Ауа ылғалдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 18:20, реферат

Краткое описание

Б үгінде Қазақстанда осы көшіп-қону мәселесі ең өзекті мәселердің біріне айналғанын айтқан. Oл осы бірер жылдың ішінде республикалық деңгейде ішкі және сыртқы көшіп-қонуға қатысты бірнеше мәрте үлкен жиындардың болғанын сондай ақ қазір үкімет ұзақ мерзімге арналған көшіп-қону тұжырымдамасын дайындап жатқанын ал парламент болса ‘Халықтың көшіп-қону туралы‘ заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде талқылап жатқанын жеткізді.

Содержание

1) Кіріспе бөлім
1.Қазақтардың көшіп-қону маңызы.
2.Қазақтардың не себепті көшіп қонуы.
2)Негізгі бөлім. 1. Дүние жүзі халқының еңбекке байланысты көшіп қонуы. 2 Қазақтардың өзге ұлттан кел алмай жатқандығы.
3)Қорытынды.
4)Пайдаланған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 38.38 Кб (Скачать документ)

Б үгінде Қазақстанда осы көшіп-қону  мәселесі ең өзекті мәселердің біріне айналғанын айтқан. Oл осы бірер жылдың ішінде республикалық деңгейде ішкі және сыртқы көшіп-қонуға қатысты бірнеше мәрте үлкен жиындардың болғанын сондай ақ қазір үкімет ұзақ мерзімге арналған көшіп-қону тұжырымдамасын дайындап жатқанын ал парламент болса ‘Халықтың көшіп-қону туралы‘ заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде талқылап жатқанын жеткізді. Көшіп-қону  мәселесіне әсіресе шетелден көшіп келетін қазақтар мәселесіне бұрынғыдай үйреншікті, немқұрайлы жағдаймен қарайтын уақыттың өткенін еске салған Т.Мамашев алдағы уақытта бұл мәселеге ерекше мән беріп, шешімді істердің істелуі керектігіне тоқталды. «Оралман» қазақтар деген сөз тіркесінің дұрыс еместігін алға тартқан ол бұның орнына ‘қандас‘ не ‘елдес‘ деген секілді сөздерді қолданса деген ұсынысын жасады. Т.Мамашевтің айтуынша, «Қытайдан, Моңғолиядан, Ресейден, Түркиядан тағы басқа елдерден көшіп келген қазақтар арасында небір дарынды, талантты қазақтар баршылық». Қазақстанның Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Жазбек Әбдиевтің айтуынша, соңғы 3 жыл бойы Қазақстан жыл сайын шетелден 15 мың қазақ отбасын квота бойынша көшіріп алу жұмысын жүргізіп келеді. Бұл квотаның үштен екісі Өзбекстан қазақтарына беріліп отыр. Алдағы уақытта шетелден көшіп келетін қазақтарға арнап Қазақстанның бірқатар аймақтарында оралман қазақтарды бейімдеу орталықтары салынбақшы. Ең алдыңғысы Маңғыстау облысында кешікпей салынғалы отыр деді Ж.Әбдиев. Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмәділ үкімет Қазақстанға көшіп келген қазақтар жағдайына ерекше қамқорлық көрсете отырып, сол шетелде қалып қойған сонда тіршілік етіп жатқан қазақтарға рухани жағынан көмектесуі керек, бұл Қазақстанның борышы, парызы болмақ деді. Ал «Азаматтық қоғам» қорының төрағасы Ғалымжан Жақиянов Қазақстан үкіметі Астанаға ірі құрылыс, сарайларды салуға қаржы тауып отырып, шетелде атажұртын аңсап жүрген қазақтарды көшіріп алуға жеткілікті қаржы таппай отырмыз деп ауыздарын қу шөппен сүртуі - бұл үлкен ұят іс, бұл қай қазақтың болсын намысына тиетін жағдай деді. Қытайдан көшіп келген, журналист Жәди Шәкенұлы Қытайдағы қазақтардың хал-жағдайының жыл өткен сайын ауырлап бара жатқандығын айта келе, осы қазақтарды көшіріп алуға Қазақстан үкіметі күш салмай отыр, квотаның көбін шекарасы ашық Өзбекстан қазақтарына бөліп отырғандығы әділетсіздік денгенді айтты. Ал Моңғолиядан көшіп келген Досай Әділхан Қазақстан үкіметі көші-қон саясатын қайта қараса өйткені көршілес Ресейден бұл мәселеде өнеге ретінде үйренетіні көп болыр тұр жалпысы шеттен қазақтарды квота арқылы көшіру дегенді тоқтату керек, олардан ақшаны аямаса кейін солардың ұрпағы осы ел үшін оның болашағы мен қауіпсіздігі үшін терін де төгеді, керек болса қанын да береді . Конференцияға қатысушылар тарапынан көші-қонға қатысты айтылған ұсыныс-пікірлер топтамасы Қазақстан президентіне, парламентіне және Қазақстан үкіметіне жіберілетін болды Қазақстан әлемде тарыдай шашылып жүрген қандастарын атажұртына шақырушы үш мемлекеттің бірі. Әлеуметтік даму тұрғысынан жетекші мемлекеттер қатарына қосылды. Қазақстанға соңғы 20 жылда 1 миллионға жуық оралмандар келді. Олардың Қазақстанның бүгінгі өміріне қосып отырған демографиялық және әлеуметтік, мәдени үлесі ұшан-теңіз. