Дтұ резолюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 14:25, реферат

Краткое описание

Туристер мен экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы 01.07.1994ж бастап әрекер ететін және туристік қызметтердің сертификациясындағы негізі құжаты болып табылатын «Туристік – экскурсиялық қызмет көрсету. Эксукрсанттар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабында» ГОСТ – ында 50644-94 айтылған. Бұл стандарт тұрғындарға туристік қызмет көрсететін барлық ұйымдық – құқықтық түрдегі кәсіпорындарға және кәсіпкер азаматтарға арналған. Стандартқа сәйкес туристерге қызмет көрсеткенде оларға өміріне және денсаулығына орынды түрде қауіп – қатер деңгейі қамтамасыз етілу керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДТҰ резолюциясынан.docx

— 24.16 Кб (Скачать документ)

ДТҰ – ның 1996 жылғы резолюциясынан

Туристер мен экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы 01.07.1994ж бастап әрекер ететін және туристік қызметтердің сертификациясындағы  негізі құжаты болып табылатын «Туристік  – экскурсиялық қызмет көрсету. Эксукрсанттар  мен туристердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету талабында» ГОСТ –  ында 50644-94 айтылған.

Бұл стандарт тұрғындарға  туристік қызмет көрсететін барлық ұйымдық  – құқықтық түрдегі кәсіпорындарға және кәсіпкер азаматтарға арналған. Стандартқа сәйкес туристерге қызмет көрсеткенде оларға өміріне және денсаулығына орынды түрде қауіп – қатер деңгейі қамтамасыз етілу керек.

Туристік – экскурсиялық іс – әрекетте адам өмірі мен  денсаулығына қауіп қатер келесідей  жағдайларда туындайды:

  • Қауіп – қатер көзінің болуы;
  • Бұл қауіп – қатердің адам өміріне қауіпті деңгейде көрінуі;
  • Қауіп – қатер көзінің адамға әсер етуі;

Зиянды факторлар туризмде келесідей топтастырылады:

  • Жарақат алу қауіптілігі
  • Қоршаған ортаның әсері
  • Өрт қаупі
  • Биологиялық әсер
  • Психофизиологиялық шаршау
  • Сәулелену қаупі
  • Химиялық әсер
  • Шаңның және газдардың көптігі
  • Басқа да қауіпті факторлар
  • Қауіп –қатер факторының ереке түрлері

Жарақат алу қауіптілігі механизмдердің, денелердің, күрделі жер бедерлі аймақтың қозғалысынан, тау жыныстарының қозғалысынан (тас құлау, сел), жарақат әкелетін туристік жарақтардың қолайсыз эргономикалық сипатынан туындауы мүмкін.

Жарақат алу қауіптілігінін төмендеуін келесі әрекеттер төмендетеді:

  • Қауіпті жер бөлігіндегі қозғалыс механизмдары мен заттарын қолданғанда қорғайтын қоршаулар мен құралдар (аспалы жолдарда, таулардағы тастар ұүлау қаупі бар жерлер, су оймаларында, тау – щаңғы жолдарында және т.б.)
  • Жеке қауіпсіздік құралдарын қолдану (сақтандыру жіптері, мұзжарғыштар, шлемдар және басқа да сақтандыру құралары)
  • Туристік жарақтарға эргономикалық талаптардың сақтау
  • Қолданып жатқан құрал – жарақтарды қолдану ережелерін сақтау (лифттар, арбашалар және т.б.)
  • Туристерге қауіп – қатер факторы жайлы ақпарат беру; туристер жарақаттың қалай алдын алу керектігі туралы және жарақат алған кезде қандай әрекет жасау керектігі жайлы ақпаратты болуы қажет
  • Тұрғын үйде және әкімшілік ғимараттардағы ережелік талаптарды және туристерді таситын көліктердің техникалық жағдайы жайлы нормативтивтік құжаттардағы талаптарды орындау

Қоршаған  ортаның әсері температураның жоғары немесе төмен болуымен, туристерге қызмет көрсетіліп жатқан зонасындағы ауаның ылғалдылығы мен қозғалысы, баромертрлік қысымның лезде өзгерулерімен сипатталады.

Туристерге қызмет көрсетілетін бөлмелердегі (жатын бөлмелері, тамақтану  бөлмелері және т.б.) және көлік құралдарының ішінде микроклимат көрсеткіші санитарлық – гигиеналық талаптарға сәйкес болуы  керек.

