Жүрек жұмысын реттеудің өзіндік тетіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 09:45, реферат

Краткое описание

Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Жүрек қызметінің реттелуі
2.2. Жүректің ағзалық реттелу жолдары
2.3. Жүректен тыс реттеу механизмдері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айгерим Айтеева Журек Жумысы.docx

— 36.70 Кб (Скачать документ)

Кезеген жүйкенің жүрекке  әсерін алғаш рет неміс ғалымдары  ағайынды Веберлер зерттеген. Иттер  мен қояндарға жүргізілген тәжірибелердің негізінде олар кезеген жүйкеге  күшті тітіркендіргішпен әсер еткенде  жүрек жұмысының тоқтап қалатынын, ал әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен жүрек ырғағының баяулайтынын дәлелдеді. Демек, кезеген жүйке жүрек жұмысына теріс әсер етіп, оның қызметін баяулатады.

Неміс ғалымы Энгельманның жіктеуіне сәйкес кезеген жүйке  жүрекке бес түрлі әсер етеді. Оны тітіркендіргенде жүрек жұмысының  ырғағы баяулайды, жүрек еттерінің  жиырылу күші әлсірейді, қозғыштығы төмендейді, өткізу жылдамдығы баяулайды, теріс тонотропты әсер – жүрек  етінің тонусы төмендейді. Кезеген  жүйкенің әсерінен жүрек етінің рефрактерлік кезеңі қысқарып, мембраналық потенциал  өседі, гиперүйектену процесі байқалады. Кезеген жүйкені ұзақ тітіркендірсе, жүрек оның ықпалынан шығып кетеді де, жұмысын жиілетеді. Оң кезеген  жүйке көбіне Кис-Фляг түйініне, ал сол жүйке – Ашофф – Тавар  түйініне әсер етеді.

 Жүрекке симпатикалық  жүйкенің әсерін орыс ғалымы  Цион, кейінірек И.П.Павлов айқындаған. Симпатикалық жүйке жүрекке оң  әсер етеді. Қозу толқыны жүрекке  симпатикалық жүйке арқылы тараса, онда жүрек жұмысының ырғағы  жиілейді, жүрек етінің жиырылу  күші артады, қозғыштығы жоғарылайды,  өткізгіштігі шапшаңдайды, тонусы  артады. Демек, симпатикалық жүйке де жүрекке бес түрлі әсер етеді. Айта кетер жай, әрбір әсер арнаулы жүйке талшықтарының әрекетінен туындайды, аталған барлық әсерлерді қамтамасыз ететін әмбебап талшық болмайды.

И.П.Павлов зерттеулеріне  сәйкес жоғарыда аталған әрбір әсерді реттейтін арнаулы жүйке талшықтары болады. Ғалым симпатикалық жүйкенің бір талшығын тітіркендіре отырып, оның жүрек ырғағын өзгертпей, тек  қана жүрек етінің жиырылу күшін  арттыратынын байқаған. Кейінірек дәл  осындай тек қана жүректің жиырылу  күшін әлсірететін талшықтың  кезеген жүйке құрамында болатыны да анықталады. Жүректің жиырылу күшіне ықпал етіп, басқа көрсеткіштерін өзгерпейтін осындай жүйке талшықтарын  И.П.Павлов трофикалық жүйкелердеп атады. Оның пікірінше мұндай жүйкелер органдардағы зат алмасу процесін реттейді.

Жүрек жұмысын реттейтін  жүйкелердің орталықтары әлсіз  қозу жағдайында болады. Кезеген жүйкелерді қиып тастаса жүрек қағысы жиілейді, ал симпатикалық жүйелерді қиғаннан соң ол айтарлықтай сирей қоймайды. Демек, парасимпатикалық жүйелердің тонусы симпатикалық жүйке тонустарынан басымырақ. Қалыпты жағдайда парасимпатикалық және симпатикалық жүйке орталықтарының арасында үйлесімді байланыс қалыптасқан. Олардың біреуінің қозуы күшейсе, екіншісінің қозуы – бәсеңдейді. Егер кезеген жүйкенің тонусы ұзақ уақыт күшейсе, жүрек қағысы сирейді. Бұл құбылысты брадикардиядеп атайды. Кезеген жүйкенің тонусы әлсіресе – жүрек лүпілдейді, немесе тахикардия байқалады.

Кезеген жүйкелердің тонусы туа байқалмайды. Жаңа туған төлдерде де ол сезілмейді де, тек қана еттері қызметтерінің дамуына байланысты қалыптасады. Демек, жүйке тонусының  қалыптасуында еттерде орналасқан әртүрлі сезімтал жүйке ұштарынан  келетін қозу толқындарының маңызы зор.

Жүрек жұмысы рефлекс ретінднде  реттеледі. Мысалы, қантамырларындағы  сезімтал жүйке ұштары қан қысымының  ауытқулырынан тітіркеніп, тек тамырлар тонусына әсер етіп қана қоймай, жүрек  ырғағын да өзгертеді. Қан қысымы жоғарыласа, жүрек ырғағы баяулайды, ал төмендесе – жиілейді. Ішкі органдар рецепторларын күшті тітіркендірсе, онда жүрек жұмысы тежеледі. Бұл  құбылысты Гольтц рефлексі деп атайды.