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы мамырда өткен Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында: «Биыл тәуелсіздікпен бірге атамекенге ат басын бұрған Ұлы көшке де 20 жыл толды. Содан бері ұлы көш бір сәт те толастаған емес. Ат қазығын байлар атамекенге 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді. Осылайша ел халқының саны 1 миллионға жуық қандасымызбен толықты. Және қандай қандастармен деңіз... Олар жат жерде, шет жайлап жүріп, көздерінің қарашығындай сақтап келген қаймағы бұзылмаған қазақылығын, тілін, салтын алып келді. Бүгінде атамекенге оралған ағайынның дені қазақ елінде өз орындарын тауып, әрқайсысы тәуелсіз елдің бір кірпіші болып қаланып үлгерді. Өйткені олар қай қиырда туса да ананың әлдиі, атаның батасымен жөргегінде қазақ қоғамының құрыш кірпіші болып құйылған», – деп толғанған еді. Назарларыңызға ұсынылып отырған мақала осы мәселе тұрғысынан сөз қозғайды. . Қауымдастық қазақтың тағдырынан туған тарихи құбылыс болатын. 1990 жылдары атамекеніне ат басын бұрған қазақтарды құшақ жая қарсы алып, ағайынды-ағайынмен қауыштырған алтын көпірі болды. ДЖҚҚ осылайша атажұртын аңсап келген қазақтардың ат байлайтын ақ отауына айналды. Осы құбылыстың ыстығы мен суығын бір кісідей басынан өткерген адам Қалдарбек Найманбаев еді. Ол дүниежүзіне шашырап кеткен қазақтар үшін алысты жақындатып, Алашты бір-бірімен табыстыруға барын салды. Қалдекең көшіп келген ағайындардың мұндағы нағыз жанашыры болатын. Шетелдегі бір қазақтың аты аталса, оның кім екенін жазбай білетін. Әсіресе зиялы қауым өкілдеріне көп көңіл бөлді. «Шетелдегі қазақтар. Қауымдастық кітапханасы» сериясымен көптеген кітаптар басып шығарды. Қазір сол кітаптар адамдар іздеп жүріп оқитын құнды дүниелерге айналып отыр. Бүгінде ДЖҚҚ өз мүмкіндігінше қызмет атқарып, Қалдекеңнің бастаған ісін жалғастырып келеді. Мен бұл туралы мақала жазған едім. Мақала осы конференцияға арналған жинақта басылып шыққан екен. Мен оны қайталап жатпай көші-қон, оның өткені мен келешегіне қатысты кейбір мәселелерге тоқталып көрейін. Халықаралық көш деген мәңгілік жаратылысты құбылыс емес. Ол көбінде дүниежүзін қамтыған әлеуметтік толқыныстар, соғыс, төңкерістер империялардың ыдырауы сияқты саяси-әлеуметтік оқиғалардың әсерінен туындайды. Дүниежүзілік І соғыс салдарынан әлем екіге жарылды. Ресейдегі қазан төңкерісі сол жарылыстың жемісі еді. Салдарынан бұрын Ресейге бодан болған ұлт халықтарының бір тобы атажұртынан ығысуға мәжбүр болды. Дүниежүзілік ІІ соғыс Еуропа мемлекеттерінің шекарасын өзгертті. Сол сияқты қазір Араб елдерінде орын алған диктатураға қарсы халық майданынан қаншама халық жапа шегіп жатыр. Біздің қазақ отаршылдық саясаттан жапа шеккен халықтардың бірі. 1990 жылдары атажұртқа бет бұрған қазақ көші қазақты этнодемографиялық және рухани құлдыраудан құтқару жолында жасалған игі қадамдардың бірі болатын. 1989 жылы Кеңестер Одағы көлемінде жүргізілген жан санағының ресми қорытындысына жүгінсек, қазақтар Республикадағы 16199,2 мың халықтың 40,1% ғана құрайтын. Мысалы, бұл көрсеткіш Целиноградта – 17,7%, Алматыда – 23,8%, Солтүстік Қазақстанда – 22,6%, Ақмола облысында – 25,1% болды. Ұлттық құлдыраудың мұндай көрсеткіштері әлемде соншалықты көп болмаған. Тек Америкаға сырттан қоныс аударған ақ нәсілділердің санының өсімінен ХVІІІ ғ. 70-80 жылдары аборигендік үндістер «қызғылт түсті американдықтарға» айналса, Кеңестер Одағының қиыр шығысындағы жергілікті тунгус және ханты, мансылар ХІХ ғ. 60-70 жылдары этнодемографиялық құлдыраудың салдарынан «қара орыс» болып кеткен тарихты бәріміз білеміз. Гумилевтің айтуынша, мұндай этностың алдында екі түрлі таңдау қалады. Не бөгделерге сіңісіп біржола жұтылып кету, немесе түрен салып, қайта серпіліс күшін (пассионарный толчок) алу. Қазаққа серпіліс күш қосып, ұлтымызды этнодемографиялық құлдыраудан құтқарған факторлардың бірі осы қазақ көші. Өздеріңіз ойланып көріңіздерші! Егер 1955-1962 жылдары ҚХР-нан, қазірде саны 1 млн.-нан асқан 260 мың қазақ келмегенде, желтоқсан көтерілісі болмағанда, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, шет мемлекеттерден 1 млн.-ға жуық қазақ атажұртқа оралмағанда қазақ қандай күйде болар еді? Қазақстан үкіметі және қазақ зиялылары бұл мүмкіндікті дер кезінде дұрыс бағамдап, оны іске асыра алды. Уақыт күттірмей 1991 жылы атажұртқа бет бұрған қазақ көші басталып, бұл құбылыс 20 жылдың ішінде өзінің шарықтау шегінен өтіп, қиын-қыстау кезеңіне жетіп үлгірді. Оқиғаны дұрыс бағамдау үшін көш процесін төмендегі кезеңдерге бөліп талдап көруге болатын сияқты.

