Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан, саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................
Шикізат және қосынды материалдардың негізгі қасиеттері.......................
2. Шығарылатын өнім номенклатурасы мен олардың қасиеттері................
Үрдістің технологиялық сызбасы мен оның толық түсініктемесі..............
Негізгі цехтар мен завод жұмысы режимі..................................................
Үрдістердің материалдық есептемесі..........................................................
Жобалау тапсырмасына ұсынылған аппарат есептемесі...........................
Құрылғыларды таңдау және олардың спецификациясын таңдау.............
Үрдісті бақылау және автоматизациялау....................................................
Қоршаған ортаны қорғау............................................................................
Қауіпсіздік техникасы.................................................................................
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт.docx

— 211.36 Кб (Скачать документ)

Керамогранит  өндіру үшін жоғары сапалы кварц құмы, дала шпаты, каолин және бояғыш пигменттер қосылған отқа төзімді сазды қолданады. Әрлеу плиткаларға қарағанда  керамограниттің араласпасын жоғары қысыммен (400-500 кг с/см2) престейді және 12000С температурада күйдіреді. Нәтижеде кристал құрылымды және қанық шыны фазалы, жоғары берікті, су сіңіргіштігі төмен материал алынады. 

Негізгі қасиеттері:

-табиғи  материалдар негізінде өндіріледі;

-біркелкі  беттік қабатқа ие;

-табиғи  тастың беріктігіне ие;

-төмен  кеуектілікке ие;

-майысуға және қажалуға төзімділігі жоғары;

-жоғары  температураға төзімді;

-аязға төзімді;

-химиялық  элемент әсерлеріне тұрақты.

Керамогранит  су сіңіргіштігі керамикалық материалдар арасында ең төмені (0,01-ден 0,05%дейін). Оның туысы мозайка ылғалды сіңірмейді. Салыстыра кетсек керамикалық плитка үшін су сіңіргіштігі 1%, гранит үшін 0,46%, мрамор үшін 0,11%. Жасанды тастан жасалған плитканы кез-келген жерде қолдануға болады: көшеде, үйде, ылғалды ғимараттарда тіпті душ бөлмесінде де қолдануға болады. Бұл деген керамогранитті бассейннің бетін қаптауға болады дегені емес. Себебі, егер бессейнді немесе шатырды керамограниттен жасаса, оның өзіндік құны артып кетеді. Оның орнына мозайка құймаларын пайдаланған тиімді.

Кез-келген керамогранит аязға төзімді (стандарттың  зерттеуінің нәтижесі бойынша) және 50 рет мұздатып ерітуге тұрақты болып табылады.

Иілуге  беріктігі – бұл көрсеткіші бойынша  керамогранит табиғи тастан 3 есе, қабырғалық плиткадан 2 есе, едендік плиткадан 2 есе берік.

Бұйымның  бетінің фактурасы және жағдайы оның иілуге беріктігіне тікелей әсер етеді. Егер материалға түсетін жүктеме жоғары болып күтілсе, оны кез – келген дайындалмаған түзу емес жерлерге қолдануға болады дегені емес. Оны тегіс алдын-ала беріктендірілген жерлерде қолданған дұрыс. Болмаса плитканың шеттері бұзылады.

Керамогранитті  және керамикалық плитканы соғу беріктігіне  сынамайды. Бұл олардың берік  әрі өте морт сынғыш қаптағыш материал екендігін көрсетеді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек керамогранит шойын ванна құласа да сынбайды делінген.

Қажалуға  төзімділік – бұл қаптағыш едендік материалдардың ең маңызды қасиеті. Егер плитка глазурьленген болса, мүмкін ол керамогранит болар немесе плитка болар оған еуропалық норма әсер етеді. Мұндай сынаманың жүргізілу принципі мынадай, глазурдің бетімен роликпен яғни корундпен жүргізеді. Егер 150 айналымнан соң, роликтің бетінде ешқандай із қалмаса, оған РЕІ І класы, 600 айналымнан соң РЕІ ІІ класы, 1500 айналымнан соң РЕІ ІІІ класы беріледі. РЕІ ІV класы 1500 айналымнан жоғары болған плиткаларға, РЕІ V 12000 роликтің айналымы болғанда беріледі. Көрініп тұрғандай ІV және V  кластардың арасында айырмашылық жоғары. Кейбір өндірушілер ролик айналымын нақты санын көрсетеді. IV класына (3000, 6000 немесе 9000) бірақ бұл ережеден ауытқу болып табылады.