Осы қауіп – қатер факторының зиянды әсерінің алдын алуына келесідей  жүргізіледі:

  • Туристік іс – әрекетті ұйымдастырғанда қолайлы жыл мезгілі мен күндерді таңдау
  • Туристік маршруттың жолын рационалды ұйымдастыру
  • Ауданның ауа – райын есептеу
  • Туристік маршрут жолдарында қолайсыз ауа – райынан сақтайтын орындарды салу
  • Бөлмелерді және көлік ішін кондиционерлермен, ауаны тазалау және жылыту қондырғыларымен, дабыл бергіштер мен автоматты бақылаумен жабдықтау
  • Туристерді қажетті құрал – жабдықтармен, сонымен қатар жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету
  • Туристерге маршрут кезіндегі шынайы және күтілетін жағдайлармен алдын – ала ақпараттандыру (соның ішінде, климаттық жағдайлар жайлы және маршрут кезіндегі биіктіктің өзгеріп отыруы)

Объектілердің өрт қауіпсіздігі белгіленген нормативтік құжаттардағы ережелердің қатаң сақталуымен қамтамасыз етіледі.

Биологиялық факторларға патогенді микроорганизмдер және олардың қалдықтары, микроорганизмдер, инфекциялық аурулардың тасушысы болып табылатын, күйік және аллергиялық реакция туғызатын улы өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер жатады.

Туристерге осы қауіптің әсер етуінің алдын алатын шаралар:

  • Белгіленген санитарлық ережелер мен қызет көрсету ережелерін орындау
  • Дезинфекциялау, дезинсекциялау, стерильдеу, дератизациялау үшін құралдар мен препараттар қолдану
  • Қызмет көрсету персоналының периодты медициналық тексеруден өтуі
  • Туристерді қауіпті жануарлар, балықтар, өсімдіктер жайлы ақпараттандыру, қолайсыз әрекеттесуден және жарақат алғандағы әрекеттер жайлы ақпарт беру
  • Туристерге қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік белгілері мен туристердің заттарында және құралдарында (ыдыс – аяқ, ас үй құралдары) қажетті белгілердің болуы

Қауіптіліктің психофизиологиялық факторлары – бұл физикалық және жүйке – психикалық ауыртпашылық.

Психофизиологиялық қауіп  факторларын төмендету немесе жою  келесі әрекеттер нәтижесінде жүзеге асады:

  • Туристерге адамның қалыпты өмір сүру талаптарын қамтамасыз ететін (ұйқы, тамақтану,санитарлы және күнделікті қажеттіліктерді қамтамасыз ету) рационалды қызмет көрсету программасын, маршрут бойымен қозғалу графигін құру
  • Туристік группа құрғандағы әрбір туристің психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке алу
  • Қолданыстағы туристік құралдарға, көлік құралдарынағ жиһазға деген эргономикалық талаптарды орындау

Қауіпті сәулеленуге – ультракүлгін сәулеленудің жоғары деңгейі және радиологиялық сәулелену жатады.

Туристік маршрутта қауіпті  ультракүлгін радиацияның алдын  алу шаралары:

  • Адамға ультракүлгін сәулелердің әсері жайлы туристерге ақпарат беру
  • Жеке қауіпсіздік құралдарын қолдану (бас киімдер, қорғаныс кремдары, киім және күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік)

Осы фактордың әрекетін маршрут бойынша қозғалысты жоспарлағанда есепке алу керек (тау, су, шаңғы жорықтарындағы ашық жерлерде, көлеңкесіз жерлерде)

Туристік маршрутты тек  қолайлы радиологиялық сипаттамасы бар жерлермен құруға рұқсат етіледі.

Қауіптіліктің химиялық факторлары:

  • Тітркендіргіш
  • Токсикалық
  • Сенсибилизациялық

Туристерге қызмет көрсеткенде  айтылған факторлардың алдын алу  үшін келесідей шаралар жүргізіледі:

  • Ауадағы, судағы, топырақтағы, тамақтану заттарындағы және басқа да биолоргиялық орта құрамындағы зиянды химиялық заттардың болуына бақылау жасау
  • Туристерге қызмет көрсету орындарын, химиялық тұрғыдан алғанда, қолайлы жерлерде салу
  • Дезинфекциялауға арналған препараттарды қатаң түрде ережелерге сәйкес қодану және оның туристермен қатынасын шектеу.