1  Әлемде қалыптасқан жаңа  саяси ахуал, бұрынғы Кеңестік  мүмкіндіктерге сүйеніп, қазақпен-қазақ іздесіп табысқан алғашқы кезең (1991-1995 жж.). Қазіргі күнге дейін атажұртқа оралған қазақтың 2/3 бөлігіне жуығы осы алғашқы бес жылдың үлесінде. Атажұртқа келгені үшін өмірден ұтқандары да осы топ. Олар қалаған жерлеріне орналасты, келген әрбір отбасы үй-жаймен ктерге ие болды. Бүгінгі күні оралмандар ішінен түтіні көкке ұшып тұрғандар да осы топтан.

2. Республиканы қамтыған экономикалық  дағдарыс басталып, көштің қарқыны бәсең тартқан екінші кезең (1995-2000 жж.). Аталған кезеңге қатысты үш түрлі ерекшелікті атап өткен жөн. 1) Республика көлемінде жаппай жекешелендіру науқаны басталды. Науқан жергіліктілер үшін тиімді болды. Ал ҚР азаматтығын алып үлгермеген оралмандар жекешелендіруден шет қалды. 2) «Халықтың көші-қоны туралы Заң» қабылданды. Бұл заңның құқықтық пәрменінен гөрі көші-қонға деген саяси маңызы зор болатын. 3) Жаңадан көшіп келушілердің саны күрт азайғандықтан үкімет қолда бар мүмкіндікті бұрын көшіп келгендердің игілігіне жаратты.

3. Нарықтық экономиканың жаңа  мүмкіндіктеріне сүйеніп, көш қайта қарқын алған үшінші кезең (2001-2007/2008 жж.). Шет елдерден келетін инвестиция қарқын алды. Энергияның жаңа көздері ашылды. Жер жеке меншікке айналып, ұлттық капитал иелері пайда болды. 2002 жылы 23-24 қазанда Түркістанда өткен ДЖҚҚ ІІ құрылтайының шешімдері көші-қонға жаңа қарқын әкелді.