Бетінің беріктігі – керамограниттікі ІІІ  категория бойынша болады: берік (EN  101), беттік қажалуға берікті (ЕN 154) және терең қажалуға тұрақты (ЕN 102).

Керамограниттің негізгі интригасы ол жоғары беттік қажалулыққа беріктігінде. Мұндай факт түрінде жалғыз «беттік беріктік» деген критерий жоқ.  Беттік беріктіктің, РЕІ бойынша ЕN 154 деген тек ғана глазурленген плиткалар үшін және терең қажалулыққа арналған. ЕN 102 глазурленбеген плиткалар үшін арналған. Беттік беріктіктің көрсеткіші дақтар мен кесілімдердің көрсеткішімен көрсетіледі. Тәжірибе үшін глазурь бар жоғы ескерілмейді. EN  101 нормасы бойынша Моос шкаласында материалға 1-ден 10 дейін қаттылық кластары тағайындалады. (1-тальк, 5-апатит, 6-дала шпаты, 7-кварц, 8-топаз, 9-корунд, 10-алмаз).

Плиткамен қаптау кезінде еден мен плитка арасында негізгі адгезия болып құм табылады. Тиісінше егер едендік плитка Моос шкаласы бойынша 7 қаттылықты көрсетсе, матовый тас қаттылығы бойынша 8-9, глазурленген 5-7, жылтыратылған 5-6 көрсеткішіне ие. Керамогранит ешқандай бір бүлінуден , сынудан қорқпайды.

Глазурленген  керамограниттерге ереже бойынша  РЕІ ІІІ-тен РЕІ V. Көбінесе біз ІV кластағы плиткаларды кездестіреміз, оны қозғалыс көп жерлерде қолданады.

Түсінің тұрақтылығы мен тазалығы – керамогранит күн сәулесіне төзімді және химиялық қышқылдарға тұрақты келеді. Мұны DIN 51094 және EN  106 нормасы бойынша жүргізілген сынамалар бойынша дәлелденген. EN  122 нормасына сәйкес плиткаға әр түрлі агрессивті орталарға байланысты түрлері болады:

АА класы: сыртқы көрінісінде өзгеріс жоқ.

А класы: ескерілмейтін сыртқы көрініс.

В класы: сыртқы көрінісінің орташа көрінісі.

С класы: алғашқы көрінісінің біршама өзгерісі болады.

Д класы: алғашқы көрінісінің толық өзгеруі.

Түрінің өзгешілігіне байланысты керамогранит АА немесе А класына жатуы мүмкін. Мұндай кластағы керамогранитті сақтау бөлмелерінде, гараждарда, аулада қалдыруға болады. Кез-келген түсті құрта алатын қандай да бір бояғыш заттар немесе қосылыстар болады. Бұйымның бетінде қаншалықты фактура мен түс көп болса, соншалықты агрессияға бейім келеді.

Керамогранитті  плиткаларды өндірудің ерекше технологиясының  арқасында ол жақсы экплуатациялық қасиеттерге ие:

- «нөлдік» сусіңіргіштікке – 0,5%-ға жетпейді;

- жоғары аязғатөзімділікке;

- ерекше механикалық беріктікке;

- қажалуға жоғары беріктік;

- химиялық реагент әсеріне төзімді.

Керамограниттің кемшілігі оның –  морттылығы.

Өндіріске қабылданған өнімге техникалық нормалар және стандарттармен расталған негізгі  сұраныстар келтіріледі, олар 2 кестеге енгізіледі.

 2 кесте – шығарылатын өнім номенклатурасы

 

Бұйым атауы және эскизі

Бұйым марка-сы

Габариттік өлшемдері, мм

Қолданыла-тын шикізат түрі

Мате-риал көлемі, м3

Бұйым массасы, т (кг)

ұзынды-ғы

ені

биікті-гі

1.