Жүрек қызметі дене жұмысының  тіршілік ортасы температурасының, әртүрлі  эмоциялардың тағы басқа әсерінен де өзгереді. Бұл өзгерістердің барлығы  орталық жүйке жүйесінің қатысуымен рефлекс жолымен жүреді.

Жүрек қызметін реттеуде сопақша  ми орталықтары мен қатар гипоталамус, лимбика жүйесі, ми қыртысындағы орталықтарда қатысады. Жүрек жұмысына шартты рефлекстің қалыптасуы оны реттеуге үлкен ми жарты шарларының қатысатынының  айғағы. Жарыс алдында бәйге аттарының  жүрек жұмысының жиілеуі шартты рефлекстің белгісі.

Жүрек ырғағы.

Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы  жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне байланысты болады. Симпатикалық жүйкелердің қозуы  кезінде жүректің жиырылу жиілігі  артады. Осы құбылыс тахикардия деп  аталады. Жылжымалы жүйкелердің  қозуы кезінде жүректің жиырылу  жиілігі төмендейді - брадикардия. Жүрек  ырғағына ми қыртысының күйі әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек  ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан  да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке  келетін қанның температурасының өзгеруі  кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырмау- татарпау- локализация) жылумен жергілікті тітіркендіргенде, жүрек ырғағының  жиілегені, осы бөлікті керісінше  суытқанда- қарама- қарсы эффектінің болатындығы анықталған. Жүректің басқа  бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне  әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік  жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын  өзгертуі мүмкін және жүрек жиырылуының  күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның  жүрегінің жиылыру жиілігі жас  мөлшеріне байланысты болады.

Жүрек қызметінің гуморальді реттелуі. Қан мен лимфа құрамындағы түрлі биологиялық белсенді заттардың әсерімен жүреді. Венгр ғалымы О.Леви 1922 жылы қозу процесі кезінде жүрек жүйкелерінің ұшында ерекше химиялық заттар – «медиаторлар» түзілетінін дәлелдеді. Кезеген жүйке ұштарында ацетильхолин, ал симпатикалық жүйке ұштарында – симпатин бөлінеді. Олар қозу толқынының жүйке талшықтарынан жүрек еттеріне өтуін жеңілдетеді. Өздерін бөлген жүкенің әсерін қайталайды, шектеулі ғана белсенділік көрсетеді. Қанға сіңсе ацетильхолинді холинестераза ферменті, ал норадреналинді – аминоксидаза ферменті ыдыратады. Бұл медиаторлар жүрек жұмысына миокардтағы иондар концентрациясын өзгерту арқылы әсер етеді.

Жүркек жұмысына түрлі  гормондар да әсер етеді. Бүрекүсті  безінің боз затының гормоны  – адреналин, жүрек етінің жиырылу күшін арттырып, жүрек жұмысының ырғағын жиілетеді, жүректің тамырларын кеңейтіп, оның қоректенуін жақсартады.

Қалқанша без гормоны  – тироксин, жүректің симпатикалық жүйке әсеріне сезімталдығын арттырып, оның қозғыштығын жоғарлатады, жұмысын жиілетеді. Глюкагон мен кортикостерионттар да жү.рек еттерінің жиырылуын күшейтеді.

Жүрек қызметін реттеуде кальций, натрий, калий иондарының да маңызы зор. Калий иондарының артық мөлшері Кейт-Фляг түйінінің пейсмейкер торшаларының қоғыштығын басып, жүрек жұмысын тоқтытыды. Калций иондары жүректің қозғыштығын арттырып, миокардтың өткізгіштігін жоғарлатады, жүрек жұмысын күшейтеді. Бұл иондар қозу толқынының таралуын қамтамасыз етеді.

 

 

Қорытынды.

  Жүрек қызметін реттейтін  тетіктерді үш топқа бөлуге  болады:

             1. Торшалық реттеу тетігі.

          2.Ағзалық реттеу тетігі

          3.Жүректен тыс  реттеу

Жүректің өз қызметін әр түрлі сыртқы әсер ықпалынсыз өзгеріп, басқару қабілетін өзіндік (ағзалық) реттеу деп атайды. Қазіргі кезде  жүректің өзіндік реттеу механизмін үш түрге бөледі.

1.Гидродинамикалық  аутореттеу (өзіндік реттеу) механизмі. Бұл механизм «гидродинамикалық кері байланыс» арқылы жүректің оң және сол бөліктерінің жұмысын үйлестіріп отырады.

2.Гетерометриялық  аутореттеу механизмі. Бұл механизм жүрек етінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады.

3.Гомеометриялық  аутореттеу механизмі. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы үзындығына (жүректің толу, керілу дәрежесіне) ғана сәйкес өзгермей, жүрек етіндегі иондар концентрациясьша байланысты да өзгеріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Т. Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы».
  2. 3.Қ.С. Сәбденов,  М.М.Бетембеков,  Е.Е. Есентаев, Ж.А. Рақымжанов,  Ш.К.Көшірбаев, С.Ә. Қойшыбаев, С.Қ. Шәуенов
  3. Т. Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы». I – том.
  4. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
  5. Төлеуханов С.Т.    Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
  6. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М.   Жасқасай физиология жәнемектепгигиенасы: Оқулық -  Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
  7. Нұрмұхамбетұлы Е.    Орысша-қазақшамедициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

8.   Керимбеков Е.Б.     Физиология атауларының орысша-қазақша  түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

 


 



Информация о работе Жүрек жұмысын реттеудің өзіндік тетіктері