4. Әлемдік экономикалық дағдарыс, бағаның күрт өсуі, көшті басқарудағы жүйелік қателіктер, көшке деген кереғар пікірлер мен насихаттың салдарынан көші-қон тоқырауға ұшыраған (2007-2008 жылдардан басталған) қазіргі кезең. Көштің тоқырауға ұшырауының да өзіндік себептері бар. Қазақ көші қазақ ұлтының демографиялық жағдайын біршама жақсартты. Қазақ ұлтының салмағы соңғы есеп бойынша 63 пайызға жетіп, ұлттық мемлекеттілікке бет бұру мүмкіндігі туды. Бірақ біз бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмадық. Билік маңындағылар ұлттық мемлекеттілік емес, халықаралық интеграцияға бейімделген «Көп ұлтты, мульткультуралды мемлекет» құру бағытын таңдады. Нәтижесінде одақшылдық, көпұлттылық идеологиясы басымдылық алып, ұлттық немқұрайдылық пайда болды. Бұл көшіп-қону процесіне әсер етпей қоймады. Соңғы жылдары насихат машинасы қазақ көшін қолдау емес, қарсы жұмыс істей бастады. Оны бастаған қарапайым халық, қатардағы журналистер емес, атқа мінерлер, қолында билігі бар шенеуніктердің өздері. «Оралмандар деген дайын асқа тік қасық, жатып ішерлер, сөзқуарлар, Отанына жаны ашымайтындар» деген сияқты түрлі әңгімелер көбейіп, тіптен Жаңаөзен оқиғасы үшін оралмандарды кінәлауға дейін барды. Мұндай әңгімелер қордаланып келіп, үкіметті көші-қонға берілетін квотаны бірер жылға тоқтата тұруға мәжбүр етті. Көшіп-қону басқару жүйесі әуел бастан тұрақсыз болды. Көші-қон комитеті бірнеше рет таратылды. Ақыр соңында көші-қонды басқару ісі Ішкі істер министрлігіне тапсырылды. Полицейлік жүйе қашанда әскери тәртіптегі қатаң құрылым. Ал көші-қон болса адамдардың сан қилы тағдыры тоғысқан нәзік құбылыс. Келіп жатқан ағайындардың көпшілігі орыс тілін, Қазақстанның заңын жетік біле бермейді. Білмегесін қиналады, қиналған адамнан өкпе-наз, қатаң сөз шығады, оны шенеуніктер көтере бермейді. Осындайдан болып пәле, пәледен пара шығады. Кейбір ағайындар Қазақстанды жайлаған парақорлықты пайдаланып, квота сатып алып, келген елдеріне қайтып кетті десіп жүр білетіндер. Нағыз ағайын екеніміз рас болса, шенеуніктер ағайындардың, ағайындар биліктің осал тұсын өйтіп пайдаланбау керек еді. Өткен 20 жылда Қазақстанда да, қазақтар тұрған басқа елдерде де саяси-экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдай мүлдем өзгерді. Мүлік жекешелендіріліп, байлық, мүлік өз иелерін тапты. Нәтижесінде адамдар қоғамнан алатынын алып, айрылатынынан айрылып, өмір әркімді өз орнына қойды. Бірақ қазақ мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Әлемде ұлттық құрамының 33-34 пайызы жат елдерде қалып отырған мемлекет, ұлт жоқ. Сондықтан қазақ көші үзілмейтініне мен сенемін. Бірақ меніңше «Әлемдегі 5 млн. қазақты түгелімен көшіріп аламыз» деген жалаң ұран ескіргенін мойындауымыз керек сияқты. Егер халықаралық саяси, әлеуметтік оперативтік жағдайлар туып қалмаса, 1990 жылдардағы сияқты дүбірлі көш жуық арада қайталана қоймайды. Ендігі жерде екі жағы да жақсы ойланған, сабасына түскен сабырлы көш, көшті басқаратын мемлекеттік азаматтық икемді жүйе қажет. Мен жүйе мынандай болу керек деп ешнәрсе кесіп айта алмаймын. Қазақстан үкіметі және атажұрттағы қара орман қазақтың ендігі міндеті әлемде тарыдай шашыраған қазақты қазақ күйінде сақтап қалуға қам жасау. Мұндай қамқорлық әуелі шетелде тұратын жастарға көмек қолын созудан басталуы керек. Жастарды баурымызға тартып, білім алуына, оқып үйренуіне көмектесуге міндеттіміз. Бұл туралы кезінде президент Н.Назарбаев та айтқан болатын. Бірақ тиісті мекемелер, ондағы кейбір азаматтар ізгі ниет танытпай отыр. Айталық соңғы бес жылда жыл сайын шет елдердегі қазақ балаларына берілген оқу грантының 200-300 орыны бос қалып келеді. Биыл 269 орын бос тұр. Бірақ оқу үшін келген 49 бала оқуға түсе алмай сандалып жүр деп естідім. Біз тиісті орындардан жастарды шетқақпай қылмай, жанашырлық танытуын сұраймыз. Біздің балаларымыз бірде-бір қытай иероглифін білмей Бейжиңге барып оқып келіп жатыр ғой. Ал ана балалар өз бауыр етіміз емес пе! Шет елдегі қазақ ағайындарды тығырыққа тіреп отырған және бір мәселе бар. 2011 жылы 22 шілдеде «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа Заң қабылданды. Заңда кейбір ілгерілеушілік бар екендігін жоққа шығаруға болмас. Бірақ заң азаматтық, меншік және басқадай заңдармен үйлестірілмегендіктен кейбір қателіктер кеткен. Мысалы атажұртқа келемін деушілер және келіп алсада ҚР азаматтығын ала алмай жүргендер үшін ендігі жерде бұрынғы тұрған елінің азаматтығынан біржолата шығып келу немесе анықтама әкелу міндеттелген. Бұл деген БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған «Адам құқығының жалпы ережелерін» былай қойғанда, азаматтардың конституциялық құқығына қайшы келеді. Өздеріңіз білесіздер, ҚР конституциясының ІІ бөлімінің 10 бабында «ҚР азаматтарын