Шаңның  және газдардың көптігі . Туристерге қызмет көрсету зонасында, бөлмелерде, көлік ішінде рұқсат етілген зиянды заттар деңгейі нормативті – техникалық құжаттармен және санитарлы ережелермен белгіленген санитарлы – гигиеналы талаптардан төмен болмауы керек. Қауіпсіздік ережелерді орындаумен және бөлмелер мен көлік ішіндегі ауаны тазалаумен қамтамасыз етіледі.

 

Басқа да қауіпті факторлар.

Басқа да қауіпті факторларға  қызметтер және оның белгіленген  сипаттары жайлы ақпараттандырмау жатады.

Алдын ала білу керек:

  • Туристерге қауіпсіздік жайлы алдын ала дайындық жасау
  • Туристерге нормативті құжаттарға сәйкес құралатын туристік қызметтер жайлы толық қанды ақпарат ұсыну – осы қызметтердің негізгі сипаттамасы, қызмет көрсету ережелері. Осы мәселенің маңыздылығы жайлы толығырақ 1.4. «Ақпаратқа құқық» бөлімінде айтылады.

Туризмдегі қауіптіліктің  ерекше факторлары көрінуі мүмкін:

  • Туристердің орналасқан жерінде табиғи және техногенді қауіптердің пайда болу ықтималдығы және басқа да қауіптілі жоғары жағдайлардың пайда болуы
  • Материалды – техникалық базадағы қолданылып жүрген объектілердің техникалық жағдайы (туристік қонақүйлердің, базалардың, кемпингьердің, аспалы жолдардың, туристік жолдардың, соның ішінде, тау – пешеходты, шаңғы,сулы жолдардың, әр түрлі көлік құралдарының, архитектуралық, табиғи көрнекіліктердің)
  • Аймақтың күрделі жер бедері (жолдардың мұздығ таулы бөліктері және т.б.)
  • Қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби даярлық деңгейі (инструкторлар, экскурсоводтар және т.б.)
  • Туристердің белгілі маршрут бойынша қозғалысына және қиындық деңгейіне даярлау (экипировка және т.б.)
  • Ақпаратты қамтамасыз етілу (гидрометеорологиялық болжамдар, туристік жолдар мен маршруттарды белгілеу)

Туристік кәсіпорын туристерге қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша  қызмет етуші нормативтік құжаттар жиынтығына ие болу керек және болашақта соларға сүйену керек.

Туристік қонақ үйлерде, базаларда, кемпингтарда қауіпсіздік  келесі талаптарды сақтаумен қамтамасыз етіледі:

  • Туристерге қызмет көрсету объектілерін жобалау мен құрылысында құрылыс нормалары мен ережелері сақтау талабы
  • Нормативтік құжаттарда бекітілгендей ғимараттарды, құрылыстарды техникалық қауіпсіздікте белгіленгендей қолдану талабы
  • Әрекет етуші нормативтерге сәйкес, техникалық жабдықталу
  • Туристердің жеке басының және олардың мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар

Туристерге өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында   нормативтік құжаттарда белгіленгендей – тамақтану заттарының тасымалы мен дайындалуы мен сақтауы санитарлы талаптарға сәйкес орындалуы қажет.

Экскурсия, жорық, саяхат кезіндегі  туристердің көлік тасымалдары  жолаушыларды белгілі көлік түрлерімен тасымалы кезінде әрекет етуші ережелерге сүйенуі бойынша жүзеге асады.

Туристерге қызмет көрсету  кезінде қолднылатын құрал –  жабдықтар белгіленген әрекет етуші нормативтік құжаттарға сәйкес болу керек.

Әрбір туристік кәсіпорындарында қызмет көрсетуші персоналдың төтенше  жағдайларда қандай әрекет жасайтыны  туралы алдын ала ойластырылған  және бекітілген жоспары болуы керек, ол жергілікті басқару органдарымен келісілген болу керек.

Туристік кәсіпорын басқарушысы  персоналдың төтенше жағдайда жасаған  әрекеттеріне толықтай жауапты.

Туристік кәсіпорындар туристерді нақты қызметтің қауіпті элементтерімен және олардыі алдын алу жолдарымен танстырып шығуы керек. Туристерге қажетті ақпаратты демалыс басында да қызмет көрсету кезінде де беріледі.

Туристік жолдың табиғи қиындықтарын сипаттайтын, туристің жеке физикалық  дайындығының керекті деңгейі, жеке экиперовканың ерекшелігі жайлы  ақпарат жарнамалық – ақпараттық материалдарда және туристік жолдамадағы  ақпараттық мәтінде болуы керек.


Информация о работе Дтұ резолюциясы