             

2.

             

3.

             

Және т.с.с.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Үрдістің технологиялық сызбасы мен оның толық түсініктемесі

1-сызба

 

Керамогранит  – қазіргі заманғы жасанды  құрылыс материалы. Формасы плитка сияқты болады. Керамогранит өндірісі жоғары технологиялық процесс болып табылады. Ол негізгі төрт сатыдан тұрады. Араласпа дайындау, пресстеу, күйдіру және бетін өңдеу.

Араласпа дайындау. Керамогранит өндіру кезінде каолинді саз дала шпатымен, кварц және минералдармен  араластырылады. Керамогранит плиталарына қажетті түс беру үшін шикізат массасына минералды пигменттер қосады. Сонда түс керамограниттің барлық беті бойынша біркелкі тарайды. Қолданылатын пигменттің түріне байланысты керамогранит өндірісінде әртүрлі түстер гаммасы және суреттер болады.

Пресстеу. Пресстеу процесі керамогранит плиталарын 400-600 кг/смжоғары қысыммен пресстейді. Мұндай қысымда керамогранит массасында ешқандайда кеуекте қуыста болмайды, бастапқы материалдың бөлшектері жақсылап пресстеледі.

Күйдіру. Жартылай фабрикаттың пресстеу кезінде қол жеткізілген сипаттарын беріктендіріп, күшейтедеі. Керамогранит плиткаларын күйдіру пеште 1300°С температурада жүргізіледі. Мұндай температурада материал ішінде перекристаллизация процесі жүріп, олар «шынылы» монолитті құрайды. Керамогранит бір қалыпты болып, әр түрлі әсерлерге берік болады.

Керамогранит бетін өңдеу. Керамогранит бетін өңдеу тегістегіш және жылтыратқыш линияларда орындалады. Керамограниттің бетін полировкалау арнайы паста көмегімен  орындалады, алмазды шаң негізінде. Жылтырату кезінде керамограниттің бетінде бірде-бір қисық жер қалмайды, жоғары дәрежедегі әйнекейлік алынады 80% дейін. Басқада «әйнекейлеу» дәрежесі қолданылуы мүмкін 20% дейін. Бұл жағдайда керамогранит беті бір шама микро дәрежесінде тегіс болады. Оның беті жып жылтыр болуы үшін керамогранитті жылтыратпайды, оны тегістейді, әйнекеймен қаптайды және шынықтырады.

Бетінің өңделуінің сипатына  байланысты керамогранитті келесідей түрлерге бөледі:

- жылтыратылған керамогранит – жылтыратудың барлық сатысынан өткен, жылтырату – әйнекейлік 80%.

- жеткілікті жылтыратылмаған – жылтыратудың толық сатысынан өтпеген – жылтырату дәрежесі 20%.

- тегістелген (матовый) керамогранит – тек қана тегістеу сатысынан өткен шамалы бұдырлы абразивті материал.

- глазурьленген  керамогранит – жылтыратылмаған, арнайы әйнекеймен қапталған.

Глазурь керамогранитті жақсы ұстасатын  етеді, сырғанақ емес сонымен қоса оның бетін майлы дақтар мен кірленуден сақтайды.

Керамогранит  өндіру жоғары технологиялық процесс болып табылады. Ол төрт сатыдан тұрады: араластыру, престеу, күйдіру және беттік қабатын өңдеу.

Араластыру  – кермогранитті өндіру кезінде  каолинді саз дала шпатымен, кварц және минералдармен аралстырылады. Керамогранитті плиткаларға әртүрлі түс беру үшін шикі массаға минералды пигменттер қосады. Түс керамргранитке біркелкі құрылым бере отырып барлық қалыңдығына жайылады. Пигменттердің түріне байланысты оларды пайдалануының арқасында керамогранит өндірісінде әртүрлі түстер мен ою-өрнектер беруге болады.

Престеу – керамогранитті плиталарды престеу  жоғары қысым көмегімен 400-600кг/сморындалады. Мұндай қысым шикізат массасының ішінде кеуек пен қуыс қалдырмайды.