Қазақстаннан тыс жерлерге аластатуға болмайды» деп көрсетілген. Әлемнің қай елінің конституциясын алсаңыз да осындай ереже бар. Сонда ҚХР, Моңғолия, Өзбекстан Республикасы өз азаматына «Бұл біздің елдің азаматтығынан шығарылды» деген анықтама қалай бермек?! Осыдан болып әзірге квота және азаматтық алу мәселесі тоқтап тұр. Менімше осы мәселелерді реттемей қазақ көші көлікті бола алмайтын түрі бар. Өзбекстаннан көшіп келушілердің көбеюінің тағы бір басты себебін  көші-қон және демография агенттігі Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы шекараның түпкілікті айқындалып, даулы елді-мекендер мәселесі шешіліп, екі жақтың мемлекет аралық келісімге қол қоюымен байланыстырады. Себебі, Өзбекстанның шекаралас кейбір аумақтары Қазақстанның жалға берілген жер аймағы  (Бостандық ауданы, Шыназ, т.б. елді-мекендер) саналатын. Екі ел арасындағы шекара нақтыланып, белгіленген соң Қазақстанға ену үмітінен арылып, ата қонысқа көш аудара бастады. Отандастарымыздың тарихи отанға қоныс аударуының тағы бір себебі, еліміздің азды-көпті отандастарымызға беріп отырған материалдық және моральдық көмегі деуге болады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігі оралмандардың пәтерге, жәрдемақыға, көлік шығынына тиесілі қарыздардан құтылу үшін, тізімін, есебін жасап, оны Үкімет алдына қойып  дәлелдеп,  қаржы бөлдіріп,  соның нәтижесінде 1999  жылдан 2010 жылға дейін көшіп келу квотасына кіргендерге тиесілі жеңілдіктерін бергізді. Содан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің берген мәліметі бойынша 1991 - 2007 жж. жақын шетелдерден Қазақстан 651299 адамды (165861 отбасы) қабылдады. Соның – 61,3% не 399453 адам (102748 отбасы) Өзбекстан қазақтарын құрайды [1, 337 б.]. Бірақ, айта кету керек тарихи отанға ең алдымен қоныс аударғандар ата жұртында отырғандар емес сол аумаққа кейінірек ұжымдастыру, ашаршылық кезінде барғандар мен тарихи Отанында байланысы тығыз қазақтар (туыс-жегжаты бар) көш бастады. Бірақ, әлі күнге дейін ата мекеніміз осы жер, қайда барамыз деп отырған Ташкенттің маңайындағы «Той тепе», «Сіргелі», т.б. елді-мекендердегі қазақтар да жеткілікті. Қырғызстанда 42657 қазақтар мекендейді.  Қырғызстаннан Қазақстанға барлығы 3 мыңға жуық оралман келген. Орталық Азия елдерінің ішінде Қырғызстаннан келіп жатқан қандастарымыз азшылық. Елдің әлеуметтік экономикалық дамуы төмен деңгейде болғанмен мұндағы қазақтардың біршама бөлігі ауқатты. Сондықтан, болар жастарының болашағын ойлағандар болмаса үлкендер жағы кетуге асықпайды. Сонымен бірге, бір байқағанымыз мұндағы қазақтардың бір бөлігі Кеңестік төңкеріс және ұжымдастыру кезеңінде зорлық көргендермен олардың ұрпағы. Олар қырғыздардың бай манаптарынан көрген жақсылығы арқасында алдына мал, жер бергендігін де ыстық ықыласпен баяндайды.  Қай жерге қоныс аударса да сол этникалық топ басқа ұлт өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа бара отырып, рухани және материалдық құндылықтармен алмасады, басқа  ортаның кейбір этникалық  мәдениет ерекшеліктерін  қабылдайды. Олай болса, тарихи Отанына  оралған қандастарымыздың өзіндік мәдени ерекшеліктеріне үрке қарамай, олардың мәдени өзгерістеріне де түсіністікпен қарауымыз керек. Ал кей жағдайда олардың бір тобы қаймағы бұзылмаған халқымыздың игі дәстүрлерін сақтап қалған. Олардың арасында елімізде болып жатқан күрделі өзгерістерді таразылап, халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша қасиеттерін тірілтуге, өткеннің өнегесінен үйретуге баулитын қоғам қайраткерлері, ақын-жыршылары, кәсіпкерлері, қолөнершілері де жоқ емес. Олардың кейбірі өз дарынын, қабілетін не мамандығымен қызмет ете алмай жүргендері де кездеседі. Сондықтан, елге оралған отандастарымызды бауырмалдықпен қарсы алып, олардың өз елінде өгейсімей, ортамыздан орын тауып, елге сіңісті болып кетуіне жағдай жасау қажет. Дегенмен, қай жақтан келген оралман болмасын басты мәселе баспана мен жұмыссыздық. Бүгінде қазақстандықтардың саны – 16 776 мың адам. Қазақстандағы қазақтардың саны 11 миллионға жетіп қалды. Қазіргі Қазақстандағы қазақтардың 2 миллионнан астамы ХХ ғ. саяси-экономикалық, әлеуметтік катаклизмдердің нәтижесінде орын алған демографиялық апаттар кезінде шетелге кеткендердің ұрпақтары. 1950 жж. екінші жартысынан 1963 ж. аралығында Қазақстанға қайта оралғандар өсіп-өнуі негізінде 1 миллионнан асқан болса, Қазақстанға келген отандастарымыздың квотадан тыс өз бетінше келгендермен қосқанда 1 миллионнан асты. Сол себепті, 2009 ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 миллионнан астамы қайта оралған қазақтар болады (Қазақстандағы қазақтардың 19,8 %).Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көшіп-қону тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына  байланысты:

