
    зерттеу проблемасына сәйкес, педагогтарымыз білім жетілдіру курстарында арнайы дайындықтан өткізіліп, ғылыми-әдістемелік жұмыстармен таныстыру; 
  •  
    жеке тұлға шығармашылығын дамытуда электрондық оқулықтар мен бағдарламалар әзірлеу.

 
Зерттеу мәселесі күрделі және сан  қырлы болғандықтан, болашақта мынадай  бағыттары ғылыми-педагогикалық  тұрғыда зерделенуі қажет деп есептейміз: 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық құзырлылығын қалыптастыру; жаңа типті мектептерде оқушылардың креативтілігін дамытудың предагогикалық шарттарын айқындау; ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сай жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру; білім берудің жаңашылдық бағытына сәйкес оқушыға инновациялық-креативті білім беру; 12 жылдық мектептерде оқушылардың шығармашылық әлеуетін рухани-мәдени құндылықтары негізінде қалыптастыру; жаңаша білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетінде әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру; оқушылардың шығармашылық қызығушылығын дамытуда мектеп пен отбасы тәрбиесінің сабақтастығын жетілдірудің өзекті мәселелері т.б.


Информация о работе Материалдар номенклатурасы