Күйдіру – престеуден кейін шикі плитканың  қасиеттерін ұлғайтып, күшейтеді. Керамогранитті плиткаларды пештерде 13000С температурада күйдіреді. Мұндай температурада материалдың ішіндегі компоненттердің қайта кристалдануы жүреді. Керамогранит біркелкі, біртекті және әртүрлі әсерге тұрақты болады.

Беттік  қабатты өңдеу – керамогранит тегістеу және жылтырату тізбегімен өндіреді. Керамограниттің бетін  жылтырату арнайы пастаның көмегімен  жүзеге асырылып өндіреді. Ол алмазды  шаңға негізделген. Жылтырату кезінде бетіндегі кішкентай кедір-бүдірлері жойылады және 80% жылтырлықтың жоғары деңгейіне жетеді. Жылтыратудың басқа сатысында жылтырлық 20% дейін жетуі мүмкін. Бұл сатыда беті микродеңгейде тегіс болады. Плитаның беті кедір-бүдір болмау үшін, керамогранитті жылтыратпайды, тегістейді,глазурлейді және шынықтырады. 

 

4. Негізгі цехтар мен зауыттың жұмысы істеу режимі

Зауыт пен цехтардың жұмыс істеу  режимі жыл бойындағы жұмыс күндерінің санын, тәулік бойындағы ауысым санын  және ауысым бойындағы сағат санын  анықтайды.

Жұмыс істеу режимін өндірісті  технологиялық жобалау нормасы  бойынша еңбек заңнамасына сәйкес орнатады.

Жұмыс істеу  режимі жыл бойындағы жұмыс істеу  саны (Д) және тәуліктегі ауысым саны (n) бойынша сипатталады. Ауысымдағы 8-сағаттық жұмысында құрылыс керамикалық  өндірісіне келесі жұмыс режимі ұсынылады:

      - кептіруі, күйдіруі және басқа  да тәулік бойы үзіліссіз жұмыс  істеу құрылғысы бар цехтарға  құрылғыны қолдану еселігі (k) есепке ала отырып (k=0,830-0,942) жыл  сайынғы капитальді жөндеу , яғни  Д=365·k;

     - кезеңді жұмыс істейтін құрылғылары  бар цехтар үшін: дайындау бойынша,  жартылай фабрикаттар мен шикізатты  тасымалдайтын, шикізат қоспасын  дайындайтын, бұйымдарды қалыптайтын  және т.б., қажетті материал қоры  бар міндеттемесімен үзіліссіз  жұмыс аптасына жыл бойы 260 жұмыс  күні болады, ал үшінші ауысым  санын ағымдағы  құрылғыларды  профилактикалық жөндеу жұмыстарында  өткізетіндей етіп, тәулігіне –  екі ауысым саны қабылданады.

Тұтынушыға дайын өнімді теміржол бойынша жіберген жағдайда дайын  өнім қоймасына 365 жұмыс күні бар  үш ауысымды үзіліссіз жұмыс аптасы қабылданады, ал басқа транспорт  түрлерінде бір ауысымды – 260 жұмыс  күні бар режим қабылданады.

         Жобадағы қабылданған жұмыс режимі әрбір технологиялық операция бойынша 3 кесте түрінде безендіріледі, оның кейпі төменде көрсетілген.

3 кесте  – Өндірістің жұмыс істеу режимі

 

 

Технологиялық операциялар атауы

 

Ауысымдылық

Жыл бойындағы жұмыс істеу күндерінің саны(Д)

  1. Карьерде шикізатты дайындау

2

260

  1. Шикізатты тасымалдау

2

260

  1. Шикізат материалдарын дайындау

2

260

  1. Бұйымдарды қалыптау

2

260

  1. Бұйымдарды кептіру

3

303

  1. Бұйымдарды күйдіру

3

303

  1. Дайын өнімді тасымалдау және сақтау

2

260

  1. Тұтынушыға өнімді жіберу

3/2

365/260

Информация о работе Астана қаласындағы қуаттылығы 30 мың м3 әрлеу керамикалық бұйымдарды өндіретін зауыт