қайтып оралмайтын көші-қон;

тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;

жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;

басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;

елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;

 

Қоныс аударушыларды қабылдаған шаруашылық басшылары жылы қабақ танытып, оларды жұмыс орындарымен, қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге тырысып бақты. Мүмкіндігі барлары жаңа үй берсе, жоқтары  ескі үйлерді жөндеуге немесе жаңадан  үй салуға қажетті құрылыс материалдарымен  қамтамасыз етуге көмектесті. Әр шаруашылық келісілген шарт бойынша, тиесілі малын, ақшалай көмегін беріп, өзінің экономикалық күш-қуатына қарай отын-су, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысты. «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық өседі» дегендей аштан өліп, көштен қалмаудың жағдайлары жасалды. Тіпті, тұрғылықты адамдарға жетпейтін болғандықтан, тек қоныс аударушыларға ғана қолда бар азық-түлік т.б. қажетті заттарды берген шаруашылықтар да болды. Бұл тұрмыстық қиындықтар көріп жатқан жергілікті тұрғындардың арасында наразылықтар тудырып, Қытайдан көшіп келуші «кеңес азаматтарына» суық қабақпен қараған жағдайларға әкелді. Яғни, барлық жерлерде Қытайдан келушілерге деген көзқарас бірдей емес еді. Көші-қон мәселелері бойынша шетелдердегі құзырлы органдар басшыларымен дересми кездесу өткіздік. Баян-Өлгий аймағының әкімі Қабыл Сәкейұлы кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының басты мақсаттары, көш үрдісінің ахуалы және осы саладағы атқарылып жатқан игі істер мен шешімін күткен мәселелерді тарқатып айтты. Сонымен қатар,  2010 жылы қыстың қатты болуы салдарынан Моңғолияда шамамен 8 млн.-ға жуық, Баян-Өлгий аймағында 180 мыңнан астам мал шығынға ұшырағанын, бірақ бұл оқиға  халықтың тұрмыс-тіршілігіне айтарлықтай нұқсан келтірмегенін айтты. Қабыл Сәкейұлы аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін нақты жұмыстарды атап, Баян-Өлгий аймағынан тарихи Отаны Қазақстанға көшуге ниет білдіріп отырған отбасыларына қолдау, жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін де мәлімдеді. Қазақтар көп қоныстанған Қобда аймағының әкімі Гэндэнжав Нямдаваа да осындай кездесу  ұйымдастырып, Қазақстанға ат басын бұрған көш легі еш кедергісіз жол тартатынын да әңгіме барысында айта кетті әрі көш мәселесі бойынша нақты  жәрдем жасады. Өзіміз де қаржы көздерін іздестіріп тауып, атамекенге жете алмай отырған қандастармызды көшіріп алу жұмысын жандандыруға қомақты үлес қостық.  Көш жолындағы үлкен шаруа асқан жауапкершілікті тілейтін  абыройлы іс екені баршамызға мәлім. Барлығы 806880 қазақтар қоныс аударған – бұл өте маңызды көрсеткіш, бұл көрсеткіштер бойынша ТМД елдерінің бірде-бірі, тіпті, Ресей Федерациясы да Қазақстанмен теңесе алмайды. Репатрианттардың жалпы санынан қоныс аударушылардың ішінде саны жағынан бірінші орында Өзбекстаннан келген қазақтар тұр (60,1%), екінші орында –  Моңғолиядан келгендер (13,3%), үшінші орында – Қытайдан келгендер (10,3%), төртінші орында – Түркіменстаннан (7,8%) және бесінші орында –Ресейден келген қазақтар –   4,3%.

