Кризистік жағдайларды мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 19:57, курс лекций

Краткое описание

Түсімдер мен көтерілімдердің, қаржылық мәселелер мен қайта қалыпқа түсу үрдістері – дамуы өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық серігі болып табылады. Экономикалық даму қоғамның өмір сүруінің негізі болып келеді.

Содержание

1. Антикризистік басқарудағы мемлекеттің рөлі
2. Кризистік жағдайларды мемлекеттік реттеудің түрлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

от Маржан кризис 3.doc

— 32.50 Кб (Скачать документ)

Тақырып 3. Кризистік жағдайларды мемлекеттік реттеу.

 

1. Антикризистік басқарудағы  мемлекеттің рөлі

2. Кризистік жағдайларды  мемлекеттік реттеудің түрлері

 

 

 

  1. Кризистік жағдайларды мемлекеттік реттеудегі аналитикалық негіз

 

Түсімдер мен көтерілімдердің, қаржылық мәселелер мен қайта қалыпқа түсу үрдістері – дамуы өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық серігі болып табылады. Экономикалық даму қоғамның өмір сүруінің негізі болып келеді.

Кәсіпорын менеджмент бойынша – техникалық, коммерциялық, қаржылық, сақтандыру, есептік және әкімшілік-әміршілдік операциялар жүзеге асырылатын басқару объектісі. Акционер қызметі бойынша кәсіпорынның іскерлігі ақшаның қозғалысымен байланысты. Мемлекет үшін кәсіпорын – елдің микроэкономикалық жағдайы. Үй шаруашылығы арқасында қоғамдық өндірістің әлеуметтік мақсаттары атқарылады.

Тұрақты даму, кедейшіліктің  төмендеуі, ең тиімді білім, ең жоғарғы деңгейде тамақтану және денсаулық, қоршаған ортаның тазалығы кәсіпорын мен үй шарушылығына ортақ мақсат болып келеді.

Кризистерді реттеу бойынша мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

  • Кризис «сыртқы» шок нәтижесі  ретінде – экономика дамиды бірақ, экономикалық немесе табиғи аппаттардан ресурстардың жетіспеушілігі.
  • Циклдік кризис - экономикалық және әлеуметтік үрдістердің әсерінен пайда болған тұрақсыздық.
  • Құрылымдық (үлкен) кризис – экономикалық және қоғамдық серпіннің дамуы ұзақмерзімді шығарылымға қарама - қайшы болғанда.
  • Реттеу жүйесінің кризисі – егер реттеу жүйесінің механизмдері қолайсыз конъюктуралық өзгерістерді тоқтата алмаса пайда болады.

Қазіргі  әлемдік экономикалық көзқарас кризистен шығудың келесідей белгілерін көрсетеді:

1. Экономикалық өсудің  өзгеруін көрсететін, инновациялық  ізденіс

2. Инновацияны тарататын  шарттарының ізденісі

3. Жергілікті және глобальды өзгерістердің айырмашылықтарын анықтау

4. Біруақытта өзгеріс жасайтын құрылымдық сыйымдылықты қабылдау

5. Ұйымдық – құрылымдық жаңартпалар.

 

 

 

 

Антикризистік реттеудің  рөлі мен қызметі

 

Антикризистік бақылау – бұл үкіметтің кәсіпорындардағы кризистер мен банкрот болуынан қорғайтын саясаты. Ол мезо және макро деңгейде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік реттеу экономикалық саясатты түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

1. Фискалды саясат – мемлекеттік  бюджет пен салық салу арқылы  жүзеге асырылады.

2. Құрылымдық саясат – мемлекеттік  кәсіпорындардың мүлікті меншікке  алуынан жүзеге асырылады.

3. Қаржылық–несие саясаты –  тұтыну мен инвестициялық сұранысқа әсер ететін мемлекеттің банктік пайызды, ақша және несиені басқаруы.

4. Ғылыми-техникалық саясат – ғылым мен техниканың дамуын кешенді қамтамасыз етуден тұрады.

5. Өнеркәсіптік саясат – аймақтық өнеркәсіпті мемлекеттік реттеу

6. Амортизациялық саясат –   амортизацияны ең тиімді түрде  есептеу арқылы негізгі қорларды  пайдалану

7. Инвестициялық саясат - өндірістің өсу қарқыны мен ҒТП-ның, экономиканың салалық құрылымның өзгеруінің өсуін реттеу.

8. Болжамдау мен жоспарлау –  экономика дамуының анализі бойынша  негізделген. Оның нітижесі: макроэкономикалық  көрсеткіштер: жалпы ұлттық өнімнің,  ұлттық табыстың өсуін, инфляция деңгейін, жұмыссыздықты, бюджеттің дефицитін көрсетеді.

9. Баға саясаты – қажетті  тауарлар, қызметтер мен монополистердің  тауарларына баға реттеу.

10. Сыртқы экономикалық саясат  – шетел инвестициялардың ағымы  мен отандық кәсіпкерлердің әлемдік нарыққа кеден тарифтері арқылы шығуын қамтамасыз ету.

11. Әлеуметтік саясат – мемлекеттік  реттеудің маңызды бағыттарының  бірі болып келеді.

 

 

 

 


Информация о работе Кризистік жағдайларды мемлекеттік реттеу