Тарихи отандарында шетелдегі  қазақтар мен оралмандар мынадай  жайттарды мүмкін деп табады:

 

1) этникалық (қазақылығын) ұқсастығын  сақтап қалу

2) туған ана тілін мәдени, тілдік және этникалық ассимиляцияға ұшыратын басқа мемлекеттердегі титулды ұлт ортасынан шығу арқылы ұлттық сана-сезімін, ділін сақтап қалу

3) тәуелсіз Қазақстан қорғауында  болу және Қазақстан азаматтығының  құқы мен міндеттерін алу, балаларына бәсекеге қабілетті арнайы орта, жоғары және жоғары білімнен соңғы білім беруге, жастарды жұмысқа орналастыру

4) өздерінің мәдени және рухани  деңгейін көтеру

5) отбасының әрбір мүшесінің экономикалық хал-жағдайын жақсарту

6) Қазақстанның түпкілікті тұрғындарымен, сондай-ақ басқа елдерден келген репатрианттар арасынан туыстық байланыстарын қайта орнату

7) өзін көрсете білу және жергілікті  қазақтармен теңесу

8) қоныс аударған соң қалалық  тұрғын дәрежесін жоғалтпау.

Көші-қон мәселесіне қоғамдық пікірді реттеп отыратын мемлекеттік органдардың саны артқанмен, олардың жұмыла әрекет етпеуі ҚР Президентінің этникалық көші-қон мен жаңа көпұлтты және поликонфессионалды ортада жаңа жағдайларға оралмандардың бейімделуі бағдарламасын тиімді орындауға ықпал етпейді. Шет елдегі қазақтармен байланысты жақсартудың, оралмандардың басты контингентін қалыптастыру, оларға құқықтық және қаржылық көмекті іс жүзінде көрсету секілді басты міндеттер мемлекеттік органдар алдында әу баста тұрмаған. Тәуелсіздік алған сәттен бастап яғни 1991-2012 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша Қазақстанға алыс және жақын шетелдерден 895899 адам яғни (бұл 236 мыңнан астам оралман отбасы) қоныс аударды. Оның басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан (21,2 % немесе 190,3 мың адам), Алматы (15,8% немесе 141,3 мың адам), Маңғыстау (12, 4 % немесе 111,9 мың адам) және Жамбыл (9,3 % немесе 84,9 мың адам) облыстарына орналасқан. 2012 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша республика аумағына 9153 отбасы (24617 адам) этникалық қазақтар көшіп келген. Оның ішінде басым көпшілігі Өзбекстаннан (6113 отбасы, 17593 адам), Қытайдан (2386 отбасы 5030 адам), Түркменстаннан (252 отбасы 1062 адам) көшіп келіп бүгінгі күнде Қазақстандық ортаға кірігіп, бейімделуден өтіп жатыр. Тәуелсіздік алған өткен мерзімде алыс шет елдерден атамекенімізге келген қандастарымыздың қатары едәуір артты. Мәселен, Жетісуға 42433 отбасы, яғни 133826 оралман келді. Осы бауырлардың 125418-і Қазақстан Республикасының азаматтығын алып, тең құқылы күн кешуде. Олардың үшеуі ғылым докторы, сегізі ғылым кандидаты, 4353 жоғары білімді екенін де атап айтуға болады.

 Мәселен, өткен жылы 3695 отбасындағы  11098 азаматтар қатарымызға қосылып,бүгінде егемен ел ертеңі үшін еңбек етуде. Олардың арасындағы 1437 отбасы көшіп келу квотасына ие болып, әлеуметтік жағдайларын көтерді.

 «Елге ел қосылса, құт»  демекші егемендікке қол жеткізілген  1991 жылдан бері өңірге көшіп  келген 5116 оралман отбасы Жамбыл  ауданына, 7358 отбасы Еңбекшіқазақ ауданына, 9727 отбасы Қарасай ауданына, 4538 отбасы Іле ауданына, 3076 отбасы Талғар ауданына, 2937 отбасы Ескелді ауданына, 1396 отбасы Талдықорған қаласына, 1565 отбасы Көксу ауданының аумағына қоныстанып халықпен бірге тіршіліктерін түзеп, бүгінгі нарықтың қиындықтарына қайрат көрсетуде. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңдарына, халықаралық шарттарға сәйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану және оларға кепілдік беруді, ұлттық мүддені қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін ұштастыруда көші-қон мәселесін реттеудің ашықтығына облыс әкімдігі де қолдау көрсетіп отырғанын атап айтуға болады. Осылайша заңсыз көші-қонға қарсы жекеленген арнайы взвод бөліміне штаттық кесте бойынша жаңадан 12 орын беріліпті. Осы жұмыстарды ұтымды ұйымдастырып, қалаған жерге жедел жету үшін жол таңдамайтын қызметтік автокөліктер беруге шешім қабылданған.

 Көші-қон полиция басқармасының  халыққа «Бір терезе» қағидасы бойынша сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін жаңа ғимарат сатып алуға облыстық бюджеттен 120,0 млн. қаражат бөлінгені де игі істің нәтижесі екені анық. Басқа қызметтер мен жұмыстарға 14 млн. 178 мың теңге, тауарлар сатып алуға 66,0 миллион теңге қаражат берілген.

 Отаным, Атамекенім деп келген, Қазақстан Республикасының азаматтығын  алуға ниеттелген қандастарымызға  мүмкіндігінше ақпарат беріп, жол көрсетіп, олардың тез бейімделіп, орналасуына қолдау көрсету баршаның басты міндеті. Сонда ғана көш көлікті болып, қатарымыз толығады. 1997 жылы 13 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Халықтың көшіп-қону туралы» Заңға қол қойды. Біздің зерттеуміздң  нәтижәсіне  қарағанда, Қазақстанға көшіп барып қоныстанушылар үшін душар болатын ең негізгі қиыншылықтар:

баспана үй табылуы қиын (39%);

ол жақтың ауа райы мен жер-суына қалыптасу бастабында қиынға соғады (38%);

жұмыс орны оңайға табылмайды (10%) екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Қорытынды:                                                                                                                                  

Б үгінде Қазақстанда осы көшіп-қону  мәселесі ең өзекті мәселердің біріне айналғанын айтқан. Көшіп-қону мәселесіне әсіресе шетелден көшіп келетін қазақтар мәселесіне бұрынғыдай үйреншікті, немқұрайлы жағдаймен қарайтын уақыттың өткенін еске салған. Қазақстанның  Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Жазбек Әбдиевтің айтуынша, соңғы 3 жыл бойы Қазақстан жыл сайын шетелден 15 мың қазақ отбасын квота бойынша көшіріп алу жұмысын жүргізіп келеді. Бұл квотаның үштен екісі Өзбекстан қазақтарына беріліп отыр. Алдағы уақытта шетелден көшіп келетін қазақтарға арнап Қазақстанның бірқатар аймақтарында оралман қазақтарды бейімдеу орталықтары салынбақшы. Ең алдыңғысы Маңғыстау облысында кешікпей салынғалы отыр деді Ж.Әбдиев. Тәуелсіздік алған сәттен бастап яғни 1991-2012 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша Қазақстанға алыс және жақын шетелдерден 895899 адам яғни (бұл 236 мыңнан астам оралман отбасы) қоныс аударды. Оның басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан (21,2 % немесе 190,3 мың адам), Алматы (15,8% немесе 141,3 мың адам), Маңғыстау (12, 4 % немесе 111,9 мың адам) және Жамбыл (9,3 % немесе 84,9 мың адам) облыстарына орналасқан. . Өзбекстаннан көшіп келушілердің көбеюінің тағы бір басты себебін көші-қон және демография агенттігі Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы шекараның түпкілікті айқындалып, даулы елді-мекендер мәселесі шешіліп, екі жақтың мемлекет түпкілікті айқындалып, даулы елді-мекендер мәселесі шешіліп, екі жақтың мемлекет аралық келісімге қол қоюымен байланыстырады. . Соңғы жылдары насихат машинасы қазақ көшін қолдау емес, қарсы жұмыс істей бастады. Оны бастаған қарапайым халық, қатардағы журналистер емес, атқа мінерлер, қолында билігі бар шенеуніктердің өздері. «Оралмандар деген дайын асқа тік қасық, жатып ішерлер, сөзқуарлар, Отанына жаны ашымайтындар» деген сияқты түрлі әңгімелер көбейіп, тіптен Жаңаөзен оқиғасы үшін оралмандарды кінәлауға дейін барды. 2012 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша республика аумағына 9153 отбасы (24617 адам) этникалық қазақтар көшіп келген. Оның ішінде басым көпшілігі Өзбекстаннан (6113 отбасы, 17593 адам), Қытайдан (2386 отбасы 5030 адам), Түркменстаннан (252 отбасы 1062 адам) көшіп келіп бүгінгі күнде Қазақстандық ортаға кірігіп, бейімделуден өтіп жатыр.

Информация о работе Ауа ылғалдылығы